Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 3 страница




 

Құқық функциясы және әлеуметтік құндылығы

Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары. Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады: 1) сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.), тәрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар. 2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар– реттеуші және қорғаушы функциялар. Реттеуші функция – бұл позитивтік мінез-құлық ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуыға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар. Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие. Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді мінез-құлықын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады. Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Құқық және саясат: ара қатынасы және бірінің бірне тигізетін әсері.

Құқық пен саясат Құқық және саясат дәстүрлі түрде өзара тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырылады. Кез келген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын құқық заң арқылы қалыптасып, олар саясаттың бағыттаушысы ретінде болады. Егер негізгі заң Конституцияны алатын болсақ, ол мемлекеттік саясаттың мақсатын, қағидаттарын, бағытын бекітеді, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін және олардың мемлекеттік және саяси- қоғамдық өмірге қатысуын бекітеді. Конституция саяси-заңды акт болып табылады. Саясат анықтамасы ғылымда таптар, партиялар, ұлттар, халықтар, мемлекеттер, әлеуметтік топтпр, билік пен тұрғындар, азаматтар мен бірлестіктер арасындағы ерекше кең көлемді әрекет ету130 деп түсіндіріледі. Ол қоғамдық өмірдегі саяси құндылықтардың идеалдардың мүдделердің дербес әлемін көрсетеді. Бұл саланы саяси нормалар реттейді. Саяси нормалар дегеніміз көптеген және әртүрлі (жеке және алқалы) саяси процестердің саяси қатынастардың қатысушыларының, саясаттың субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейтін ережелерді айтамыз. Бұл нормалар әртүрлі саяси бағдарламаларда, шешімдерде, өтініштерде, декларацияларда, саяси партиялар мен қозғалыстардың жарғыларынан орын алады. Егер саяси нормалар Конституциядан, заңдардан орын алғанда құқықтық сипатқа ие болады. Құқық пен саясат өте тығыз байланысты, олар қосылып жатыр(конституция баптарныда). Оның көрінісін заң шығарушы және атқарушы биліктердің қызметінен көруге болады. Заңдар және өзге де нормативтік актілер экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси негіздерді иеленеді. Бірақ құқықтық жіне саяси нормалардың арасында қайшылықтар бар. Саяси салада өзінің дәстүрін, талаптарын, қағидаларын иеленеді. Саяси этика деген түсінік саяси салада көп кездеседі. Оны адал, ақиқатты саясткерлер ұстанады. Оның ішіндегі ең маңыздылары- заңдарды, моральды бекітілген тәртіпті, ақиқаттылықты қорғау, қоғамның игілігіне қызмет ету болып табылады.

Құқық және мораль: ара қатынасы және бірінің бірне тигізетін әсері.

