Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы




Жіктеу (лат. Classis – разряд, топ + facere – жасау) – бұл көптеген объектілерді, мысалы заттар мен құбылыстарды, кластарға, топтарға және басқа да құрылымдарға әрқайсысына жалпы болатын белгілі бір белгілеріне байланысты бөлу.

Тауарлар класы – жалпыға біріктірілген топ қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлардың түрлері.

Жіктеу әдістері деп көптеген объектілерді бөлу әдістерінің (тәсілдерінің) жиынтығын айтады. Жіктеудің екі түрі бар: иерархиялық және фасетті.

Жіктеудің иерархиялық әдісі – бұл бөлінетін бастапқы объектілерді ұқсас белгілері бойынша рет-ретімен жіктеу топтарына бөлу, ол жіктеу топтары өз кезегінде негізгі ұқсас белгілері бойынша топшаларға, түрлерге бөлінеді. Бұл жүйе бөлінетін объектілер арасындағы ұқсастықтарды да және айырмашылықтарды да көрсетеді.

Объектілерді иерархиялық жіктеуді келесі ретпен жүргізеді:

· нақты міндеттерді шешу үшін жіктеуді қажет ететін көптеген объектілерді анықтайды;

· осы анықталған объектілерді жіктейтін негізгі белгілері (қасиеттері, сипаттамалары, көрсеткіштері, параметрлері және т.б.) бөлінеді;

· жіктеу белгілерінің, сатыларының және тереңдігінің оптимальды саны белгіленеді;

· белгілері бойынша жіктеу реті, яғни бөлу деңгейі мен оның саны таңдалады.

 

Көбінесе келесі реттілікте жіктеледі: класс – подкласс – топ – топша – түр – түрше.

Иерархиялық жіктеуді құру кезіндегі күрделі сұрақтардың бірі бөлу негізі ретінде қолданылатын белгілер жүйесін таңдау және оның ретін анықтау болып табылады (яғни қандай белгілері бойынша жіктеу маңызды екенін анықтау).

Жіктеудің фасеттік әдісі - бұл көптеген объектілерді бір белгісі бойынша жеке, бір-біріне тәуелсіз топтарға параллельді бөлу. Бұл жүйе объектілер арасындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Яғни нақты міндеттерді шешу үшін объектілер өздеріне тән бір белгілері бар бір-біріне тәуелсіз жіктеу топтарына бөлінеді.

Фасеттік әдістің ерекшелігі, көпшілікке бөлу жеке белгілен жалпы белгіге қарай принципі бойынша жүргізіледі, яғни нақты сипаттамалардың әртүрлі жиынтықтарының негізінде нақты бөліну көпшілігі қалыптасады.

Жіктеудің фасеттік әдісіне мысал ретінде дәрілік заттарды жарамдылық мерзімі, шығару формасы, бумасы, дайындаушылар және т.б. белгілері бойынша жіктеуді алуға болады.

Жіктеу ережелері объектілерді бөлу жүргізілетін әртүрлі әдіс-тәсілдерді және белгілерін таңдау үшін арналған. Иерархиялық және фасеттік әдістер үшін маңызды ереже қолдану мақсатына байланысты жіктеу әдістерін таңдау болып табылады.

Иерархиялық әдісте объектілерді жіктеудің ережесі келесідей:

· объектілерді бөлуді барлығына жалпы ұқсас белгілерінен бастайды;

· әрі қарай бөлу әр деңгейде бөлудің осы этапы үшін маңызы бар бір белгісі бойынша жүргізіледі;

· әр деңгейде бөлу нәтижесінде алынған топшалар жоғары тұрған тек бір топқа қана жатқызылады, яғни ол қайталанбайды және басқа еш жерде кездеспейді;

· объектілерді бөлу кезекті бөлу деңгейін өткізіп жібермей немесе қосымша аралық деңгейді қоспай жүргізіледі,

· жіктеуді түзілген көпшелердің сомасы бөлінетіндей етіп жүргізеді.

Фасеттік әдіспен объектілерді жіктеудің ережесі:

· әртүрлі фасеттердегі белгілер бірін-бірі қайталамайды, яғни әрбір белгі бір-бірінен атауы, маңызы және кодтық белгіленуі бойынша ерекшеленеді;

· объектіні сипаттайтын фасеттер санынан тек қойылған міндетті шешуге қажеттісі ғана таңдалады және олардың реттілігі белгіленеді (фасеттік формула):

Жіктеудің бұл әдістері фармацевтикалық және медициналық тауарларды жүргізуде оларды жүйелік категорияларға: тегі бойынша, кластарға, топтарға, топшаларға және т.б. бөлуде қолданылады.

