Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ззззззззззз 2 страница




Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.

Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.

Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.

Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.

Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді.

Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.

Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі.

Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық(мысалы, қарулы күштерде қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық(ғылыми немесе көркем шығармашылық); заңды жол берілетін мінез-құлық(діни-ғұрыптарды атқару және т.б.) болады.

 

Заңдардың нормативтік құқықтық актілер ішіндегі орны және ролі

Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтіннормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялықзаңға конституцияныңөзіжәне Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.Нормативтік құқықтық акт – референдумда қабыл­данған немесе уәкілетті орган не мемлекеттік лауазымды адам қабыл­даған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданыл­уын өзгертетін, тоқтататын, не бол­маса тоқтата тұруға белгі­лен­ген нысандағы жазбаша рес­ми құжат.

Қазақстан Республи­касының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты туды­ратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында еліміз заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, баға­лау, талдау, сондай-ақ, оның даму динамикасы мен қолда­нылу тәжірибесін болжау жөнінде тұрақты жүзеге асыры­латын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мони­торингі мемлекеттік органдардың негізгі қызметі деп ата­лады. Нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқық­тық актілер сатысындаөзінің заң күшіне қарайала­тын орны нормативтік құқықтық актінің деңгейі деп аталады.

Нормативтік құқықтық актілер қызметіне қарай негізгі және туынды акті болып екі түрге бөлінеді. Негізгі нормативтік құқықтық актілерге: Конституция, конститу­ция­лық заңдар, кодекстер, заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Прези­дентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары; ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары; ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; ҚР Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының, ҚР Ор­талық сайлау комиссиясы мен республикалық бюджет­тің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің нормативтік қаулылары; ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшылары­ның норматив­тік құқықтық бұйрықтары; орталық мемлекеттік орган­дардың нормативтік құқықтық қаулылары; мәслихат­тардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің норматив­тік құқықтық шешімдері жатады.

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түріне: қандай да бірмемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін регламент, қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық актының ерекше түрі – ереже, қандай да бір қызмет түрін ұйым­дастыру мен оны жүзеге асыру тәртібін белгілейтін норма­тивтік құқықтық актының түрі – қағидажатады.

Заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нұс­қаулық – нормативтік құқықтық актының негізгі бір тү­рі. Сонымен қатар, ҚР заңдарында туынды түрдегі нор­мативтік құқықтық актілердің өзге де нысаны көзделуі мүмкін.

Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық акті негіз­гі түрдегі нормативтік құқықтық акті арқылы қабыл­данады не бекітіледі, сондай-ақ, онымен біртұтас. Туын­ды түрдегі норма­тивтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер саты­сын­да алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықта­лады. Орталық атқарушы органдар мен ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есепберетін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сон­дай-ақ, жергілікті бюджеттерден қаржыландыры­латын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабыл­дайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер норматив­тік құқықтық актілер болып табылмайды.

 

Заңның түсінігі. Құқық және заң.

Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заңның белгілері: 1) заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық әрекеттер бекітілген заң актісі; 2) заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі; 3) заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді:79 а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі және оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ә) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды. 4) заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт. Заңның түрлері: 1) Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт; 2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады; 3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.

 

Заңның кері күші: ұғымы, қолдану тәртібі

Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар: а) заңның кері күші – жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса; ә) жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мәселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.80 Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ және су кеңістігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі әскери және сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мәселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұлғаларға таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады. Нормативтік актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар: а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие және оларға қылмыстық заңнаманы және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды; ә) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүргеніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сәйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады; б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды және сайлауғақатыса алмайды.

 

Заңның үстемдігі оның маңызы. Заңның түрлері

Макс Вебердің бұл мәселе жөніндегі негізгі саяси көзқарасы оның 1918-1919 жылдары жарық көрген «Саяси бейімділік және кәсіп ретінде» еңбегінде баяндалған. М. Вебердің саяси әлеуметтануының басты дінгегі – билік мәселесі. Саяси өкімет пен мемлекетті әлеуметтану ғылымы арқылы қарастырған Вебер оны билік әлеуметтануы деп атады. «Мемлекет дегеніміз не?» деп сұрақ қоя отырып Вебер оның осы заманғы әлеуметтанушылық анықтамасын кез-келген саяси одақ секілді, ол қолданатын өзіндік құрал - физикалық зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болатының айтады.

Осылайша, Троцкийдің «кез-келген мемлекет зорлық-зомбылыққа негізделген» деген сөзін келтіре отырып Вебер мемлекетке төмендегідей әлеуметтанушылық анықтама береді. «Тек егер зорлық-зомбылықты құрал ретінде білмейтін әлеуметтік құрылымдар бар болса, онда «мемлекет» ұғымы жайына қалар еді, онда сөздің ерекше мағынасында «анархия» деп атауға болатын нәрсе орнар еді. Әрине, зорлық-зомбылық мемлекеттің қалыпты немесе бірден-бір құралы емес – бұл туралы жақ ауыртпаймыз. Бірақ, ол, тегінде, сол үшін өзіндік ерекше құрал. Мына заманда мемлекет зорлықпен ерекше етене».