Оқу және тәжірибелік мақсатта бір-бірімен өзара байланысты әлеуметтік нормалардың түрлерін ажырата білу керек. Әсіресе, құқық пен моральдың арақатынасын қарастыру қажет. Құқық - бұл адамгершіліктің минимумы немесе заңи рәсімделген мораль болып табылады. Құқық қоғамның адамгершілік- гуманитарлық идеалдарды жүзегеа сыратын құрал. Мораль - бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Ол негізгі әлеуметтік институт. Бұл құбылыстың фактілік мазмұны мен құрылымы психологиялық кезеңдерді де –эмоцияны, мүдделер, ниет және т.б. қамтиды. Бірақ моральдың бастысы - жақсылық пен жамандық. Құқық пен моральдың ұқсастықтары: - әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады. - құқық пен моральдың мақсаттар мен міндеттері біреу қоғамдық өмірді қалыптастырурды, тұлғаның дамуы, адамның құқықтарын қорғау, әділеттілікті бекіту; - құқық пен моральдың реттеу объектісі біреу қоғамдық қатынастар, олар белгілі бір адамдарға, таптарға, топтарға, ұжымға, олардың талап етудері бірдей болып келеді. - құқық пен мораль нормативтік құбылыс ретінде субъектілердің жүріс-тұрысының шектерін анықтайды. - құқық пен мораль түп негізінде қоғамның өзінен туындайды. Құқық пен моралдың арасындағы ерекшеліктер: 1) Пайда болу негіздері бойынша: құқық тек мемлекетпен ғана пайда болады және мемлекетпен ғана жойылады, тоқтатылады немесе өзгертіліп тоқтатылады. Мемлекеттің құқықтың саяси жаратушысы ретінде болады, ал құқық шығармашылық мемлекеттің негізгі артықшылығы. Сонымен құқық тек халықтың еркін ғана емес, мемлекеттің еркін білдіріп, ерекше мемлекеттің реттеушісі болып келеді. Ал, мораль мемлекетпен және арнайы мақсатқа бағытталған қызметтің нәтижесінде пайда болмайды, ол адамдардың тәжірибелік қызметтерінің нәтижесінен құрылады. 2) Құқық пен моральқамтамасыз ету әдістері бойынша ерекшеленеді. Егер құқық мемлекетпен шығарылып мемлекетпен қамтамасыз етіледі, қорғалады, сақталады. Құқықты мәжбүрлеу аппараты қорғайды, яғни құқықтық нормалар сақталынбаса мәжбүрлеу аппаратының тарапынан жазалар қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда заңи нормалар жалпы міндеттілік сипатқа ие. Құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Ал, мораль мемлекеттік аппаратпен емес қоғамдық пікірмен қамтамамыз етіледі. Адамгершілік нормаларды бұзу мемлекеттік аппараттардың араласуна жол бермейді, ол барлық қоғамдық қатынастарды реттейді. 3) Құқық пен мораль оның сипатталуымен ерекшеленеді. Егер құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы заңды актілерінде(заңдарда, қаулыларда, жарғыларда) бекітіледі, салалар мен институттар бойынша топтастырылады, кодекс, жинақ, жарғы, заңдылық ретінде бір жүйеге келтіріледі. Ал, адамгершілік нормалары осындай бір жүйеге топтастырылмайды, белгілі бір сипатты иеленбейді, ол қоғамдық өмірдің қатысушыларының – адамдардың санасында пайда болып, өмір сүреді. Олардың пайда болуы заң шығарушылар мен өзге де құқық шығарушылардың еркіне байланысты емес. Яғни мораль қоғамдық қатынастардан орын тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады. Моралдық нормалар тек жазылмаған тыйым салулар мен шарттар ғана емес. Олардың көпшілігі әртүрлі қоғамдық бірлестіктерінің бағдарламалық және жарғылық құжаттарнынан, әдеби және діни ескерткіштерден орын алады

 

Құқық нормасының белгілері: формальды, анықтаушылық, жалпы міндеттілік, жүйелілік.

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі. Құқық нормасы құқықтың бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән. Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бекіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар: 1) жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады, құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті; 2) формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады; 3) мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі; 4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес; 5) микрожүйелігі – бір бірімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының ерекшеліктері

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:

1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6.Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7.ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

 

Құқық нормасының логикалық құрылысы. Гипотеза, диспозиция, санкция.

