Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 5 страница




Абсолютгік-кесівді гипотеза өзінің мәтінінде кұкыктык пор маны колданудың және іс жүзіне асырылуыныц нактылы жағ- дайлары мен шарттарын көрсетеді. Мысалы, «Казахстан Рес­публикасы неке жэне отбасы занынын» 11-бабы абсолюттік- кесімді гипотезаға жатады:

«Некеге түруға;

1) біреу і болса да баска тіркелген некеде тұрған адамдардын;

2) тікелей ата-тегі бойынша жэне езінен тарайгын жакын туыстардьщ (ата-аналар мен балалардын. атасының, әжесінін жэне немересінің), ата-анасы бір жэне ата-анасы белек әкесі немесе анасы ортак ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердін (ата­ка ры I і ласта р ыны f i);

3) асырап алушылар мен асырап алынғандардын;

4) біреуін болса да психикалык ауруыныц немесе ақыл-есі кемдігінін салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылган адамдардын арасында жол берілмейді».

Салыстырмалы-кесімді гипотеза құкык нормаларын іс жузіне асыратын субъектілерге арнайы шеңбер көлемінде шарттардын бірнеше мүмкіндіктерін беруді бекітеді. Мысалы, «Түрғын уй катынастары туралы» заңның 90-бабы салыстырмалы-келісімді гипотезаға мысал бола алады, «Егер мемлекетгік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде... түрғын үй сакталатын уакытша бол- маған жалға алушының отбасы мүшелері түрмайгын болса, жал- ға алушы сакталған түрғын үйге косымша жалғау шарты бо­йынша тұрғындарды кіргізуге не тұрғын үйдін сактау мерзімінде уақытша түрғындарды түргызуға құқылы». Қүкыктык норма жалға алушыға салыстырмалы кесімді гипотеза аркылы екі мүмкіндік шартын бекітіп отыр.

Баяндау тәсілі бойынша гипотезалар абстрактілі жэне ка- зустік болып екі түрге бөлінеді. Абстрактілік гипотезада дара, жеке жағдайлар көрсетілмейді, жалпы мағынамен ғана беріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Кылмыстык кодексінің 73-нормасында: «Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс өреке- тінің (әрекегсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдык қауіп- тілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психика- сы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босады, ал жаза- сын өтеп жүрген адамды одан орі өтеуден босатады». Нормада «психикасы бұзылуы» деген ұғым абстрактілік болжамдар сипа- тын дәлме-дәл беріп түр, Себебі, кандай аурулар екені накты­лы, жекеленіп көрсетілмеген: шезофрения ма, эпилепсия ма, депрессиялық психоз ба. Абстрактік гипотеза негізінде күкык- тық нормалардын көлемін кысқарту мақсатын көздейді.

Казустық гипотеза деп кұкық нормаларында нақтылы, жеке жағдайлардың барлык сипаттамаларын айкындап белгілеуді ай- тады. Казустық гигютезаға, мысалы Казакстан Республикасы- ның Азаматтық кодексінің 115-бабын жаткызуға болады, Бұл нормада жеке мүліктік емес игіліктер мен күкыктар жеке жағ- дайлармен нақтылы берілген: жеке адамнынөмірі, денсаулығы, қадір-касиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге кол сүқпаушылык, жеке кұпия мен отбасы кұпиясы, есім алу күкы- ғы. автор болу күкығы, шығармаға кол сұқпаушылық күкығы. Бірак, казустык нормаларды калыптастыру барысында кейбір қатынастар немесе кейбір объектілер оның күрамына, тізіміне кірмей капу қаупі бар. Бұл жағдайларда (казус) күқыкколдану барысында айтарлықтай киындықтардын тууы мүмкін.

 

Құқық нормасының диспозициясы – құқық нормасының басты компоненті

Диспозиция деп күқык нормасы бекіткен субъектілердін мінез-қүлык ережелерін айтады.

Диспозиция күкықтык әдебиетте иегізінде екі түрге бөлінеді: баяңдау тәсілі бойынша және кұрылымы бойышиа. Баяндау тәсілі бойынша дисгюзициялсір жай, суреттемелік, сілтеме, бланкеттік болып бөлінеді.

Жай диспозипияда бір жағдай болғанда күкыктык норма- ның жай диспозициясы бір ғана, нактылы зардаптардын бол- уьш бекітеді. Мысалы Казахстан Республикасыньщ, «Түрғын үй катынастары туралы» заңның 27-бабы уакытша түрғығшар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда баска тұрғын үй-жай берілместен шығарылатынын жай диспозиция мағнасымен бекіткен.

