Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кімшілік жаза 4 страница




Мелекеттік орган әкімшілік өндеп алу шарасын қолданар алдында Кодексте көзделмеген өзге де жауаптылықты жеңілдететінмән-жайларды қарастыуы мүмкін.Ол:соғыс пен еңбек ардагерлері,көп балалы ата-аналар,мемлекеттіе наградаларға ие тұлғалар,т.б.

РӘтК-нің 62 бабында әкімшілік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленген.ӘҚтК туралы заңшығармашылық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға заңи анықтама берді-құқық бұзушылық жасаған тұлғаның зияндылығының аса үлкен дәрежесін куәландіратін кінәлінің жеке басы жөніндегі мәліметтер,қауіпті ерекшеліктері қарастырылады. басы жөніндегі мәліметтер,құқық бұзушылықтың қоғамға қауіпті ерекшеліктері қарастырылады.Бұл жағдайда өндеп алу үлкен мөлшерде қолданылады,бірақ санкцияда көрсетілген шегінен аспауы керек.

Құқыққа қарсы мінез-құлықты,прокурордың заңды түсіндіргеніне және оны тоқтату туралы оған уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан оны жалғастыра беру.Уәкілетті органның талаптарын елемеу құқық бұзушының белгіленген тәртіпті бұзудан бас тартқаны,қауіпті зардапты тоқтатқысы келмейтіндігіне куә болады.Заңды тәртіпті орындамауы қоғамды сыйламаушылық пен агрессияны көрсетеді.Белгілеп кететін жай,тек уәкілетті орган қызметкері құқық бұзушылықты тоқтату талабын елемеген жағдайда бұл жауаптылықты ауырлататын жай болып саналады,ал өзге жағдайларда ауырлататын мән-жай болып есептелмейді.

Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту.Бұл жағдай кәмелетке толмағандарды ересек құқық бұзушылардың ықпалынан сақтау үшін заңшығармашымен қарастырылған жағдай.Кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту қандай тәсілмен(алдау,мәжбүрлеу,азғыру)жүзеге асқанына мән берілмейді.

Маскүнемдік,нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.Әкімшілік құқық бұзушылықтың маскүнемдік күйінде жасаудың қатан жазалануының мақсаты-құқық бұзушылық жасау шартының кен таралған түрін жою.Қазір спирт ішімдіктерін ішу мәселесі өте өзекті болып,кең таралған.Бұл мәселе қоғамымыздың демократиялық игілігіне кері әсерін тигізетін,қылмыстылықтан әлеуметтік мәселеге ауысқаны күмән тудырмайды.

ӘҚтК- тің 61-62баптардың мазмұнынан жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың ауқымдылығын айқындайды.Яғни істі қарастыра отырып,лауазымды тұлға өзге бір ауырлататын не жеңілдететін мән-жай ретінде тануға тиісті емес.

Әр адам ерік-жігеріне,қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді.Жүктелген міндетіне жауапкершілігімен қарайтын адам туған туыстары,жолдастары,ұжымдағы,қызметтегі жалпы әлеумет пен қоғам алдында жоғары бағаланып,оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады.Өз ісі үшін әр адам өз алдында жауапты.Істеген ісінің нәтижесі қоғамға не пайда не зиян келтіреді.Зиянды ісі үшін азамат заң алдында жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Заң әдебиетінде әкімшілік құқықты ғылым ретінде және кұқық саласы ретінде қарастыру мәселесі осы уақытқа дейін талас тудыруда.

Әкімшілік-әміршілдік режим жағдайында бұл ғылым құқықтық шындықтың кең ауқымды құбылыстарын талдады. Сондықтан да оны көптеген мамандар мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы деп қарастырды. Сөз жоқ, әкімшілік құқық мемлекеттік органдардың атқарушылық-өкілдік қызметі барысында туындайтын қатынастарды жанама түрге келтіреді, бірақ олардың кейбіреулері ғана өздерінің мәндік сипатына қарай әкімшілік-қүқықтық болып табылады.

