Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы 4 страница. Тақырып: таңбалау және буып-түю




ДӘРІС № 5

Тақырып: Таңбалау және буып-түю

Мақсаты: Буманың, тараның, тығындау заттарының түрлерін және оларға қойылатын талаптарды қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Бума және буманың негізгі компоненттері.

2. Тара және оның түрлері:

· Біріншілік;

· екіншілік;

· топтық;

· тасымалдау.

3. Таңбалау және таңбалаудың функциясы.

Дәріс тезисі:

Бума – өнімді зақымдану мен жоғалудан, қоршаған ортадан, ластанудан қорғауды, сонымен бірге айналым процесін қамтамасыз ететін зат немесе заттар жиынтығы.

Тара – буманың негізгі элементі, ол өнімді салуға және кеңістікте орнын ауыстыруда ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Бума келесі негізгі компоненттерден тұрады:

· тара;

· тығындау заттары;

· көмекші заттар;

· ақпаратты материалдар.

Қолданылуына байланысты таралардың келесідей түрлері болады:

· біріншілік (жеке), фармацевтикалық өнімнің материалымен тікелей жанасады;

· екіншілік, бір немесе бірнеше біріншілік буманы салуға арналған;

· топтық, біріншілік және екіншілік буманың бірнеше мөлшерін салуға арналған;

· тасымалдау, өнімді дайындаушы-кәсіпорыннан тарату (көтерме буын) немесе сату орнына (бөлшек буын) дейін жеткізуге арналған.

Орау материалдары – тараны, тығындау заттарын дайындау үшін, орауға, өнімді тасымалдау кезінде зақымдалудан қорғау үшін тығыздап салуға және амортизацияна арналған материалдар.

Тығындау заттары – тараны немесе дайын өнімді герметизациялау үшін қолданылатын заттар.

Көмекші орау материалдары – тұтынушылық қасиеттерін жақсарту үшін қолданылатын заттар.

Ақпаратты материалдар – қолданушыға ақпарат беру үшін бума құрамына кіретіндердің барлығы жатады (дәрілік заттардың қосымша қағаздары, қолданылуы бойынша нұсқаулық).

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды буып-түю үшін әртүрлі материалдар қолданылады:

· целлюлоза эфирінің негізінде жасалған (картон гофрленген, орау қағазы, парафинделген қағаз, пергамент, пергамент астына төселетін қағаз, целлофан, фанер және т.б.);

· силикатты материалдар (нейтралды әйнек, тараға арналған медициналық түссіз әйнек; сарғыш әйнек, химиялық және термиялық тұрақты әйнек, фарфор);

· металл материалдар;

· полимерлі материалдар.

Бума сапасының деңгейі келесі көрсеткіштердің жиынтығымен анықталады:

· функционалдық қолданылуы;

· эргономикалық;

· эстетикалық;

· стандартизация және унификация;

· патентті-құқықтық;

· экономикалық.

Таңбалау – бумаға немесе тауарға енгізілген шартты белгі немесе сурет, сонымен бірге тауарды немесе оның басқа да қасиеттерін идентификациялауға, тауардың сандық және сапалық сипаттамалары, дайындаушы туралы ақпаратты тұтынушыға жеткізуге арналған басқа да көмекші заттар.

Таңбалаудың функцияларына ақпараттық, идентификациялау, мотивациялық, эмоционалдық функциялар эатады.

Таңбалауға жататын жалпы талаптарға келесілер жатады: шынайылығы, ақпараттың жеткілікті және жетімді болуы.

Таңбалауға қойлыатын арнайы талаптар: мәтіннің және иллюстрацияның айқын болуы; көрнекілігі; мәтінінің бір мәнді болуы; мәтінінің тауардың тұтынушылық қасиетіне сай болуы; таңбалау үшін медицинада қолдануға рұқсат етілген жуылып кетпейтін бояулардың қолданылуы; таңбалаудың әрбір элементінің шынайы болуы.

