Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Автотрофтар, гетеротрофтоар, редуценттерге сипаттама. 3 страница




Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды: *биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; *химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; *физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: *тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; *өнеркәсіп орындары; *ауыл шаруашылығын химияландыру: *халық шаруашылығының басқа да салалары.Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді.

Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

 

20. Тұщы судың антропогенді эвтрофикациялануы (биогенді заттар – азот, фосфор, жуғыш заттар, малшаруашылығының қалдығы т.б.)

Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.[1] Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр. Ағзалардың тіршілік процесіне қажетті азот, фосфор, кремний және басқа элементтердің қосындылары жатады. Сол себепті оларды биогенді заттар деп атайды. Олардың мөлшері әр текше метр суға шаққанда миллиграммен (мг/м3) өлшенеді, яғни тұздылыққа қарағанда, миллион есе бөлшек бірлікпен өлшенеді. Бұл заттар судың физикалық қасиеттеріне әсер етпейді, ал олардың мөлшері жөне арақатынастары тіршілік- тегі биохимиялық процестермен анықталады.

 

21. Бірлестіктің тұрақтылығына тікелей әсер ететін агрожүйе системасының (топырақтың ластану т.б.) ықпалын сипаттаңыз

Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақтадизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады. Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялықзаттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады.

22. Радиациялық сәуленің медицинадағы орнын көрсетіңіз

Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді. Әскери істе. Радиациялық сәулелену адам организміне және қару-жарақ пен әскери техниканың түрлеріне әсер етуіне көзқарас бойынша қаралады. Адам организмінің радиациялық сәулеленуі сырткы, ішкі және түйіспелі болуы мүмкін. Сыртқы сәулелену радиоактивтік заттар мен зақымданған жергілікті жерде болған кезде бүкіл организмге ядролық жарылыстың өтпелі радиациясылың немесе гамма сәулелердің әсер етуінен тұрады. Жеке құрамның радиациялық сәулелену дәрежесі жұтылған доза шамасымен анықталады. Ішкі сәулелену радиоактивтік заттардың организм ішіне тыныс органдары, асқазан-ішекжолы, жаралар арқылы түсуі салдарынан пайда болады. Бұл жағдайда ең көп иондандыру мүмкіндігі бар альфа-актив заттар аса қауіпті болып келеді. Түйіспелі сәулелену.

Киіммен қорғалмаған дене бөліктерінің бета-актив заттармен ластануынан болуы мүмкін. Жарылыстың барынша зақымданған заттарының ұзақ әрекет етуінен тері қатты зақымданады. Организмнің ішкі және түйіспелі сәулелену дәрежесі ішке немесе теріге түскен радиоактивті заттардың мөлшері бойынша анықталады. Радиациялық сәулеленудің зақымдау әрекеті гамма, бета, альфа сәулелердің және нейтрондардың тірі ткандердің молекулаларын иондау мүмкіндіктерімен байланысты, оның салдарынан қалыпты зат алмасу мен клеткалардың тіршілігі бұзылады.Радиациялық сәулеленудің қару-жарақ пен әскери техникаға әсерінен радиоэлектрондық аспаптар элементтері сипатының өзгеруі және оптиканың күңгірттенуі мүмкін.

 

23. Атом энергиясының маңызды және қауіпті жақтарына сипаттама

Атом энергия бұлағы. 1903 жылы радий элементінің үздіксіз жылу шығарып тұратынын оқымыстылар ашқан. Осы жылдан бастап, ең алғаш рет атом энергиясы бар екенін оқымыстылар тапты, оны адам өміріне қолдану тәсілдерін зерттеп, ғажайып жаңалық жасады. Атом энергиясын осы күнгі кең пайдаланып отырған көмір және мұнай, газ энергиясымен салыстырғанда олардың арасында айырмашылық тым алшақ. Көмір немесе мұнай жанғанда ең жоғарғы температура 2 мың градусқа дейін көтеріледі. Уран ядросының бөлшектерінің ұшу жылдамдығында миллиондаған градусқа жетеді.

Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді. Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.