Әкімшілік құқықты ғылыми пән деп алсақ ол әкімшіліктік-құқықтық құбылыстар туралы санаттардың, ой-толғаныстардың және тұжырымдардың жүйесін құрайды. Әкімшілік құқық құқык саласы және заңнаманың тиісті тармағы ретінде оның негізі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылық тақырыбын қорытындылай отырып, бүгінгі таңда Қазақстанның әкімшілік жауаптылығының дамуы уақыт өте келе қарқынды дамып келе жатқанын айтқым келеді.Қоғамның заңға сәйкес өмір сүріп,тәріпті сақтауынсыз ешбір мемлекет гүлденіп,өркениетке жетпейді.Демократиялы қоғамның негізгі тірегі – заң жоғарылығы.Кәмелетке толмағандардың арасында кең өріс алған қоғамдық жерлерде масан күйде жүрулері,нашақорлықпен айналысу,қоғамдық жерлерде тәртіпті бұзушылық маңызды мәселеге айналды.Нарықтық қатынастарға көшуге сейкес кәмелетке толмағандармен айналысудың жаңа тәсілдерін табу қажет.Олармен профилактикалық жұмыстарды жүргізуге тиісті координациялық орталықтарының жетіспеуі қиыншылықтар туғызады.Мемлекетіміздің экономикалық саласындағы жетістіктеріне байланысты шетелдіктердің соңғы жылдары көп келуі,олардың әкімшілік салада заңдылықты,қоғамдық тәртіпті сақтауы,ал оны бұзған жағдайда жауаптылығы да әкімшілік жауаптылықтың маңыздылығын ерекшелейді.

Болашақта құқықтық,зайырлы,әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы республикада қоғамдық тәртіптілік сақтау мен құқық бұзушылыққа қарсы күреспен байланысты.Сондықтан да әкімшілік құқық саласының,әкімшілік жауаптылық институтының нәтижелі әрекет етуі өзекті мәселе.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Кодексі (2005 ж. 8 шілдеге берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Алексеев С.С. Общая теория права. Курс в двух томах. Т. 1. - М.: Юрид. лит., 1981

4. Алпысбаева М.А., Ақымбеков О.Қ. Әкімшілік құқық. Оқу қуралы —Алматы, 2003

5. Бахралинов А.С. Особенности административной ответственности несовершеннолетних. Материалы международной научно-теоретической конференции.

6. Бахрах Д.Н. Административное право. М.: БЕК, 1993

7. Бельский К.С. Административная ответственность; генезис, основные признаки, структура. Государство и право. 1999, № 12

8. Гамзатов Я. Б. Законодательство об административных правонарушениях в РФ (Проблемы и перспективы). Дисс.... к.ю.н. М., 1995

9. Гегель Г.В. Ф.Философия религии. М., 1975

10. Гегель о научных способах исследования естественного права, его месте в практической философии и его отношении к науке о позитивном праве. Политические произведения. М.: Наука, 1978

11. Гегель. Политические произведения. М.: Наука, 1978

12. Диалектическая логика. Категории сферы сущности и целостности. Алма-Ата, 1987

13. Краснов М.А. Ответственность в системе народного представительства. Автореф. докт. дисс. М., 1993

14. Обстоятельства, смягчающие и отягчающие административную ответственность. Научные труды РАЮН. № 1

15. Парламент и законодательная власть Казахстана. Отв. редактор А.А.Таранов. Алматы. Жеті Жарғы, 1995

16. Полное собрание Законов Российской империи. Т. 4. СПб., 1830

17. Правовая система социализма. В двух книгах. Кн. 2, М.: Юрид. Лит., 1987, С. 140.

18. Рамазанов Ж. Особенности административной ответственности юридических лиц по законодательству Республики Казахстан. Актуальные вопросы юридической практики. Предприниматель и право. № 4 (218), 2003 февраль

19. Таранов А.А. Административная ответственность в Республике Казахстан. Алматы. Жеті Жарғы, 1997

20. Тузельбаев Е.О.. Административная ответственность за незаконный оборот наркотических средств в РК. «Современное право», № 10, 2004

21. Чукмаитов Д.С.. Предупреждение преступности. Алматы. Баспа, 1998

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша істер жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша істер жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрылымына кіреді. Әкімшілік өндірістің бұл түрі әкімшілік құқықтың материалыдқ және іс-жүргізу нормаларымен барынша толық реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің өндірісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі. Бұл өндірістің мынадай міндеттер заңмен анықталып берілген:

әр істің мән-жайын уақытылы, жан-жақты, толық және әділ айқындау;

істі заңнамаға сәйкестендіріп шешу;

шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау;

құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту.

