Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ззззззззззз 1 страница




Заңдарды жүйелеудің бір түрі – инкорпорация, оның түрлері: хронологиялық, жүйелілік және пәндік

Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін сақтап қалады. Заңдарды инкорпорациялаудың ең қарапайым мысалы – қолданылып жүрген акт мәтiнiне барлық кейiнгi ресми өзгерiстерiн енгiзiп, оны жаңа өзгертiлген нұсқасында жариялау болып табылады. Егер акт жаңа нұсқасында ресми басылымдарда жарияланатын болса, онда бұл әдiс қалыпты актiлердi қайта жариялау деп аталады. Белгiлi бiр iрi қалыпты құжаттарды немесе бүкiл заңдарды тұтастай өңдеп инкорпорациялау әлдеқайда терең әрi құқық қолдану тәжiрибесiнде мейлiнше тиiмдi болып табылады. Мұндай инкорпорациялау қызметiнiң нәтижесiнде пәндiк, салалық, ведомстволық немесе өзге де қағидат бойынша заңдардың, басқа қалыпты құқықтық актiлердiң түрлi жинақтары мен жиынтықтары жасалады. Инкорпорация – қалыпты актiлердiң белгiлi бiр жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетiнде жариялаған мәлiметтерi. Заңдарды ретке келтiру тәжiрибесiнде олардың түрлерi көп әр түрлi сыныптық негiздерге бөлiнедi. Инкорпорацияның қағидаттары: хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) және т.б. Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды және ресми емес. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ болып құқықшығарушы органның (мысалы, әділет министрлігінің) тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Ресми емес жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқықшығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары табылады.

 

Заңи техника, оның заң шығармашылықта және заңды жүзеге асырудағы маңызы:

Заңды техника – бұл құқықтық актілердің жобасын дайындаудың құқықтық шығармашылық жолдары мен әдістерінің тәжірибеге негізделген жүйесі, ол реттелетін мәселелерді қамтуды толығымен қамтамасыз етеді, түсінікті, қарапайым және құқықтық материалды жоғарғы дәрежедегі реттеушілігімен көрінеді.

Құқықтық шығармашылық техникасына тиісті кең көлемдегі талап етілетін мәселелер көп және жалпы тәртіп бойынша, мыналар жатады:

· Құқықтық-шығармашылық органдарының еркін көбірек соған сай толық көрсету;

· Актіде бар нормативтік ұйғарымдармен рационалды және логикалық бірізділікпен жазылуы оның біртұтастылығы.

· Нормативтік актілердің ішкі мазмұндарында жетімсіздік пен қарама-қайшылықтың болмауы.

· Жеткілікті деңгейде жазылуы және олардың мазмұны-ның көпжақты көрсетілуі, қысқалығы және біртұтастылығы;

· Құқықтық актілердің тілінің түсініктілігі, қарапайым-дылығы және пайдаланылған тұжырымдамалар мен терминдердің белгілілігі актілердің санын минимумға дейін азайту;

· Нормативтік актілердің өз кезінде жариялануы және күшіне енуі.

Барлық құқықтық актілердің түрлеріне қатысы бар, арнайы әдебиеттерде құқықтық-шығармашылық техникасын актуальді етуге бағытталған талаптар бөлініп шыққан (нормативті жекешеленген-құқықтық және интерпретацион-дық): құқықтық актінің түріне, деңгейіне және маңызына сай оның қажетті сыртқы құжаттандырылуы; құқықтық ұйға-рымның нәтижесіндегі стильді логикалық-тілдік құрудағы құрылымды ұтымды ұйымдастыру; заңды нормалардың қарым-қатынасын органикалық қамтамасыз ету, олардың ішкі элементерін көрсету; нормативті-құқықтық актілерді есепке алғанда және жүйелегенде ерекше тәртіптілікті сақтау.