Суреттемелік диспозиция - субъектілердің мінез-күлыкта- рынын негізгі нышандарын ерекшелеу сипатымен айкынды.

б астапқылықпен баяндайды. Мысалы, Қазакстан Республика­сы Қылмыстық кодексінің 175-бабы (нормасы) ұрлықты «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген суреттемесін диспозициямен сипаттау аркылы үрлықтын мәнін көрсеткен. Азаматтардың мүліктері жасырын түрде үрланса, ол ұрлық болып саналады. Немесе, 179-бап каракшылыкты «бөтен мүлікті ұрлау мақсатын- да шабуыл жасауға ұшыраған адамнын өмірі мен денеаулығына кауштікүш көрсетумен немесе тікелей оеындай күш қолдана- мын деп қорқытумен ұштаскан шабуыл жасау» деген суретте- мелік диспозициямен берген.

Сілтемелік диспозиция — нормативтік кесімнің басқа бапт- рына, немесе нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды. Негізінде кұқык теориясында мұндай тәсіл көпсөзділікті шектеу және кайталауды тежеу мақсатында пай- даланылады. Мысалы, Казакстан Республикасынын Кылмыс- тық іс жүргізу кодексінін 227-бабында сілтемелік диспозиция мына мағынада берілген: «Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргізу туралы тергеуші осы Кодекстін 203-бабының талап- тарын еактай отырып хаттама жасайды». Қылмыстык кодекстің көптеген нормалары сілтемелік диспозициядан қалыптасқан. «Нақ сол әрекеттер» деген сөзбен баптын алдыңғы тармакта- рына сілтеме жасаіынған.

Бланкеттік диспозиция - қүк.ык нормасы озінің диспозиция- сында субъектілердің мінез-құлықтарын жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-құқықтык кесімдерге сілтеме жасайды. Мы­салы, Қазакстан Республикасы Конституциясының 62-бабы- ның 8-тармағы «Республиканыц заң және езге де нормативтік- құқыктык актілерін әзірлеу, үсыну, талкылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы занмен Парламент пен оның Палаталарынын регламенттерімен ретгеледі» деп баска занға бланкеттік диспозиция арқылы сілтеме беріп түр.

Курылымы бойынша диспозия жай, күрделі және балама (альтернативтік) болып қаралады.

Жай диспозицияда мінез-қүлық нақтылы мағынада, оның арнайы ерекшеліктері мен мазмүндык мағыналары айқында- лып көрсетілмейді. Мысалы, «Казакстан Республикасынын Неке жэне отбасы туралы» заңынын 24-бабының 2-тармағыща «Мәжбүрлеп қиылғал неке жарамсыз деп табылуы мүмкін»

Күрделі днспозицияда — субъекгілердің мінез-кұлыктарының ерекшеліктерін, мазмүндық мағыналарын толық және жан-жакты дәрежеде ашып көрсетіледі. Мысалы, Кдзақстан Республи­касы Кылмыстық кодекстің 129-бабында: «Жала жабу, яғни баска адамның ар-намысы мен кадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тара- ту» деген мағынамен жала жабудын барлык нышандары мен сипатын күрделі диспозициямен айкындап тұр.

Альтернативтік диспозицияда — құқық субъектісі кұкықтык катынастарға түскен жағдайда мінез-күлыкты өз тарапынап тан- дапалуға мүмкіндігі болады. Мысалы, «Түрғын үй катынаста- ры туралы» заңньщ 15-нормасы «жер учаскелерінің мемле- кеттік қажеттері үшін алынуына {сатып алуына) байланысты тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарыктык кұны мөл- шерінде етемакы төленеді». Бұл норма қүкык субъектісіне тан- дап алу күкын беріп тұр.

Сонымен қатар теорияда диспозиция өзінін формалык әлпеті бойынша тыйым салатын, міндеттейтін және қүқық беретін түрлерге бөлінеді.