Жіктеу белгілері – объектілердің жіктеу жүргізілетін қасиеттері мен сипаттамалары.

Жіктеу жүргізілетін объектілердің тұтас белгілеріне химиялық табиғаты, құрамы, құрылымы, қасиеті, қолданылуы, сыртқы белгілері (мөлшері, пішіні, түсі және т.б.) жатады. Белгілері сапалық және сандық болуы мүмкін.

Жіктеу сатысы – бұл иерархиялық әдістегі жіктеу этапы, оның нәтижесінде жіктеу топтарының жиынтығы алынады. Әрбір саты және топтар өздерінің негізін салатын белгісі бойынша бөлінеді.

Белгілері мен сатыларының саны жіктеу тереңдігін анықтайды.

Таңдап алынған белгілердің сипатына байланысты табиғи және көмекші жіктеуді бөледі.

Табиғи жіктеу әрбір топтың ішкі тұтастығын сипаттайтын маңызды белгілері бойынша жүргізіледі (құрамы, құрылымы, қасиеті). Ол ғылыми зерттеудің нәтижесі және маңызды құралы болып табылады және жіктелетін объектілерді зерттеу заңдылығының нәтижелерін бекітеді.

Көмекші жіктеу объектілерге белгілі бір реттілікті беру үшін қолданылады. Бұл жіктеудің негізіне сыртқы белгілері алынады, мысалы таралар мен бумалардың бастапқы шикізат бойынша, мөлшері бойынша бөлінуі.

Көбіне фармацевтикалық және медициналық тауарлар тауардың қолданылуы, бастапқы дайындалған материалы немесе шикізаты, өндіріс әдісі, конструкциясы, мөлшері және т.б. бойынша жіктеледі. Әртүрлі тауарларды жіктеуде бұл белгілер толығымен немесе жекелеп қолданылады.

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды және жалпы тауарларды жіктеу иерархиялық схема бойынша құрылады – жалпы белгісінен бастап жеке белгісіне қарай. Әрбір келесі буын алдыңғы буынның белгісін нақтылау керек. Жіктеу буындарын белгілеу үшін келесі терминдер қолданылады: класс, подкласс, топ, түр, түрдің көпшілігі, сонымен бірге топша, түрше.

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды жіктеу кезінде жіктеу топтарының түзілу тәртібіне қарай жіктеудің ондық, жүздік жән еркін жүйелері болады.

Жіктеудің ондық және жүздік жүйесі кезінде әрбір жоғары класс сәйкесінше 10 немесе 100 келесі кластарға бөлінеді.

Ондық жүйенің құрылуы қарапайым, ол күрделі емес кодтар жүйесін таңдауға мүмкіндік береді. Оның кемшілігі кластар санын 10-мен шектеудің қажеттігі, ол бірқатар жағдайларда топтарды ірілендіруге және соның нәтижесінде жіктеудің негізгі белгілерінің бұзылуына әкеледі. Сондықтан топтар саны көп болғанда жүздік жіктеу жүйесін қолданған дұрыс.

Денсаулық сақтауда қолданылатын тауарлар негізінен екі класпен берілген.

93 0000 Медикаменттер, химиялық-фармацевтикалық өнім және медициналық мақсаттағы өнімдер;

94 0000 Медициналық техника

Бұл кластарда подкластар және топтар технологиялық процестерінің, бастапқы шикізаттың немесе фармакотерапевтикалық белгісінің ұқсас, жалпы болуымен бөлінеді.

Фармацевтикалық тауарлардың әрбір тобы өз кезегінде тауар түрлерімен толықтырылады. Фармацевтикалық тауардың түрі деп өзіне тән барлық физико-химиялық, биологиялық және басқа да идентификациялық белгілері бар тауар бірлігін айтады.

Әрбір түр үшін мемлекеттік стандарт бар, соған сәйкес оларды дайындайды, буып-түйеді, таңбалайды және сақтайды.

Қолданылып жүрген жіктеу жүйелерінің ішінде қолдану мақсаттарына қарай келесідей жіктеу түрлерін бөледі:

1. оқулық (учебный);

2. саудалық;

3. тауарлық-стратегиялық;

4. экономикалық-статистикалық немесе жалпы мемлекеттік.

Тауартану үшін тауарларды жіктеудің үш түрінің маңызы зор: жалпы мемлекеттік, саудалық, оқулық.