Дәрілік заттар туралы заңға сәйкес дәрілік заттардың таңбалануында негізгі ақпараттар болу керек, оған келесілер жатады:

1) дәрілік заттың атауы және оның халықаралық патенттелмеген атауы;

2) дайындаушы-кәсіпорынның аты;

3) серия нөмірі және дайындалған күні;

4) қолдану тәсілі;

5) мөлшері және бумадғы мөлшерінің саны;

6) жарамдылық мерзімі;

7) босату тәртібі;

8) сақтау шарттары;

9) дәрілік затты қолдану кезіндегі ескерту шаралары.

Тасымалдау және топтық тараға енгізілетін таңбалау жазбалары дайын дәрілік заттары бар тұтынушы бумасының таңбалануынан ерекшеленеді.

Таңбалау этикеткаға, тұтынушы бумасының жақтауларына, кольереткаларға, қосымша қағаздарға, биркаларға, ярлыктарға, бақылау ленталарына енгізілуі мүмкін және клейма, штамп түрінде болады.

Таңбалау мәтіннен, суреттен және шартты белгілерден (ақпараттық белгілер) тұруы мүмкін, олар тауарлық ақпараттың қатынасымен және жетімділік дәрежесімен, тарату кеңдігімен және басқа да кейбір функцияларымен ерекшелене ді.

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Бума деген не?

2. Таралар қалй жіктеледі?

3. Медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың бумасына қандай материалдар қолданылады?

4. Таңбалау қандай функцияларды орындайды?

5. Таңбалауда қандай ақпараттар болу керек?

ДӘРІС № 5

 

Тақырып: Медициналық және фармацевтикалық тауарларды тасымалдау және сақтау

Мақсаты: Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дұрыс сақтауды және тасымалдауды қарастыру

 

Дәріс жоспары:

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтауға қойылатын талаптар.

2. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтауды және тасымалдауды регламенттейтін нормативті құжаттар.

3. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды тасымалдау.

Дәріс тезисі:

Сақтау және тасымалдау шарттарын таңдау кезінде ескеруі керек:

· тауардың қасиетін;

· механикалық әсерлерден сақтау қажеттігін;

· атмосфера әсерінен қорғаудың қажеттігін (ауадағы оттегі, ылғал, жарық, температура).

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтауға және тасымалдауға қойлыатын талаптар мемлекеттік стандарттармен, санитарлық норма және ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен регламенттеледі.

Дәріхана ұйымдары үшін бұл ҚР ДСМ бұйрықтары:

· 20.05.1999 жылғы №238, «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың әртүрлі топтарын сақтау бойынша нұсқаулық», «Дәріхана ұйымдарында және фармацевтикалық кәсіпорындарда өртке қауіпті және жарылғыш қасиеттері бар дәрілік заттарды сақтау тәртібі туралы нұсқаулық».

Белгліенген нормаларға сәйкес сақтау бөлмелері күзет және өртке қарсы құралдармен жабдықталуы керек. Оларда ауаның белгілі бір ылғалдылығы және температурасы сақталуы керек, оны тексеру тәулігіне бір реттен кем емес жүргізіледі. Осы параметрлерге бақылау жүргізу үшін сақтау бөлмелеріне термометр және гигрометр ілінеді. Олар бөлменің ішкі қабырғаларына жылытқыш приборлардан алыс еденнен 1,5-1,7 м биіктікте және есіктен 3 м қашықтықта бекітіледі. Әрбір бөлмеде температураның және салыстырмалы ылғалдылықтың есебін жүргізетін карта болуы керек.

Ауа тазалығын сақтау үшін сақтау бөлмелері сору вентиляциясымен жабдықталады, ал ондай қондырғы болмаған жағдайда бөлмеде желдеткіш, фрамуга, екінші торлы есіктер және т.б. болуы керек.

