Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 1 страница




3. Халықаралық өзендердің құқықтық жағдайы

4. Антарктика мен Арктиканың құқықтық режимі

 

Халықаралық құқық бойынша аумақ (кең мағынада) – бұл құрлық және су айдындары, жер қойнауы және әуе кеңістігімен бірге бүкіл жер шары, сонымен қатар ғарыш кеңістігінің өзі.

Жердің барлық аумағы, құқықтық режимнің негізгі түрлеріне қарай үшке болінеді:

1. мемлекеттік аумақтар;

2. халықаралық режимдегі аумақтар;

3. аралас режимдегі аумақтар.

Халықаралық қатынастарда аумақтың маңызы өте зор. Аумақ - бұл әр мемлекеттің және бүкіл адамзаттың тіршілік ету ортасы және тіршіліктің материалдық базасы.

Аумақтық мәселелер маңызды халықаралық проблемалардыдың қатарына жатады және мемлекеттер арасындағы жиі пайда болатын келіспеушіліктердің себебі болады.

Мемлекеттік аумақ - бұл белгілі бір мемлекеттің егеменді аясында болатын, мемлекеттің толық және ерекше билігі таралатын аумақ. Мемлекеттік аумақтың шекаралары халықаралық құқыққа сәйкес анықталады және халықаралық келісімдермен бекітіледі.

Мемлекет өз аумағын халықаралық қағидаттар мен нормаларды ескере отырып, өзінің ішкі заңдарына сәйкес пайдаланады.

Мемлекеттік аумақ. Халықаралық құқық бойынша мемлекеттік аумақ - бұл жер шарының белгілі бір мемлекетке тесілі бөлігі және оның шегінде мемлекет өзінің аумақтық үстемдігін жүзеге асырады. Мемлекеттік аумақ құрамына жер қойнауы мен бірге, құрлық және су, олардың үстіндегі әуе кеністігі кіреді.

Мемлекеттің құрлықтық аумағы – бұл мемлекеттердің шекаралары ішінде орналасу жеріне қарамастан, барлық құрлық, аралдар мен анклавтар.

Анклав дегеніміз бір мемлекеттің немесе мемлекеттердің құрлық аумағымен толық қоршалған басқа мемлекет аумағының бөлігі. Анклав өз мемлекеті аумағының бөлінбес бөлігі болып табылады. Дүниежүзінде бірнеше анклавтар бар. Мыс., Франция аумағында орналасқан Испан қаласы Пливия. Ол Испаниядан Франция жерімен айырылған. Нидерланды аймағында Бельгия анклавтары орналасқан: Барле-Нассау және Барле –Хорты, керісінше Бельгия аумағында кішкентай Нидерланды анклавы орналасқан. Швейцария аумағында Германия анклавы Бюзенген орналасқан.

Халықаралық режимдегі аумақтар – бұл мемлекеттік аумақпен аралас режимдегі аумақ құрамына кірмейтін аумақтар: жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан су кеңістіктері; теңіз түбінің халықарарлық ауданы – жағалау мемлекеттерінің континентік қайранмен ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан теңіз түбімен оның жер қойнауы; мемлекеттік аумақтар шегінен тыс жатқан әуе кеңістігі; Антарктика; ғарыш кеңістігі; Ай және басқа аспан денелері.

Бұл аумақ мемлекеттердің ортақ пайдалануында болады және онда халықаралық қағидаттар мен нормалар қолданылады.

Аралас режимдегі аумақтар – бұл континенттік қайран мен ерекше экономикалық аймақ, яғни жағалау мемлекеттердің ұлттық заңдары нормалары мен қатар бір уақытта халықаралық құқықтық нормаларда қолданылатын аймақтар. Бұл аймақ мемлекеттердің егемендігі аясында болмайды және мемлекеттік аймақтар құрамына кірмейді. Бірақ, халықаралық құқыққа сәйкес, әрбір ондай ауданда жағалау мемлекеті табиғи ресурстарды зерттеуге, жетілдіруге және сақтауға қатысты өз егеменді құқықтарын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтармен міндеттерін жүзеге асырады.

Бұл құқықтардың көлемін халықаралық құқық анықтайды. Жекелеп айтсақ, олар – 1958 ж. Континенттік қайран туралы конвенция және 1982 ж. теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы.

Өз құқықтары шегінде әр мемлекет аталған қызмет түрлерін реттейтін заңдармен ережелерді шығарады.

