Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ззззззззззз 3 страница




Шындығында да бізде билік басындағы партиялардың басқа партияларға қарағанда едәуір артықшылыққа ие екендігін көпшілік көріп отыр. Бұл да биліктің заңды үстемдігі болып табылады. Былай қарағанда заң бұзылмаған сияқты болып көрінгенімен биліктегілер өз әрекеттерін жүргізуде артықшылыққа ие. «Заңды үстемдік» деген Қазақстандағы жағдаймен жақсы дәлелденеді. Бірақ, тым асыра сілтеуге бой алдырылады. Қазақстандағы «заңды үстемдік» кейде кейбіреулердің жеке мақсаттары мен мүддесі үшін де пайдаланылуда. Бұл тікелей заң бұзушылық болып табылады. Оны «заңды үстемдікпен бүркемелеуге болмайды. Халық оны да көрмей отырған жоқ. Халықтың наразылығы мен реніші де осыдан туады. Біздің айтарымыз биліктің үстемдігін заң шеңберінде ғана пайдалану керектігін жеткізу ғана.

Заңның түрлері: 1) Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт; 2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады; 3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.

 

Заңды жауапкершіліктің үғымы, түрлері және негіздері

Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану.Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

- онымемлекетқұқықтықнормалардорнықтырады;

- мемлекеттікмәжбүрлеугенегізделеді;

- арнайыөкілеттімемлекеттікоргандарқолданады;

- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;

- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;

- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.

Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.

3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары. Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

- оны мемлекет құқықтық нормалард орнықтырады;

- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;

- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;

- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;

- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;

- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.

Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.

 

Заңдар жүйесі: ұғымы, құрамы, заңды дамуы

Заң жүйесі дегеніміз — Парламент арқылы құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері).Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды.Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары;

1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.

2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4. Қорғаныс – әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Сонымен, заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп дамытып отырады. Құқықтың дамып қалыптасу кезеңдері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2. Қатынастарды реттеп-басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

3. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік шегілердің орындалуын жақсарту.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады.Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті.Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс.Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары — құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты.Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:

1) Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құкық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2) Құқық жүйесінің дамуы; 3) Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс.Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті.Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады [10, 100-112 б.].

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте коғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді.Бұған күмән келтіруге болмайды.Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс.Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін.Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті түрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады.Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп-басқаруға көшуі мүмкін

 

Заңды жауапкершілік және құқықтық санкция

Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік кұбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершілігінің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Тар мағынада мемлекеттің жасалғанқұқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.

Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіру деп тұрады.

Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни, құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттіккүштеу мен заңды жауапкершілік кашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады [12, 55-58 б.].

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе кәсіпорын өз еркімен заңдакөрсетілгсн айыппұлды төлеп, шығынды қалыпша келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана, жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлыманық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1. Мемлекеттік құнттау арқылы жүзеге асады.

2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады. Заңды жауапкершілік бірқатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекетүшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзінбасқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Заңдылық қағидасы. Бұл кағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталынып отырып, бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңды пайда болып табылады.

Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:

— теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;

— адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;

— жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;

— бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;

— жауапкершіліктің деңгейіжасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;

— жауапкершілік бұзылған құқық пенкелтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.

Мақсатқа сәйкестілік қағидасы.Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуінталап етеді:

— Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;

— Егержазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;

— Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы:

— Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;

— құқық, бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;

— құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды [13, 41-49 б.].

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизмінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның катысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы [14, 156-162 б.].

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның ішінде және заңдылық жүзінде әрекет етеді. Заңдылық режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

Сонымен заңды жауапкершіліктің функциялары:

1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.

2. Бұзылған құқықты калпына келтіру азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құқықты қалпына келтіреді.

3. Тәрбиелік азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге баулиды.

Заңды жауапкершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрбіріне өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі болады.

1) Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

— Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;

— бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;

— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

2) Қылмыстық және әкімшілік құқықтық; жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік, жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

3) Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге түлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құкық нормаларын өз еріктерімен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің кажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пеп құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде өндіре білу болып табылады.

Заңды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғарғы деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Заңды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібін, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік түрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық тек соттық тәртіпте іске асады.

Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян заңды деп танылады:

— Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.

— Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлдеқайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсызайдап кету т.с.с).

Заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер және олардың түрлері.

Казакстан Республикасынын «Нормаіизтік кұкықтык актілер гуралы» занда кабылданатын актілердін сатылары нак- тылы көрсетілген. Теорияда заңға сәйкес қабылданатын актілер деп зандарды орындау және іс жүзіне асыру үшін мемлекеттік және жергілікті органдардын шығарған кесімдерін айтады. Дүниежүзіліктәжірибеде бүл процесс «заннаманыңделегация- лануы» (делегированность законодательства) деп аталады.

Заңға сәйкес кабылданатын нормативтік күкыктык кесім- дерді қабылдау мынаыдай жағдайларға баланысты:

1. Зан қоғамдык катынастардын барлык салаларын, субъек- тілердін мінез-күлыктарын толыкканды дәрежеде реттеп, камти алмайды. Занда негізінде жалпы талаптар мен нормалар бекі- тіледі.

2. Заңға сәйкес кабылданатын нормативтік қүкықтык кесім- дер заңмен жоққа шығарылады. ал мемлекеттік баскару орган- дарының кесімдері заннын колдану күшін тоқтата алмайды.

3. Заннын ен жоіарғы күші бар, заңға сәйкес кабылданған кесімдер тек ғана занның негізінде жэне оны орындау үшін кабылданды,

4. Заңға сәйкес кабылданған нормативтік күқықтык кесімдер заңға кайшы келмеулері тиіс. Олай болған жағдайда жоққа шығарылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1711; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.