Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ммммммммммммм 1 страница




Мемлекет, құқық және экономика олардың байланысы.

Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған. Біріншісі – этатистік, бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады. Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті. Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді: 1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді; 2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды; 3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады; 4)құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес; 5) мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді; 6) мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді. Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады: 1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына әсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде әсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен әсер етеді; 2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді; 3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады; 4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына әсерін тигізеді; 5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді; 6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс тілі рөлін атқарады. Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы. Экономика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамдағы өндіріс тәсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік мәселесіне қатысты мемлекет пен халық арасындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сәйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынастардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық және саяси қатынастардың, дамуы мен әрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың экономикадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуазиялық революциялар дәуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа экономикалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері керісінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады. Екінші бағытқа сәйкес, экономика құқық пен саясатты анықтайды. Құқық пен саясат базиске тәуелді болып келеді. Алайда, бұл басымдық рөл тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қатынастардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері әсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады.

 

Мемлекеттің жоғарғы, орталық және жергілікті органдары, оның жалпы түсінігі

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.

Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия –монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия –Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.

Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды. Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.

Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пер премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет — әлсіз президент.

Федерация. Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет- күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс.

Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация- белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек

 

Мемлекет аппаратының негізгі орналасу міндеттері мен қызметтері:

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары Мемлекеттік аппараты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттарын жан-жақты ескеру мемлекеттік органдарды құруда және қызмет етуінде жан жақты ескеру қоғамды мемлекеттік басқаруды арттыруға икемді болуға қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуіның негізгі бағыттарын анықтайтын бастапқы идеялар, ережелер. Оларға мыналар жатады: - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидаты. Бұл қағидат демократиялық сайлау жүйесімен, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктермен, тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мемлекеттік органдардың жан- жақты қызметімен қамтамасыз етеді.52 - биліктің тармақтарға бөліну қағидаты, жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген; - мемлекет аппараты қызметіндегі жариялылық және ашықтық қағидаты. Мысалы, азаматтардың бүкіл халықтық референдум арқылы халықтың мүдделеріне қайшы келетін кез келген шешімді тоқтату. Нақты мемлекет органдарының қызметі туралы субъектінің хабардар болуы. - демократизм қағидаты мемлекет органдарын құруда барлық халықтың қатысуы, көпшіліктің мүддесін ескеру, олардың дінге көзқарасы, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, әдет-ғұрпын, ерекшеліктерін ескеру; - заңдылық қағидаты, бұл қағидат барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдарды, заңға тәуелді актілерді сақтауға міндеттілігін білдіреді; - мемлекеттік органдардың жоғары кәсібилік және құзреттілік қағидаты бойынша оларды мемлекет өміріндегі ел тұрғындарының мүдделеріне сәйкес жоғары ғылыми деңгейде шешуі. Кәсібилік қағидат бойынша мемлекет басқаруға білікті мамандарды жіберу. - алқалық және дарабасшылықты сәйкестендіру қағидаты бойынша мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастауларының сәйкес келуі. - сайланбалылық және тағайындаушылық қағидаттары, яғни бұл мемлекеттік басқаруда орталықтандыру мен орталықтандырылмағандықтың сәйкес келуі; - бағыныстылық (иерархия) қағидаты бойынша, мемлекеттік аппаратында мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейде болуы. Бір органның жоғарғы тұрған органға бағынуы, жоғарғы тұрған органның шешімін төмеңгі тұрған органдарға міндетті болуы. - федерализм қағидаты бойынша жалпыфедерациялық және федерация мүшелерінің мемлекеттік биліктері арасындағы өзара әрекеттесуді және субординацияны білдіреді.