Тыйым салатын диспозиция күкык субъектісіне арнайы бір әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауға катан, тыйым салады, оны құкық бүзушылык санатына жатқызады. Мысалы, «Неке жэне отбасы туралы» заңыньщ 11 -бабынын диспозициясы некеге түруға мынандай жағдайларда тыйым салады: «1) біреуі болса да баска тіркелген некеде түрған адамдардын;

2) тікелей ата-тегі бойынша жэне өзінен тарайтын жакын туыстардың (ата-аналар мен балалардың атасының, әжесінін жэне немерелерінін), ата-анасы бір жэне ата-анасы белек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға- карындастардын);

3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;

біреуін болса да психикалык ауруынын немесе акыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке кабілетсіз деп танылған адамдардын арасында кабілетсіз деп танылған адамдардын ара- сында жол берілмейді». Немесе Қазакстан Республикасы Конс- титуциясының 5-бабының 3-тармағында:» Мақсаты немесе іс- әрекеті Республиканьщ конституциялык күрылысын күштеп өзгерт>'ге, онын тұтастығын бүзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нүқсан келтіруге, әлеуметтік, нэсілдік. үлттық, діни, тектік-топ- тык және рулык араздыкты қоздыруға бағытталған қоғамдык бірлестіктер кұруға тыйым салынады» - деген тыйым салатын норманын диспозициясы бекітілген.

Міндеттейтін диспозиция — кұқык субъектілеріне арнайы міндеттерді жүктейді және кажетті мінез-кұлықты істеуді жа- риялайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституция- сыныи 34-нормасынын диспозициясы: «І.Әркім Қазақстан Рео публикасының Конституциясын және зандарын сақтауға, бас­ка адамдардың құқыктарын, бостандықтарын, абыройы мен ар намысын кұрметтеуте міндетті».

Құқық беретін диспозицияда субъектілерге құқық нормала- ры шеңберінде арнайы бір әрекеттерді іс жүзіне асыруға, эре- кет жасауға құқықбереді. Мысалы, Казакстан Республикасы­нын әкімшілік кұкык бұзушылық туралы кодексінің 18-бабын- да: «Әркімнін жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, те- лефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф аркылы және өзге де хабарламалар алысу кұпиясына құқығы бар» деген кұқық беретін диспозицияны бекіткен.

 

Құқық нормасының санкциясының түрлері.

Санкция - мемлекет тарапынан қүқык нормасын субъек- тілерге қодданылатын жаза, зацды жауапкершіліктің түрлері. Мемлекет және кұкык теориясында санкииялар күкык салала- ры бойынша, нақтылы дәрежесі бойынша жәые көлемі бойынша болып бөлінеді. Қүқық салалары бойынша конституциялык, әкімшілік, қылмыстык, экологиялык, каржылық және т.б. құқық салаларын камтыды.

Нақтылы дәрежесі бойынша санкция абсолюттік кесімді, салыстырмалы кесімді және альтернативтік болып бөлінеді. Абсолюттік кесімді санкция Кенес үкіметі орнаған кезеңнің алғашқы жылдарында кеңінен пайдаланылды, жаза колдану нактылы сипатган ада болды, тіпті «заңның барлык қатандығын пайдаланып жазаға тарту» деген абсолюттік кесмді ұғымдар бассыздыққа, репрессияға тікелей жол ашты. Казіргі кезенде абсолюттік кесімді санкциялар Казакстаннның құқыктық жүйесінде жиі кездеспейді. Себебі, жазанын істеген әрекетіне қарай даралануына кедергі келтіреді.

Салыстырмалы кесіиді санкцияда жазаның теменгі және жо- гарғышеңбері нактылы керсетіледі. Мысалы, 2 жылдан 5 жыл- ға дейін бас бостандығынан айыру, немесе 3 жылға дейін. Са- лыстырмалы-кесімді санкция Қазақстан Республикасынын бар­лык кодекстеріңде жиі кездеседі жөне бүл жаза судьяға жазаны даралауға, әркімнің істеген әрекетіне оның кауіптілігіне қарап жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Альтернативтік санкция судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше жазадан субъектінің жасаған күкыктык бұзушылы ғының ауырлығы мен кауіптілігіне байланысты тандауға мүмкіндік береді. Мысалы, Кылмыстык кодекстің 105-бабы денсаулыкка касакана женіл зияв келтіргені үшін субъект «елу айлык есептік көрсеткіштен жүз елу айлыкесептік керсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамнын уш айға дейінгі кезеадегі жалакысы немесе езге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз кырык сағатқа дейінгі коғамдык жүмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады»

Көлемі бойынша санкция жай және күрделі болып бөлінеді. Жай санкцияда әрекет үшін бір ғана жаза көзделеді. Казақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 159-бабының 5-тармагын- да есуастык немесе акыл-есі кем болуы салдарынан әрекет кабілеттілігі жок дел танылған адам жасаскан мәмле жарамсыз оолатыны нактылы көрсетілген.

