Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Автотрофтар, гетеротрофтоар, редуценттерге сипаттама. 8 страница




39 Табиғи және агроэкожүйеге салыстырмалы сипаттама

Агроэкожүйе (агробиоценоз) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (егістік, жайылым бақ, жүзімдіктер, т.б.), тұрақсыз жүйе. Табиғи биоценоздардан А. – тірі организмдердің әр түрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы реттелуімен ерекшеленеді. Бұлардың табиғи экожүйемен салыстырғанда биол. өнімділігі жоғары болады. Дақылдардан мол өнім алу үшін а. ш-н механикаландыруды ұлғайтып, минералды тыңайтқыштар, пестицидтерді көп пайдалану, жиі суғару қажет. Мұндай жағдайдан кейін а. ш. өндірісі қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. А-ге адамның шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз әсерін азайту үшін агротехниканың табиғат қорғайтын шараларын қолданған жөн. Бұл топырақ жамылғысындағы қоректік заттардың тепе-теңдігін, жайылымның өнімділігін, биол. алуан түрліліктің біршама жоғары болуын, т.б. сақтайтын тұрақты экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, А-ні жердің жалпы табиғи ландшафтының құрамды бөлігіне айналдырады.

 

 

40Табиғи экожүйеден агроэкожүйенің айырмашылығы

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергиянытрансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктіңкүн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе эко жүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили. А Тенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүоуіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары, продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек. Агроэкожүйе (агробиоценоз) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (егістік, жайылым бақ, жүзімдіктер, т.б.), тұрақсыз жүйе. Табиғи биоценоздардан А. – тірі организмдердің әр түрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы реттелуімен ерекшеленеді. Бұлардың табиғи экожүйемен салыстырғанда биол. өнімділігі жоғары болады. Дақылдардан мол өнім алу үшін а. ш-н механикаландыруды ұлғайтып, минералды тыңайтқыштар, пестицидтерді көп пайдалану, жиі суғару қажет. Мұндай жағдайдан кейін а. ш. өндірісі қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. А-ге адамның шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз әсерін азайту үшін агротехниканың табиғат қорғайтын шараларын қолданған жөн. Бұл топырақ жамылғысындағы қоректік заттардың тепе-теңдігін, жайылымның өнімділігін, биол. алуан түрліліктің біршама жоғары болуын, т.б. сақтайтын тұрақты экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, А-ні жердің жалпы табиғи ландшафтының құрамды бөлігіне айналдырады.

 

41 Қоршаған ортаның шумен ластануынан кейінгі, адам денсаулуғының өзгерісін (Н.М.Сеченев пен Н.П.Павловтың теориялары) сипатаңыз

Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті. Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті. Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді. Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс. Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады: 1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу. Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады. 2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады. 3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады. 4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады. Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі –инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И.П.Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды. И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді. И.М.Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек». «Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын. И.М.Сеченов:«Ерікке тек жолақты бұлшық еттер бағынады, ал тегіс бұлшық еттер бағынбайды», себебі «жүректің құрлысы жолақты талшықтардан құралған және ерікке бағынбайды, және несеп қуықшасынан зәр айдайтын бұлшық ет тегіс талшықтарға жатады, содай-ақ оған бағынады. Мүмкін болатын басқа принципті қабыл алмаған И.М.Сеченов үшіншіне тоқтап, былай тұжырымдайды: «Ерікке тек санаға қандай да бір анық белгілер мен жіберілетін әрекет бағынуы мүмкін». Осы қағиданы түсіндіре және бекіте отырып, «Бұл көзқарас бойынша аяқ, қол, дене, бас, ауыз, көз және сол сияқтылар санаға анық түйсінулермен көрінетін түрлі жағдайлар айтылуы мүмкін: әрі қарай ерікке дауыс ырғағының бағыныштылығы, сол сияқты олардың жағдайы мен дауыс ырғағының түрлі сипатының сәйкес келуі, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшесі арқылы жанама бақылауға жетпейтін, бірақ жанама айқын түйсіктермен ере жүретін барлық әректтер» деп жазды.