Кейде жоғарыда аталған міндеттер орындалмай, заңдылық сақталмайды. Мысалы, іс бойынша шешімдер, көбіне жабық отырыстарда және шағын аудиторияларды қабылданады. Кейбір жағдайларда хаттамалар жасалынбайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде беріледі. Іс қаралған кезде құқық бұзушы мен іс бойынша шешім қабылдайтын және оны сол жерде орындайтын лауазымды адам ғана болады. Әкімшілік бәсекелестік принципіне қарамастан процеске адвокаттың, прокурордың міндетті түрде қатысуы болмайды, кейде құқық бұзушының өзі де қатыспайды.[19]

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің екі түрін бөліп алуға болады, олар әдеттегідей және оңайлатылған әдеттегі өндіріс түрі істердің көпшілігіне тән, ол заңнамада жан-жақты реттелген. Кодексте тікелей көзделген істер жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қаралады. Онда іс жүргізу әрекеттері аз әрі жеңіл болады.

ӘҚтК-ке сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады. Олар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі қозғау; істі қарау; іс бойынша қаулы шығару; қабылданған шешімді орындау; шешіімге шағым және наразылық келтіру.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау өндірістің бастапқы сатысы болып табылады, онла нақты мақсат болады және іс жүргізу құжатын – хаттаманы толтыруда. Заңға сәйкес айыппұл салынып алынатын, ол құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту берілетін жағдайдан басқа реттерде уәкілеттік берілген лауазымды адам хаттама толтыруға тиіс.

Іс-қозғау – жасалғандығы анықталған және іс жүргізуді рәсімдемен құқық бұзушылықтың салдары болып табылатын нақты әкімшілік іс жүргізу қатынасының туындауына әкеліп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға ӘҚтК-нің 636-бабында өзіне уәкілеттік берілген адам құқылы (ішкі істер органдарының, атқарушы органдарының, көлік инспекциясы органдарының, сот орындаушылар, тағы басқа лауазымды адамдар). Сонымен қоса, 634 баптың 3 тармағына сәйкес істің прокурордың қаулысының негізінде қозғалуы мүмкін.

Ал, хаттаманың өзіне мынадай талаптар қойылады: оны толтырған күн және орын көрсетілуі; оны жасаған адам жайында деректер, аты-жөні, қызметі; құқық бұзушылық жасаған адам туралы мәліметтер; әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыты, оның мәні; құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік акт; куәлар мен жәбірленушілердің көрсетулері; құқық бұзушының түсініктемесі; істі шешуге қажетті басқа да мәліметтер. Хаттамаға оны жасаған адам, құқық бұзушы, егер бар болса, куә және жәбірленуші қол қояды. Құқық бұзушы өз түсініктемелері мен ескертулерін ұсынуға құқылы, олар хаттамаға тіркеледі.

Хаттма бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге уәкілетті органға жіберілуі тиіс.

Заңда тікелей көзделген кейбір жағдайларда хаттамаға жасау міндетті емес. Мысалы, темір жол көлігінде тәртіпті қорғау және жүру қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді бұзғанда, әуе кемесінде өзін қалай ұстау ережелерін бұзғанда, егер адам өзіне берілетін әкімшілік жазаға қарсы болмаса, сондай-ақ айыппұл салынып алынатын, ал ескерту құқық бұзылған жерде тіркелетін басқа да жағдайларда хаттама жасалынбайды.