 

2. Мемлекеттік шекара - құрлықта, әуеде, суда, жер қойнауында, мемлекеттік аумақтың шегін – карталарда және жерлерде анықтайтын сызық, яғни мемлекет егемендінің әрекет ету кеңістігінің шегі.

Мемлекеттік шекара мемлекет шекарасын басқа мемлекеттердің аумағынан, сонымен қатар халықаралық аумақтардан (ашық теніз және оның үстінде жатқан әуе кеңістігі) бөледі. Мемлекеттік шекара жер, су және әуе шекарасы болып бөлінеді. Жер шекарасы бойынша сызық тау және басқа құрғақ жерлері мен өтсе, су шекарасы өзеннен, теңізден және басқа да су кеңістігінен өткен, әуе шекарасы осы жер мен су шекарасының үстінен өтетін кеңістік. Әуе шекаралары жөнінде ешқандай ерекше келісімдер жасалмайды. Әуе кеңістігін ғарыш кеңістігінен бөлетін жоғары биіктік шек халықаралық құқықпен анықталмаған.

Халықаралық тәжірибеде қалыптасқан пікір бойынша әуе кеңістігінің биіктік шегі жер бетінен шамамен 110 км құрайды.

Шекаралас мемлекеттердің арасындағы мемлекеттік шекара делимитация мен демаркация арқылы анықталады және орнатылады. Делимитация мен демаркацияны мүдделі мемлекеттердің паритеттік негізде құрған аралас комиссиялары жүзеге асырады.

Делимитация – мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және сол сияқты құжаттарда өтуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіп қойылған табиғи немесе жасанды нүктелерге не бағдарларға негізделе отырып, кестелер мен карталарда толық суреттеледі.

Демаркация – бұл мемлекеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілермен (пирамида, бағана және т.б.) көрсету арқылы жүргізу. Демаркация жүргізгенде хаттама әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің суреттемелері еңгізілген жерлерде шекара сызығының өтуінің кестелермен және фотографиялармен бірге жан-жақты суреттемесі жасалады.

Редемаркация – бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау, жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру, шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді орнату.

 

3. Халықаралық өзендер – бұл екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумағынан өтетін өзендер. Олар мемлекеттер арасындағы халықаралық мәселелерді тұғызады. Ондай өзендердің ішінен мынандай өзендерді атауға олады: Дунай Амур, Рейн, Нигер, Конго, Амазонка және т.б..

Өзендердің құқықтық режимі жағалау мемлекеттредің арасындағы жасалған халықаралық шарттармен анықталады. Халықаралық өзендердің суларын пайдалану немесе олардың бойында өнер-кәсіптік объектілерді салғанда, жағалау мемлекеттері бір-бірінің және басқа мемлекеттердің аумағына зиян келтірмеуі керек, өзіндік ортаны, флора мен фаунаны тағы басқа қорғау және сақтау шараларын қолдануы керек.

Жағалау мемлекеттердің арасында халықаралық шарт болмасада, олар бір-біріне қатысты халықаралық өзендерді пайдалануға байланысты белгілі құқықтармен міндеттерді атқарады.

Халықаралық өзендерді пайдалануды реттейтін танымал халықаралық құжаттардың ішінен мыналарды атауға болады: 1966 ж. Халықаралық маңызы бар суларды пайдалану туралы Хельсинки ережелері (олар суларды үлестіру, өзендердің ластануын болдырмау, ағаш ағызу т.б. мәселелерін қарастырады);

1923 ж. Женева Конвенциясы оның материалдарының ішіне халықаралық өзендерде су электрстанциясын салу кезінде туындайтын мәселелелрді реттеу ережелері еңгізілген.

Кеме жүретін ірі өзендердің бірі - Дунай. Дунайда халықаралық кеме қатынасының режимі 1948ж. 18 тамызда Дунайда кеме қатынасының режимі туралы Конвенциямен реттеледі. Бұл Конвенцияның қатысушылары: Ресей, Украина, Болгария, Венгрия, Румыния, Югославия, Авсрия, Молдава, Германия, Харватия және т.б..

Конвенцияның 1 бабына сәйкес, порттық және навигациялық алымдарына, сауда және кеме қатынасының жағдайларына қатысты теңдік негізінде Дунайда навигация барлық мемлекеттердің азаматтарына, сауда кемелеріне және сауда кемелеріне, тауарларына ашық, еркін болады. Дунайға шекаралас емес мемлекеттердің әскери кемелеріне Дунайда жүзуге жол берілмейді.

