Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы. МаҚсаты: медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдау жасау бойынша студенттерде кәсіби білім мен




АССОРТИМЕНТІ

МАҚСАТЫ: Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдау жасау бойынша студенттерде кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Студент білу керек:

· ассортиментті талдаудың негіздерін

· ассортимент талданатын негізгі көрсеткіштерді

Студент орындай білу керек:

· ассортимент көрсеткіштерін дұрыс анықтауды

· ассортиментке талдау жүргізуді

· ассортиментті қалыптастыру бойынша ұсыныс беруді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық есептер:

1 тапсырма. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментін схема түрінде көрсету.

2 тапсырма. Келесі көрсеткіштер бойынша фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдау жүргізу: ассортименттің кеңдігі, тереңдігі, толықтығы және тұрақтылығы (фармацевтикалық фирмалардың прайс-қағаздары, мемлекеттік реестр).

Ассортимент – бір-бірінен типтері, мөлшері, дозасы және басқа да белгілері бойынша ерекшеленетін белгілі бір тауарлар тобының құрамы және қатынасы.

Ассортимент екі түрлі болады: өнеркәсіптік және саудалық.

Өнеркәсіптік ассортимент - өнеркәсіптің әртүрлі салаларының кәсіпорындары шығаратын тауарлардың жиынтығы.

Тауартануда өнеркәсіптік ассортименттің өзі келесілерді бөледі:

  • саланың өнеркәсіптік ассортименті - бір саланың кәсіпорындары шығаратын тауарлар жиынтығы;
  • регионның өнеркәсіптік ассортименті – облыс, өлке, қала, аудан кәсіпорындары шығаратын тауарлардың жиынтығы;
  • кәсіпорынның өнеркәсіптік ассортименті – бір кәсіпорын шығаратын тауарлар жиынтығы.

Саудалық ассортименті – көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарына немесе сауда айналысына түсетін тауарлар ассортименті. Ол тапсырыс-талаптарда, баға прейскуранттарында беріледі.

Сауда ассортиментінде келесідей түсініктер болады:

Тауарлық номенклатура, тауар-микс – сатушыларға ұсынылатын барлық ассортименттегі тауарлар бірліктерінің және тауар топтарының жиынтығы. Медициналық мақсатта қолданылатын тауарлар үшін бұл дәрі-дәрмектер, химиялық-фармацевтикалық өнімдер (класс 93) және медициналық техника (класс 94).

Ассортименттік топ, ассортименттік қатар – ұқсас функцияларды орындауларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты тауарлардың жиынтығы.

Ассортименттік топша – бір белгімен біріктірілген тауарлар жиынтығы, ассортименттік топтың ең ұсақ бөлімшесі.

Тауарлық бірлік, ассортименттік позиция – белгілі бір түрдегі, химиялық құрамдағы немесе басқа бір сапалық көрсеткіштерімен сипатталатын тауарлық ассортимент немесе сауда маркасы шегіндегі жеке бұйым.

Тауар варианты, тауар бірлігінің варианты, тауардың түрі – белгілі бір мөлшердегі, көлемдегі, массадағы, дәрілік қалып түріндегі, бумадағы тауар бірлігі және т.б.

Ассортиментті басқару – бұл рационалды ассортиментті құруға бағытталған қызмет. Ассортиментті басқарудың негізін қалаушы элементтерге ассортиментті қалыптастыру және ассортименттің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер бойынша талаптар деңгейін белгілеу жатады.

Дәріхана немесе емдеу алдын-алу ұйымдарының жетекшілігі тауарлар ассортиментін құру кезінде қажеттілікті максимальды қанағаттандыруды және жоспарланған табысты алуды ескеруі керек. Ол үшін келесі міндеттерді шешуі керек:

· белгілі бір тауарларға нақты қажеттіліктерді белгілеу;

· ассортиментке талдау жүргізіу және оның тиімділігін анықтау;

· тиімді асортиментті қалыптастыру үшін жабдықтаушыларды анықтау;

· қажетті тауарларды сатып алу үшін материалдық мүмкіндіктерді бағалау;

· ассортиментті қалыптастырудың негізгі бағыттарын анықтау.