Егер хаттама жасау міндетті болса, ал оны сол жерде жасау мүмкін болмаса, уәкілетті адам құқық бұзушыны полицияға жеткізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау сатысында, қажет болған жағдайда, құқық бұзушыға мынадай әкімшілік жол кесу шаралары қолданылуы мүмкін әкімшілік жолмен ұстау, үсті-басын қарау, заттарын қарау, заттарын және жеке құжаттарын алу. Бұл шараларды жүргізудегі мақсат әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету.

Әкімшілік жолмен ұстау тек заңда көзделген жағдайларда ған және оған өкілеттік берілген органдар арқылы жүзеге асырылады. Ұстаудың жалпы мерзімі 3 сағаттан, ал төтенше жағдайларда 3 тәуліктен аспауға тиіс (мерзім хаттама толтырғаннан кейін басталады).

Үсті – басты қарауға сол қаралатын адаммен бір жыныстағы, сондай әрекетке өкілеттігі бар адам сол жыныстағы басқа 2 адамның көзінше жасауға құқылы.

Жалпы, Жол кесу шараларын қолдану міндетті емес, ол тиісті құзыретті органның құқығы, қолданбауы не қолдануы өз еркісі.

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау - әкімшілік өндірістің негізгі сатысы онда іс жүргізу қызметінің осы түріне тән барлық негізгі ерекшеліктер, сипаттар көрініс табады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мына органдар иен лауазымды адамдар қарауға құқылы:

әкімшілік комиссиялары;

поселке, ауыл, село әкімшілігінің басшысы;

кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия;

аудандық (қалалық) соттар, судъялар;

ішкі істер органдары;

әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асырушысы органдар мен лауазымды адамдар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісіне қатысушы адамдардың құқықтық мәртебесін заң анықтайды. Оларға жататындар: әкімшілік жауапқа тартылатын адамдар, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куәгер, сарапшылар, аудармашы, маман, Прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі – уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алғанна кейін 15 күн. Істердің кейбір санаттары бойынша қысқартылған мерзімдер көзделген: ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе көпшілік орныдарда мас болып жүру және тағы басқа істер туралы – бір тәулік ішінде; рұқсатынсыз радиотартқыш құралдарын жасау және пайдалану туралы істер – үш тәулік ішінде; ұсақ ұрлық туралы істер – бес тәулік ішінде қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

істі қарайтын органның құрамын жариялау немесе лауазымды адамды таныстыру;

қандай істің қаралатындығы және кімнің жауапқа тартылатындығын төрағалық етушінің хабарлауы, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дауыстап оқу;

Іске қатысушыларды таңдау, дәлелдемелерді зерттеу.

Істі қарау кезінде мынадай сұрақтарға жауап табу міндетті: Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған ба, бұл адам оның жасалуына кінәлі ме, шараларды қолдануға негіз бар ма, кінәні ауырлататын немесе жеңіледетін мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірлді ме және де басқа да маңызды мән-жайлар бар ма?

Іс жүргізу мәліметтері хаттамада тіркеледі:

Өндірістің келесі кезеңі: 3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойныша қаулы шығару.

Қараудың нәтижесі бойнша уәкілетті орган (лауазымды адам) қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі: қаулы шығарған органның аты, іс қаралған күн; іс бойынша шешім шығарылған адамға қатысты мәліметтер; қаралған кезде анықталған мән-жайлардың баяндауы; осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік актіге сілтеме; іс бойынша қабылданған шешім; қаулыға шағын келтірудің тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша қаулы 2 түрлі болады:

әкімшілік жаза беру туралы;

іс өндірісін қысқарту туралы.

Іс бойнша өндірісті болдыртпайтын мән-жайлар бар жағдайларда, сондай-ақ басқа да мән-жайларға байланысты іс өндірісін қысқарту туралы қаулы шығарылады.

Қаулы іс қаралып болған бойда жарияланады. 3 күн мерзімде қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға, сондай-ақ, сұрап өтініш жасаған жәбірленушіге тапсырылады.

Істі қараған орган әкімшілік құқық бұзуға ықпалын тигізген себептер мен жағдайларды анықтаса, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарға сол себептер мен жағдайларды жою үшін шара қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Бұл адамдар 1 ай мерзімде қабылданған шаралар жайында ұсыныс енгізген органға хабарлауға міндетті.

