Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы. МаҚсаты: тауар ретінде қолданылатын дәрілік заттар, дәрілік препараттар, дәрілік қалыптар және олардың




ТАУАР РЕТІНДЕ

МАҚСАТЫ: Тауар ретінде қолданылатын дәрілік заттар, дәрілік препараттар, дәрілік қалыптар және олардың түрлері туралы студенттерде кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Студент білу керек:

· дәрілік заттың не екенін;

· дәрілік қалыпты және оның түрлерін;

· дәрілік препараттың не екенін;

· тауар ретінде олардың қолданылу ерекшелігін.

Студент орындай білу керек:

· «дәрілік шикізат», «дәрілік қалып», «дәрілік зат», «дәрілік препарат» түсініктеріне анықтама беруді;

· дәрілік қалып түрлерін анықтауды;

· дәрілік заттардың тиімділігіне және қауіпсіздігіне әсерін тигізетін фармацевтикалық факторларды анықтауды;

· дәрілік заттарға фармацевтикалық талдауды жүргізуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық есептер:

1 тапсырма. Келесі түсініктерге анықтама беру: а) патенттелген дәрілік зат; б) бірегей (оригинальды) дәрілік зат; в) халықаралық патенттелмеген атауы; г) патенттелген коммерциялық атауы.

2 тапсырма. Оқытушы ұсынған дәрілік препаратқа келесілер бойынша тауарлық талдауды жүргізу:

а) алфавит;

б) әсер етуші заттың химиялық құрамы;

в) фармакологиялық әсері;

г) фармакотерапевтикалық әсері;

д) дәрілік қалып түрі;

е) сақтау жағдайы;

ж) дәріханадан босату тәртібі;

з) дәріханада немесе ЕАҰ ерекше есепке алу тәртібі бойынша.

 

Фармацевтикалық тауартануда дәрілік шикізат, дәрілік құрал (средство), дәрілік зат (вещество), дәрілік қалып, дәрілік препарат деген түсініктер беріледі.

Дәрілік шикізат (лат. res rudes) – дәрілік заттарды өндіру үшін қолданылатын табиғи және жасанды заттар мен материалдардың жиынтығы.

Дәрілік құрал (лат. medicamentum) – бұл аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық дәрілік заттар немесе заттардың қоспасы.

Дәрілік зат (лат. materia medica, substanria pharmaceutica) – бір химиялық қосылыстан немесе бір химиялық элементтен тұратын дәрілік зат.

Көмекші заттар – дәрілік заттың әсерін күшейтетін немесе әлсірететін немесе ешқандай фармакологиялық әсері жоқ, бірақ қажетті дәрілік қалып формасын алуға мүмкіндік беретін, дәрілік препарат құрамына кіретін ингредиент.

Тауарлық талдау жүргізу кезінде дәрілік препараттың құқықтық статусына көңіл аудару керек. Заң бойынша келесідей түрлері бар:

· патенттелген дәрілік зат – өқндірісіне және сатуға берілген құқы Қазақстан Республикасының патенттік заңдылығымен қорғалатын дәрілік зат;

· дәрілік заттардың заңсыз көшірмелері – айналымға Қазақстан Республикасының патенттік заңдылығн бұзу арқылы түскен дәрілік заттар;

· бірегей (оригиналды) дәрілік заттар – айналымға тіркелген өзіндік атауымен түскен дәрілік заттар;

· қайта өндірілген (воспроизведенный) дәрілік заттар – бірегей дәрілікм заттарға патенттік құқының жарамдылық мерзімі бітекеннен кейңн айналымға түскен дәрілік заттар.

Мұнан басқа, ДДҰ (ВОЗ) халықаралық патенттелмеген атауын қолдануды ұсынады (International Nonaroprietary Name). Анықтамалық басылымдарда оларды қысқаша МНН (INN) деп көрсетеді. Бұл белгілі бір фармакологиялық топқа тиістілігі бойынша препаратты идентификациялау ыңғайлы болу үшін ДДҰ ұсынған және тіркелген және осы ұйымның барлық мүшелері қабылдаған дәрілік заттың атауы.

Дәрілік заттардың айналымында көбіне оның патенттелген коммерциялық атауы қолданылады (Brand name). Оны дәрілік затты өндірген фирмалар патенттейді, және бірегей дәрілік заттарға берілетін патенттерге қарағанда бұл патент мерзімсіз. Бірегей дәрілік заттарға берілетін патенттің жарамдылық мерзімі бар, оны патенттіберген елдің заңдылығы анықтайды.