Күрделі санкцияда күкыкка қарсы жасалған әрекет үшін бірнеше жаза колдану нақтылы нормада көрсетіледі. Мысалы, Казакстан Республикасы Кылмыстык кодекстің 179-бабының (К.аракшылык) «Г» тармағы белгіленген. Егер үрлык немесе кор- кытып алушылығы үшін бүрын екі немесе одан да көп рет сот- талған адам жасаған каракшылык — мүлкі тәркіленіп, сегіз жыл- дан он бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бр күрделі санкцияға жатады.

 

Құқық нормасының реттеу әдістері: рұқсат ету, міндеттеу, тыйым салу.

Құқықтық норма дегеніміз – мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды айқын және орындалуы, сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез – құлықтың үлгісі. Құқық нормаларының жіктелуі Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық – құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық - құқықтық, және т.б. болып жіктеледі. Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді: 1) Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма. 2) Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма. 3) Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма. 4) Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды, үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде, құқық салаларында жиі кездеседі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс- әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».

 

Құқық және қоғам мәдениеті: ара қатынасы және бірінің біріне тигізетін әсері

Құқықтық мәдениет – бұл экономикалық саяси, әлеуметтік және қоғамның дамуындағы рухани деңгеймен қамтамасыз етілген жалпы мәдениеттің бір түрі, адам баласында жиналып қалған құқықтық бағалылықты пайдаланудағы игерудің мүшелерін көрсетеді, себебі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Әдебиетте құқыққа, мәдениеттің неден қалыптасатыны жөнінде көптеген комплекс факторлар көрсетіледі. Ондай факторларға жататындар: құқықтық ойлау мәдениеті (құқық нормаларын білу, оларды тәжірибеде пайдалана білу); құқықтық сана мәдениеті қоғамдық құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну және құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде мойындау, құқықтық тәртіп мәдениеті (игерілген құқық нормаларына сай, саналы қылықтар жасау).

Таралу деңгейіне байланысты (әрекеттілігіне) қоғамың, топтың және ұйымның, сонымен қатар жеке адамдардың да.

Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі, оның орындайтын функцияларынан көрінеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: бағалылықтағы, танымалдылықтағы, прогностік, реттеушілік, коммуникативтік, құқықтық-әлеуметтендіру және әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын бағыттар.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру процесінің негізгі бағыттарына жататындар: іскерлікті қалыптастыру және үйреншікті тәртіпті үгіттеу нысанында – құқықтық насихат, құқықтық тәрбие, құқықтық оқыту және білім. Жеке адамның құқықтық санасы көп жағдайда, әлеуметтендіруді қалыптастырады. Ол жеке адамның мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.

Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады.

Мәдениет феноменiн көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде эвристикалық мәнi бар анықтамалар келесi:

1. Продуктивтiлiк (өнiмдiлiк), мұнда мәдениет бiрiккен, материалды және рухани өндiрiстiң нәтижесi деп түсiндiрiледi.

2. Креативтiлiк, мұнда мәдениет шығармашылық, жасампаз әрекет ретiнде көрiнедi.

3. Аксиологиялық (құндылықтық), мұнда мәдениет феноменi қоғамға маңызды болатың құндылықтар жиынтығы деп қарастырылады.

Барлық айтылған түсiнiктерге жалпы ортақ негiз, ол мәдениеттi шығармашылық әрекет бағытта қарастыру, оның нәтижесiнде қоғамға құнды өнiмнiн жасалуы болып табылады. Жоғарыда айтылғанның бәрiн синтездей келiп, келесi түйiн жасауға болады: Мәдениет- дегенiмiз iс-әрекеттiң оның нәтижелерiмен бiрге бейiмдi болатың жаңашылдық түрлердiн жиынтығы, олар өз көрiнiсiн адамның күш-қуатының мәнiнде табады. Мәдениет- бүкiл қоғамдық өмiрдi өзгертуге және қайтадан жаңғыртуға мүмкiндiк беретiн үнемi даму үстiнде болатын iс-әрекет, мiнез-құлық және қарым-қатынас жасаудың биологиялық емес бағдарламаларының күрделi жүйесi.

Мәдениеттер типологизациясы, бiрнеше:

1) iс-әрекет мiнезiне және оның нәтижелерiне қарай- материалдық және рухани деп бөлiнедi. Бiрiншiсi өндiрiстi, материалдық игiлiктердi айырбастау және таратуды қамтиды; екiншiсi- өнер туындыларың, бiлiмдi, идеалдарды, идеяларды, мораль және құқық нормаларың т.б. қамтиды.