Конвенцияның 30 бабына сәйкес, Дунай жағалауындағы мемлекттердің әскери, полициялық, кеден кемелері өз шекаралары шегінен тыс Дунай суында Дунайға шекаралас мемлекеттердің келісімімен жүзе алады. Әрбір Дунайға шекаралас басқа мемлекет өзінің өзен бөлігінде кеме қатынасының нақты ережелерін белгілейді.

 

4. Антарктиканың халықаралық құқықтық режимі 1959 ж. 1 желт. Антарктика туралы шартпен реттеледі. Бұл шартқа 12 мемлекет қол қойды. Олар: Аргентина, Австрия, Бельгия, Чили, Онт. Африка Одағы, КСРО, АҚШ, Англия және т.б..

1959 ж. шартқа қол қойғанға дейін Антарктика оның бөліктеріне құқықтарды жариялаған мемлекеттер мүдделерінің қақтығысуының объектісі болған. Антарктикада ғылыми зерттеулерді жүргізген жоғарыда аталған мемлекеттер Вашингтон Конференциясында Антарктика туралы шартқа қол қойды, ол 1961 ж күшіне енді.

Антарктиканы бейбіт мақсатта пайдалану туралы ереже шарттың негізгі ережесі болып табылады (1 бапта), барлық әскери сипатындағы іс –шараларға тыйым салынған.

 

Арктика – бұл жердің солтүстік аумағы. Оның құрамына аралдар мен Европа, Азия және Солтүстік Америка материктик құрлықтың жанасқан бөліктерімен бірге, терең Арктика бассейіні және таяз шеткі теңіздер жатады.

Арктиканың теңіз кеңістігі секторларға бөлінген. Әрбір сектор үшбұрыш нысанында болады және Солтүстік полюс оның төбесі болады. Ал табаны арктикалық мемлекеттердің жағалауы болады. Арктикалық мемлекеттер: Ресей, Норвегия, Канада, Дания, АҚШ. Арктикада олардың әрқайсысында өзінің секторы бар. Сектордың құрамына сектордың шегінде орналасқан аралдар мен архипилагтар кіреді және олар Арктика шекаралас мемлекеттің мемлекеттік шекарасына кіреді.

 

Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік

1. Халықаралық құқықтық жауапкершілік ұғымы

2. Халықаралық құқықтық жауапкершілік институтының қайнар көздері

3. Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің түрлері мен нысандары

4. Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі

 

Халықаралық құқық субъектілері халықаралық құқық нормаларын бұзған бір тараптың (немесе бірнеше тараптың) екінші тарап (тараптар) алдындығы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жайларды қалпына келтіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымда көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің мақсаттық міндеті туралы мәселе даулы болып келеді: үстем пкірлерге сәйкес, оның негізгі міндеті залалдың орнын толтыру, басқа тараптың өзгедей талаптарын қанағаттандыру деп танылады. Туынды ретінде халықаралық құқықтық жауапкершіліктің алдын алу міндеті қарастырылады (ХҚ-ның келешекте бұзылуының алдын алу). Халықаралық құқықтық жауапкершілікке қатысты жазалау міндеті тікелей даулы болып табылады.

 

2. Халықаралық құқықтық жауапкершілік институтының қайнар көздері

 

Қазіргі кезде халықаралық құқықтық жауапкершілік мәселелеріне арналған құқықтық нормалар халықаралық құқықтық жауапкершіліктің әртүрлі (салалық) қайнар көздерінде бар, негізінен және өзінің формасы жағынан бұлар халықаралық шарттар. Әмбебап сипаттағы шарттардың жарқын мысалы ретінде мыналарды келтіруге болады: БҰҰ Жарлығының 39,41,42 – баптары (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікке қауіп төнген, бейбітшілік бұзылған және басқыншылық болған жағдайдағы әрекеті), геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенция (1948 ж.), апартеид қылмысын тыю және ол үшін жазалау туралы конвенция (1973 ж.), Ғарыш нысандарына келтірген зияны үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция (1978 ж.), Адамды қинауға және аса қатыгездікпен оның ар-намысын таптауға және жалауға қарсы конвенция (1984 ж.), Босқындар мәртебесі туралы Конвенция (1951 ж.) және басқалар.