Дәрілік қалып (лат. forma medicamentorum) – дәрілік затқа немесе дәрілік өсімдік шикізатына берілетін қолдануға ыңғайлы күйі, бұл күйде қажетті емдік тиімділікке қол жеткізіледі.

Консистенциясына байланысты дәрілік қалыптың келесідей түрлері болады:

· қатты (ұнтақтар, таблеткалар, драже, капсулалар);

· жұмсақ (жағылма, паста, суппозиторий);

· сұйық (ерітінділер, тамшылар, тұнбалар, қайнатпалар, сығындылар, микстуралар.

Енгізу тәсіліне байланысты келесідей түрлері бар:

· ингаляциялық – буды, газды, аэрозольды ингаляциялау түрінде тыныс жолдары арқылы енгізуге арналған;

· парентеральды – асқазан-ішек жолдарынан тыс енгізу (көктамырға, тері астына, бұлшық етке, теріге, шырышты қабатқа);

· энтеральды – асқорыту жолдары арқылы.

Дәрілік препарат (лат. praeparatum) – қолдануға дайын күйіндегі мөлшерленген дәрілік зат.

Тауартануда дәрілік препарат деп медициналық қолданылуы бойынша нұсқаулығы бар біріншілік бумадағы дәрілік қалыпты айтады.

Дәрілік заттар мен препараттардың келесідей түрлері бар:

· стандартты – салыстырмалы зерттеулерде және т.б. қолдануға арналған, дәл өлшенген физикалық, химиялық немесе биологиялық параметрлері бар дәрілік заттар;

· галенді – әсер етуші заттардан басқа құрамында балласты заттары бар, өсімдік немесе жануар шикізаты негізінде дайындалатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар);

· жаңагаленді – әсер етуші заттары балласты заттардан тазартылған, өсімдік немесе жануар шикізатынан дайындалған дәрілік заттар;

· тағамдық – ағзада қосымша қорытусыз сіңірілетін тағамдық заттары бар;

· дюрантты (әсері ұзартылған) – құрамында сондай дәрілік заттары бар басқа препараттарға қарағанда терапевтикалық әсері ұзақ болатын;

· радиоактивті немесе радиофармацевтикалық – құрамында қандай да бір элементтің радиоактивті изотопы болатын зат. Диагностикалауда және сәулелі терапияда қолданылады.

Дәрілік заттардың жіктелуін тауарлық талдау мақсатына байланысты келесілер бойынша жүргізеді:

· алфавит (мысалы, анықтамаларда, мемлекеттік реестрлерде және басқа анықтамалық әдебиеттерде);

· әсер етуші заттың химиялық құрамы (мысалы, имидазол туындылары – бендазол, клотримазол, метранидазол);

· фармакологиялық әсері (мысалы, жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар);

· фармакотерапевтикалық әсері (мысалы, жүрек-тамыр ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттар);

· дәрілік қалып (мысалы, таблеткалар, жағылмалар, суппозиторий);

· сақтау жағдайы (мысалы, жарықтың, ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін және т.б.);

· дәріханадан босату тәртібі (дәрігердің рецепті бойынша және рецептсіз);

· дәріханада немесе ЕАҰ ерекше есепке алу тәртібі (есірткі, психотропты, улы).

Дәрілік заттардың да дәрілік препараттардың да негізгі тұтынушылық қасиетіне қауіпсіздігі және тиімділігі жатады.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігі – заттың тиімділігін салыстырмалы талдауға және денсаулыққа зиян келтіру қаупін бағалауға негізделген заттың сипаттамасы.

Дәрілік заттардың тиімділігі – дәрілік заттардың аурудың өтуіне оң әсер көрсету дәрежесінің сипаттамасы.

Бұл факторларға бірқатар факторлар әсерін тигізеді, оларды фармацевтикалық практикада жалпы «фармацевтикалық факторлар» деп атайды. Мұндай факторлдардың барлығын бес негізгі топқа біріктіреді:

1) әсер етуші заттың химиялық модификациясы (тұз, қышқыл, эфирлі байланыстыардың болуы, комплексті қосылыстар);

2) дәрілік заттың физикалық-химиялық күйі (кристалдың формасы, бөлшектерінің мөлшері, оның беттерінде зарядтың болуы немесе жоқ болуы және т.б.);

3) көмекші заттар, олардың табиғаты, мөлшері;

4) дәрілік қалып түрі және енгізу жолдары;

5) фармацевтикалық технологиясы.

Әсер етуші заттың химиялық модификациясы босап шығу және сіңірілу кинетикасына маңызды әсерін тигізеді.