Ассортиментті қалыптастыру – нақты қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын және ұйым жетекшілігі алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін тауарлар жиынтығын құру бойынша қызмет. Әрбір ұйым өзінің ассортименттік саясатын жүргізеді.

Ассортименттік саясат – ұйым жетекшілігі анықтайтын ассортиментті қалыптастырудың негізгі бағыттары, мақсаты және міндеттері.

Дәріхана және емдеу ұйымдарының ассортименттік саясаты бірқатар факторларға байланысты болады.

1. Осы ұйымдардың қызметін регламенттейтін (реттейтін) нормативті-құқықтық база. Яғни, дәрілік заттар айналысы мен фармацевтикалық қызмет саласындағы ҚР ДСМ-нің заңдылық құжаттары мен қаулылары, бұйрықтары. Ең алдымен бұл өмірлік маңызы бар дәрілік заттар тізімі, дәрілік заттарды тағайындаудың формулярлық жүйесі, жаңа дәрілік заттарды Мемлекеттік реестрге енгізу және қолданыстан шыққандарын тізімнен шығару.

2. Дәріхана немесе емдеу ұйымы қызмет көрсететін аймақтағы тұрғындардың аурушаңдығы.

3. Жабдықтаушыларда тиімді бағадағы қажетті тауарлардың болуы.

4. Жеке тауарлардың бәсекелестік мүмкіншілігі.

Ассортиментті жаңарту – жаңашыл көрсеткішінің көбеюімен сипатталатын тауарлардың сапалық және сандық өзгерісі. Ассортиментті жаңарту тұтынушылардың үнемі өзгеріп тұратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жоғарылату үшін, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану үшін жүргізіледі.

Ассортиментті тұрақтандыру – жаңару дәрежесінің төмендігімен және жоғары тұрақтылығымен сипатталатын тауарлар жиынтығының жай-күйі. Тауарлар ассортиментінің мұндай жағдайы өте сирек кездеседі, бұл негізінен өмірлік маңызы бар және аса қажетті дәрілік заттар ассортиментіне тән.

Ассортиментті қысқарту – тауарлардың кеңдігі мен толықтығын азайту есебінен тауарлар жиынтығының сандық және сапалық өзгеруі.

Ассортиментті қысқартудың себептеріне сұраныстың азаюы, ұсыныстың жеткіліксіздігі, жеке тауарлардың өндірісінде немесе сатылуында табыстың аз болуы немесе шығынның көп болуы жатады.

Ассортиментті кеңейту – тауарлардың кеңдігін, толықтығын және жаңашылдығын ұлғайту есебінен тауарлар жиынтығындағы сапалық және сандық өзгерістер.

Тауарлар ассортиментіне талдау жүргізу медициналық және фармацевтикалық тауарларға қажеттілікті анықтау үшін және дәріхана немесе емдеу ұйымдарының жұмысын объективті бағалау үшін жүргізіледі.

Көбінесе медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдауды келесі көрсеткіштер бойынша жүргізеді: кеңдігі, толықтығы, тереңдігі, құрылымы, тұрақтылығы, жаңару дәрежесі.

Ассортименттің кеңдігі – бұл номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде, медициналық саймандар, приборлар және құрал-жабдықтар жасайтын әртүрлі фармацевтикалық кәсіпорындар немесе фирмалар шығаратын каталогтарда, реестрлерде берілген тауарлардың бөлшек немесе көтерме сауда желілеріндегі бар тауарлардың ассортименттік тобының (топшаларының, түрлерінің) саны.

Ол салыстырмалы шама – кеңдік коэффициентімен сипатталады (Кк, %):

Кк =(Кн х 100) / Кб

мұндағы Кн – нақты кеңдік, дәріханада, дәріхана қоймасында, емдеу ұйымдарында нақты бар тауарлардың ассортименттік тобы топшасы; Кб – базалық кеңдік – классификаторда, регистрда немесе мемлекеттік реестрде тіркелген ассортименттік топтардың (топшалардың) саны.