 

Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі

Саяси жүйені қоғамдық басқарудағы ең орталық буынды мемлекет иеленеді. Өйтекені біріншіден, ол саяси билікті іске асыратын ең негізгі аппарат. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу проценсін басқарып отырады. Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері: - мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде заңи күші бар құқықтық нормалар арқылы жүргізеді; - мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады; - мемлекет ішкі-сыртқы істерді анықтайтын, егемендікті ұстаушы; - қоғамды басқаруға арналаған арнайы аппараты бар; - барлық халықтың жалғыз ресми өкілі ретінде болады; - күштеу құрылымы бар; - құқық шығармашылыққа байланыст монополияға ие; - қоғамның басты даму бағытын анықтайды. Мемлекет саясаттың дербес субъектісі ғана емес, сонымен қатар саяси қатынастың барлық субъектілерінің әрекетін реттейді, өйткені бұл салада ол кең өкілеттікке ие. Атап айтқанда: - саясаттың қалған барлық субъектілерін - саяси партияларды, қозғалыстар мен бірлестіктерді ұйымдастыру мен қызмет етуінің құқықтық режимін заңнамада бекітеді; - оларды тиісті органда тіркейді, қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысуға тартады; - саясаттың қалған барлық субъектілері қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады және тиісті құқық бұзушылықтар үшін мәжбүрлеу шараларын қолданады. Мемлекетпен қатар қоғамның саяси жүйесінде құқықтың да маңызы зор. Құқықтың қоғамның саяси жүйесіндегі орны келесідей көрінеді: 1) құқық қоғамның саяси жүйесі арасындағы байланыс құралы ретінде болады, өткені заңдарда халықтың, әр топтың еркі білдіріледі;55 2) құқық саяси жүйені тұрақтандырады, өйткен заңдар ұзақ уақытқа саяси институттар жүйесін бекітеді; 3) құқық мемлекеттік билікті ұйымдастырудың, қызмет етуінің және ауысуының құқықтық нысанын бекітеді; 4) құқықтық актілерде саяси қатынастың субъектілерін заңдастырады. Кез келген мемлекет құқықтың көмегімен саяси партияларды ұйымдастыру мен қызмет ету процесін реттеуге тырысады. Саяси өмірде саяси партиялардың қызметінің нысаны мен әдісінің күрделі болуына, оның қоғамда рөлінің жоғарлауына орай, олардың қызметін түйіндеп құқықтық реттеуді қажет етеді. Мемлекеттің саяси өмірінде елеулі орынды саяси партиялар алса да, олар туралы ХІХ ғасырдың конституцияларында мүлдем айтылмады, ал қазіргі кезде олардың қызметін реттеу жеке құқықтық институт болып табылады. Әдетте, қазіргі кездегі мемлекеттің заңнамасында келесі институттар көрініс тапқан: саяси партиялардың түсінігі, қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі, оларды құру мен қызметін тоқтатудың талабы мен тәртібі, саяси партиялардың бағдарламаларына қойылатын талаптар, оларды қаржыландыру тәртібі, саяси партиялардың сайлауларға қатысу тәртібі. Саяси партияларды құру, ұйымдастыру және олардың қызмет ету тәртібіне байланысты қатынастарды құқытық реттеу көлемінің кеңеюі жаңа құқық саласы туралы тұжырымның пайда болуына әкелді, яғни партия құқығы.

 

Мемлекет және құқық теориясының көзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады.Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді.Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма.Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты Бірі болса, екіншісі де болады, ал бірі болмаса, екіншісі де болмайды.Бұл екеуін бір- бірінен ажыратып қарауға болмайды.Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты [1, 47].

Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады.Бұл объективтік тұжырымды адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы 5-6 мыңжылдықтан бастап адам қоғамы әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің ойшыл-ғалымдары Ликофрон, Антифон (б.з.б. V- IV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықтары бар, оны ешкім жоя алмайды - деген.Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған.Сөйтіп табиғи құқықтық теория өмірге келген [2, 61]. Бұл теория Англияның 1215 ж. Ұлы бостандық хартиясында, 1689 ж. Құқық петициясында, АҚШ 1776 ж. Декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылғы Декларациясында адамның Табиғи құқық теориясы қабылданып, әр мемлекеттің құқығының негізі болсын деген қаулы қабылданды.1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді.

Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды.Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж.Конституцияларында адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп, Қазақстан Республикасы бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсартуды өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам кұқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен қолданылуын анықтайды». Құқық - адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық - адам бостандығының өлшемі.Бостандық - бұл өз құқықтарыңды жүзеге асыру мүмкіндігің, деп көрсетеді В.М.Корельский мен В.Д.Перевалов, бұл жеке адамның өмірін, адами қасиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер [3, 133].

Осылайша, адам құқығы - жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап өзінің қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін қорғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.

Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар.Мәселені ашып көрсету үщін, оларға қысқаша түсінік берейік.Адам құқығы - табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ.Еғер де ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.

Азамат құқығы - табиғи кұқықтар жинақталып, жүйеге келтірілуі мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.

Жеке тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі.Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебесінің шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жататындар: адам, азамат, шетелдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси- экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.

 

Мемлекет және саяси партиялар, олардың арақатынасы

Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны Саяси жүйенің дербес элементі ретінде саяси партиялар мен қоғамды-саяси қозғалыстар туралы да айтып өткен жөн. Саяси партиялар өз алдына билік үшін күресу барысында саяси жүйеге, мемлекеттік механизмге әсер етеді. Саяси партия – бұл саяси билік үшін күресетін және белгілі бір идеялогиямен байланысты әлеуметтік топтын ең белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Партиялар белгілі бір мақсатты көздеуі мүмкін және саяси өмір мен қоғамды ұйымдастыруға әсер етеді. Саяси жүйеде әдетте бірнеше партиялар бар, олар әртүрлі әлеуметтік топтың мүдделерін білдіреді. Саяси партияның саяси жүйедегі орны зор. Саяси қызметпен айналысатын, бірақ өз мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған саяси жүйенің басқа институттарынан ерекшелігі партияның басты мақсаты билікті басып56 алу және оны жүзеге асыру, мемлекеттік істі басқару үшін күрес болып табылады. Саяси парияның функциялары: - үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және қанағаттандыру; - саяси билік және оны қолдану үшін күрес, жағдайдың өзгеруіне байланысты бұл күрестің нысандары мен әдістерін анқтау; - жоғары және жергілікті билік органдарын қалыптастыру, өз өкілдерін ұсыну үшін сайлау науқанын дайындау және жүргізу; - саяси партия идеялогиясын қалыптастыру, қоғамның саяси даму бағдарламасын жасау және іске асыру, насихаттау жүргізіп, қоғамдық пікірді қалыптастыру; - қоғамды саяси тәрбиелеу; - партиялар, мемлекеттік аппарат үшін кадрларды дайындау және жүргізу. Саяси партияның құрылымы партиялық аппарат, қатардағы мүшелерден және партияны жақтаушылардан тұрады. Қоғамдық-саяси қозғалыс –бұл белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін білдіруге және қандай да бір саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның белсенді бөлігі. Қозғалысқа қандайда бір партияның қызметіне қанағаттанбаған, олардың белгілеген жарғылық нормаларымен, бағдарламаларымен келіспейтін, нақты саяси мүдделер жоқ адамдардан тұрады. Қоғамдық-саяси қозғалыстың саяси партиядан айырмашылығы: - қозғалыстың әлеуметтік базасы кеңдеу (бір қозғалыс әртүрлі әлеуметтік, идеологиялық, ұлттық, діни топтың өкілдерінен тұрады); - қоғамдық-саяси қозғалыстар, әдетте, тек бір саяси тұжырымдаманы ұстанады және бір ірі саяси мәселені шешуге ұмтылады, бір мақсаты болады, осы мақсатқа жетсе өз қызметін тоқтатады, ал партияның кешенді мақсаты бар; - қоғамдық-саяси қозғалыстар билікке ұмтылмайды, өз мәселелерін шешу үшін билікке әсер етуге тырысады, егер қоғамдық- саяси қозғалыс билікке күресетін болса, онда ол саяси партияға айналады; - қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси белсенділігінің өзегі - клуб, одақ, бастамашылық топ; - қоғамдық-саяси қозғалыстарда формалді ішкі иерархиялық құрылымы, тұрақты мүшелік және тиісті құжаттары болмайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1204; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.