Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 9 страница




Басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа түрлерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, лицензияларды, белгілі бір қызмет түрімен (мысалы, кәсіпкерлікпен) айналысу үшін өкілетті атқарушы органдар береді; бірқатар мемлекеттік емес құрылымдарды тіркеуді ҚР-сы Әділет министрлігі органдары жүзеге асырады деп белгіленген, т.с.с.Атқарушы билік органдарының әр түрлі деңгейінің арасындағы қарым-қатынастарында сатылы біріне-бірі бағыныш принципі қолданылады, соған сәйкес төменгі тұрған органның кейбір мәселелерді, жоғарғы тұрған органның құзыретіне жатқызылғандықтан, өзі істеуге құқығы жоқ. Ол осы мәселені өкілетті саты алдында қоюға бастама көтере алады. Бірақ біржақты заңды түрдегі міндетті нұсқамалардың болуы құқықтық реттеуді басқарушылық қатынастардың екінші тарабын мәжбүрлеуге тіремейді. Мәжбүрлеу реттелетін қоғамдық қатынастарға және оның қатысушыларына заңдық ықпал жасаудың ең соңғы түрі. Ол тек қана атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) нұсқамаларында тұжырымдалған талаптардан бас тартқан кезде, ал ең жалпы нысанда құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайдаланылады. Мұндай жағдайларда заңдық жауапкершілік қағида болады. Демек, біржақты нұсқамалардың заңдық міндеттілігі мәжбүрлеу мен тепе-тең емес. Тағы бір ескеретін жағдай, атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруінің біржақты және міндетті болуы тек құқық құқықтың нормаларымен белгіленген тікелей нұсқамалар мен тыйымдар үшін ғана тән емес. Құқық әдістің бұл ерекшеліктері ерік беру үшін де тән, өйткені оларды пайдалану тиісті құқықтық нормалармен бұйырылады. Құқықтық реттеудегі ерік беру кұралдарын пайдаланудың механизмі мынадай.

Біріншіден, құқықтық нормалар реттелетін басқарушылық қатынастардың тараптарына тиісті мінез — құлықтың бір түрін тандауға мүмкіншілік беруі мүмкін. Көпшілігінде бұл әдіс лауазымды адамдардың мінез-құлқын реттеу үшін пайдаланылады, бұл орайда олардың құқық — құқықтық нормамен ұсынылған таңдаудан бас тартуға құқысы жоқ. Мәселен, ӘҚБТК (7-тарау) былай деп белгілеген, құқық бұзушыларға құқық жауапкершілік шараларын қолдануға өкілеттік берілген лауазымды адам немесе орган мына сияқты шаралардың (мысалы, ескерту немесе құқық айыппұл салу) бірін таңдап алуға немесе оны жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешуге құқылы.

Екіншіден, құқықтық нормалар басқарушылық қатынастардың тараптарына өзінің қалауы бойынша іс-әрекет жасауға (немесе жасамауға) мүмкіншілік беруі мүмкін. Әдетте, бұл субъективтік құқықтарды жүзеге асырғанда болады. Мысалы, азамат қандай да бір лауазымды адамның іс-әрекетін заңсыз деп санаған жағдайда, оған шағым беру керек пе, жоқ па, ол мәселені өзі шешеді. Сосын, шағымды қандай жолмен — құқық немесе сот арқылы беру туралы мәселені де оның өзі дербес шешеді. Шындығында бұл сияқты ерік беру әдісінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға ресми, яғни құқық құқық нормасымен қаралған, рұқсат беру сипаты бар. Биліктік қатынастардың ерекшеліктері осындай. Олардың сипаттамасына тағы да бір елеулі қосымша жасау керек. Ол мынадай мәселе, құқық құқық та белгілі бір жағдайларда тараптардың заңдық тепе-тендігіне құрылған басқарушылық қатынастардың пайда болу мүмкіншілігін қарайды.

Құқық құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-құқық құқық-субъектілігі. Құқық құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: құқық құқық қабілеттіліктен және құқық әрекет қабілеттіліктен.

Құқық құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни құқық — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан құқық құқықтың субъектілері мен құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.

