Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кімшілік жаза 2 страница




Заңдылық және жеке дара қағидаларын ұстана отырып әкімшілік жазаны қолдануды қамтамасыз ету.

Заңдылық қағидасы:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырып жатқан өкілеті тұлға немесе арнайы орган кінәліге тек қана жаза қолдануы мүмкін, ол заң актілерінде белгіленуі мүмкін және ол нормативтік актілер санкциясы шеңберінде қарастырылуы қажет.

2. Тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оған заңсыз әкімшілік жаза түрлерін қолдану заңсыз әрекет болып табылады.

3. Сонымен қатар заңсыз әрекеттер дұрыс саралануы қажет

4. Арнайы органның немесе өкілетті тұлғаның өздерінің өкілеттігі шеңберінде ғана істі қарастыру.

Жеке-дара қағидасы -әкімшілік жазаны қолдану барысында, құқық бұзушының өзінің жеке басы, кінәлінің дәрежесі, мүліктік жағдайы ескерілуі тиіс.

Әкімшілік жаза қолдану мерзімі:

Әкімшілік қамауға алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаларға берілген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан айыру (біліктілік аттестатынан, арнаулы рұқсаттан) айыру немесе оның қолданылу қызметінің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тоқтата тұру мерзімі – жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану барысында қаулының орындалуы ақталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану:

Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады.

Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган (лауазымды тұлға) қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін ӘҚБК-те белгілеген үш еселенген ең жоғарғы мерзімінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда – отыз тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік қамауға алу қырық бес тәуліктен аспауға тиіс.

 

Әкімшілік жазаға түсініктеме беру үшін жазаларды бірнеше негіз бойынша жіктейді, және оларды жеке ажыратып қарастыру керек деген. Олар: - түрлері бойынша,- процессуалды қамтамасыз ету бойынша,- тағайындау бойынша, мерзімі, уақытына қарай,- құқық бұзушылықты болдырмау функциялары бойынша жіктейді. Осы барлық жазалар жалпы бір жүйені құрайды. Көп ғалымдар өз жұмыстарында осы жүйені толық ашып көрсетпейді. Сондықтан да әкімшілік жазаның жүйесіне көп тоқталдым.

Тағы да бір мәселе, әкімшілік жазаны, соның ішінде жаза мақсатын азаматтар түсіне білмейді. Қоғамдық пікірлерге құлақ шалсақ, біреулер жазаларды қатайту керек десе, біреулер ізгілік принципін қолданып, тек айыппұл салуды қалдыру керек дейді.

Шет елдерде әкімшілік жазаға көп көңіл бөледі және жазаның мақсатын толық ашып көрсетеді. Мысалы, Солтүстік АҚШ-та жылына 8790 адамға әкімшілік жаза қолданады. Оларда әкімшілік жаза, қылмыстыққа қарағанда қөп қолданылады. Өйткені соттылық атаққа іліккендер күннен-күнге өсіп жатыр. Сондықтан да олар әкімшілік жазаның айыппұл түрін көп қолданады.

Мемлекет аясында шоғырланған мәжбүрлеу күші болғандықтан, мемлекет тарапынан жазалау саяси және құқықтық теория алаңдайтын аса маңызды мәселе болып отыр.

Осы және тағы да басқа әкімшілік жазаға қатысты мәселелерді қарастырдым. Қорыта келе мынадайды түйдім:

Әкімшілік жазамен қылмыстық жазаны айыра білу.

Әкімшілік жазаның мақсатын дұрыс ұғыну (ол азаматты тонау емес, құқық бұзушылықтарды алдын-алу және болдырмау).

Әкімшілік жазалардың түрлерін дұрыс ажырата білу.

Әкімшілік жазаны қолдану ережелері мен қағидаларын білу керек: а)заңдылық қағидасы, б)жеке-дара қағидасы

Егер де осы жүйені немесе ойларды біліп, әкімшілік жазаны дұрыс қолдануға болады. Және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталады. Бұл құқықтық мемлекетті құру барысында үлкен қадам болып есептелуі мүмкін

 

Әкімшілік жауаптылық: генезис, негізгі белгілері, құрылымы

1. Әкімшілік жауаптылық институтының қалыптасу тарихы

2. Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы

3. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

4. Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы

5. Әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

 

 

Әкімшілік жауаптылық институтының қалыптасу тарихы

«Жауапкершілік – адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқаруымен бірге өзіне жүктелген жауаптілікті орындау - оның кісілік беделін қалыптастырып,іскерлігін шындайды»Әйгілі филолог А.Алдамуратов.

