Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ммммммммммммм 2 страница




 

Моральдық және саяси жауапкершіліктің заңды жауапкершіліктен айырмашылығы

Азаматтардың жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғаудың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (әрi қарай мәтiн бойынша - Азаматтық кодекс) 9 және 141-баптары мен басқа да заңдарға сәйкес соттардың мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарын қорғау:

мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтар бұзылғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актiлерiн қолдануға жатпайды деп тану;

мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың бұзылуының салдарын жою;

моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен жүргізiледi.

Мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды сот жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердi жинақтай отырып, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек қолдана отырып қорғайды.

Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғаудың Азаматтық кодекспен көзделген тәсiлдерiн соттар осындай құқықтарды қорғау еңбек туралы, неке және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы және өзге де заңнамалық актiлермен арнайы тиянақталмаған жағдайларда да қолдануы мүмкiн.Моральдық зиян үшiн жасалатын өтемнiң мөлшерiн белгiлеу кезiнде соттар субъективтi баға ретiнде жәбiрленушiге келтiрiлген жан азабы мен тән азабының ауырлығын, сондай-ақ осыларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда:

мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, жеке бас бостандығы, жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын;

жәбiрленушiнiң басынан кешкен жан немесе тән азабының ауырлығын (бас еркiнен айырылу, дене жарақатын түсiру, жақын туыстарынан айырылу, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе шектелуi және т.б.);

моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болған кезде зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң нысанын (қасақана ниетпен, абайсыздық) назарға алулары қажет.

Сот моральдық зиянның ақшалай нысандағы өтемiнiң мөлшерiн анықтау кезiнде iс материалдарымен негiзделген басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауапкершiлiк көтеретiн азаматтың отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы.

Заң алдындағы жауапкершілік - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.

a)Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.

- әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды және шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;

- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нәтижесінде туындайды

- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нәтижесінде ғана қолданылады;

- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;

- тәртіптік — заң алдындағы жауаптылық әскери, еңбек, оқу орнындағы тәртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады

Б)Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;

- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;

- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері

Саяси жауапкершілік - саяси үрдіс даму барысындағы идеология мен саяси тәжірибенің сәйкес келуі. Саясаттануда жауапкершілік ұғымы аз зерттелген. Саяси жауапкершілік бірнеше деңгейлерден түрады: саясаткерлердің уәделері мен олардың шынайы қызметінің сәйкес келуі. Әлемдік саяси тәжірибеде саяси демагогия, алдау-арбау түсініктерімен тыгыз байланысты популизм ұғымы пайда болды. Мінеки, осылардың барлығы белгілі бір деңгейде сөз жүзінде уәде беріп, ал іс-жүзінде орындамайтын саясаткерлердің жауап- кершіліксіздігін көрсетеді; қоғамдағы шынайы мәселелер мен оларды саясаткерлердің түсінуі арасында айырмашылық п.б. Дағдарыстан шығуға ұмтыла отырып саяси элита өзіне жауапкершілік алады. Бүл саяси жауапкершілік қоғамды басшылықтың субъективизмінен қорғау кепілдігі болуы тиіс. Саяси жауапкершілік саяси субъектінің саяси өмірдің ережелері мен қағидаларын, саяси қызметті бақылау түрлерін саналы түрде сақтауы. Саяси жауапкершілік жеке түлғаның қасиеті ретінде саяси қызмет барысында қалыптасады. Сонымен бірге, жеке түлғаның саяси қызметте жауапкершілік алып үйренуіне, оның топтың даму деңгейіне, ауызбірлігіне, құндылық бағыттарының жақындығына, эмоциялық бірегейленуіне ықпал етеді.

 

Мәдениет тарихындағы мемлекет және құқық танымына қолданылатын түрлі әдістемелер: догматикалық, діни, табиғи-құқықтық, сыныптық.

Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін жекеле-ген ғылыми әдістерге жататыны мыналар:

· Формалды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар «феномен» ретінде басқа құбы-лыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен бірдейлестірілмейді және салыс-тырылмайды (экономикамен, саясатпен, моральмен және этикамен). Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше «таза» конструкцияны жасау үшін зерттеледі.