Құқық құқықтың субъектілері құқық құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни құқық әрекет қабілеттілікті иеленген кезде құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің құқық құқық қабілеттілігін нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік құқық құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, құқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық құқықтан айырылады). Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың құқық құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектілген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 66-б-да бекітілген Үкіметтің құзыреті және соған сәйкес келетін өкілеттіктері оның құқық құқықтың субъектісі ретіндегі құқық — және әрекет қабілеттілігін бір мезгілде көрсетеді.

Мына жағдайға ерекше көңіл аудару қажет, атқарушы органдар (лауазымды адамдар) үшін құқықтық қатынастарға қатысу шындығында олардың тікелей заңдық міндеті болып табылады, өйткені ол олардың құзыретін, сонымен бірге демек, құқық қабілеттілігін де нақты жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары жөнінде де осыған ұқсас шешіледі. Бірақ құқық әрекет қабілеттілікті мұндай жағдайларда кәсіпорынның немесе мекеменің өзі емес, олардың әкімшілігі, яғни атқарушы органы жүзеге асырады. Осы сияқты ҚР-ының, өзін де, оның жергілікті құқық-аумақтарын да құқық құқықтың субъектілері ретінде қарауға болады. Бірақ олар нақты құқықтық қатынастарға тікелей қатыспайды. Құқық әрекет қабілеттілік олардың өкілі болып табылатын атқарушы билік органдарына тиісті болады. Бұл, сонымен бірге, құқықтық қатынастардың субъектісі, мысалы, республика немесе облыс емес, олардың әкімшілігі болып табылатынын білдіреді. Бұл қоғамдық бірлестіктерге де дәл осылай қатысты болады (партияның өзі емес, оның жарғылық басқару органдары).

Азаматтық-құқықтық реттеуге сипатты болатын міндеттер мен құқықтар қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес заңды тұлға ретінде кәсіпорынға беріледі. Соған сәйкес, кәсіпорынның әкімшілігі азаматтық құқық қабілеттіліктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ тап сол құқық кәсіпорынның азаматтық-құқықтық әрекет кабілеттілігін жүзеге асырады. Құқық және азаматтық құқық және әрекет қабілеттілігінің мұндай айырықша арақатынасы ең алдымен мынаған байланысты, кәсіпорын мемлекеттік орган, тіпті — атқарушы биліктің субъектісі болып табылмайды. Сондықтан да оған, яғни кәсіпорынға, әкмішілік-құқықтық мәртебенің негізін құрайтын, басқарушылық құзырет берілмеген. Осыған байланысты ол, құқық құқықтың субъектісі болғанмен, құқықтық қатынастардың тікелей қатысушысы да бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік емес сипаты бар әр түрлі коммерциялық құрылымдарды дәл осылай сипаттауға болады. Жалғыз айырмашылық белгісі — құқық құқық — және әрекет қабілеттілігі оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап пайда болады. Бұл жағдай құқық құқықтың және құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін айқындау үшін де маңызды. Кейде құқық құқық — және әрекет қабілеттілік тура келмейді, бұл құқық құқықтың субъектілері және құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде азаматтардың құқықтық мәртебесіне тән жағдай: құқық-қабілеттілік туған кезден, ал әрекет қабілеттілік, әдетте, 16 жастан бастап пайда болады.

 

Құқық салалары. Негізгі құқық салаларына жалпы сипаттама

Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Құқық саласының белгілері;

- әрбір саланың өз пәні болады;

- әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;

- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

Құқық салаларының түрлері:

1) негізгі салалар, бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар–азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс жүргізушілік салалар–азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан;

2) арнайы салалар, бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған (еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы);

3) кешенді салалар, бұларға негізгі және арнайы салалардың әртүрлі институттарының бірігуі тән (шаруашылық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы).

 

Құқық талқылаудың (түсіндірудің) ұғымы және оның ресми, бейресми түрлері

Құқық нормасын талқылау – оларды дұрыс түсінудің және қолданудың маңызды шарты.

Талқылау – бұл құқықтық норманың мазмұнын нақты, дәл мәнін анықтау.

Құқықтық норманы талқылау – бұл норманың нақты мазмұнын түсіндірумен байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың қызметі. Талқылау барысында норманы қолданудың талабы, құқықтық қатынастарға қатысушыларды құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық нормаларын бұзған үшін заңды жауапкершіліктің шаралары анықталады.