Яғни, Вебер айтқандай «зорлық-зомбылық жасау «құқығының» бірден-бір көзі мемлекет деп саналады. Осы анықтама арқылы Вебер «саясат» дегеніміз қай жағынан таразыласақ та, мемлекет арасында болсын, мемлекет ішінде ол қамтитын адамдар топтарының арасында болсын, билікке қатысуға немесе билік бөлінісіне ықпал жасауға ұмтылыс деген сөз» деп атады.

Билік бөлінісіне немесе үстемдік етуге ұмтылыс Вебердің сөзімен айтсақ «кім саясатпен айналысса, сол билікке ұмтылады: не басқа мақсатқа (мінсіз немесе эгоистік) бағындырылған құрал ретінде билікке, не сол биліктің «өзі үшін», ол беретін бедел сезімінен ләззат алу үшін ұмтылады. Мемлекет те, тарихи жағынан содан бұрын болған саяси одақтар да адамдардың адамдарға үстемдік қатынасы, ол заңды (яғни заңды деп саналатын) зорлық-зомбылыққа құрал ретінде сүйенеді.

Саяси үстемдікке, билікті бөлісуге ұмтылатын және саясатпен айналысуды мақсат ететін «кәсіпқой саясаткерлер» туралы егжей-тегжейлі қарастыра келіп М.Вебер былай деп жазады: «Саясатпен» айналысуға – яғни, биліктің саяси құрылымдар арасында және олардың ішінде бөлінуіне ықпал жасауға ұмтылуға – «жағдайға қарай» саясаткер ретінде де, бұл жұмыс, дәл экономикалық кәсіпшіліктегідей, қосымша немесе негізгі кәсіп болатын саясаткер ретінде де айналысуға болады.

Сайлау бюллетенін жәшікке салғанда немесе соған ұқсас ырқымызды білдіргенде, мысалы «саяси» жиналыста қол шапалақтағанда яки жер тепкілегенде, «саяси» сөз сөйлегенде және т.б. жағдайларда біздің бәріміз «жағдайға қарай саясаткер болып шыға келеміз; көптеген адамдарда олардың саясатқа қатынасы осындай қарекеттермен ғана шектеледі. Бүгіндері, мысалы, партиялық-саяси одақтардың сенім білдірілген адамдары мен басқармалары «қосымша қызмет» саясаткерлері болып табылады. Мемлекеттік кеңестер мен сол секілді тек талап бойынша ғана қызмет атқара бастайтын кеңесші органдардың мүшелері де саясатпен тура солай айналысады. Біздің парламентарийлардың едәуір қалың жіктері де онымен дәл солай айналысады, олар тек сессия кезінде ғана оған «жұмыс істейді».

Саясатты өзінің кәсібіне айналдырудың екі тәсілі бар: не саясат «үшін» өмір сүру керек, не саясаттың «есебінен» және «саясатпен» («von» der Politik) өмір сүру керек. Саясат «үшін» өмір сүретін адам әлдене іштей мағынада «өз өмірін сонымен» жасайды – не ол өзі жүзеге асыратын биліктен ашық ләззат алады, не «іске» («Sache») қызмет етіп жүргенін түсінуден өзінің ішкі тепе-теңдігі мен өз абыройы сезіміне нәр алады, және сол арқылы өзінің өміріне мағына береді.

Кәсіп ретіндегі саясат «есебінен» күн көретін адам – оны тұрақты кіріс көзіне айналдыруға ұмтылатын адам; ал саясат «үшін» күн көретіндердің мақсаты басқа. Әлдекім экономикалық мағынада саясат «үшін» өмір сүре алатын болуы үшін жеке меншіктік салт үстемдігі жағдайында, кейбір, керек десеңіз, әбден таптаурын алғышарттар болуға тиіс: қалыпты жағдайда ол оған саясат әкелуі мүмкін кірістерге тәуелді болмауға тиіс. Демек ол кәдуілгі дәулетті адам болуға немесе жеке адам ретінде ол өмірде тұрақты жеткілікті кіріс алып тұратындай жағдайға ие болуға тиіс. Бері салғанда қалыпты жағдайда шаруа осылай болады.

Алайда саясат «үшін» өмір сүретін адам мұның үстіне шаруашылық жағынан «кіріптар» болмауға, яғни оның кірістері ол өзінің жұмыс күші мен ойын тікелей толығымен немесе барынша кеңінен өз кірістерін алуға ұдайы жұмсауына тәуелді болмауға тиіс».