Тауартануда қолданылатын оқу жіктемесінің негізгі мақсаты – уақытты аз жұмсай отырып тауартану сұрақтарын ыңғайлы, үйлесімді және рет-ретімен оқып-үйрену, яғни тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін әдістемелік жағынан дұрыс оқып-үйрену. Бұл жағдайда бұл қасиеттердің қалыптасуының жалпымприницптерін оқып-үйренуге барлық көңіл аударылады. Тауардың сапасын және тұтынушылық қасиеттерін құрайтын негізгі факторларға бастапқы шикізат материалдары, өндіріс тәсілі және бұйымның конструкциясы жатады. Сондықтан оқу жіктемесінің негізіне алынатын маңызды белгілеріне бастапқы шикізат материалдары, өндіріс тәсілі және бұйымның конструкциясы жатады.

Саудалық жіктеме кең тұтынылатын тауарлар үшін ғана қолданылады, оларға медициналық және фармацевтикалық тауарлар да жатады. Саудалық жіктеменің мақсаты – айналым процесін жетілдіру. Ол ретті жіктеу жүйесі болып табылмайды және тауарларды баға прейскурантына сәйкес топтарға бөлуге негізделеді.

Тауарлық-стратегиялық жіктеме маркетинг стратегиясын таңдауда қолданылады. Оның мақсаты – тауарды тұтынудың жоғары дәрежесіне, тұтынушылардың максимальды қанағаттануына қол жеткізу.

Кодтау – операцияларға және өнім атауларына шартты белгілерді беру: кодтарды, шифрларды, номенклатуралық нөмірлерді. Мұндай техникалық тәсіл тауарлар мен олар дайындалған материалдардың әртүрлі және күрделі аттарынан арылуға мүмкіндік береді. Ол жоспарлы және есепке алу жұмыстарын механизациялау және автоматизациялаудың қажетті шарты болып табылады.

Код – жіктеу объектісін немесе жіктеу топтарын белгілеу үшін қолданылатын белгі немесе белгілер жиынтығы. Код мүмкіндігінше қысқа, бірақ өнімнің барлық номенклатурасын қамтуға жеткілікті, көрнекі және оңай оқылатындай болуы қажет. Кодтардың көмегімен жылдам тәсілмен объектілерді идентификациялау қамтамасыз етіледі.

Кодтың құрылымы – құрамының және ондағы белгілердің орналасу реттілігінің шартты белгіленуі. Код құрылымы келесі элементтерден тұрады: алфавиттен, негізінен, разрядтан және ұзындығынан.

Код алфавиті – код түзуге қабылданған белгілердің жүйесі. Кодтар үшін алфавит ретінде көбіне сандарды, әріптерді немесе олардың бірігуін, штрихтарды және бос жерлерді (пробел) қолданады. Сандық, әріптік, әріптік-сандық және штрихты код алфавиттері болады.

Кодтың сандық алфавиті – белгі ретінде сандар алынатын код алфавиті.

Кодтың әріптік алфавиті – белгі ретінде табиғи тілдердің алфавит әріптері алынатын код алфавиті.

Әріптік-сандық код алфавиті – белгі ретінде табиғи тілдердің алфавит әріптері және сандар алынатын код алфавиті.

Штрихті алфавит коды – белгі ретінде штрихтар және бос жерлер (пробел) алынатын код алфавиті, олардың кеңдігі сканерде сандар түрінде оқылады. Мысал ретінде халықаралық практикада кеңінен қолданылатын EAN және UPA штрих кодтарын алуға болады.

Кодтың негізі – кад алфавитіндегі белгілердің саны.

Кодтағы белгілердің орналасу реті олардың разрядымен анықталады.

Кодтың разряды - кодтағы белгінің позициясы. Әрбір белгі тауардың қандай да бір белгісін сипаттайтын болғандықтан, кодтың разрядының белгілі бір мәндік жүктемесі болады.

Бос жер – белгілердің (әріптердің, сандардың, штрихтардың) арасындағы белгілі бір қашықтық, ол бөлу функциясын орындайды.

Компьютер жүйесінде қате кодтарды жібермеу үшін бақылау саны қолданылады, ол енгізілетін кодты автоматты түрде бақылауды қамтамасыз етеді. Бақылау саны белгілердің негізінде белгілі бір алгоритм бойынша оқылады және кодтық белгілеудің бақылау бөлігі болып табылады.

Кодтағы белгілерді ңсаны оның құрылымымен анықталады және бөлудің әрбір деңгейінде түзілетін көпшелерге кіретін объектілер санына байланысты болады. Бөлудің әрбір деңгейіндегі белгілер санын анықтау кезінде жаңа объектілердің пайд аболу мүмкіндігін қарастыру қажет және кодтың резервтік мөлшерін қарастыру керек.