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді. Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді. Құқықтықтық норманың құрылымы: - гипотезадан; - диспозициядан; - санкциядан тұрады. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін құқық нормасының элементі. Құқықтық норманың гипотезасы келесі негіздер бойынша топтастырылады: 1) мазмұнының сипаты бойынша: жалпы және нақты; 2) анықтылық деңгейі бойынша абсолютті анықталған (құқықтық норманың әрекеті негізделген фактіге көрсетеді; мысалы, ескеру мерзімі), абсолютті анықталмаған (оның қолданылуы керек ешқандай фактіні көрсетпейді де, тек мемлекеттік органға қажетті жағдайларда құқықтық норманы қолдануды ұсынады), салыстырмалы (құқықтық норманың шектеулі қолданылу жағдайын көрсетеді; мәселен, норманы жабық әскери қалада қолданылуы); 3) гипотеза күрделілік дәрежесіне байланысты біртекті (егер онда бір мән – жай көзделсе) және құрамдас (екі не одан да көп мән– жайлармен байланыстырылса).82 Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тыйым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді). Диспозицияның түрлері: а) бейнелеу әдісі бойынша – жай (белгілерін суреттемей әрекетті жасауды білдіреді; мысалы, өлтіру), бейнелеген (бандитизм белгілерінен тұрады), сілтемелік (сол нормативті актінің басқа нормасына сілтеме жасаудан тұрады), бланкетті (басқа нормативтік актіге не заңсыз әрекетке сілтеме жасайды); б) өзінің заңи бағыты бойынша - ұсынып – міндеттеуші (екі жақты мінез – құлық ережелерінен тұрады, жалға беруші және алушы), міндеттеуші (міндетті тұлғаның әрекеті көрсетеді неше шарты бойынша барышқор), құқық беретін (мүмкін болатын мінез – құлықтың түрін көрсетеді, мысалы, сайлаушы), ұсыныс беруші (қандай да бір әрекеттерді жасауды ұсынады, мысалы, адамның өміріне қауіпті жерге бармау), тыйым салушы (заңды жауаптылық көзделетін әрекеттің түрін көрсетеді). Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқық-тық норманың бір бөлігі. Олар жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді. Санкция келесі түрлері бар: - салыстырмалы – анықталған санкция, жазаның нақты түрi мен мөлшерiн көрсететiн немесе жазаның бiр шегiн белгiлейтiн санкцияның түрi. Санкцияның бұл түрi екi нысанда кездеседi. Бiрiншiсiнде, жазаның төменгi және жоғарғы егi көрсетiледi. - баламалы санкция екi немесе одан да көп жазаның түрiн көрсететiн санкция. Құқықтық норманың құрылымы туралы сұрақ – пікір таласты. Кей авторлар норма екі бөліктен – гипотеза және диспозиция, не диспозиция және санкциядан тұрады деп айтса, кей авторлар үш элементтен тұрады деп айтады.

 

Құқық нормалары мен нормативтік құқықтық актілер баптарының байланысы.

Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан және санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы – бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының85 үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін, бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін. Көрсету тәсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады: а) тікелей тәсіл –құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі; ә) сілтемелі тәсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды; б) бланкеттік тәсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белглілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.

 

Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы.

Құқықтың бір белгісі оның формалді анықтылығы. Құқықтық нормалар міндетті түрде объектіленіп, сыртай көрінуі керек, қандай да бір нысанда болуы керек. Бұлсыз құқық нормасы қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты өз міндеттін атқара алмайды. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін. Құқық нысаны – бұл мемлекет еркін, заңи мінез-құлық ережелерінің сырттай көріну әдісі. Құқық нысанының түрлеріне талдау жасаудан бұрын құқық нысаны, құқықтық нысаны, құқықтық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасын қарастыру керек. Егер құқықтық нысан деп, барлық қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын барлық заңи құралдар болса, онда құқық нысаны – құқықтық нормалардан тұратын ерекше жүйе. Заң әдебиеттерінде құқық нысаны мен құқық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасы даулы. Бірінші көзқарас бойынша, бұл екі ұғым ұқсас. Екінші көзқарас бойынша, құқық қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда кеңірек. Соңғы көзқарас бүгінгі күні де үстем. Шынында да, қайнар көз сөзін бастау не негіз, түбірі, себебі сияқты қарастыратын болсақ, онда заңи құбылыстарға қатысты құқықтың қайнар көзі деп, келесі үш факторды түсіну керек:76 - материалдық мағынадағы қайнар көзі (қоғам өмірінің материалдық жағдайы, меншік нысаны, адамдардың мүддесі); - идеологиялық мағынадағы қайнар көзі (әр түрлі құқықтық ілімдер және доктриналар, құқықтық сана); - формальді заңи мағынадағы қайнар көзі (бұл құқық нысаны). Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды, бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі: 1) құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады. 2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1964; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.031 сек.