 

24. Әлемдік көлемде таусылатын энергетикалық қорларды альтернативті таусылмайтын қорлармен ауыстыру мәселесіне мысалдармен талдау жасаңыз

Табиғи қорлар - бұл табиғат элементтері. Табиғи қорлар пайдаланылатын және қайта өңделетін табиғатты пайдаланудың басты объектісі. Табиғи қорлардың пайдаланылуымен қатар жүретін табиғи ортаның сапасын сақтауға бағыттанған іскерлік қалыптасқан (табиғатты қорғау проблемаларын шешу).Қорлардың табиғи шығу тегін, үлкен экономикалық мағынасын ескере отырып табиғи қорлардың келесідегі жіктеулерін көрсетуге болады: 1) Табиғи (генетикалық) жіктеу: минералды (пайдалы қазбалар), су, жер (топырақ), өсімдік (орман), жануарлар әлемі, климаттық, табиғи процестер қуатының қорлары (күн сәулесі, жердің ішкі жылуы, жер қуаты және т.б.). Көбіне өсімдіктер мен жануарлар әлемі биологиялық қорларға біріктіріледі. 2) Табиғи қорлардың экологиялық жіктелуі қордың таусылуы мен қалпына оралуына негізделеді. «Таусылу» деген ұғымға табиғи қорлардың көлемі мен қорына байланысты шаруашылықта алынуы жатады. Осы ерекшеліктеріне сай қорларды бөледі: *таусылмайтын қорлар адамдар пайдаланған уақытта дәл қазір немесе таяу уақытта таусылмайтыны анық қорлар (күн қуаты, жердегі ішкі жылуы, су қуаты, ауа); *таусылатын, бұрынгы қалпына келмейтін қорлар, үздіксіз экономикалық пайдалануға байланысты одан әрі алуға келмейтін және бұған қоса қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорлар (минералды қорлар); * таусылатын, бірақ қалпына келетін қорлар, қайтадан қалпына келу мүмкіндігі бар, қорлар көбейту немесе басқа да табиғи циклдар арқылы, мысалы, флора, фауна, су қорлары.Бұл топқа өте жәй қалпына келетін қорларды атап өту керек, жер құнары, жоғары сапалы ағашы бар орман қоры.

 

25. Адам іс әрекетінің нәтижесі шаңнан болатын әртүрлі пневмокониоз аруларын талдаңыз

Пневмокониоз - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар туындайтын кәсіби ауру. Асбестоз. Этиопатогенезі. Асбест шаңдарынан туындайтын пнемокониозды асбестоз деп атайды. Асбест дегеніміз талшық құрылымдағы минерал, химиялық құрамына сәйкес магний мен темірдің және көбінесе кальций мен натрийдің гидросиликаты болып табылады. Асбесттің әрқилы түрлері кездеседі, олардың ішінде өндірісте серпентин тобы (жылан тәрізді) немесе хризотиласбест тобы маңызды болып саналады. Асбесттің басқа да топтары – амфиболды тобы кеңінен қолданыла бастады. Оған антофилит, тремолит, амозит, крикодолит және басқа да түрлері жатады. Асбестотуберкулез. Силикозға қарағанда сирек кездеседі, алайда осындай асқынуға тек асбестоздың дамуы ғана емес, сонымен қатар асбест шаңымен тікелей қатынаста болған адамдарда да дамуы мүмкін. Көбінесе асбестозда инфильтрациялық өзгерістері мен үдемелі дамуына бейім емес және фиброзды тығыздалуыға бейім ошақты туберкулез байқалады. Асбестоз бен рак. Асбест шаңымен ұзақ қатынаста болу өкпе рагы мен плевраның мезотелиомасы дамуларына бейім тудыратыны бұрыннан белгілі. Талькоз бен басқа да силикатоздар. Тальк дегеніміз магний силикаты, талшық, пластинка немесе аморфты масса түрінде кездеседі. Құрамында талькі бар топырақта басқа да минералдардың қоспасы болуы мүмкін: серпентин, термолит, долмит, кварц, т.б. Осылардың қоспасының болуы тұрақты емес және осыған байланысты талькоздың ағымы әрқилы болуы мүмкін. Тальк резина, парфюмерия, радиотехника, пластмасса, машина дөңгелектерін жасайтын және басқа да өндірістерде қолданылады.

 

26. Диоксин улы заттары организмге қалай түседі және қандай ауру тудыратынын сипаттаңыз;

Адамзаты тарихта болған улы заттардың барлығымен дерлік таныс. Бұл ксенобиотиктер әсері (еске салсақ, тірі организмдерге қолданылмайтын тірі заттар) өте қауіпті болды, мысалға инсектицидпен улану кезінде болған оқиғаны алсақ. Бұл оқиғадағы удан улылығы жоғары зат – диоксин. Көп уақыттар бойы бұл за Оңтүстік Вьетнам мен Италиялық қала Севезомен тығыз байланысты болды, себебі, осы жерлердің бұл удың әсерін тікелей көрді. Бірақ диоксиннің таралу географиясы жылдан-жылға ұлғайып, қазір жер жүзіндегі ең атақты у болып отыр. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.

Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.

