Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кредит саны - 4 7 страница




Елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың тыныштығы мен белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалды залал келтіруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару үшін, құқық бұзушылық туралы тәркіленіп, сонымен бірге айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға санкция көзделген.

Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі болып 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Бұл әрекет абайсызда немесе қасақана жасалуы мүмкін. Ал егер, тура осы әрекетті 16 жасқа толмаған адам жасаса, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға заң негізінде рұқсат бар. Бұл осы баптың 3 тармағында жазылған.

Осы баптың 2-ші және 1-ші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін айлық есептік көрсеткіштің 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады немесе оннан он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, түнгі уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, соның ішінде тұрғын үй-жайларға және олардың сыртында шұғыл қажеттіліксіз шу шығаратын жұмыстардаы жүргізу – 333 баптың “Тыныштықты бұзу” диспозициясы осындай әрекеттерге музыканың қатты ойнауын, дауыстап ән салуды, түнгі уақытта музыкалық аспаптарда ойнауды жатқызуға болады. Бұл құқық бұзушылықтың субьектісі болып 16 жасқа толған азаматтар табылады.

Обьективтік жағын саралау кезінде тыныштықты бұзу уақытына ғана емес, орнына және тәсіліне назар аудару керек. Сонымен бірге бұл әрекет және әрекетсіздік те болуы мүмкін. Бұл үшін көзделген шараны ескерту жасауды немесе айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – беске дейінгі, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл ішкі істер органдары салады.

Қазіргі уақытта 334 бап көздейтін “Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру” деп сараланған құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Яғни, мемлекттік өртке қарсы қызметті, полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақырып, сол арқылы жоғарыда көзделген қызметтерді материалдық шығынға әкеліп соғады. Бұл құқық бұзушылықтың тектік объектісі – мемлекеттік жедел қызмет көрсету мекемелерін шақыру ережелерін сақтау негізінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Объективтік жағы тікелей қасақанылықпен сипатталады. Субъектісі – ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. Осы субъектілер арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру үшін, кәмелетке толған болса, айлық есептік көрсеткіштің 20 дейінгі мөлшерінде, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса, айлық есептік көрсеткіштің 10 дейінгі мөлшерінде ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға салық арқылы немесе ескерту арқылы шара қолданылады. Егер жоғарыда айтылған әрекетті жасау үшін көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталанып жасалынса немесе аварияларды, өрттерді, табиға апат зардаптарын жою кезеңінде жасалса, айлық есептік көрсеткіштің 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Кей жағдайларда бұл әрекеттер абайсызда жасалуы мүмкін деген ойлар да болады. Бірақ, абайсыз кінә нақты дәлелденуі керек.

Үйде жасалатын күшті спирт ішімдіктерін дайындау және сату да қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қарсы жасалынатын әрекеттер қатарына жатқызылады. Бұндай ішімдіктерге ӘҚтК – ке сай самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күшті спирт ішімдіктері жатады. Олар заңсыз дайындалып, сату үшін тауар болады. Бұл құқық бұзушылықтың субъектісі – жеке тұлға; субъективтік жағы – қасақаналық; объектісі – спиррттік ішімдіктерді дайындау және сату айналасында заңға бағынышты қатынастар, яғни сол қатынастарға қол сұғылады; ал объективтік жағы – заңға бағынышты белсенді іс-әрекет. Осыған қолданылатын санкция – спирт ішімдіктерін, аппараттарды, шикізаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 3-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу.

Жергілікті атқарушы орган спирт ішімдіктерін құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық оырндарға адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіргендей мас күйінде келу – 336 баптың – «Спирт ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу» - 1-ші тармағы. Осында көзделген әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Егер тура осы әрекеттерді 1 жыл ішінде қайталап жасаса ғана, ал 1 жыл уақыттан кейін барып тағы жасалса, айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшері айыппұл ретінде өндіріліп алады. Ал, егер 1 жыл ішінде 2 рет қайталанып жасаса, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, ерекше жағдайларда, бұл шара жеткіліксіз деп танылса, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

336 – 1 бабы кейін енгізілген баптарының бірі. Мүмкін бұл азаматтардың қоғамдық орындарда темекі шегуінен болатын жаман, теріс салдардың көбейіп кетуінен болар. Яғни, Қазақстан Республикасының заңдарында жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу деген әкімшілік құқық бұзушылық түрі көзделген. Ол үшін көрсетілген шара 1 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салу.

Осы баптың 2-ші тармағына сәйкес 1 жыл ішінде нақ сол әрекетті жасағаны үшін айыппұл мөлшері өсіп, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде орнатылады.

Сондай-ақ, жұмыс берушінің темекі шегу үшін арнайы орындар бөлуді көздейтін заңдарды бұзу, арнаулы белгіленбеген орныдарды темекі шегушілерге шаралар қолданбайы үшін лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің 10 дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – 40 дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Келесі баптың бар болуы қоғамдық тәртіптің, мәдениеттіліктің, әлеуметтік ықпал ету шараларының деңгейлерінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. [8] Бұл 337 «Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі» бабы. Яғни, 16 жасқа толмағандардың қоғамдық орындарға мас келуі және спирт ішімдіктерін ішу – қоғамдық тәртіпке, ал біріншіден жастардың имандылығына қайшы келетін әрекеті. Бұл әрекеттер ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Яғни, бұл жағдайда ата-аналардың жастарға ықпалының қаншалықты екені көрсетіледі. Бұл әрекеттің субъективтік жағы – не қасақана, не абайсызда болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ірі қалаларда әр түрлі ойын-сауық орындары ашылуда. Олар адамдарға бос уақыттарын қызық өткізуге көмектесетін орындар деп есептеледі. Бірақ, олардың ең пайдалы, табысты, адамдарды көп тартатын түрі – құмар ойындар заңмен көзделген орындардан тыс ұйымдастырылып, адамдарды шығынға тартуды басты мақсат етіп қояды. Осындай ойындарға қатысу, сол сияқтыоларды өткізуге арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тігу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 2-ден 5-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әәкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Ал, 16 жасқа толмағандарды осындай ойындарға тарту - айлық есептік көрсеткіштің 5-тен 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Осындай құқық бұзушылықтар субъектісі азаматтар, шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады. Объективтік жағы - әрекет (әрекетсіздік). Субъективтік жағы – қасақаналық.

339 бап – «Эротикалық мазмұндағы өнімдерді жарнамалау». Оның мазмұны мынадай: «осы мақсаттар үшін бөлінбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнімдерді сату, тарату немесе жарнамалау, - аталған өнімдерді тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 20-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

А.А. Таранов осы баптың редакциясының нашар екені туралы былай дейді: «өнімдерді жарнамалау түсінігі сату, тарату деген әрекеттерді қамти алмайды. Екіншіден, эротикалық мазмұндағы өнімдердің нақты түсініктемесі берілмеген, яғни оларды басқа өнімдерден айырудың белгілері жоқ. Үшіншіден, мұндай өнімдерді көрсетіп, сатуға, таратуға не жарнамалауға болатын орындар көрсетілмеген. Ал, ол іс қозғау үшін кедергі болуы мүмкін». Бұл әрекеттердің субъектісі болып азаматтар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар саналады.

ӘҚтК-тің 340 бабы мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану ережелерін бұзу үшін – азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің 5-ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға негіз болады. Сонымен қатар, кодекстің соңғы бабы мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескрткіштеріне немесе табиғи объектілерін қорлау, егер онда қылмыстың белгілері болмаса, - айлық есептік көрсеткіштің 5-тен 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Ал, осы әрекеттер кәмелетке толмағандармен жасалса, ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 569; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.