Сақтау бөлмелерінде сөрелердің, шкафтардың, поддондардың, тауар астына қоятындардың қажетті мөлшері орналастырылады. Сөрелер сыртқы қабырғадан 0,6-0,7 м, төбеден 0,5 м және еденнен 0,25 м аралықта орналасуы керек. Сөрелерді орналастырған кезде олардың араларына жарық мол түсетіндей болу керек және сөрелердің арасындағы ара қашықтық еркін жүретіндей 0,75 м болу керек.

Сақтау бөлмелерінде медициналық және фармацевтикалық тауарларды орналастыру кезінде ауданның толық қамтылуын ескеру керек, дәріхана және қойма қызметкерлерінің жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасалуы керек, сонымен бірге фармацевтикалық тәртіпті қамтамасыз етуді және кіші механизация құралдарын қолдану мүмкіндігін ескеру керек. Тауарларды сөрелерге, шкафтарға, ал қажет болған жағдайда алдын ала поддон, арнайы плита, подтоварниктерді өою арқылы еденге де орналастырады.

Тасымалдау шарттарын таңдау кезінде тауардығң қасиетін және оны механикалық және атмосфера әсерінен қорғау қажеттігін ескеру керек.

Тасымалдау кезінде тауарлардың дұрыс сақталуы көп жағдайда буманың дұрыс таңдалуныа және оның сапасына; тауарды тараға, ал тауары бар тараны контейнерлер мен тасымалдау құралдарына орналастыру тығыздығына; оларды механикалық және атмосфера әсерінен қорғау дәрежелеріне байланысты болады.

Тауарларды олардың түрлеріне және қасиеттеріне, сонымен бріге транспорт түріне байланысты әртүрлі бумаларда немесе бумасыз тасымалдайды. Барлық жағдайларда да өнім тығыз орналастырылған болу керек, ал бос жерлері сәйкес буу-орау материалдарымен және төсеніштермен толтырылады. Ол үшін амортизациялық қабілеті бар кеуекті полимерлі және көп қабатты материалдарды пайдаланған өте ыңғайлы және тиімді. Кейбір бұйымдарды тауарлық түрлерін сақтау үшін арнайы жабдықталған транспортта тасымалдайды.

Тиеу және түсіру кезінде тарадағы жазуларға және ескерту жазбаларына, тасымалдау құралдарының тазалығына көңіл аудару қажет. Жүктердің шектен тыс соғылуына немесе құлауына жол бремеу керек.

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Фармацевтикалық және медициналық таураларды сақтау қандай құжатпен регламенттеледі?

2. Сақтау бөлмелеріне қандай талаптар қойылады?

3. Тасымалдау құралын таңдау неге байланысты болады?

 

ДӘРІС № 5

 

Тақырып: Дәріхана желілерінде жүргізілетін тауар жүргізу операциялары

Мақсаты: дәріхана желісінде жүргізілетін тауар жүргізу операцияларының негізгі бағыттарын қарастыру

 

Дәріс жоспары:

1. Тауар жүргізу қызметінің негізгі бағыттары.

2. Тауар жүргізу қызметіндегі фармацевтикалық қызметкерлердің міндеті мен функциялары.

 

Дәріс тезисі:

Тауаржүргізу қызметінде екі негізгі бағытты бөлуге болады: медико-технологиялық және логистикалық.

Медико-технологиялық бағыт типтік бұйымдардың көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттерін нақты тұтынушылардың талаптарына барынша максимальды бейімдеуді қамтамасыз етеді. Бұл бағытты медициналық техниканы өндіруші фирмалардың өкілдері және оған техникалық қызмет көрсететін инженерлік-техникалық персонал жүзеге асырады. Бұл бағыттың мамандары тауарлар номенклатурасының тұтынушылық қасиеттерін туралы қажетті білімдердің барлығын игерген.

Логистикалық бағыт – бұл медициналық және фармацевтикалық тауарлардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі физикалық қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет. Тауартанушы-логистиктерге фармацевтикалық кәсіпорындар мен дәріхана ұйымдарының жетекшілерін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен медициналық тауарларды бөлшек және көтерме сататын ұйымдардың коммерциялық бөлімдерінің, сату бөлімінің қызметкерлерін жатқызуға болады.