27. Рио-де-Жанейро (13-14 маусым, 1992ж.) ООН-ның қорщаған ортаны қорғау және даму конференциясындағы негізгі документтің бірі «Күн тәртібінде 21 ғасыр» материалына сипаттама жасаңыз; ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінде көрсетілген ұсынысқа сәйкес осы мәселеніңтиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы 1993 жылыТұрақты даму жμніндегі комиссия құрды. Аталған комиссия Біріккен Ұлттар ҰйымыныңЭкономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық комиссиясы болып табылады.Ол жыл сайынғы конференцияларда ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінің мәселелерін

үнемі қарастырып отырады. Ол 1998 жылы өзінің алтыншы сессиясында білім жәнеақпарат бойынша кең көлемді резолюция қабылдады. Бұдан басқа ол ж‰ргізілетінж±мыстардыњ ауќымды баѓдарламасын бекітті, онда мемлекеттерге тұрақты дамумақсаттарын барлыќ дењгейдегі білім беру бағдарламаларына енгізу ұсынылады жєнеолардыњ осы баѓыттаѓы іс-ќимылдарына ќолдау кμрсетілетіні атап μтіледі.ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібі шеңберіндегі Балтық теңізі аймағындағы тұрақтыдаму мүддесінде білім беру саласындағы қызметті, жаңа тәуелсіз мемлекеттердіңэкологиялық білім беру бойынша Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің Жұмысшытобының; экологиялық білім беру бойынша Орталық Азиялық мемлекетаралық жұмысшытобының және экологиялық білім беру мәселелері бойынша Солтүстік Америкаассоциациясыныњ ќызметін ќоса алѓанда аймаќішілік ‰кіметаралыќ процестер ж‰ріпжатыр.

 

28.Сынап ауыр металдарының организмге түсу жолдары және оның улы әсерінен болатын ауруларды сипаттаңыз.

Сынаптың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолданады. Ерітінді, ұнтақ, дүст түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.

Асқазан-ішек жолдарымен бүйрек арқылы шығу жолдары.

Қасиеті:

1.Ағзаларда жиналуы

2.Жасырын кезеңінің ұзақ болуы

Патогенезі:

1.Жалпы улылық әсері

2.Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.

3.Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.

4.Липотропты әсері

5.Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.

Клиникасы:

Жедел улану кезінде:

1.Астениялық – вегетациялық синдром.

2.Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.

3.Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.

4.Токсикалық миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.

29. Озон қалқанының тірі организмдер үшін маңызын қалай түсінесіз және оған антопогендік әсерді сипаттаңыз.

жердің озон қабатының тозуындағы күрделі экологиялық моселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған.

Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек () молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде () пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады

30. Қала жасыл желектерінің маңызын дәлелдеңіз

Елді мекендерді гигиеналық көзқарас бойынша жасыл желектердің маңызы зор. Жасыл желектер микроклимат жағдайын жақсартады, жағымсыз факторлар әсерін барынша әлсіретіп, адам организміне, оның жүйке жүйесіне қолайлы әсер етеді. Жасыл желектер ортасында жылу алмасу процестері ашық жерлерге қарағанда жылу реттеу аппаратына аз күш түсумен өтеді. Жасыл өсімдіктердің тозаңды ұстап қалу рөлдері де жоғары, олар қалқымалы тозаңның 72 % күкіртті газдың 60 % ұстап қала алады. Орманда жазда ауа температурасы қалаға қарағанда 3 градустан төмен, ал ылғалдылық 15 – 20 % жоғары болады. Қыста керісінше теректер арасы ашық кеңістікке қарағанда жылылау. Жасыл желектердің желден қорғау қасиетінің де маңызы зор.

Парктерде, скверлерде желдің жылдамдығының қала алаңдарына қарағанда екі есе аз екендігі белгіленген.

Жасыл желектер қалалық шуды барынша әлсіретеді. Жасыл желектердің иісі, түсі, жапырақ сыбдыры, көлеңкесі адамға эстетикалық әсер етеді. Елді мекенді архитектуралық жағынан көркемдеумен қатар, халықтың жақсы демалыс орны болып табылады.

Жасыл желектердің ғылыми негізделген нормалары әзірге жоқ. Тұрғын аудандардың құрылыс орнынан, алаңдардан, тротуарлардан бос басқа жерлердің бәрін көгалдандыру қарастырылуда., яғни шамамен тұрғын ауданның 40 – 50 % құрайды.

31. Урбанизациялаудың бүкіл дүниежүзілік елдерге тән үш ортақ белгісін талдаңыз

Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр.
Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-24; Просмотров: 814; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.