 

Мемлекеттің өкілетті органдары: ұғымы, құрылу қағидалары және қызметі

Өкілетті органдар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары

Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік билік органдары;

- мемлекеттік атқару органдары;

- сот билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;

2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;

7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

 

Мемлекет және құқық теориясы арнайы қолданбалы ғылым

Криминалистика (лат. crіmіnalіs – қылмысқа қатысты) – қолданбалы заң ғылымы. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайды.Бұл тәсілдер мен әдістер қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстарды алдын алу, анықтау және тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ, қылмыстық, кей жағдайларда азаматтық істерді сотта қарау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы маңызды тараулары – жалпы теориясы, техника, қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алудың тактикасы мен әдістеме техника дәлелдемелерді жинау, тиянақтау және зерттеу жөніндегі арнаулы тәсілдер мен ғыл.-тех. құралдар жүйесін қамтиды. Криминалистиканың бұл тарауына сот баллистикасы, трассология, соттық қолтаңбатану, дактилоскопия, оттық фотография, криминалистикалық сараптама техникасы, криминалистикалық одорология, т.б. жатады.

Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.

Сот сараптамасы мынадай принциптерге: заңдылықка; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздіпне; зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне; кұзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке; кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. Тергеу практикасында өткізілетін сараптама олардың мәні, объектісі, зерттеу тәсілі және т.б. бойынша сәйкестендіріледі.

 

Мемлекеттік-құқық құбылыстарды зерттеудегі жалпы ойлау тәсілдері анализ,синтез,индукция,дедукция,гипотеза,ойша пайымдау

Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу.Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін.Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек.Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек.Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды.Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет.Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты.Анализ аяқталған жерде синтез басталады.Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі.Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек.Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді.Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады.Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам.Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі".Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады.Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді.Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты.Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті.Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек.Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.

 

Мемлекеттің мәні және әлеуметтік маңызы

Мемлекеттіңмәні – мемлекеттіңбастытағайыны, осықұбылыстыңбастыөзегі, яғнибастыжемісі.

Мемлекеттіңмәніоныңмазмұнын, мақсатын, қызметініңбағыттарынанықтайды.Басқашаайтқандамемлекеттегібилікпеноныңқұрамындаболатындардыңбәрі.

Кезкелгенмемлекеттеқарама-қарсықайшыболыпкелетінекімән – таптықжәнежалпыәлеуметтікмәнболады.

Мемлекеттіңтаптықмәні- Мемлекетбұқара (көпшіліктің) билігіретіндеөзінөзібасқарудыңбұрыңғыоргандарықауымдыққұрылыстабасқаруқызметтерінатқарудытоқтатқаннанбастаппайдаболады.Қоғамәлеуметтікжіктелугеаяқбасады, бұрынырақтақоғамның (қауымның) барлықмүшелерінетиістіболғанбиліксаясисипатқаиеболады, сөйтіполеңалдыменқуаттыәлеуметтіктоптардыңтаптардыңмүддесінебейімділіктанысутүріндежүзегеасырылады.Соныменмемлекеттіңтаптықмәніқашандаболсынбиліктеқоғамныңқуаттытобыныңмүддесінжақтаужәнеоныжүзегеасыруарқылыбілдіріледі.

Мемлекеттіңкайсысыболсадақанаудың, қандайбірәлеуметтіктоптың, таптыңүстемдікқұруыныңмашинасы, құралығанаемес, соныменбіргеолбүкілқоғамныңмүддесіндебілдіреді, оныбіріктірукұралы, оныинтеграциялайтынтетікболыптабылады.

Мемлекеттеәрқашандабіржақтытаптықнемесетоптықүстемдікқұрушыбилеушібасшытобымүдделеріменбүкілқоғамныңмүдделеріүштастырылады, үйлестіріледі.

Әртүрлітарихижағдайлардаосыекімәністік (мәндік) жақтардыңарақатыстылығыәртүрлімемлекеттердебірдейемес, яғниәрқилыболыпкеледі, біржағыныңкүшеюібасқажағыныңнашарлауынаапарыпсоғады.

Мемлекеттіңтаптықмәніжоғарыдәрежедеқұлиеленушімемлекеттебайқалады, ондақұл (күң) құқықтыңсубъектісіемес, құқықтыңобъектісі (заты) – мүлікяғнижандымүлікесебіндеқұлиеленушініңменшігіболыптабылады.

Қандайдаболсынқоғамтүрлітаптарменәлеуметтіктоптардантұрады.Кейбірелдерде, мысалыҚазақстанда, көптегенұлттартұрады.Олардыңарақатысынреттеу – негізінен, мемлекеттіңміндеті.Оларғақамқорлықжасауды, олардыңарасындағықатынастарды, пайдаболатынқайшылықтардыреттеу, шешу, жөнгесалу, текқанамемлекеттің

қолынанкелетініс.Олұшінмемлекеттекүште, қаражатта, басқадамүмкіндіктербар.Осығансәйкесмемлекетәлеуметтікфункцияатқарады.Егердемемлекеттіңосықызметікеңөрісалып, үздіксізжүргізілетінболса, оныәлеуметтікмемлекетдейді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1061; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.