Өндірістің төртінші сатысы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым және наразылық келтіру. Бұл өндірістің факультативтік белгісі болып табылады.

Іс бойынша шығарылған қаулыға шағымды өзіне қатысты қаулы шығарылған адам, сондай-ақ жәбірленуші келтіреді. Уәкілетті органның қаулысына жоғары тұрған органға, не сотқа шағымдануға болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған қаулыға прокурр наразылық келтіруі мүмкін.

Белгіленген мерзімде берілген шағым және прокурордың наразылығы қаулының орындалуын наразылық қаралғанша тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі – 10 күн, шағымды немесе наразылықты қараушы орган шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелдігін тексеруге, істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге міндетті. Содан кейін ол мына шешімдердің біреуін қабылдайды:

қаулы өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалады;

қаулы бұзылады, ал іс қайта қарауға жіберіледі;

қаулы бұзылады, іс қысқарады;

жазалау шарасы өзгереді, бірақ күшейтілмейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты қаулыға келтірілген шағым бойынша шешімге қадағалау тәртібіне прокурор, ао аудандық (қалалық) соттың шешіміне, сонымен қатар жоғары тұрған сот төрағасы наразылық келтіре алады.

4-ші кезең – қабылданған шешімді орындау сатысы - өндірістің ақырғы пункті.

Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың орындалуына міндетті болып келеді.

Мына жағдайларда атқарушы өндіріс қысқартылуы мүмкін: рақымшылық актісі, жауапкершілік белгіленген акт бұзылса, өзіне қатысты қаулы қабылданған адам өлсе.

Қысқартылған атқарушының өндіріс қайтадан қалпына келтірілмейді.

ӘҚтК-те әкімшілік жаза беру туралы қаулының орындалуын бақылау міндеттемесін қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) өзіне алады.

Ескерту түріндегі әкімшілік жаза беру туралы қаулыны оны шығарған орган, іс біткен бойда, ескертуді жариялау арқылы орындайды. Егер шешім құқық бұзушы жақ кезде шығарылса, онда қаулының көшірмесі оған 3 күнде тапсырылуы тиіс.

Егер айыппұл салу туралы қаулы шығарылса, онда айыппұлды құқық бұзушы өзіне қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей төлеуге тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмаған тартылып, ол оның өз жалақысы болмаса, онда айыппұл оның ата-анасынан өндіріледі.

ӘҚтК-те айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе оны азаматтық іс жүргізу ережелеріне сәйкес құқық бұзушының жалақысынан мәжбүрлеп өндіру көздлген.

Заттың құнын төлеп алу туралы қаулының орныдалуы мына тәртіпте жүргізіледі: қаулы негізінде алынған затты уәкілетті орган сол мүлік тұрған жердегі сауда ұйымына сатуға өткізіледі. Сатқаннан түскен ақшадан сол затты сатуға кеткен шығын ұсталып, қалғаны заттың бұрынғы иесіне беріледі.

Арнайы құқықтан айыру туралы қаулының орныдалуы жүргізуші куәлігін немесе ақша билетін белгілі бір мерзімге алу арқылы жүргізіледі.

Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыны ішкі істер органдары бірден орындайды. Бұл, ретте, қамауға алынған адам ішкі істер органдары белгіленген орында, қамауға алынған басқа сипаттағы адамдардан оқшау ұсталары. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамау мерзіміне кіреді.

Қазақстанда әкімшілік соттарды ұйымдастыру мәселесі

Соңғы жылдары өткізілген реформалардың нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінде жағымды өзгерістер болды.Мемлекетімізде өзге билік тармақтарынан тәуелсіз,жеке дара азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыратын сот билігі нығайды.Сонымен қатар соттардың жұмысын әрі қарай жетілдіру қажеттілігі бар.Республикада дамыған сот жүйесінің қалыптасуы адамдардың сотқа деген сенімділігімен тікелей байланысты.Қазір азаматтар өткен жылмен салыстырғанда өздерінің материялды және моральді дауларын шешуге, бұзылған құқықтарын қорғауға




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 881; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.