42 Денсаулық және оның көрсеткіштеріне сипаттама

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т.с.с жа-тады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды. Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау ұйымының "денсаулық" деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік бермейді. Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі. Бұл анықтамаға денсаулықтың жаңадан алынған көрсеткіштері - жоғары деңгейдегі қызмет қабілеті, ғұмыр жастың ұзақ болуы да кіреді. Бірақ, осы түсініктердің әлі күнге дейін анықталған шекарасы болмағандықтан, оны денсаулықтың нақты белгісі ретінде алуға күмән туғызады. Мысалы, қызмет қабілетінің жоғары деңгейі, өте шартты түрде алынған және ол "денсаулығы мықты" деп алынған адамдардың өздерінде де өте кең аралықта толқып отырады. Ғұмыр жастың ұзақтығына дұрыс шекара қою қиын болғандықтан, олардың бір қатары И.И.Мечниковтың көзқарасына қосылып, ғұмыр жастың ұзақтығына биологиялық шекара қоюды қолдамайтындықтан осы сұрақ туралы әлі күнге дейін ортақ көзқарас жоқ. Денсаулықтың белгісі ретінде ақыл-ой, қызмет қабілеті, репродукция қызметі және т.б. анықтамалары бар, бірақ осы түсініктің әлі күнге дейін ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ. Саны жағынан тұрақты түрде өсіп жатқан көптеген факторлар адамдар денсаулығына әсер етеді, бірақ біздің ойымызша бұл туындап отырған пікірталаста ең алдымен "денсаулық" деген түсініктің өзін анықтап, оған сай келетін, барабар көрсеткіштерді тауып, сандық жағынан баға беру мүмкіндігне нақты шек қою қажет.

43 Шаң және шаңмен ластанудан туындайтын әртүрлі пневмокониоз ауруларға сипаттама

Пневмокониоз - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар туындайтын кәсіби ауру.[Шаңды бронхит (ШБ) - құрылымды өзгерістер мен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады. Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор. Шаңды бронхитті дамуына сыртқы факторларда әсер етеді – темек шегу, қоршаған ортаның ластануы. әртүрлі өндірістік шаңдардың әсерінен шаңды бронхит дамуы мүмкін: көмір, мақта, ұн, дән, цемент, абразивті. ШБ дамитын негізгі мамандықтарға жатады: шахтерлар, цемент зауытының жұмысшылары, тігінші фабрикаларының, мақтаны тазартатын зауыттар, құрлысшы жұмысшылары және т.б.ШБ жоғарғы шаңды жағдайларда ұзақ жыл бойы жұмыс істеген адамдарда дамиды. Көбінесе орта немесе егде жастағы ер адамдар ауырады.

44 Қоршаған ортаның өнеркәсіп қалдықтарымен ластануына сипаттама

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.

45 Радиоактивті көріністерге: нуклидтер, иозотоптартар, радиоактиті заттар, иондаушы сәулелер, сыртқы және ішкі сәулелену түсінігіне анықтама.