М. Вебердің бұл талдауынан көретініміз «егер мемлекетті немесе партияны саясаттың есебінен емес, тек қана саясат үшін өмір сүретін (сөздің экономикалық мағынасында) адамдар басқарса, онда бұл тұп-тура саяси басқарушы жіктерді «плутократиялық» әдіспен жұмылдыру болып шығады. Бірақ бұл соңғысы әлі керісінше мағына бермейді: плутократиялық басшылықтың болуы, саяси үстем жікте сондай-ақ саясат «есебінен» де күн көру ниеті, яғни, өзінің саяси үстемдігін жеке экономикалық мүдделер үшін де пайдалану ниеті болмайды деп топшылауға негіз бермейді.

Нағыз шенеуніктің шынайы кәсібі саясат болмауға тиіс. Ол «мемлекеттік мүдделерге» қатер төніп тұрмаса істі ашуға бой алдырмай, ешкімге бұрмай шешуі тиіс. Ал бұның өзі «заңның үстемдігін» білдіреді. Вебер енгізген «заңды үстемдік» категориясы бұйрық пен бағынуға негізделген билікті қарастырады. Бұндай үстемдікті жеке адамдар іске асыра алады. Вебердің айтуынша «үстемдік дегеніміз, белгілі бір бұйрыққа бағыну мүмкіндігін ұшырату.

Үстемдіктің бірінші түрі көбінесе салтқа айналған моральдық тәртіпке байланысты. Бұл үстемдіктің негізінде ұтымдылық жатады. Оның жарқын мысалы, еуропалық мемлекеттер мен АҚШ болып табылады. Бұл мемлекеттерде адамдар жеке адамға, тұлғаға, лауазым иесіне емес, тек заңға бағынады. Заң арқылы ғана басқаларға, шенеуніктерге бағынады. Яғни, Вебер айтқан үстемдіктің негізі – заңдылық болып табылады. Заңды үстемдіктің екінші түріне Вебер дәстүрге, салтқа негізделген үстемдікті жатқызады.

Ал үстемдіктің үшінші түріне «әдеттегіден тыс жеке дарынның беделі (харизма), әлдебір адамдарда көсемдік қабілеттердің: аян алу, батырлық және басқа қабілеттердің болуынан туындайтын толық және жеке сенім – пайғамбар, немесе халық сайлаған әмірші, әйгілі демогог және саяси партия көсемі жүзеге асыратын харизмалыққ үстемдікті атайды. Үстемдіктің бұл түрі ежелгі және орта ғасырларда көбірек ұшырасқанымен, қазіргі уақытта сирек кездеседі.

Вебердің «заңды үстемдігі» заңның үстемдігін емес, мемлекеттің, биліктің үстемдігін заңды етуге саяды. Яғни, билік үстемдік ету арқылы ғана мемлекеттің тұтастығын, тыныштығын қамтамасыз ете алады, ел азаматтарының бостандығы мен құқығын қорғайды, олардың заң аясында емін-еркін өмір сүруін қамтамасыз етеді. Яғни, «заңды үстемдік» мемлекет және билік үшін ерекше шара. Вебер тұжырымдаған заңды үстемдік проблемасы одан кейінгі бүкіл саяси ғылым дамуының сипаты мен бағытына да зор ықпал етті.

Үстемдіктің ең төзуге болатын түрі – қандай да негізде болмасын «заңдылықты» оған қатысушылардың өздерінің беруінен көрінеді. Осылайша, Вебер үстемдіктің бірқатар заңды түрлерін анықтап, сол арқылы саяси құрылыстың тарихи және қазіргі түрлерін талдайды. Вебер анықтаған үстемдіктің бұл түрлері «құқықтық» (заңды), «дәстүрлі» (ежелгі тәртіптер), және «харизмалық» (басшының ерекше қасиеті) өлшемдерге негізделген заңдылыққа сенуден туындайды.

Вебер тұжырымдаған құқықтың және сол арқылы биліктің «заңды үстемдігін» бүгінгі Қазақстан билігі тиімді пайдаланып отыр. Олар өздерінің кез келген саясатын, әрекетін заңды деп есептейді. Мысалы, сайлау кезіндегі, дауыс санаудағы бұрмалаушылықтар мен әділетсіздік, оппозициялық партиялардың жұмысына барынша кедергі келтіру, мүмкіндіктерін тарылту, олардың көбірек дауыс жинауына мүмкіндік бермеу арқылы Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен тұтастығын және ел бірлігн сақтап отырмыз дейді. Олай етпесек, оппозициялық партиялар демократияны желеу етіп «саясатта айтуға болмайтын кейбір жәйттерді» айтып салады, одан әлеуметтік және басқа да наразылықтар туады деп қорқады. Яғни, ежелгі Қытай ойшылы Лао- Цзының «Көп білген халықты басқару қиын» деген сөзін басшылыққа алып, біз солай етуге мәжбүрміз дегенге меңзейді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1114; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.026 сек.