Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 7 страница




Қылмыстыңпайдаболғаныңзерттегенде, ғылымдарекікөзқарастытопқабөлінеді.Біріншітопмүшелері, қылмысты «социальдықкөрініс», алекіншітоп «биологиялықкөрініс» ретіндеқарастырады.

Буржуаздықкриминологияныдамытудаүлкенүлесқосқан, қылмыстықантропологиялықмектептіңөкілі, итальянпсихиатрыЧезареЛомброзо (1835—1909). «Ломброзианство» және «неоломброзианство» терминдерсияқты, психиатрдыңесімідеқазіргікүнгедейінөтебелгілі. Құқықбұзушылық, Ломброзобойынша, — адамныңдүниегекелуі, өтуісияқты, айқынжәнекеректіқұбылыс. Құқықбұзушылықтыңпайдаболуы, бұлбиологиялықпроцесс. (БірақөмірдіңсоңғыжылдарындаЛомброзо, қоршағанортаныдаескеребастады.) «Қылмыскерадам», «Қылмыс, оныңсебебі, емдеупроцессі» кітаптарында, ғалымныңайтуыбойынша, туылғанкезіненбастапқылмыскерлерболады, олардаспецификалықфизиология, психология, антропогендікжағынанбелгілерболадыжәнеоларбарлыққылмыскерлердің 35 пайызынқұрайды.Ломброзо «табиғи» қылмыскерлердіңтұрақтыбейнесініздейбастаған.Оладамныңқаңқасын, сүйекбасын, бойын, денесалмағынжәнебасқааномалияларынзерттеген.Уақытөткенсоң, Ломброзотағыдаәртүрлі, бір – бірінеұқсамайтын 16 факторлардыашқан (бұғанкіретіндер: метерологиялық, географиялық, экономикалық, рассалықжәнет.б.).Психиатор «табиғи» қылмыскерлердіалдын – алатоқтатуүшін, емдеупроцессінде, өмірлікизоляция, жербетіненжоюпроцесстердіқолданған.Әрине, болашақтабұлтеорияжәнеметодикафашистерменКСРОмемлекетіндежиіқолданыстапты.Ломброзаныңашық, реакциялықкөзқарастардыоныңшәкірттеріжұмсартуға, яғнигуманизациялауғакүшсалды.ИтальянфашистікқылмыскодекстінавторыЭ. Ферри, биологиялықломброзианствокөзқарасына, социальдықфактордыайқыненгізеді.

Құқық және корпоративтік нормалар

Корпоративтік нормалар – қоғамдық бірлестіктерге қаты-насушылардың және жекелеген ұйымдардың жұмыскерлердің қатынастарын реттейтін тәртіп жолдары (саяси партиялардың, одақтардың, ерікті қоғамдастықтардың, мүдделер туралы клубтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің, қоғамдық қорлардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, т.б.). Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың нормалары – өздері белгілеген нормалар, осы ұйымдардың ережесіне сай бекітіледі және қоғамдық ықпалдың көмегімен қорғалады.

Корпоративті нормалар, құқық нормалары сияқты қатаң тіркеледі және әр түрлі локальді қайнар көздерде, жарғыларда, ережелерде, бағдарламаларда талданады, сол не басқа ұйымдардың жалпы жиналысында қабылданады (съезде, конференцияда). Бұл нысандалған тәртіп жолы ішкі ұйымдастырушылық, өмірді реттеу мәселелеріне, сонымен бірге белгілі мақсаты мен міндетіне арналған тапсырмалар бар, белгілі ықпал ету шарасы (тәртіптілік және моральдік сипатта) сол тәртіпті бұзушылар үшін көзделген.

Корпоративтік нормалар. Мемлекетте арнайы тіркеуден өткен коғамдык уйымдар, партиялар жэне баска да үкіметтік емес үйымдардын жарғылары негізінде кызмет аткаратын зан­ды тұлғалар мүшелерінінаракатынастарын ретгейтін нормалар.

Корпоративтік нормалар:

а) Бекітілген жарғы негізінде қалыптасады.

ә) Қабылдаған нормалар Конституцияға кайшы болмауы ка­жет,

б) Нормалардын реттеу шенбері мен қолданылуы тек ғана ұйым мүшелеріне ғана кдтысы бар.

ҚР билікті бөлу концепциясы және оны жүзеге асыру

 Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді.

Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды. Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.

Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай – Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің, өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.

Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.

Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж) негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755 ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен жанданды.

Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:

1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.

2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:

3) Барлық, билік тең

4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.

5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.

Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері — Ежелгі Греция мен Римде.

Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы жазды.

Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты. Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.

«Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан» кейін жүз жыл өткен соң 1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен азаматтардың құқтарының Декларациясында «Билік бөлінбеген және құқықтарды пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды» делінген.

Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс пайдаланудан сақтайды. Ол «заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды» деп жазған.

Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін бетке ұстадық.

Өздеріңізге белгілі, екі жүз елу миллионнан астам халықты бір ұранның астында ортақ саяси көзқараспен ұстаған Кеңес Одағы араға жетпіс жылдан астам уақыт салып күйреп, ыдырап, жеке-жеке отау тіккен он бес мемлекетке айналды. (Бұл санның көбеюіде ғажап емес).

Бұдан кейін, қоғамдық қатынастың жаңа құрылымында қай бағытта дамып, билікті қай шеңберде ұстау керек деген күрделі сұрақ біздің жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасын мазаландырылғаны ақиқат. Алайда, еліміз өз таңдауын жасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып бекітілді. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

 

Құқықтық тәртіп: ұғымы, түрлері, мағынасы

Құқықтық тәртіп – бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.

Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:

а) ол құқық нормаларында жоспарланған;

ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.

Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді:

1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;

2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;

3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;

4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.

 

Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

- қоғамға қауіптілік (қоғамға қауiптiлiк құқықбұзушылықтың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi құқықбұзушылық деп танудың негiзi болып табылады)

- әрекет немесе әрекетсіздік (әрекет адамның белсендi iс-қимылы және қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң кең тараған түрi, әрекетсiздiк - адамның белгiлi бiр әрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол әрекеттi жасамау түрiндегi бәсең, енжар әрекетi);

- кінә (адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады);

- құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен құқықтық норманы бұзу;

- зиянды нәтиже (адамның әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортада болған өзгерiстер);

- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс (туындаған қоғамға қауiптi зардап қандай да бiр үшiншi тұлғаның немесе сыртқы күштiң әсерiнен емес адамның нақ осы әрекетiнiң не әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде келтiрiлгендiгi);

- заңды жауапкершілік (заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау құқықбұзушылық болып саналады).

 

Құқықты қолдану актілері – құқықты жүзеге асырудың нәтижесі

Құқықты қолдану актілері – бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;

- заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.

Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша – жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар және т.б.;

2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты – мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың (мысалығ муниципалды органдардың) актілері;

3) құқықтың функциялары бойынша–реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);

4) заңды табиғаты бойынша – негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негзгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).

5) құқықтық реттеу пәні бойынша – қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. актілер;

6) сипаты бойынша – материалдық және іс жүргізушілік.

 

Құқықты талқылаудың нормативті және казуалды түрлері

Талқылаудың субъектілері ретінде – азаматтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар, ғылыми мекемелер, ғалымдар, тәжірибешілер болуы мүмкін. Бұндай қызметтің салдары да әр түрлі болуы мүмкін.

Талқылау субъектісі бойынша екіге бөлінеді: ресми және ресми емес.

Ресми талқылау – бұл өкілеттігі бар мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға беретін түсіндіруді айтамыз. Әдетте, ол арнайы актілерді құжаттамалық рәсімделеді және барлық азаматтарға міндетті болады. Белгілі бір салдарды туындатады. Бұндай талқылау субъектілерді талқыланып жатқан норманы бірдей түсінуге және оны дұрыс түсінуге бағыттайды.

Ресми талқылау өз алдына көлемі бойынша нормативті және казуальді, аутентикалық (авторлық), легальді (рұқсат етілген), соттық және әкімшілік деп бөлінеді.

Нормативтік талқылау – бұл белгілі бір норманы немесе құқық нормасын қолданатын барлық тұлғаларға және органдарға міндетті болып табылатын ресми талқылау. Бұндай талқылау талқыланған нормамен көзделген барлық жағдайларға таралады. Осы арқылы оның талаптарын бірыңғай және дұрыс қолдануды қамтамассыз етеді. Мысалы, Жоғарғы Сот төмен тұрған барлық сотқа қандай да бір істердің санаттарын қарағанда, қандай да бір заңдарды қолданғанда, белгілі бір талаптарды және бағыттарды ұстануға ұсыныс береді.

