Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 2 страница




Халықаралық экономикалық құқықтың реттеу объектісі болып мемлекетаралық экономикалық қатынастар саналады.

Халықаралық экономикалық қатынастар мазмұны бойынша, сонымен бірге субъектілері бойынша күрделі және әртүрлі. Бұл қатынастардың мазмұнын сауда, өндірістік, ғылыми-техникалық, валюталық, несиелік, көліктік және басқа да шаруашылық қатынастар құрайды.

Халықаралық экономикалық қатынастар әр-түрлі елдердегі заңды және жеке тұлғалар арасындағы және мемлекеттер арасындағы қатынастарды өзіне қамтиды. Халықаралық экономикалық қатынастардың заңдылық реттеуі халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық арқылы жүзеге асырылады және де қазіргі кезде олардың арасындағы байланыстары өте тығыз.

Европалық экономикалық бірлестіктің пайда болуына әкелген экономикалық интеграциялық процестер тек ХХ ғасырдың 2-ші жартысында іске асты.. Бұл кезеңде барынша және бүкіл әлемде БҰҰ-ң экономикалық қызметі мен оның арнайы мекемелері тармақтана бастады. Шығыс елдер, бұрынғы социалистік елдер нарықтық экономика жүйесіне тартына бастады. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысында кеңінен дамыды. Сонымен бірге Жаңа Халықаралық Экономикалық тәртіп жобалары пайда болды (НМЭП). Мемлекеттердің ынтымақтастығы тек сауда саласында емес, сонымен қатар экономиканың басқа да түрлі салаларында көрінеді. БҰҰ-ң көптеген халықаралық конвенциялар, құжаттар, аймақтық халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары, екі жақты экономикалық келісімдер қабылданды, олардың нормалары жиынтық ретінде халықаралық экономикалық құқықты құрайды, ол өз кезегінде халықаралық құқықтың дербес саласы болып қалыптасқаны белгілі.

Бір айта кететін жай, экономикалық және кәсіпкерлік құқықтың халықаралық қатынастардағы өзара байланыстылық және өзара іс-әрекет туралы мәселе.

Халықаралық кәсіпкерлік қызмет құқығы – халықаралық кәсіпкерлік құқықтың субъектілерімен қабылданып және әлем шаруашылық қатынастардағы шаруашылық субъектілер арасындағы және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық нормалар жиынтығы.

 

Халықаралық экономикалық құқықтың негізгі қайнар көздерінің бірі 1945 жылы қабылданған БҰҰ Жарлығы болып табылады, оның 1 бабында «экономикалық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу кезінде ынтымақтастық орнату қажеттілігі «деп бекітілген.

Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу кезінде маңызды рөлді Тариф және сауда бойынша Бас келісім алады. (ГАТТ, қазіргі таңда Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымына айналды), ол 1947 жылы құрылды. Оның қатысушыларының саны 1997 ж. 130 мемлекет құрады. Апамалау және ең көп жеңілдік жасау қағидаты қағидаты бұның негізіне айналып, ең негізгі жеңілдікиер дамушы елдерге жасалды.

 

Бір жағынан бұл бас келісім халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көзі, ал екінші жағынан халықаралық ұйым болып табылады.

Тағы да бір халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көзі болып 1974 жылы мемлекеттердің экономикалық құқықтыра мен міндеттер Хартиясы есептеледі.

Қазіргі кезде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі өзекті болды. Халықаралық экономикалық қауіпсіздік дегеніміз, әр мемлекет өзінің экономикалық мүдделерін басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың экономикалық күштерін заңсыз қолданудан қорғауға үміттену құқығы. Халықаралық экономикалық қауіпсіздік тек халықаралық экономикалық құқық принциптерін және халықаралық құқық принциптерін қатаң сақтау кезінде қамтамасыз етіледі.

Халықаралық экономикалық құқықтың құқықтың реттеу негізін халықаралық құқықтың жалпы принциптері құрайды. Халықаралық экономикалық құқықтың арнайы принциптері жалпы принциптерден шығады.

Халықаралық экономикалық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып мемлекеттерден тартып алынбайтын егемендік принципі, мемлекеттердің егемендік теңдігінің жалпы принциптерін және әрбір мемлекеттің егемендігін анықтайтын принципі болып табылады, яғни әрбір мемлекет өзінің байлықтары мен табиғи ресурстарына толық билік ете алатындығына оны иеленуіне, пайдалануына болады дкп, 1974 жылғы мемлекеттердің экономикалық міндеттері мен құқықтары Хартиясының 2 бабында көзделген. Осы принципке сәйкес әрбір мемлекет шетел инвестицияларды реттеп және бақылауға құқығы бар дегенді білдіреді.