Тұтасымен, заң шығару (заңдылық) техникасы, заң шығару стилистикасынан, заңды конструкциядан және заңды терминалогиялардың ерекшеліктерінен қалыптасады.

Заң шығару стилистикасы – нормативті құжаттарға тілдік құралды көбірек лайықты пайдалану жолдарының жүйесі.

Заң шығару стилистикасының тәртібіне байланысты, нормативті-құқықтық актілердің текстілеріне (мәтініне) талаптар қойылады: қарапайымдық, ыңғайлылық, логикалық біткендік, ескірген сөздерді қолданбаушылық және үлгілілік салыстырулардың болмауы; директивтік (қатаң ұйғарымдарда, тілдің тұжырымдарында ерікті, биік міндеттілігінің болуы); арнайылылық; актінің мәтініні тікелей және сабырлылық стилімен жазу; оның субъектілер қиналғанына және эмоцияларға көңіл аудармауы, т.б.

Заңды терминология – нормативтік актіні жазғанда пайдаланатын сөз бен түсініктерді белгілеу.

Заңды терминдер мынадай болады: барлық адамдардың бір деңгейде түсінетін жалпылама пайдаланатындар (қашқын, куәгер, жұмыскер); арнайы техникалық, яғни әр түрлі білім саласында пайдаланылатын білімдер (сапасы төмен тағамдық заттар, техникалық қауіпсіздік тәртібі); құқықтық ғылыммен және тәжірибемен жасалған аранайы заң түсініктері (құқықтық қатынас, қажетті қорғану, қылмысқа қатысқандық, талап арызын берудің уақытының өтіп кетуі).

Заңды терминдерге жеткілікті мөлшерде қатаң талаптар қойылады, олардың ішіндегі көбірек маңыздыларына жата-тындар: біртұтастылық, бірегей маңыздылығы, жалпылама мойындалғандығы және пайдалануға тұрақтылығы, стилистикалық бейтараптық, қолайлы, шексіз түсінікті, т.б.

Заңды конструкциялар – бұл өзіне тән, құқық ережелерінің нормативті-құқықтық актідегі міндеттері мен жауапкершілігін конструкциялау жолы.

Құқықтың жалпы теориясында, конструкция заңды техниканың бір құралы, құқық мазмұнының элементі ретінде есептеледі және ғылыми танымның жолы (құралы), құқық нормаларын талқылау құралы және заңды маңызы бар фактілерді белгілеу ретінде қаралады.

Кейбір заңды құжаттарды құрудағы типтік тәртіптер:

· Нормативті материалдарды тәртіппен бөлу, оның бөлшектілігі және келісімділігі (нормативтік материалдардың бірізділік бөліктерге бөлінуі: баптарға топтастырылатын бірізділік мәні бар бағыттағы материалдардың болуы (пункттері мен парагрфтарындағы), қажетті кезде өзінің ішкі бөліктерінің болуы (жекеленген баптардың бөліктері, пункттері және қосымша пункттері);

· Нормативтік құжаттың ішкі логикасы мен тұтастығы (материалдық логикалық бірізділікпен жазу, оның қайшылықсыздығы);

Құқықтық актілердің түсініктігі мен сенімділігі (құжаттың тілінің түсініктілігі және жайбарақаттылы-ғы, тыныс белгілерін және образдық салыстырма-ларды дұрыс пайдалану).

 