Кодтаудың мақсаты идентификациялау, бөлу және көптеген басқа объектілердің ішінен табуға және тануға мүмкіндік беретін шартты белгілерді (кодты) беру жолымен объектілерді жүйелеу (систематизация) болып табылады. Кодтар:

· объектіні немесе объектілер тобын идентификациялауды қамтамасыз етуі керек;

· берілген көпшенің барлық объектілерін кодтауға қажетті және минимальды белгілер саны болу керек;

· кодталатын көпшенің жаңадан пайда болатын объектілерін кодтау үшін резерв мөлшері жеткілікті болуы керек;

· компьютер жүйесіне енгізу кезінде қателерге автоматты бақылау жүргізу мүмкінідігмен қамтамасыз ету керек.

Кодтау кезінде сандық, әріптік, сандық-әріптік және штрихты жүйелер қолданылады.

Өз кезегінде сандық жүйе келесідей болу керек:

· реттік, тауарларға код жіктеу бойынша емес орналасу реті бойынша берілгенде;

· сериялық, бұл кезде әрбір жіктеу топтарына ешқандай шектеусіз серия нөмірі беріледі;

· ондық және жүздік, әрбір класқа сәйкесінше 10 немесе 100 санды бөлуді қарастырады;

· біріктірілген, құрастыру кезінде әртүрлі шартты белгілер жүйесі қолданылады.

Тауарларды кодтау кезінде тіркеу және жіктеу әдістері қолданылады.

Кодтаудың тіркеу әдісі – бұл реттік нөмірді беру арқылы жүргізілетін кодтау, ал кодтық белгілеу ретінде натурарлды қатардың сандары алынады. Бұл кодтаудың ең қарапайым түрі, өйткені объектілерді тіркеу тауарды жасау және тіркеу кезінде жүзеге асырылады.

Кодтаудың жіктеу әдісі – бұл тауарларды жіктеу негізінде жүзеге асырылатын кодтау, кодтық белгі ретінде сандар, әріптер және штрих белгілері алынады. Кодтаудың жіктеу әдісінің екі типі бар: ретті және параллельді.

Кодтаудың ретті әдісі – бұл негізіне жіктеудің иерархиялық әдісі алынатын әдіс. Бұл кезде объект қажетті ретте көпшелерге бөлінеді және кодтық белгіленуі бөлінудің әрбір деңгейіндегі белгілердің сандық құрамы мен ретін анықтайтын берілген құрылым бойынша құрылады. Кодтың белгіленген түзу ережелеріне тәуелді болуы, қосымша объектілерді қосқан жағдайда резервтік кодтардың болуы қажеттілігі, объектіні идентификациялайтын белгі санын және құрамын өзгертудің мүмкін еместігі бұл әдістің кемшіліктеріне жатады.

Параллельді (тәуелсіз) әдіс – негізіне фасетті жіктеу әдісі алынатын кодтау әдісі.

Тауарлар ассортиментінің біршама ұлғаюына және өндіріс пен сауда саласына ЭЕМ кеңінен енгізуге байланысты бүкіл әлемде тауарларды штрихті кодтауда (ШК) қолдана бастады.

Штрихты кодтауды қолдану келесі процестерді біршама жақсартуға және оптимизациялауға мүмкіндік береді:

· өндірушілерге: сұрыптауды, есепке алуды, қорға бақылау жасауды, тауарларды жинауды және тиеп жіберуді;

· көтерме сатушыларға: тауарларды алуды, тауарлар қорына бақылау жасауды, тиіеп жіберуді және тауарларға есеп айырысуды;

· тасымалдау қызметтеріне: тауарларды алуды, таңдау жүргізуді және тиеп жіберуді;

· бөлшек сатушыларға: тауарларды алуға, қоймадан жіберуге және тауарлар қорана бақылау жасауға;

· тауаржүргізушілерге: жалған тауарларды идентификациялауға және өндіруші елдерді немесе осы өнімді тіркеген елдерді анықтауға.

Біздің елімізде European Artiecle Numbering (EAN) штрихты коды қолданылады – төменінде сандық код берілген әртүрлі кеңдіктегі штрихтар мен бос жерлердің бірге берілуі

Мұнда ең жіңішке штрих немесе бос жерқалыңдық бірлігіне алынады – модуль. Штрих кодтардың үші түрі бар – EAN-14, EAN-13 и EAN-8. Алғашқысы ірі көлемдегі тасымалдау тараларына арналған, екіншісі орташа мөлшердегі бумаларға арналған, соңғысы – кіші көлемдегі бумаларға арналған.