Мемлекеттердің өзара пайда табу принципі басқа мемлекеттермен (фирмалармен, корпорациялармен, концерндермен) экономикалық және кәсіпкерлік келісім шарт жасау кезінде нұсқау етіп қолданады.

1975 жылы Хелсиндік Қорытынды Акт экономика саласындағы әріптестердің өзара бірдей қанағаттануы негізінде ынтымақтастықтың дамуын бекітті. Бұл принцип бойынша Қазақстан шетел фирмалармен өзінің қарым қатынастарын құрды.

Экономикалық алаламау принципі. Бұл принциптің мәні мынада, яғни мемлекет қандай болмасын шетел мемлекетті, оның заңды және жеке тұлғаларын басқа мемлекеттерге, олардың заңды және жеке тұлғаларға қарағанда қиын жағдайға қоймау керек.

Мемлекеттердің, шаруашылық субъектілердің ынтымақтастық принципі. БҰҰ Жарлығы өзінің мүшелеріне, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды міндеттейді. Хартия (1974 ж.) халықаралық ұйымдардың қатысуы мемлекеттердің егеменді құқығы мәселелерін жүзеге асыруға көп көңіл аударады.

Бұл жерде мемлекет экономикалық байланыс жүйесінде тек тәуелсіз жеке мемлекет ретінде қатыспайды, сонымен қатар ол фирмалармен жеке корпорациялармен ынтымақтастықта шаруашылық субъект ретінде қатысады.

Ең қолайлы жағдай принципі, бұл принцип мынаны білдіреді: бір келісуші жақ (мемлекет) екінші келісуші жаққа (олда мемлекет), оның заңды және жеке тұлғаларына олардың өзара қатынастарының түрлі саласында қолайлы режимді жеңілдіктер түрінде, артықшылық түрінде ұсынады.

Ұлттық режим принципі шетел азаматтары мен фирмалардың құқықтары сол елде тұратын азаматтары мен кәсіпкерлердің құқықтарына теңелуін білдіреді.

 

Мемлекетаралық экономикалық қатынастарды реттеудегі негізгі халықаралық құқықтық норма болып мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі жағдайларды белгілейтін екі жақты және көпжақты шарттар табылады. Сауда шарттары құқықтық режимді орнатады, оны мемлекет бір-біріне кедендік салым, тауарларды сырттан әкелу және сыртқа шығаруды реттеу, бір жақтың заңды және жеке тұлғалардың басқа территорияда транзиттік қызметі негізінде ұсынады.

Сауда (континентік) келісімдер елдер арасындағы тауар айналымын реттейді (тауарларды жеткізу туралы келісім немесе тауар айналымы туралы келісім). Осындай келісімдерді орындауда жылсайын, әдетте тауарды жеткізу туралы протоколы толтырып, қол қойылады. Олар әдетте қысқа мерзімді уақытқа – 1 жыл, немесе ұзақ мерзімге – 5 жылға жасалады.

Халықаралық есеп айырсу туралы келісім – мемлекетттер арасындағы халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы тауарлар жеткізу және көрсетілген қызметтері үшін халықаралық есеп ауырсуды жүргізу тәртібі туралы келісім. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде халықаралық есеп айырсу бойынша келісімдердің келесі түрлері кездеседі:

Төлем келісімі – бұл келісімдер арқылы төлем формалары және түрлері: төлем еркін айналымдағы ақша (СКВ) немесе шектеулі айналымдағы ақша туралы мемлекеттер келісім жасайды. Төлем тәртібі және түрлері туралы келісім жеке құжат ретінде болуы мүмкін немесе төлем туралы келісім мәтінінде дербес баб ретінде қосылуы (көрсетілуі) мүмкін.

Клирингтік келісімдер - халықаралық есеп айырсу бойынша келісімдердің бір түрі және сыртқы сауда, сыртқы экономикалық операциялар бойынша қарыздар мен міндеттерді өзара есеп айырсу туралы келісім болып табылады. Бұл есептеу бір орталыққа бағындыру арқылы, яғни қолма-қолсыз есеп айырсу формасында жүргізіледі. Бұл жағдайда байланысты банктер бір-бірімен клирингтік есептер ашалады.

Несиелік келісімдер -халықаралық шарттар болып табылады. Бұл келісімдерде бір тарап (несие беруші) екінші тарапқа (мемлекетке, шаруашылық субъектілерге) белгілі ақша соммасын береді; екінші тарап, яғни бұл ақша құралын алушы тарап келісілген мерзімде қарызды қайтаруға міндеттенеді.