Қоғамның санасында әкімшілік құқық жайында,ол — атқарушы билік органдарының күш көрсететін (мәжбүрлейтін) құралы, мемлекелік органдардың "қызметшісі" деген ұғым калыптасқан. Бірақ, өкіметтің және оның мүддесін білдіретін органдардың заңға бағынатындығьн, оларды өзара тендестіруге болмайтындығын бұл жерде ескермейміз[9]. Құқық, билік жайындағы ойлар әркімге тікелей беріле салатын нәрсе емес. Ойды жетілдіру қажет. Гегель былай деген: "Тек дұрыс ойлану ғана білім, заттың танымы, ал біздің танымымыз ғылыми болуы тиіс"[10].

Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасы құкық жүйесінің кескіндейтін (іргелі) саласы, құрамдас буыны бола тұрып, атқарушы органның еркін жай ғана жүзеге асырудан гөрі едәуір ауқымды құбылыс болып танылады. Мамандардың пайымдауынша, құқықтың өз басы қоғамның мәдениет институты, жалпы өркениеттілік процестің қажетті құрамдас бөлігі[11]. Осы идеялар контексінде әкімшілік күқықты императивтік тәжірибесімен, яғни мемлекеттің қоғам өмірінің экономикалық және басқа өрістеріне белсенді қатысу саясатымен шектеуге болмайды.

Әкімшілік жауаптылық әкімшілік құқығының бір саласы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз — жалпыға міндеті әкімшілік-құқықгық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ырықтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін — әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді. Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндікті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті пәс орындамау (мысалы, мемлекеттік стати-стикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құкық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың негіздемесі ретінде ол адамға әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады (нормативтік негіздемелерге құқық нормалары жатады, әкімшілік жауаптылық соларға сәйкес белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік жауаптылық- мемлекеттік органдар,лауазымды тұлғалар, атқарушы органдардың мемлекетпен белгіленген әкімшілік жаза шараларын құқық бұзушылыққа қарсы қолданатын амалы болып табылады.Қазір Қазақстанда көптеген әкімшілік ережелер қолдануа және әкімшілік құқық қаржы,еңбек секілді өзге құқық салаларымен байланыста.

Әкімшілік жауаптылық дегеніміз бұл кінәлі адамға әкімшілік құқығының зерттеу тақырыбы болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.

Жауаптылық дәрежесі өте ұзақ мерзімде пайда болып дамыған. Оның алғашқы бастамасы ретінде б.з.д. 399ж. Афинадағы Сократтың сотталуымен, ал аяқталуын – орта ғасырлар шегімен сәйкестендіруге болады.

Платонның фиософиясы және Сократқа қарсы жүргізілген өндіріс, осы фактілерінің барлығы жауаптылықтың дәрежесінің дамуында маңызды роль атқарды. Көнегректік және көнеримдік стоиктер философиясының негізі- тәртіп, адамдардың іс-әрекеті, оларға мемлекет пен биліктің қатынасы еді.

Рим империясының кезеңіндегі философтар және тарихшылар (Сенека, Эпиктет, Улпиан және т.б.) адамның туғанынан пайда болатын құқықтарды қорғауға бағытталған шараларды қолдаңған еді. Уақыт өте келе ежелгі Рим заңнамасында кінәлі тарапты тыңдау қағидасы пайда болды: «nemo inauditus damnari potest» (оны тыңдап алғанша,ешкім кінәлі деп саналмайды) деген мағынада қарастырылған[12].

Жауаптылық институты алғашқы кезінен бастап өз мақсаты ретінде жазаны әділдік қағидасын қолданып тағайындауды білдірген еді. Гоббстың жазуы бойынша: «Жаза тағайындаудың кемшілігі -ол жазаны мемлекеттік биліктің тағайындағаны» деп айтылған[13].

Мемлекеттік құқық саласы жауаптылық институтын алғашқы болып қабылдаған. Сонымен, 1 Петрдің Жарлығы 2 наурыздың 1711 жылы «Сенаттың билігі мен жауаптылығы» деп аталған[14].

Кешірек, XIX ғасырда жауаптылық ұғымы қылмыстық және азаматтық құқық салаларына енеді. Әкімшілік құқық болса тек XX ғасырда заңнамада пайда болады[15].