EAN-13 штрих кодында сандық 13-разрядты тауар коды бар және ол екі түрде болады:

 

ХХ ХХХХХ ХХХХХ Х

Елдің Дайындаушы Тауар Бақылау

Коды коды коды саны

 

а) елдің екі разрядты коды

 

ХХХ ХХХХ ХХХХХ Х

Елдің Дайындаушы Тауар Бақылау

Коды коды коды саны

 

б) елдің үш разрядты коды

 

Елдің кодын EAN ассоциациясы орталықтандырылған түрде береді. Бірқатар елдерге кодтар диапазоны бөлінген, ал кейбір елдерге екі разрядты кодты үшінші разрядпен толықтыруға мүмкіндік берілген. Мысалы, бұрынғы КСРО-ға берілген код – 46, ол үшінші разрядта 460-469 диапазонында бөлінуі мүмкін. Сондықтан ТМД елдерінің өндіруші-кәсіпорындары бестің орнына төрт разрядты қолдана алады. Алғашқы екі немесе үш цифры тауарға осы нөмірді берген мәліметтер банкінің нөмірі боып табылады.

Провизор үшін мүмкіндігінше түпнұсқа тауарларды жалған тауарлардан визуальды ажырата білудің маңызы зор. Оны тауарларды саны және сапасы бойынша қабылдап алу кезінде дәрілік заттың немесе басқа медициналық бұйымның бумасына енгізілген кодты оқұу арқылы жасауға болады.

Жалған тауарды ажыратуға болатын белгілерге келесілер жатады: штрих кодтың екеуден артық болуы, штрих куодты енгізу орнының бұзылуы, бақылау санының дұрыс болмауы, басу және орындалу сапасының және түсінің нашар болуы.

Штрих код саны. Көбіне бір бумаға бір ғана штрих код енгізіледі, мысалы EAN немесе UPS. Бірақ кей жағдайда екі штрих кодты енгізуге де рұқсат етіледі EAN және UPS, егер тауарды дайындаушы оларды екі ассоциацияда да тіркеген жағдайда. Бұл жағдайда штрих кодтар буманың қарама-қарсы жақтарына енгізіледі.

ШК енгізу орны. EAN немесе UPS штрих кодтары буманың артқы жағының оң жақ төменгі бұрышына, жиегінен 20 мм қашықтықта енгізіледі. Егер бұл мүмкін болмаса, онда код төменгі оң жақ бұрышқа этикеткаға қойылады; ШК буманың бүйір қабырғасына енгізуге рұқсат етіледі. Жұмсақ бумаларда штрих код буманың түбіне параллельді болатын орынды таңдайды. ШК-ты басқа таңбалау элементтері (мәтін, сурет, перфорация) бар жерлерге енгізуге болмайды.

Бақылау санының дұрыстығын сканердің көмегімен тексеруге болады.

ШК мөлшері. ШК максимальды рұқсат етілетін мөлшерлері – 52,5х74,6 мм. Көптеген тауарлар үшін минимальды рұқсат етілетін мөлшері – 21,0х30,0 мм.

Дәрілік заттардың бумасына енгізуге ұсынылатын кодтар, мөлшерлері бойынша қалыпты, үлкен және кіші болып бөлінеді. Қалыпты мөлшердегі код (биіктігі 10 мм, ұзындығы 36 мм, қысқартылған модификациясы – сәйкесінше 7 мм және 36 мм) үлкен бумалардың бүйір қабырғаларына енгізіледі.

Үлкен мөлшердегі кодтар (биіктігі 20 мм, ұзындығы шамамен 49 мм) үлкен таралар үшін қолданылады, ал кішкентай мөлшердегі кодтар (биіктігі 7 мм, ұзындығы 27 мм) өте кішкентай бумалар үшін қолданылады.

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Жіктеудің негізгі міндеттері қандай?

2. Жіктеудің қандай түрлерін білесіздер?

3. Түпнұсқа тауарларды жалған тауарлардан қалай ажыратуға болады?

4. Жіктеудің қандай әдістерін білесіздер?

5. Кодтау не үшін қолданылады?

6. Тауарларды кодтау кезінде қандай әдістер қолданылады?

7. Штрих кодтау не үшін қолданылады?

8. Штрих кодты енгізу тәртібі қандай?

9. Штрих кодтың мөлшерлері қандай?

 

 

ТАҚЫРЫП: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 2282; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.