Заңдардың кодификациясы олардың ерекшеліктері және түрлері

Кодификациялау нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі ретінде90 Заңдарды жүйелеудiң келесі түрi – кодификациялау (сұрыптау), өзiнiң кең ұғымында заңдарды жетiлдiрудiң және тәртiпке келтiрудiң үлгiлi әрi мейлiнше тиiмдi нысанын бiлдiредi. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дәстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол–бір сипатты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт. Кодификациялық актiлердiң құрылымы күрделi. Оның баптары мол болып, бөлiктерге, тарауларға бөлiнедi, олардың кейбiреулерiнде кiрiспе бөлiмi бар. Әдетте, кодификациялық актiде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негiздерiн айқындап, қоғамдық өмiрдiң ең басты мәселелерiн реттейтiн қалыптары қамтылады; 1) ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүлiктiк, еңбек, неке және отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу, т.б.) реттейдi; 2) заңдарды жетiлдiру түйiнi бола отырып, ол – бiр-бiрiмен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актiсiн бiлдiредi; ол жиi айтарлықтай тұрақты қоғамдық қатынастардың бiрыңғай қағидаттары негiзiнде реттелген, өмiр тәжiрибесiнде пiсiп- жетiлдiрiлген тұтас құқықтық құжат; 3) кодификациялық актiлердiң өте тұрақтылық, өзгерiске ұшырамайтын, ұзақ кезеңдерге есептелiнген құқық қалыптарының берiк құрылымын қамтамасыз етедi. Кодификациялық актiнiң тиiмдiлiгi заңгерлердiң қоғамдық қатынастардың даму объективтiк тенденциясын, оның реттегiш динамикасын есепке алуларынан байқалынады; 4) кодификацияның пәнi заңдар жүйесiнiң салаларға, институттарға бөлiнуiне қарай анықталынады. Кодификация құқықтық қалыптық актiлердiң жүйесiн, олардың заңдық бiрлiгiн және үйлесiмдiлiгiн нығайтады. Сөйтiп, кодификациялық актi басқа қалыптық актiлерден жоғары тұрады және олардың жүйесiн басқарады; 5) ол сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгiлi бiр, кейде айтарлықтай елеулi өзгерiстер және тек ерекше ережелер де енгiзедi, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;91 6) кодификациялық актi өзiнiң көлемi жағынан өте маңызды, күрделi құрылымдардан тұрады, оның iшкi құрылымы белгiлi бiр жүйеге сай келедi.

Заңды жауапкершіліктің түрлері

Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік кұбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершілігінің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Тар мағынада мемлекеттің жасалғанқұқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.

Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіру деп тұрады.

Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни, құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттіккүштеу мен заңды жауапкершілік кашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады [12, 55-58 б.].

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе кәсіпорын өз еркімен заңдакөрсетілгсн айыппұлды төлеп, шығынды қалыпша келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана, жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлыманық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1. Мемлекеттік құнттау арқылы жүзеге асады.

2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады. Заңды жауапкершілік бірқатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекетүшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзінбасқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Заңдылық қағидасы. Бұл кағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталынып отырып, бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңды пайда болып табылады.

Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:

— теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;

— адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;

— жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;

— бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;

— жауапкершіліктің деңгейіжасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;

— жауапкершілік бұзылған құқық пенкелтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.

Мақсатқа сәйкестілік қағидасы.Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуінталап етеді:

— Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;

— Егержазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;

— Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы:

— Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;

— құқық, бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;

— құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды [13, 41-49 б.].

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизмінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның катысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы [14, 156-162 б.].

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның ішінде және заңдылық жүзінде әрекет етеді. Заңдылық режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

Сонымен заңды жауапкершіліктің функциялары:

1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.

2. Бұзылған құқықты калпына келтіру азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құқықты қалпына келтіреді.

3. Тәрбиелік азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге баулиды.

Заңды жауапкершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрбіріне өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі болады.

1) Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

— Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;

— бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;

— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

2) Қылмыстық және әкімшілік құқықтық; жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік, жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

3) Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге түлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құкық нормаларын өз еріктерімен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің кажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пеп құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде өндіре білу болып табылады.

Заңды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғарғы деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Заңды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібін, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік түрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық тек соттық тәртіпте іске асады.

Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян заңды деп танылады:

— Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.

— Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлдеқайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсызайдап кету т.с.с).

Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктітағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

 

Заңгерлердің құқықтық мәдениеті және оның заң шығарудағы рөлі

Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1514; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.