Шын мәнінде Кеңестік 50ж. әкімшілік жауаптылық түсінігі мен термині әкімшілік құқық ғылымында жаналық болып,оны зерттеуге деген ынта 60-80ж.әкімшілік жауаптылық институтын оқып қарастыру әкімшілік құқықтық зерттеулерде маңыздысына айналып,бұл тақырыпқа арнала әдебиеттер монобланы жазыла,ды.Жалпы өткен онжылдықтарда ресей әкімшілік-ғалымдары Д.Н Бахрах,И.А Галагин,И.И Веремеенко,Б.Л Лазарев,А.Е Лунев,Г.Н Салищева,М.С Студеникина,Л.Л Попов,А.П Шергин және т.б. 1980ж.Кеңестік,1984-86 ж.Кеңестік Республикаларының Кодекстері әкімшілік құқық бұзушылықтың теориялық негізін салады.

Әкімшілік заңдылықтың элеметтері ең алғаш рет Францияда пайда болды. 17ғасырда монархқа бағынған,төменгі әкімшілікті бақылап,азаматтардың дауларын,әкімшілікпен байланысты талаптарын шешетін провинциялық басқарушы орган - интенданттар пайда болды.17ғ. аяғында бұл органның құзіреті арта түсіп,король азаматтық,кейін қылмыстық істерді жүргізу уәкілеттігінен айырылады.Интенданттардың шешімдерін Мемлекеттік Кеңес қарастырып,бірте-бірте бұл органның беделі күшейеді. 18ғ.Людовик ХIII кезінде Мемлекеттік Кеңес корольдің барлық әкімшілігін басқарады.Интенданттар мен Мемлекеттік Кеңес арасындағы шиеленіс нәтижесінде 1789ж.23маусым және 22желтоқсандағы шыққан заңдар интенданттарды жойып,жаңа департаменттер пайда болады,ал Кеңес –Министрлер кеңесі ретінде қайта құрылады.1790ж.Ұлттық жиналыс соттық-әкімшілік функцияларын атқара бастайды.Францияның әкімшілік институттарының қалыптасуындағы басты қағида-соттардан тәуелсіз,еркін,күшті әкімшілік биліктің болуы.

Әкімшілік жауаптылығының негізгі белгілері ұғымын айқындай отырып көптеген әкімшілік-ғалымдары бұл мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік құқық бұзушылыққа жазалау, әкімшілік санкциясын қолдануымен сипатталатын «әсерлестік»формасы деп тұжырымдайды.Әсерлестік әр түрде жүзеге асады,өндеп алу –оның бір түрі. Сондықтан әкімшілік жауаптылық,мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсерін сипаттай отырып,ең біріншіден, бұл құзіретті орган немесе лауазымды тұлға айып салып,құқық бұзушылық бойынша тергеу жүргізетінін айтып кеткен жөн.

Әкімшілік жауаптылықтың басты ерекшеліктерінің бірі -өкілетті орган, лауазымды тұлғаның билік құзіретіндегі әсер ету шараларын қолдана отырып (протокол толтыру), оны жасаған құқық бұзушылығы жөнінде түсініктеме беру құқығын айту болып табылады.Басқаша айтқанда,мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа әсер ету формасы тұлғаны айыптау және оның құқық бұзушылық негізін түсіндіру құқығы секілді процессуалдық іс әрекеттерімен белгіленеді.Бірақ ешкімнің де кінәлі тұлғаны түсініктеме беруге мәжбүр ете алмайды, себебі бұл құқық бұзышылық жасаған тұлғаның жеке құқығы.

Әкімшілік жауаптылықты мемлекеттік органдардың заңмен тыйым салынған іс әрекеттерді жасауға ықпалы ретінде сипаттала отырып,бұндай әсерлестік жасалған әрекетті «теріс бағалау» арқылы жазаға тартумен белгіленеді.Әкімшілік тәртіпсіздікке берілетін теріс бағалау – уәкілетті органмен жүзеге асатын өзіндік әсер ету шарасы.

Әкімшілік жауаптылық өзіне тән спецификалық өндіріс формаларында жүзеге асады.Мемлекеттік басқару органдарының заңдылық тәртібімен жазалау шаралары алдын-ала белгіленген ереже,процедуралары арқылы жүргізілгені өте маңызды.