2) шетел әдебиеттерiнде «мәдениет» ұғымың жиi тар мағынада алып «рухани мәдениет» ұғымына тенестiредi, онда ғылымдар, бiлiм беру, тiл және өнер көлемiне енгiзiп (Кассирерт.б.).

Рухани мәдениет ерекшелiгi, ол ерекше таңбалар және мәндер әлемiн бiлдiретiнде. Бұл мәдениеттiн таңба- символдар жүйесiнде iргелi мәндердi игеру мен түсiну жатыр. Гегелдiң аытуынша субъектiнiң мәдениетке енуiнiң екi өзарабайланысты жақтары бар: жалпыға ортақ тәжiрибе мен бiлiмге көтерiлу және ерекше бiр формада субъективтендiрiлу. Сонда тек бiлiмдi қана емес, сондай-ақ шығармашылық күшi бар, әр-түрлi мәдениеттер контекстiнде жұмыс iстей алатың адам қалыптасады.

3) мәдениеттер дифференциациясы (бөлiнуi) оның субъектiсiне қарай да болады. Мысалы, бұқаралық мәдениет субъектiсi, оның негiзгi бағыты құндылықтар үлгiқалыптарың төмендету және комерциялық табысқа жету, көпшiлiкке немесе әлеуметтiқ қауымдарға тән.

4) мәдениеттi географиялық негiзден де қарастыру орын алады. Мысалы, Батыстық және Шығыс мәдениетi деп бөлу. Л.Гумилев, мұндай бөлiнудiн шартты және абстрактiлi екенiн ашып көрсеттi, Еураазиялық құрылықты (континент) бiрiншi немесе екiншi iргесiнен қарамай, үстiнен қарау қажеттiгiн айтып. Бiрақ, мұндай бөлiнудiн өз пайдасы бар екенiң де ескеру керек, өйткенi оның (географиялық бөлiну) өз дұрыс жақтары бар, әсересе ол субэтникалқ мәдениеттердi талдауда ең аса маңызды мiнездемелерiнде тоқталуға мүмкiндiк бередi.

Мәдениет дамуының негiзгi заңдылығы, бұл- сабақтастық (преемственность) болып табылады. Материалдық мәдениетте ол бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа өндiргiш күштердiң (еңбек құралдары, технологиялар, өндiрiстiк тәжiрибе т.б.) және өндiрiстiк қатынастардың (ақша-товар қатынастары, т.б. материалды қатынастардың) элементерiнiң жетуi, осыз материалдық өндiрiстiн жүзеге асуы мүмкiн емес болар едi.

Рухани мәдениетте ондай ккомпоненттердiң тамырлары ғасырлар тарихында жатыр, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, идеалдар т.б. Оларды шауып тастау- дегенiмiз рухани мәдениеттi өз мәнiн үнемi жаңартып отырудаң айыру б.т. Сонымен қатар, мәдениет формаларының сабақтастығы тек ұлттық, таптыққты ғана емес, сонымен қатар жалпы адамдықты да қамтиды. Мысалы, әдеби шығармаларда ашылатың махаббат, әдiлеттiк, өлiм және өмiр т.б. мәселелер және оларға деген қатынас бәрiне де ортақ болып келедi. «Мәдениетке» ұғымы сияқты, «өркениет» ұғымы да әр-түрлi мағынада қолданылады:

1. тұрпайлық пен варварлық кезеңден болатың адамзат дамуының сатысы (Морган, Энгельс);

2. мемлекеттер мен адамзаттың дүниежүзiлiк бiрлестiгi;

3. қоғам мәдениетi;

4 материалды мәдениеттiн даму деңгейi;

5. мәдениет дамуының соңғы кезенi, оның құлдырауы (Шпенглер).

Құқық қызметінің жүйесі: реттеуші және қорғаушылық, тәрбиелік және информативтік

Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.

Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).

Құқықтық реттеудің міндеттерінің (мақсаттарының) бірі осында жатыр. Бірақ ең алдымен, қоғамның қалыпты, тұрақты тіршілік етуінің негізін білдіретін, айқын реттелген қоғамдық қатынастарды дәрежеге көтереді, заңды түрде бекітеді және билік басында тұрған күштер мен көпшіліктің қызығушылықтарына сәйкес келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1649; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.