Несие келісімінің ерекшелігі болып төмендегілер табылады:

1. Несие белгілі бір соммаға беріледі. Несие соммасы, оның көлемі келісімде көзделеді, сондықтан несие соммасы шектеулі сипатта болады.

2. Бір жақтың тауарларды жеткізу (кредитор) мерзім бойынша екінші жақтың (қарыз алушы) тауарларды жеткізуіне қарағанда алдында болуы.

3. Қарыз алушымен – мемлекет несиені пайдаланғаны үшін кредиторға, несие берушіге (мемлекет, жеке шетел банктер) жалпы несие соммасынан белгілі бір процент төлеуге міндетті.

Халықаралық тауар келісімдері -әдетте ауыл шаруашылық өнімдер мен минералды шикізат экспортер және импортер-елдермен жасалады. Шикізатпен халықаралық тауар нарығында қатаң үйлеспеушілік саласы болып табылады, ол көбіне азық-түлік проблемалармен тығыз байланысты. Тауар келісімдердің негізгі мақсаты - қалайы, каучук, бидай, құмшекер және т.б. сияқты шикізат және азық-түлік тауарларына деген бағалардың тұрақсыздығын болдырмау.

Әрбір тауар келісімдер белгілі бір мерзімге жасалады, орташа 5 жылға (какао мен бидай – 3 жылға) жасалады, одан соң қайта қаралады.

Экспорттаушы елдердің ұйымдарына айқын мысал ретінде мұнай экспорттаушы елдердің ұйымын алуға болады (ОПЕК). Бұл ұйым мұнайдың рұқсат етілетін құнын сәйкестендіру және осы мақсатта әр елге белгіпенген квотамен мұнай өндіруді шектеу арқылы мұнай өндіруші елдердің мүддесін қорғау міндетіне ие.

БҰҰ-ң - ең белгілі әмбебап халықаралық ұйым, оның көптеген органдары мен ұйымдары бар және олар түрлі экономикалық қызметтерді орындайды.

Халықаралық экономикалық және кәсіпкерлік байланыстардың маңызды мәселелерімен Бас Ассамблея және ЭКОСОС айналысады. Бас Ассамблеяның халықаралық сауданың, экономикалық және кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша қосымша органдары болып Халықаралық Сауда құқығы бойынша Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) және халықаралық құқықтың Комиссиясы табылады.

БҰҰ қосымша органдары: табиғи-ресурстар бойынша Комитеттер, ғылым және техника бойынша Комитеттер, Даму және жоспарлау бойынша Комитет, бағдарлама және координация бойынша Комитеттер.

ЭКОСОС бес аймақтық экономикалық комиссиясына басшылық етеді, олар: ЕЭК (Европа үшін), ЭСКАТО (Азия мен Тынық мұхиты үшін), ЭСКЗА (Батыс Азия үшін), ЭКЛАГ (Латын Америка үшін), ЭКА (Африка үшін). Бұл комиссиялар континентік аймақтық деңгейде экономикалық және кәсіпкерлік қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Халықаралық экономикалық ұйымдарға мыналарды жатқызуымызға болады:

1. ЮНИДО (өнеркәсіптік дамыту бойынша БҰҰ)

2. ЮНКТАД (Сауда және дамыту бойынша БҰҰ)

3. ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы)

4. МБРР (Халықаралық қайта құру және дамыту банкі). 1945 жылы құрылды, қазіргі кезде 160 елдер қатысады. Бұл банкінің займдар мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін және оның 5 жылдық жеңілдік мерзімі бар.

5. МАР (Халықаралық Даму Ассоциациясы). 1960 жылы құрылған 140 мемлекеттер қатысады, бұл ассоциацияның займдар мерзімі 35 жылдан 40 жылға дейін беріледі және оның 10 жылдық жеңілдік мерзімі бар.

6. Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК)

7. Көп жақты Инвестициялық Кепілдемелік Агенттік (МИГА). 1988 жылы құрылды, 88 елдер мүше болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін бұл барлық қаржы ұйымдардың мүшесі болып 1992 жылдан бастады.

Екіжақты есептесуді, төлемді, несиелендіруді, өзге де қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында валюталық-қаржылық шегіндегі қызметтестік халықаралық экономикалық экономикалық байланыстың дамуы үшін айрықша мәнге ие. Бұл (екіжақты есептесу т.б.) ғылымда халықаралық экономикалық құқық саласы ретінде ерекше халықаралық валюталық-қаржылық құқықтың бөлінуі үшін негіз болады.