Изотоптар - Масса саны әртүрлі бола тұрса да, атомдық ядро заряды бірдей болып келетін, сондықтан да Менделеев кестесіңде бір ғана орынды иеленетін химиялық элементтер атомы. Бір ғана элементгің әртүрлі изотоптарына тән атомдар өздерінің ядросына кіретін нейтрондар саны жағынан, ядролық қасиеттері тұрғысынан бір-бірінен анық өзгешеленеді, алайда олар, электронды қабаттары құрылысының бірдей болуына байланысты, бір-біріне өте ұқсас химиялық қасиеттерді иемденеді. Химиялық элементтердің көпшілігі атомдық салмақтары әр түрлі изотоп қоспасынан тұрады. Бүгінгі танда 264 тұрақты изотоптар, 50 шамалы табиғи радиоактивті изотоптар және 1000-нан астам жасанды радиоактивті изотоптар белгілі Радиоактивті изотоптар әдісі. Ұңғыма оқпанынарадиоактивті заттарды енгізгеннен кейін ондағы ү-сәулелену карқынын өлшеуге негізделген радиоактивтік каротаж әдісі; таужыныстардың кеуектілік және жарықшақтық дәрежесін анықтауға, құбырсырттық және жерасты суларының айналымдарын қадағалауға да қолданылады. Синонимі - "таңбаланған шар әдісі".[1]Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді. Радиоактивті заттар альфа, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер шығара алады, оның залалдау әрекеті адамдар мен жануарлардың сырттай сәулеленуі түрінде көрінеді. Радиоактивті сәулеленудің зиянды биологиялық әрекеті тірі клеткалардың иондануы ағзадағы химиялық өзгерістердің әр түрлі процестері арқылы көрінеді. Бұл клеткалар мен тканьдердің тіршілік әрекетінің бұзылуына, ал күшті әсер еткен кезде бүкіл ағзаның радиоактивті сәулеленуі мен ауруының дамуына — сеуле ауруына шалдығуына әкеп соғады.[Көзге көрінбейтін өтімді сәулелерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады. Ал осы заттардың қасиетін – радиоактивтілік деді. Соңғы он жылдықта жаңа радиоактивті элементтер ашылды – торий(1898), актиний(1899), тарон және радо(1900), радиоторий(1905), мезоторий(1907) және т.б. барлық элементтердің атомдық нөмері 83-тен көбі радиоактивті болып табылды. Щынайы радиоактивтіліктер кейбір жеңіл элементтерде де анықталынды, оның ішінде калий, рубидий, самария, лантан және рений изотоптары.Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді.

46 Тірі организмдердің радиосезімталдық және радиорезистенттіліке анықтама беріңіз

Табиғатта радиосезімталдық өте кең диапозонды, өте төмен радиосезімталдық бактерияларда байқалады. Осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын Сахарада Франция атом бомбасының жарылғанында бүкіл тірі жәндіктер, жануарлар арасында қыршаян (скорпион) радиациямен әсерленбеген. Скорпиондар гамма – сәулелерінің жүз мың рентген күші бар орталықта аман – сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адмға оның 700 рентген дозасы қатерлі. Неліктен скорпиондардың радиосезімталдығының жоғы туралы жаңалық құпия, ол зерттелетін мәселелердің бірі екеніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамда радиацияның қауіпті әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа заттар жасап шығаруға мүкіндік берер еді. Ағзаның радиосезімталдығы табиғаттың негізінен екі жағдайына байланысты – сыртқы ортаның температурасы және табиғаттағы оттегінің концентрациясы. Радиорезистентность - (от радио... и лат. resisto - противостою) -устойчивость биологических объектов к действию ионизирующих излучений. Врадиобиологии чаще используют понятие радиочувствительность.

47 Табиғи және жасанды радиациялық фонға сипаттама

Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады.

Жасанды радиоактивтік изотоп биологияда және медицинада жиі қол-данылады. Оны қолдану тәсілдерін изотоптық тәсіл \изотопный метод\ және таңбаланған атомдар тәсілі \метод меченых атомов\деп атайды.

48 ҚР радиоэкологиялық мәселелер

Бұрынғы КСРО-ның барлық ядролық сынауларының 70%-ына жуығы 1949 - 1989 жылдар аралығында Қазақстанның аумағында өткізілді. Олардың басым бөлігі, 116 ауадағы және жер бетіндегі жарылыстарды қоса алғанда, Семей полигонында (ССП) өткізілді. Мұнда КСРО-дағы алғашқы атом бомбасы (1949 ж.) және әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы (1955 ж.) сыналды. Қазақстан аумағындағы ядролық сынаулар салдарын зерделеу мен қоршаған ортаның одан әрі ластануын болдырмау - Республика алдында тұрған неғұрлым көкейтесті мәселелердің қатарында болып табылады. ҚР Үкіметімен анықталған ҰЯО қызметіндегі басым міндеттердің бірі Қазақстан аумағындағы ядролық қаруды сынау салдарын жою болып табылады.

49 Адам денсаулығына әсер ететін ластаушы заттар: ксенобиотиктерге анықтама

Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар біріншіорын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді

50 Адам денсаулығына әсер ететін факторларды сараптаңыз

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді. 1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады. 2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді. 3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді.

 

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-24; Просмотров: 1491; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.03 сек.