Нақты кеңдік (Кн) – зерттелетін дәріхана немесе емдеу ұйымындағы бар тауарлардың атауларының, түрлерінің нақты саны.

Базалық кеңдік (Кб) – салыстыру үшін негізге алынған кеңдік. Базалық кеңдік ретінде нормативті немесе техникалық құжаттарда (стандарттармен, прейскуранттармен, каталогтармен және т.б.) регламенттелген тауарлар атауларының, түрлерінің барынша максимальды саны, яғни ҚР тіркелген барлық саны алынады.

Ассортименттің толықтығы (тауарлық линияның қаныққандығы, ұзындығы) – бұл бөлшек немесе көтерме сауда желісіндегі бар номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрде, регистрларда, фармацевтикалық кәсіпорындар мен фирмалар шығаратын каталогтарда берілген бір ассортименттік топтағы тауарлар бірлігінің саны. Ол толықтық коэффициентімен сипатталады (Кт, %):

Кт=(Тн х100) / Тб,

мұндағы Тн – нақты толықтығы – дәріханада, дәріхана қоймасында, емдеу ұйымындағы бар бір ассортименттік топтағы тауарлар бірлігінің саны; Тб – мемлекеттік реестрде тіркелген бір ассортименттік топтағы тауарлар бірлігінің саны.

Ассортименттің тереңдігі – бұл бөлшек немесе көтерме сауда желісіндегі бір ассортименттік топтағы немесе бір тауар бірлігіндегі тауарлар вариантының саны. Ассортимент тереңдігі тереңдік коэффициентімен анықталады (Кт, %):

Кт=(Тн х 100) / Тб

мұндағы, Тн – нақты тереңдік – дәріханадағы, дәріхана қоймасындағы емдеу ұйымындағы бар бір тауар бірлігінің тауар вариантының саны; Тб – базалық тереңдік, мемлекеттік реестрде тіркелген бір тауарлық бірліктің тауар вариантының саны.

Басқаша айтқанда медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментінің тереңдігі дегеніміз – бұл осы тауарлар түрлерінің саны.

Фармацевтикалық тауарлардың түрлілігі дегеніміз (разновидность) – бұл мөлшері, көлемі, массасы, концентрациясы, белсенділігі, түрі және шығарылу формасы және т.б. көрсеткіштерін ескере отырып соңғы шығарылу формасы.

Ассортимент құрылымы – бұл сату көлеміндегі немесе табыс көлеміндегі үлесі (абсолютті мәндегі және салыстырмалы көрсеткіштегі).

Сату көлеміндегі үлесі келесідей есептеледі:

Қ с = (а х 100) / б,

мұндағы, а – жеке тауар бірлігінің сату көлемі; б – бір тауарлық линияның (тауар тобының) сатылу көлемі.

Табыс көлеміндегі үлесі келесі формуламен есептеледі:

Қт = (в х 100) / г

мұндағы, в – жеке тауар бірлігін сатудан түскен табыс көлемі; г – бір тауар линиясын сатудан түскен табыс көлемі.

Көбінесе бұл көрсеткіш маркетингтік зерттеулер жүргізгенде анықталады.

Ассортимент тұрақтылығы – қандай да бір уақыт аралығындағы ассортимент құрылымының кеңдік, толықтық, тереңдік көрсеткіштерінің өзгеруі.

Ассортимент тұрақтылығы тауарлар жиынтығының белгілі бір тауарларға сұраныстың қанағаттануын сипаттайды.

Тұрақтылық коэффициенті (Ку, %) – бұл тұтынушыларда тұрақты сұранысқа ие тауар атауының, түрлерінің санының осы тауар тобындағы тауар түрлерінің жалпы санына қатынасы:

Ку = (Т х 100) / Ш

мұндағы, у – тұрақтылық көрсеткіші – тұрақты сұранысқа ие тауарлар түрлерінің саны; Ш – осы топтағы тауарлар түрлерінің жалпы саны.

Жаңарту – қаныққан нарық жағдайында жүргізілетін ұйымның ассортименттік саясатының бір бағыты.