 

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің негізгі екі түрге бөлуге болады: материалдық және материалдық емес (оны кейде, «саяси«деп атайды). Материалдық түрдің шеңберінде мүліктік сипаты бар талап, яғни жауапкершілік іске асырылады деп болжамдалады. Ал, материалдық емес сипаттағы талаптар мен жауапкершілік іске асырылады.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктың материалдық емес түріне оның мынандай нысандары қарастырылады:

А) Сатисфакция – бұзушы субъект тарапынан болатын біржақты акт, онда құқығы бұзылған субъктінің талабын моралдық қанағаттандыруға ұмтылыс болады. Бұл: кешірім сұрау, мұндай бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлімдеме жасау, т.б. болуы мүмкін.

Б) Репрессалия – бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектіге қатысты қолданылатын біржақты актілер. Бұған ұқсас «реторсия«дегенде ұғым бар. Бұл нысандарда қайшылық сипат бар, олардың өзара айырмашылығы мынада, реторсия дегеніміз қырын қабақ сипаттағы әрекеттерге қарсы жасалатын әрекеттер, бірақ оларды жасағанда халықаралық құқық бұзылмайды (мысалы, белгілі бір адамды төтенше және өкілетті елші етіп тағайындауға агреман беруден бас тарту осы қызметке басқа кандидатураны ұсынуды реторсия ретінде ұзақ мерзімге қалдыруы мүмкін). Репрессалия – халықаралық құқықты бұзатын іс әрекеттерге қатысты қарсы қолданылатын әрекеттер (мысалы, қарулы агрессия актісіне қарсы жауап).

Репрессалия болған жағдайда оны қолданатындығын және репрессалияның мазмұны мен ауырлығының сол субъектіге қатысты халықаралық құқықтың алғаш бұзылғандағы мазмұн мен ауырлыққа шамалас екендігін алдын-ала ескерту туралы міндетті түрде талап белгіленеді. Реторсияларға қатысты мұндай талап қойылмайды.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің материалдық және материалдық емес түрлерінің аралығында орналасқан формаға ресторация жатады, ол халықаралық құқық бұзылғанға дейінгі күйді қалпына келтіру міндеттілігі, мысалы басқа мемлекеттің ішкі теңіз суларына заңсыз кірген әскери-теңіз кемелерін алып кету міндеті.

Мұндай міндет қандай да бір материалдық шығын келтіреді.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің материалдық түрі өз кезегінде мынадай нысандарды қарастырады:

А) өтем ақы (репарация) – негізінен залалдың орнын ақшалай толтыру. Бұл тұрғыдан алғанда, Грекия Жоғарғы сотының гректердің бірнеше ауылының тұрғындарына қатысты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде келген залал үшін Германияның қаржылық жауапкершілігі жөніндегі 2000 жылғы шешімі бір жағынан қызықта, екінші жағынан даулы болып табылады.

Б) реституция – келтірілген мүліктік зиянды сол түрінде қайтару, мысалы А мемлекеті Б мемлекетімен шекаралас аймақта адам мумиясын тауып, оны өз еліндегі тиісті мұражайға қойяды, бірақ кейін ол мумия табылған жердің Б мемлекетінің аумағына кіретіндігі анықталады., яғни халықаралық құқықтың бұзылғандығы анықталады. Бұл жағдайда А мемлекеті тауып алған мумияны Б мемлекетіне қайтаруға тиіс.

В) Субституция – келтірілген мүліктік зиянды мүлік заңсыз жойылып немесе бүлініп кеткендіктен, алмастырып, затай қайтару, оған мысалы ретінде жоғарыда айтылған мумияны алуға болады. Егер мумия тасымалдау кезінде немесе басқа бір себептермен қайтаруға жарамайтындай болып бүлінсе, А мемлекеті оның орнына Б мемлекетіне соған ұқсас мумия береді.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктен босатудың негіздемелері.

Халықаралық құқықтық жауапкершіліктен босатылатын мән жәйлар ретінде мына жағдайларды алуға болады:

1) жәбірленген тараптың халықаралық құқық нормаларын бұзатын іс әрекеттің жасалуына келісім беруі (басқаша айтқанда, араларындағы міндеттеме белгілі жағдайда орындалмайды деп тараптардың өзара келісуі).

Мұндай жағдайда халықаралық құқықтың бұзылғандығы туралы әнгіме болуға тиіс емес.

2) қарсы шаралар қолдану, оның ішінде заңсыз сипаттағы шаралар репрессалия деп аталады. Мұндай шаралар жүзеге асыру барысында келтірілген зиян қайтарылуға жатпайды.