Талқылау құқық қорғау, атқару органдар қызметінде прокуратура, сот органдары қызметінде құқық нормаларын толық және жан-жақты іске асыруын қамтамасыз етеді. Осы арқылы талқылау құқықтық нормаларды бірыңғай түсінуге және барлық аумақта құқық нормаларын бірыңғай қолдануды, қоғамдық өмірдің әр саласында. Заңдылықпен тұрақты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Талқылаудың екі бағыты бар. Олар: түсіну және түсіндіру. Бұл екі бағыт бір-бірімен байланысты. Оның үстіне түсіну әрқашанда түсіндірудің алдында жүреді. Керісінше болмайды, бірақ әрқашан түсіндірумен ұмтаспайды. Ол нақты жағдайға байланысты.

Құқық нормасын түсіну бағытында субъектінің өзі үшін талқыланады. Бұндай талқылау ой үрдісі талқылаушының санасында болады, сыртқы көрінісі болмайды, өйткені нақты актіде жазылмайды. Бұндай талқылауды ресми талқылаушы (лауазымды тұлға) емес, сонымен қатар, қатардағы азаматтар береді. Ол барлығы үшін міндетті емес, норманың мәнін түсіну оның талаптарын дұрыс түсіну мен іске асыру үшін қажетті алғы шарт болып табылады.

Құқық нормасын түсіндіру бағытында тек ойлау үрдісі жүзеге асып қана қоймай, нақты заңи әрекет жасалады, нақты арнайы актілерде өз көрінісін табады, яғни құжатпен рәсімделеді. Оның үстіне ол барлық мүдделі тұлғалар үшін міндетті. Норманы түсіндіруді тек өкілетті орган не лауазымды тұлға жүзеге асырады.

Талқылаудың тиімділігі талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне байланысты. Талқылаушының құқықтық санасын жоғары болса, құқық бұзушылық аз болады, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары қанағаттандырылады.

Құқықтық институттар: ұғымы және олардың түрлері. Субинституттар.

Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік институты және т.б.

Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады:

1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі;

2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы;

3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы.

 

Құқық шығармашылық пен заңшығармашылықтың ұғымы

Құқықтық шығармашылық – бұл құзіретті мем-лекеттік органдардың және лауазымды адамдардың, не барлық халықтың (референдумы) қабылдауы туралы (құру, өзгерту не нормативті-құқықтық актілерді жою.

Құқықтық шығармашылық – бұл қиын және жауапты процесс, олардың нәтижесі барлығына және әрбір адамға қатысты. Сондықтан, оның жолында мынандай қағидалар бұлжытпай орындалуы қажет:

· Демократизм (халықтың құқық нормасын талқылауында және құрғанда қанасуы);

· Заңдылық (құқықтық шығармашылықты іске асыру, заң жүзінде қатаң белгіленген процедураларға сай жүргізілуі);

· Кәсібилік (жазылған және қабылданған заң жобалары объективті жағынан қамтамасыз етілуі керек, ал олардың мәтіндері (текстілері) – заңды техниканың талаптарына сай болып, заң шығару процесіне қатынасушылар кәсіби негізде жауап берушілер);

· Ғылыми сипаттағы құқықтық шығармашылық (юриспруденциядағы) және басқа қоғамдық ғылымдардағы жетістктер және олармен жасалған құқық нормаларын құруға арналған әдістемелерді есепке алу қажеттігі);

 

Құқықтық нормалардың белгілері:

Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

Нормаерікті түрдеорындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көпжақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттерімен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі,альтернативтік түрлері бар.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандайіс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салыстырмалы.

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.Құқықтың әр салаысна қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

 

Құқық шығармашылық: ұғымы, құқық шығармашылығының қағидалары

Құқықтық шығармашылық – көбірек кең көлемдегі құрылым бөлігінің құрылысы – құқықтық қоғамдық құры-луындағы – процесс, бұл объективті қалыптасатын қажет-тіліктің әсерімен және мемлекеттік әрекетпен қалыптасатын нормативті-құқықтық актілердің алғышарттары.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1412; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.