Тауартану (тауаржүргізу) қызметі фармацевтикалық қызметкерлердің негізгі міндеті болып табылады. Медициналық және фармацевтикалық тауартану саласында олар білуі қажет:

1. тауарларды қабылдау, сақтау, сату бойынша қызметті регламенттейтін негізгі нормативті құжаттарды;

2. медициналық тауралардың жіктелуін, кодталуын және олардың түрлерін;

3. медициналық және фармацевтикалық тауарларды жабдықтаушылардан жеткізуді ұйымдастыруды;

4. медициналық және фармацевтикалық тауарлардың негізгі сапалық көрсеткіштерін бағалау әдістерін;

5. өндіру, сақтау, тасымалдау, қолдану немесе эксплуатация процесінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын сақтауға және қалыптастыруға әсерін тигізетін факторларды;

6. медициналық тауарларды таңбалау ерекшеліктерін.

Медициналық және фармацевтикалық тауартану саласындағы маман орындай білуі қажет:

1) медициналық және фармацевтикалық тауарлардың негізгі қолданылуын, дайындаушы завод және фирмаларын ескере отырып жіктеуді;

2) медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдауды және маркетингтік талдауды жүргізуді;

3) ассортимент көрсеткіштерін анықтауды, фармацевтикалық кәсіпорындар мен медициналық мекемелер үшін тауарлардың оптимальды ассортиментін қалыптастыруды;

4) медициналық және фармацевтикалық тауарларды саны және сапасы бойынша қабылдап алуды;

5) медициналық тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін бақылау әдістерін ұсынуды;

6) сақтау принциптерін, тұтынушылық және экологиялық қасиеттерінің ерекшелігін ескере отырып медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтауды қамтамасыз етуді;

7) оқу, анықтамалық әдебиеттермен өздігінен жұмыс істей білуді, ақпаратты жүйелеуді және оны әрі қарай нақты кәсіби міндеттерді шешуде қолдануды;

8) медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасына тауарлық бағалауды жүргізуді;

9) сақтау, тасымалдау, қолдану процестерінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасына сыртқы ортаның тигізетін әсерін болжауды;

10) медициналық және фармацевтикалық тауарлардың таңбалануын оқи білуді;

11) химиялық құрамы, бастапқы шикізаты, функционалдық қолданылуына байланысты стерильдеу және дезинфекциялау әдістетерін таңдауды;

12) фармацевтикалық және медициналық қызметкерлерді, сонымен бірге тұрғындарды фармацевтикалық және медициналық тауарларды сақтау, қолдану, стерильдеу және дезинфекциялау режимдері бойынша кеңес беруді.

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Тауартануда қандай негізгі бағыттарды бөлуге болады?

2. Тауартану саласында фармацевтикалық қызметкерлер не білуі тиіс?

3. Тауартану саласында фармацевтикалық қызметкерлер нені орындай білу і керек?

 

 

Фармацевтикалық факультет

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Пән «МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРТАНУ»

Құрастырушылар:

аға оқытушы Жумаева Г.Ш.

оқытушы Адибаева Г.К.

 

 

ТАҚЫРЫП: ХИРУРГИЯЛЫҚ ТІГУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ХИРУРГИЯЛЫҚ

ИНЕЛЕР. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІККІШТЕР.

 

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

білуге:

тігу материалдарының жіктелуін;

• сапасына қойылатын талаптарды;

• тігу материалдарының негізгі түрлерінің сипаттамасын;

• тіндерді тігуге арналған саймандар мен аппараттарды;

• хирургиялық инелердің жіктелуін;

• хирургиялық тіккіш саймандарды;

• тіндерді біріктірудің биологиялық тәсілдерін.