3) өте қажеттіліктен жасалған әрекеттер. Бұл жерде атап айтқанда, мемлекетттердің халықаралық құқықтық жауапкершілік жөніндегі шарттың жобасына сәйкес (БҰҰ-ң халықаралық құқық Комиссиясы дайындаған) мына жағдайлар жайында:

а) қарсы тұруға болмайтын күш (форс-мажор) - қарсы тұруға болмайтын оқиға, ол көбіне, бірақ барлық жағдайда емес, табиғатпен байланыс болады, мемлекетті заңды әрекет жасау мүмкіндігінен айырады және кездей соқтық (мемлекет хқ-ты алдын ала көре білу емес оқиғалардың салдарынан бұзады, оның бұзылғанын байқамайда қалады, оның белгілерін анықтап дәлелдеу кей жағдайларда едәуір қиындық тудырады).

Б) мемлекетке қатысты өте қажеттілік – жасау нәтижесінде халықаралық құқық бұзылатын іс әрекет елеулі және тікелей төнген қауіптен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін қорғап қалудың бір ден бір құралы болып табылған жағдай.

4) өзін-өзі қорғау шаралары жайында. Осы жағдайдың қарсы шаралар қолданып мәжбүрлеуден (репрессалиядан) схемалық айырмашылық өлшемі сол, бұл қарастырылып отырған жағдайда басқа мемлекет тарапынан жасалып отырған заңсыз әрекет жасала береді.

 

Мемлекетердің жауапкершілігі.

Мемлекет – халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Сондықтанда халықаралық құқықтық жауапкершілік мәселелері мемлекеттің халықаралық аренадағы іс әрекетермен байланысты аса маңыздылыққа ие болады.

А) егер ол көтеріліс жасаған қозғалыс ақыр аяғында мемлекетті басқарушы болса, онда оның бұрынғы жасаған іс әрекетері сол мемлекетке жатқызылады.;

Б) егер көтеріліс жасаған қөзғалыстың қызметінің нәтижесінде жаңа мемлекет құрылса, онда оның бұрынғы жасаған әрекеті сол жаңа мемлекетке жатқызылады.

Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдарда ХҚ-тың субъектісі ретінде Халықаралық жауапкершіліктің құқықтық қатынастарында тараптардың бірі бола алады.

Халықаралық ұйымдардың ХҚ субъектілігі бөлшек (немесе шектелген) болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінің болжамды шекаралары, әдетте олардың құрылтай құжаттарында көрініс табады: оны құру жөніндегі халықаралық шартта, жарғыда.

Жеке тұлға мен заңды тұлғалардың іс әрекетін екі аспектіде қарастыруға болады:

А) жария міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан және

Б) тек жеке сипаттағы іс әрекетпен

Жария міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі әрекеттер. Мемлекеттің жария міндеттерін жүзеге асыру тек қана мемлекеттік органдардың міндеті емес, онымен мемлекеттік органның мәртебесі жоқ заңды тұлғаларда, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметкерінің мәртебесі жоқ жеке тұлғада айналыса алады.

Мұндай жағдайда Конвенция жобасына сәйкес (7 бап) екі шарт ұсынылады: 1) субъект мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес тиісті әрекеттер жасауға өкілетті болуға тиіс, 2) халықаралық құқықтың бұзылуына әкеп соққан іс әрекетті ол жария міндетті жүзеге асыру мақсатында әрекет ете отырып жасауы тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мақсаттарында жасаған әрекеттері (яғни, жария міндеттерді жүзеге асыру мақсатында емес) мемлекетке жатқызылмайды. Бірақ егер мемлекетте нақты мән жайлары жеке субъектілердің халықаралық құқық нормаларын бұзатын әрекеттерінің алдын алу міндеті болса, онда мемлекет Халықаралық құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұған зінің өкілеті органдары арқылы мемлекеттің әрекеттестігі негіз болады.

 

Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық

 

1. Халықаралық экономикалық құқық ұғымы, оның пайда болуы мен қайнар көзі.

2. Халықаралық экономикалық құқықтың принциптері.

3. Халықаралық экономикалық және кәсіпкерлік қызмет туралы шарттар.

4. Халықаралық экономикалық және кәсіпкерлік қызмет саласындағы халықаралық ұйымдар.

 

Халықаралық экономикалық құқық халықаралық жария құқықтың дербес саласы ретінде жақында қалыптасты.

Халықаралық экономикалық құқық - халықаралық құқықтың саласы ретінде халықаралық субъектілері арасындағы халықаралық экономикалық қатынастар саласында, олардың қызметтеріне байланысты қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 4034; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.