Дәрілік заттың физикалық-химиялық күйі оның биологиялық белсенділігіне маңызды әсер етеді.

Көмекші заттар, олардың табиғаты, оның мөлшері әсер етуші затпен бірге біршама күрделі және маңызды әсерін тигізеді, өйткені ол белсенді заттардың өзінше бір матрицасы тәрізді болады. Белсенді заттармен үнемі жанаса отырып, көмекші заттардың өздерінің де белгілі бір физикалық-химиялық қасиеттері болады, ол әртүрлі жағдайларда әртүрлі көрінуі мүмкін және барлық жағдайларда да дәрілік зат – ағза жүйесіне қандай болса да бір әсерін тигізеді.

Дәрілік қалып түрі де тұтынушылық қасиетіне белгілі бір әсерін тигізеді. Дәрігер дәрілік терапияны таңдау кезінде бұл өте маңызды, өйткені ол дәрігердің күнделікті жұмысында кездесетін бір ғана фармацевтикалық фактор деп айтуға болады.

Барлық қасиеттерінің жиынтығымен (тек белсенді заттармен ғана емес) дәрілік қалып ағзадағы патологиялық процеске әсерін тигізеді және фармакотерапияның маңызды құрылымдық бірлігі болып саналады.

Дәрілік затты және дәрілік қалыпты алудың технологиялық процессі көп жағдайда препараттың сапасына, соның ішінде оның терапевтикалық триімділігіне де негіз болады

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Келесі түсініктерге анықтама берңдер: «дәрілік зат», «дәрілік препарат», «дәрілік қалып».

2. Көмекші заттар не үшін қолданылады?

3. Консистенциясына байланысты дәрілік қалыптар қалай бөлінеді?

4. Енгізу тәсіліне байланысты дәрілік заттар қалай бөлінеді?

5. Дәрілік заттардың тиімділігі неге байланысты болады?

6. «Дәрілік заттардың қауіпсіздігі» нені білдіреді?

7. Дәрілік заттар мен препараттар қандай түрлерге жіктеледі?

8. «Фармацевтикалық факторларға» нелер жатады?

9. Дәрілік заттардың тұтынушылық қасиетіне дәрілік қалп түрі қалай әсер етеді?

10. Дәрілік заттардың тұтынушылық қасиетіне басқа қандай факторлар әсерін тигізеді?

 

ТАҚЫРЫП: ТАРА, БУЫП-ТҮЮ МАТЕРИАЛДАРЫ. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТАҢБАЛАУ

 

МАҚСАТЫ: Студент тиісті

білуге:

· тараның, тығындау заттарының және орау материалдарының тұтынушылық қасиеттерін;

· орау материалдарының логикалық құрылымын;

· буманың жіктелуін: а) біріншілік; б) екіншілік; в) топтық; г) тасымалдау бумасы;

· орау материалдарына қойылатын талаптарды;

· тығындау заттарын, тығындау заттарының типтерін (бұралып жабылатын, кигізілетін қақпақ, қалпақ, прокладка, тығын);

· тығындау материалдарына қойлыатын талаптарды;

· материалдың тазалық көрсеткіштерін;

· материалдың қорғаныш қасиетінің көрсеткіштерін;

· материалдың тұрақтылық көрсеткіштерін;

· сыртқы түрінің көрсеткіштерін;

· адгезиялық көрсеткіштерін;

· буимаға, таңбалауға, этикеткалауға және оларды дұрыс енгізуге қойлыатын талаптарды.

орындай білу керек:

· буманың ішінен тараны, тығындау заттарын, орау материалдарын бөлуді;

· буманы жіктеуді;

· тараның және буманың жасалған материалын, қолданылуын анықтауды;

· тараға, тығындау заттарына және орау материалдарына қойылатын талаптарды анықтауды;

· тараның, тығындау заттарының конструкциялық ерекшеліктерін анықтауды;

· материалдың типін анықтауды;

· алынған мәліметтер мен білімдерін әртүрлі топтағы фармацевтикалық тауарларға тараны, тығындау заттарын және орау материалдарын таңдау кезінде қолдана білуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық есептер:

1 тапсырма. Орау матриалдарының логикалық құрылымын құрыңдар.

2 тапсырма. Бумалардың жіктелуін жазбаша көрсетіңдер:

а) біріншілік бума;

б) екіншілік бума;

в) тасымалдау бумасы.

3 тапсырма. Оқытушы ұсынған тараға, бумаға немесе тығындау заттарына тауарлық талдауды жүргізу (буманың түрін, дайындалған материалын, оларға қойлыатын талаптарды анықтау).

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 2875; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.