орындай білуге:

хирургиялық тігу материалдары мен хирургиялық инелерді жіктеуді;

• тігу материалдары мен хирургиялық инелердің тауарлық түрлерін анықтауды;

• сақтау ережелерін негіздеуді;

• стерильдеу және қолдану бойынша білікті кеңес беруді;

• таңбалануы мен буылып-түйілуін тексеруді;

• дұрыс сақтауды ұйымдастыруды.

 

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Студенттерді хирургиялық тігу материалдарымен, хирургиялық инелермен, медициналық тіккіштермен, сонымен бірге оладың жіктелуімен, стерильдеу, сақтау әдістерімен және оларға қойылатын талаптармен таныстыру.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1. Тіндердің түрлері.

2. Тігу материалының жіктелуі.

3. Тігу материалына қойылатын талаптар.

4. Тігу материалдарының жіктелуі: а) табиғи; б) жасанды; в) металдан жасалған.

5. Тігу материалдары мен хирургиялық инелерді стерильдеу тәсілі.

6. Сақтау ережесі.

7. Тігуге арналған аппараттар, олардың жіктелуі.

8. Хирургиялық инелер, конструкциясының ерекшелігі.

 

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Тақырып бойынша негізгі түсініктерді оқып-үйену. Сұрақтар бойынша пікірталас:

· Табиғи тігу материалдарының түрлері.

· Сіңетін тігу материалдарының алынуы және қолданылуы.

· Жасанды тігу материалдарының түрлері.

· Хирургиялық инелердің жіктелуі: түзу және иілген.

Кіші топтардағы жұмыс. Презентация.

· Тіндердің түрлері: нәзік, тығыз, жұмсақ.

· Табиғи тігу материалы.

· Жасанды тігу материалы.

· Металдан жасалған тігу материалы.

· Тіндерді тігуге арналған саймандар мен аппараттар.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. С.З.Умаров, И.А.Наркевич, Н.Л.Костенко, Т.Н.Пучинина. «Медицинское и

фармацевтическое товароведение». Учебник для ВУЗов. Издательский дом ГЭОТАР-МЕД, Москва, 2004.

2. Под редакцией проф.О.А.Васнецовой. «Медицинское и фармацевтическое товароведение». Практикум.

 

Қосымша:

1. Адамян А.А. и др. Система обозначения хирургических шовных материалов Хирургия. 1990.-№12.

2. Буянов В.М., Егиев В.Н., Удотов О.А. Хирургический шов. — М., 1993.

3. ГОСТ 396-84. Нити хирургические шелковые крученные нестерильныс. — М.: Изд-во, стандартов, 1984.

4. ГОСТ 25981-83 Иглы хирургические. Общие технические условия. — М.: Изд-во стан­дартов, 1983.

5. ГОСТ 26641-85 Иглы атравматические. Общие технические требования и методы испьн таний. — М.: Изд-во стандартов, 1985.

6. Егиев В.Н. Шовный материал: Лекция // Хирургия. - 1998. - №3. -С. 33-38.

7. Кузин М.И., Адамян А.А., Винокурова Т.Н. Хирургические рассасывающиеся шовные материалы // Хирургия. - 1990. - №9. - С. 152-157.

8. Кукуруз Я. С. Применение антимикробных шовных материалов при открытой травме. — Л.: ВМА им. С.М. Кирова, 1975.

9. Литвинова Т.П., Грядунова Г.П. Пластыри. — М., 1975.

10. Нажмутдинова Д.К. Клинико-экспериментальное исследование нового синтетического рассасывающегося шовного материала Кацелон в акушерско-гинекологической практике! — Ташкент, 1988.

11. Сабитов В.Х. Медицинские инструменты. — М.: Медицина, 1985. — 175 с.: ил.

12. Семенов Г.М., Петришин В.Л., Ковшова М.В. Хирургический шов. — СПб: Питер. 2002. -256с.

13. Слепцов И.В., Черников Р.А. Узлы в хирургии. - СПб: Самит-Медкнига, 2000. - 176с.

