Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пойкилотерімділерге сипаттама 4 страница




Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.

42. «Парник эффктісінің» құрылу механизімін сипаттаңыз

Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.

43. «Қышқылдық жаңбыр» туралы түсінік

Қышқыл (орысша: кислота) — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызыл рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н33) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.H2CO3→CO2↑+H2O;H2SO3→H2O|+SO2↑Қышқылдардың құрылымдықформуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент. Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—CI Н—S—Н, т.б. «Қышқылдық жаңбыр туралы» түсінік. Оларды жою жолдары.Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2.Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия, Дания, Польша,Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән. Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

 

44. «Қышқылдық жаңбырдың» құрылу механизімін сипаттаңыз

Қышқыл (орысша: кислота) — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызыл рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н33) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.H2CO3→CO2↑+H2O; H2SO3→H2O|+SO2↑ Қышқылдардың құрылымдықформуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент. Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—CI Н—S—Н, т.б. «Қышқылдық жаңбыр туралы» түсінік. Оларды жою жолдары.

Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2.Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия, Дания, Польша,Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән. Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

45. Әлеуметтік экология туралы түсінік

Әлеуметтік экологиятабиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді. Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:1) ең жалпылама түрде – қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;

2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтіу Экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;3) жекелеген әлеуметтік топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі;4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.

 

46. Әлемдік экологияның мақсаты және міндеттерін айқындаңыз.

Әлемдік экология рейтингінде Қазақстан 133 елдің ішінде 70-інші орында. Washington Profile Интернет-басылымы хабарлағандай, тұңғыш рет жасалған бұл тізім Давоста өтіп жатқан әлемдік экономикалық форумда таныстырылды. Қазақстан экологтарының айтуынша, елде экологиясы нашар бірнеше аймақ бар, бірақ соңғы кезде жағдай реттеліп келеді дейді олар. Адам – жер бетіндегі белгілі болып отырған 3 млн. биологиялық түрдің бірі болып саналады.Ол орны жануарлар дүниесі жүйесінен орын алған: Сүтқоректілер класы,приматтар отряды,гоминад тұқымдасы,адам туысы, қазіргі уақытқа дейін тек қана бір ғана түр – саналы адам (Нотто sapiens) сақталған. Адамның биологиялық табиғаты барлық тірі дүниеге бағытталған және өзінің көбеюіне және ұрпағын өсіру мен тәрбиелеуге, оларға максимум қауіпсіздік жасауға, өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл жағдайларды жүзеге асыру адамның өзін қоршап тұрған ортасымен тікелей байланысты. Адамзатқа табиғатта, популяцияда болып жататын барлық экологиялық құбылыстар мен жағдайлар әсер етеді.Бұл адамнай популяциядағы барлық биологиялық түрлерге ұқсастығын көрсетеді.Популяциядағы басқа да биологиялв\ық түрлерден адам баласының ерекшеліктері де басым, оларды табиғатпен экологиялық байланыстарынан және оларды жүзеге асыру барысындағы атқарылатын формаларының ерекшеліктерінен көруге болады.

 

47. 1957 жылы П.Данесроның үш экологиялық заңдарына сипаттама беріңіз.

Әрекеттестіктің необратимости заңы адам - тұжырымда- П. Дансеро(1957) заң биоаймақ,, риза возобновимых табиғи қамбаның(өсімдіктердің айуанаттардың) к-рому бөлігі тауыс-, емесжаңартылмалы стать біледі, адам при тиімсіз с.-х., гидротехнич., индустриялық және др. іс-шараларда нанғысыз оның тіршілік әрекетін және молайтуды алқындырады. Олай, емесбақыла- көңіл бас Стеллерову сиырды сияқты биологиялық көріністің оның біт- деген келтірді. Баяғы ең кетті және мен др. айуанаттың көріністерінің. Арада бүтіндікте үшін соңғы почти 400 жас бер беттің жер млекопитающих және құстың свыше 160 көрінісі бітті. В осы уақытты, ша деректерлер МСОП, ара нәтиже қиратқыш человеч. қызметке жыл сайын ша айуанаттың немесе өсімдіктің бір көрінісіне бітеді. Өсімдіктің және, біздің ғаламшарымызда қазірде өскелең және тұратын айуанаттың барлық көрінісінің генофондының күзетінің зары айқын.Заң кері байланыс әрекеттестік адам - заң биоаймақ,, тұңғыш рет тұжырымда- П. Дансеро(1957), риза к-рому "қайт-" деген ара табиғи сәрсенбіде, адамның сарамжал-саран қызметімен, шақыртқан көрінген өзгеріс және имеет, на экономика, әлеуметтік өмірді және адамның денсаулық әсер ететін еместілеулі арт. Айталық, қармақбаудың тұтас шап- античной Месопотамии апаттың өзгерістерін ахуалда обусловила, ауылдық х-ве; перевыпас аридных зоналарда аумақты аумақтың шөлденуіне деген келтірді; құрылыс ара 1948 асуан(Мысыр) плоБиоаймақтың, айналғыштығының заңы заң, тұжырымда- П. Дансеро(1957), риза к-рому биоаймақ кейін әсердің тоқтат- антропоген фактордың оның компоненты сөзсіз "утраченные айқындама", е т. жаулап алуға тырысады. сақта-(қалпына келтір-) өзінің экологич. равновесие және тиянақ. Олай, бөстекі с.-х. егістіктер ақырын-ақырын(жолымен сукцессиянің) тағы табиғаттың күйіне деген қайтады.

 

48. Смогтар және диоксиндерге анықтама беріңіз

Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль.. Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады.Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді. Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) және соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) класына жататын улы химиялық заттектер. Диоксиндер мен фурандар химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік және түрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын және т.б. жаққан кезде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан (топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл) Диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда және адам организмінде жиналады. Қоршаған ортаға өнеркосібі дамыған елдерде Диоксиндер едоуір мөлшерде шығарылады. Мысалы, Канадада жыл сайын Диоксиндердің 1,5 т-ға дейін мелшері шығарылады. Диоксиндердің канцерогендік және мутагендік қасиеттері бар екені анықталды. Шетелде (Германия, Швеция, Вьетнам, АҚШ және т.б.) Диоксиндердің адам организміне әсері зерттелді. Диоксиндер көбіне туудың төмендеуіне, ақыл-есінің дамуында ауытқулар бар балалар санының артуына, жаңа туған нәрестелердің арасында өлімнің өсуіне және т.б. себепші болады. Сондықтан АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Голландия және т.б. елдерде Диоксиндер проблемасы 1980 жылдардың басынан бастап үлттық бағдарлама негізінде шешіледі. Қоршаған орта объектілеріндегі Диоксиндер мөлшері үнемі бақылауға алынып отырады,Диоксиндердің түсу мөлшерін кеміту жөнінде шаралар қолданылады және т.б.

 

49. Адам экологиясы туралы жалпы түсінік

Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том. Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

 

50. Организмнің қоршаған ортаға бейімделу механизімдері: гомеостаз, Анохин теориясы, иммунитет

Гомеостаз (гр.' homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе езін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы. [1]Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бүрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Иммунитет биологияда – организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді.

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-24; Просмотров: 814; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.