Ассортиментті жаңарту – тұтынушылардың өзгерген қажеттіліктерін қанағаттандырумен сипатталатын қолда бар тауарлар тізімінің сандық және сапалық өзгеруі. Бұл жаңару коэффициентімен (Кж, %)сипатталады:

Кж = (Ж х 100) / Ш,

мұндағы ж – жаңару көрсеткіші (тауарлардың жаңа түрлері мен атауларының саны).

Ассортименттік минимум (тізім) – бөлшек дәріхана ұйымының профилін анықтайтын тауарлар түрінің рұқсат етілетін минимальды мөлшері.

Ассортименттің рационалдылығы - әртүрлі тұтынушылар топтарының нақты негізделген сұрауларын тауарлар жиынтығының барынша толық қанағаттандыра алу қабілеті.

Рационалдылық коэффициенті – факторлардың ассортимент рационалдылығына тигізетін әсерін және ассортимент кеңдігінің, толықтығының, тұрақтылығының және жаңару коэффициенттерінің нақты мәндерінің әсерін ескере отырып рационалдылық көрсеткішінің орташа анықталған мәні.

Ассортименттің үйлесімділігі – тиімді тауарқозғалысын, сатуды және қолдануды қамтамасыз ету бойынша олардың өзара жақындық дәрежесін сипаттайтын әртүрлі топтағы тауарлар жиынтығының қасиеті.

Ассортимент үйлесімділігі ассортименттің сапалық сипаттамасын қамтамасыз етеді, ол сандық мөлшерде өлшенбейді, сондықтан бұл қасиеті сипаттама түрінде болады.

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментінің қандай түрлерін білесіздер?

2. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың талдауы қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі?

3. Ассортимент кеңдігі деген не және оны қалай анықтайды?

4. Ассортимент толықтығы – сипаттамасы және анықтамасы.

5. Ассортимент тереңдігі деген не?

6. Ассортимент тұрақтылығы нені білдіреді?

7. Ассортименттің жаңаруы деген не және оны қалай анықтайды?

8. Ассортименттің рационалдылығы бұл ….?

9. Ассортименттің үйлесімділігі деген нені білдіреді?

10. Ассортименттік минимум деген не?

11. Дәріханада және емдеу ұйымдарында ассортиментті басқару қандай мақсатпен жүргізіледі?

12. Дәріхана ұйымдарының ассортименттік саясаты қандйа факторларға байланысты болады?

 

ТАҚЫРЫП: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРҒА

МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ

МАҚСАТЫ: Медициналық және фармацевтикалық тауарларға маркетингтік зерттеу жүргізу бойынша студенттерде кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Студент білу керек:

· маркетингтің негізгі түсініктері мен анықтамаларын;

· фармацевтикалық маркетингтің негізгі міндеттерін;

· маркетингтік зерттеулердің негізгі функцияларын;

· фармациядағы маркетингтік зерттеулердің түрлерін;

· маркетингтік және тауарлық талдаудың мақсаты мен міндеттерін;

· негізгі этаптарын және олардың маңызын;

· тауарларды жіктеу түрлерін;

· нормативті құжаттардың құрылымы мен негізгі бөлімдерін (ГОСТ, ТУ);

· әртүрлі тауар топтарын сақтау және тасымалдау шарттарын.

Студенторындай білу керек:

· фармацевтикалық маркетингтің негізгі мақсаты мен міндетін анықтауды;

· маркетингтік зерттеудің негізгі функцияларын анықтауды;

· медициналық және фармацевтикалық тауарларға маркетингтік зертеулерді жүргізуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық есептер:

1 тапсырма. Ұсынылған дәрілік препараттарға маркетингтік зерттеуді жүргізу. Ол үшін:

1. Нақты дәрілік препаратты зерттеу.

2. Тұтынушылар мен тарату каналдарын зерттеу.

3. Бәсекелестерді зерттеу.

4. Нарықты және сыртқы факторларды зерттеу.

5. Ғылыми ақпараттарды зерттеу.

6. Маркетинг стратегиясы мен тактикасын жасау.

7. Тауарды нарықта жылжыту.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 3329; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.067 сек.