14. Сторолсук В. Т., Вольф Л.А, Калинина Т.Н. и др. Применение полипропиленовой моно­нити в качестве шовного материала// Хирургия. — 1991. — №12. -С. 132-135. |

15. Стегнов В.В. Экспериментально-клиническое обоснование показаний к применению расн сасывающихся шовных материалов. — Москва, 1973. |

16. Чхиквадзе Т.Ф., Зарнадзе Н.К. Рассасывающиеся синтетические шовные материалы // Хирургия.- 1990.-№12.-С. 154-158.

17. Шалимов АЛ., Фурманов ЮЛ.. Солом ко А. В. Игла, нить, шовный материал, технические основы хирургии. — Клин. хир. - 1981. - № 10.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Тігу материалдарының жіктелуі.

2. Кетгут.

3. Хирургиялық атравматикалық инелер.

4. Тігу материалына қойылатын талаптар.

5. Лигатуралық инелер.

6. Сүйектерді тігуге арналған сымдар.

7. Тігу материалын сақтау ережесі.

8. Хирургиялық жібек жіп.

9. Лигатуралық вилкалар.

10. Тігу материалын стерильдеу әдістері.

11. Тігуге және таңуға арналған клипсалар мен скобкалар.

12. Хирургиялық инелер, олардың құрылымы.

13. Тігу материалы.

14. Тіккіш аппараттар.

15. Капрон және лавсан жіптер.

16. Зығыр жіптер.

17. Аттың қылы.

18. Хирургиялық инелерді стерильдеу тәсілдері.

19. Хирургиялық инелерге қойылатын талаптар.

 

 

ТАҚЫРЫП: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАР ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

МАҚСАТЫ: Студент білу керек:

· фармацевтикалық және медициналық тауарлар туралы негізгі түсініктерді;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тұтынушылоық қасиетін:

- әлеуметтік қасиеттері;

- функционалдық қасиеттері;

- сенімділік қасиеті;

- эргономикалық қасиеттері;

- эстетикалық қасиеттері;

- қауіпсіздік қасиеті;

- экологиялық қасиеті.

Студент орындай білуі керек:

· медициналық мақсатта қолданылатын тауарлардың негізгі тұтынушылық қасиеттерін анықтауды;

· медициналық мақсатта қолданылатын тауарлардың негізгі тұтынушылық қасиеттерін сипаттауды.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық тапсырмалар:

1 тапсырма. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың негізгі тұтынушылық қасиеттерін атап көрсетіңдер.

2 тапсырма. Анальгин таблеткасы, анальгиннің инъекциялық ерітіндісі үшін (1%-2 мл) келесі тұтынушылық қасиеттерін анықтаңдар: әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, антропометриялық, экологиялық, эстетикалық, қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік.

Қазіргі кезде медициналық және фармацевтикалық тауарларға нақты бөліну жоқ, сонымен бірге медициналық және фармацевтикалық тауартану саласында заңдастырылған терминология да жоқ. Сондықтан медициналық және фармацевтикалық тауарларға бөлу шартты түрде алынады.

982 жылы В.Н.Стрелков, А.Л.Казаков, Р.А.Дубинский, В.Д.Пономарев «фармацевтикалық тауарлар» терминін ұсынды және қолданға негіздеді. Бұл термин фармацевтикалық (дәріханалық) ұйымдар арқылы сатылатын барлық тауарлар топтарын біріктіреді, өйткені оларға тауартану және экономикалық пәндер көзқарасы тұрғысынан тауарлардың барлық қасиеттері мен белгілері тән.

Медициналық тауарларға «медтехника» дүкендері арқылы сатылатын және осы бірлестіктің дүкендерінің тапсырыстарына енгізілетін таурларды жатқызады. Бірақ бұл бөлу де шартты түрде, өйткені медициналық саймандар мен науқастарды күту бұйымдары «медтехника» дүкендері арқылы да және дәріхана желісі арқылы да босатылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 2240; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.