Сонымен қатар әкімшілік жауаптылықтың мынадай белгілері бар:

1) оны мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы әсерлестігі (реакциясы) деп қарастырамыз және ол әкімшілік жаза шараларын кодданудан көрініс табады;

2) құқық бұзушыға күқықтық "шығын" келтіреді және ол әкімшілік күқық бұзған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ сол құқық бұзған адамды, басқа да адамдарды жаңа құқық бұзушылық жасаудан сақтандыру мақсатында қолданылады;

3) онда адамның ар-намысын таптау, оған күйзеліс келтіру, жеке (немесе заңды) тұлғаның іскерлік беделін түсіру мақсаты болмайды.

Әкімшілік жауапкершілік арнайы процедуралар белгіленген тәртіпте сақталып, белгіленген іс жүргізу формаларында жүзеге асырылады.

Қылмыстық-құқыктық, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарағанда әкімшілік жауапкершілік:

1) құқыққа қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) фактысы үшін;

2) әкімшілік-құқықтық нормаларда көзделген жағдайларда;

3) уәкілеттігі бар органдар (лауазымды адамдар) арқылы сот және әкімшілік тәртібінде қолданылады.

Францияның әкімшілік құқығы - әкімшілік органдардың,лауазымды тұлғалардың ұйымдастырылуы мен шығармашылығын реттейтін құқық саласы.Мемлекеттік қызметкерлердің саны мен шенін анықтау да әкімшілік құқығының әрекет ету аясы.Бұл органдар заңшығарушымен белгіленген қоғам өмірінде саяси шешімдер шығарып,мемлекетте ерекше орынға ие.Әкімшілік органдарының шығармашылық нәтижесі – мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық,саяси жағдайын анықтайды. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – Конституциялық және өзге заңдар,әкімшілік органдар мен әкімшілік соттардың шешімдері.Францияда Кодекстердің орнына қоғамдастықтар,мемлекеттік меншік,зейнетақы,мемлекеттік және қалалық шаруашылықты реттейтін 30 аса заң жинақтары мен актілер қолданады.

Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы

Ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық - міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат, сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергшікті өзін-өзі басқару органдары болып табылатын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер лауазымды адамдар ретінде жауаптылықта болады[16].

Әкімшілік кодекстің баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін занды тұлға ретінде жауаптылықта болады.

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкілеттігі бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын(яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан зандық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасыньщ басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

Атап айта кететін бір жағдай - әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, Ішкі Істер Органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы қызметкерлері, салык полициясы мен кеден органдарынын қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушьшық үшін

тиісті органдарда қызмет өтеу төртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауапттылыкта болады.

Жоғарыда аталған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялык заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерін, аң аулау, балық аулау ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану меи қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Аталған адамдарга - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу түрінде, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орьшдарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрінде де әкімшілік жаза қолдануға болмайды.

Қызмет туралы тәртіптік жарғылардың немесе арнайы ережелердің күші қолданылатын, аталғандардан басқа адамдар осы актілерде тікелей кезделген жағдайларда - қызмет міндеттерін атқару кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықта, ал қалган жағдайларда жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады.

Әкімшілік жаза қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар), аталған адамдарға әкімшілік, жаза қолданудын орнына, кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті орғандарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруі мүмкін.

Егер әкімшілік кодекстің нормаларында олар жеке адамға немесе занды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтындығы - туралы көрсетілмесе, осы нормалардың мәні бойынша олар тек жеке адамға қатысты жэне соған ғана қолданылуы мүмкін жағдайлардыІ қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғага қатысты бірдей дәрежеде қолданылады.

Дербес салық төлеуші болып табылатын және салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған занды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері занды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады[17].

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

ҚРӘҚтК-де барлық посткеңестік кеңістікте алғаш рет заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелерін регламентациялауға әрекет етілді.Кодекс күшіне енгесін алқалы субект-занды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде теориялық та,тәжірибелік сипаттағы да бірталай проблемалар туындады.Аса даулы мән-жай ҚРӘҚтК-нің 36б. «Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы» ҚР және әкімшілік жауаптылық қағидаларымен ара қатынысы болып табылады.

ҚРАКтК-тің 33б.сәйкес заңды тұлға анықтамасы: «Меншік,шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап беретін,өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,оларды жүзеге асыра алатын,сотта талапкер,жауапкер бола алатын ұйым-заңды тұлға деп танылады».Бұл анықтама барлық әрекет етіп жатқан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың шығармашылық мақсаттары,меншік түрлеріне қарамастан қамтиды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1617; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.