Казуальді талқылау – бұл нақты заңи істі қарау барысында, құқықтық норманың мазмұнын түсіндіру. Бұндай талқылаудың казуальді деп, аталудың себебі, ол тек нақты жағдайға ғана таралады. Оның жалпыға міндетті сипаты болмайды. Казуальді талқылауға қажеттілік төмен тұрған құқық қолданушы органның нақты заңи іс бойынша шығарған шешімі дұрыс болмай заңға қайшы келген жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, осы құқықтық норманы қолданатын органға үлгі ретінде болады.

Құқықты талқылаудың аутентикалық,доктриналық және кәдимги түрлери

Аутентикалық талқылау – бұл талқыланатын нормативтік құқықтың актіні шығарған органның немесе лауазымды тұлғаның түсіндіруі, яғни бұл мемлекеттік органның өзі шығарған актілерді талқылауы. Мысалы, Парламенттің өзі шығарған заңдарды талқылауы.

Легальді талқылау – бұл жоғары тұрған органның рұқсаты арқылы төмен тұрған органның немесе лауазымды тұлғаның түсіндіруі. Мысалы, Парламент Үкіметке өзі шығарған заңды түсіндіруді тапсыруы мүмкін. Үкіметтің шығарған қаулыларын түсіндіру үшін министрліктер мен ведомствалар арнайы өкілеттікке ие болады. Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджетті бөлу туралы Үкіметтің шешімін түсіндіру.

Соттық талқылау – бұл жоғары тұрған соттың құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Ол сот қызметінде құқық нормаларын дұрыс түсінуді және бірыңғай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы, ҚР Жоғарғы Соты барлық төмен тұрған соттарға сотта істі қарау барысында азаматтық және қылмыстық заңнаманы қолдану мәселелері туралы ресми түсінік береді және ол барлық төмен тұрған соттарға талқыланған құқықтық норманы қолданатын лауазымды тұлғаларға міндетті болып табылады.

Әкімшілік талқылау – бұл мемлекеттік атқарушы органның құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Бұндай талқылау әдетте, басқару, еңбек, әлеуметтік және т.б. мәселелерге байланысты беріледі.

Ресми емес талқылау – бұл жалпыға міндетті болмайтын құқық нормаларын мәнін талқылау. Оны кез-келген азамат, қоғамдық бірлестік береді. Ол ауызша немесе жазбаша болады. Оның ерекшелігі ол билікпен, мәжбірлеумен, жазамен байланысты емес.

Ресми емес талқылау келесідей бөлінеді: доктриналық (ғылыми), кәсіби және қарапайым.

Доктриналық талқылау – бұл ғалымның, ғылым өкілдерінің құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Оның құндылығы – аргументтелген, дәлелденген, негізделген. Оны арнайы ғылыми – зерттеу мекемелері, білікті заңгер – ғалымдар, тәжірибелі заңгер – практиктердің заңға түсініктемелерінде, ғылыми жұмыстарында, мақалаларында береді. Мысалы, қылмыстық, азаматтық кодекске түсініктеме.

Ресми мен ғылым талқылаудың айырмашылығы неде? Ресмиде қорытынды нәтижелер көзделсе, ғылымда дәлелдемелер, талдау, мәнін ашады.

Кәсіби талқылау – бұл заңгер – мамандар, судья, прокурор, тергеуші, адвокаттың және жоғары заңи білімі бар қолданыстағы заңды жақсы білетін мамандардың құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Бұндай талқылау ауызша (кеңес, нақты сұрақ-жауап) және жазбаша (анықтама, қорытынды, баспадағы мақала) болады. Оның құндылығы талқылайтын адамдардың терең білімі мен құзіреттілігінде.

Қарапайым талқылау – бұл қатардағы азаматтың құқық нормасын өзінше түсіндіруі. Бұндай талқылау тұрғындардың негізгі көпшілігінің құқықтық санасын көрсетеді. Ол дұрыс емес, эмоционалды сипатта болады.

 

Құқық бұзушылықтағы себепті байланыс және зиян

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады. Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді. Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез — құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. Құқық бұзушылықтың екі зияны бар: 1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді. 2. Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады. Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады: 1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті. 2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. - Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады. Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар: 1. Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. 2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін. Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі: 1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау. 2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау. 3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау. 4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру. Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б. 5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады. Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады: - мемлекеттік мәжбүрлеу; - құқық бұзушыны жауапкд тарту; - құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқьшы. Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 2107; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.