БҰҰ мамандандырылған мекемелер ретінде 1945 жылы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және Халықаралық Валюта Қоры құрылды. Бұл мекемелердің шегінде іс жүзінде ірі деңгейде валюталық-қаржылық шегіндегі барлық қауымдастық шоғырландырылған.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің мақсаты – экономикалық әлеуметтік прогреске даму және қайта құрулу, алдымен банкінің мүшесі дамушы елдеріне жәрдемдесу, өндірістің және инфрақұрылымның дамуы үшін ұзақ мерзімді қарыздар беру.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкке тек Халықаралық Валюта Қорының мүше мемлекеттер қатысушысы болады.

180 ел қатысатын Халықаралық Валюта Қорының мақсаты - әлемдік валюталық тұрақтылықты бақылау, халықаралық валюталық саясатпен курс айырбастарын, мүше мемлекеттердің валюталық қатынастардағы мінез-құлқын қадағалау және қажет болған жағдайда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Валюта Қорынының қарыз немесе несие беру қаржылық-экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нұсқаманы орындаумен, елдерге қарыздарды пайдалану туралы және өзгеде қажетті ақпаратты берумен қамтамасыз етіледі. Банктің немесе Қордың жетекші органдары міндетті сипаттағы шешімдерді қабылдағанда, мүше елдердің даустарының саны олардың салған капиталдары мөлшерімен анықталатын дауыс беру түрі қолданылады. Тәжірибеде «ондық топ «деп аталатын елдер өздерінің мүдделеріне жауап беретін шешімдердің қабылдануы үшін көпшілік дауыстың қажеттігін белгілейді. КСРО басынан-ақ не ХҚДБ-ға не ХВҚ-ға да қатыспады. КСРО ыдырағаннан кейін, Қазақстан Республикасы және өзге бұрынғы республикалар 1992 ж. ХҚДБ-ға және ХВҚ-ға кірді және Қордан өте қажетті валюталық қарыздар алады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. 1991 ж. 8 желтоқсанда Беларусь, Ресей және Украина қол қойған ТМД құру туралы келісімде тараптардың бірлескен қызметін көбінесе жалпы экономикалық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуына, кеден және көшіп-қону саясатына, көлік және байланыс жүйесінің дамуына бағыттау туралы айтылады. 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясының арқасында ТМД-ға Азербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғыстан, Молдова, Тәжікстан, Түркмен, Өзбекстан кейінірек Грузия кірді. Кәзір Грузия оның мүшесі емес. ТМД-ң ұйымдастырылуының жүргізілуі 1993 ж. 22 қаңтарда қабылданған Жарғыда айтылған. Жарғыда экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шегіндегі қызметтестік туралы арнайы тарау бар. 1992-1994 жж. Экономикалық қызметтестікке ТМД елдері арасында бірнеше көпжақты келісімдер арналды.

1995-1996 жж. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан арасында Кедендік Одақтың құрылу кезендерін тездету және осы елдердің ықпалдасуының жан-жақты жақындату, сондай-ақ тереңдету туралы келісімге қол жеткізілді. Экономикалық қауымдастықты нығайту мақсаттары 1997 ж. 2 сәуірде Ресей мен Белорусь бірлестігі туралы шартта және 1997 ж. 2 сәуірде осы бірлестік Ресей мен Белорусь Одағы болып қайта құрылған шартта қозғалды, негенмен де, ТМД елдерінің тереңдетілген Экономикалық қауымдастығын тиімді жөнге келтіру және оның құқықтық бекітілуі әлі қалыптасу сатысында екенін атап өткен жөн.

Қазір Қазақстан Республикасы да Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымға мүше болуға ұмтылуда. Оның негізгі себептерінің бірі - БСҰ қызметінің негізгі бағыты – оған мүше мемлекеттердің рыногында олардың тауарлары мен қызметіне еркін және тең дәрежеде қол жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Бұл ұйымға мүше болу үшін мынадай талаптарды ұстану қажет: тауарлар мен қызмет саудасы юойынша өзара жеңілдіктер жасау, шаруашылық заңдарын БСҰ-ның талаптарымен ұйлестіру, шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қызметтестік аясында екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар негізу, қажетті соттық және әкімшілік шаралар қолдану.

Қазақстанның БСҰ-ға мүше болуына кедергі келтіріп тұрған жағдай оның КедендікОдаққа мүше болуы деген пікірлер айтылуда, себебі БСҰ-ның талаптарын орындауды Қазақстан өзі ғана шешпейді, осы қауымдастыққа мүше елдермен келісе отырып шешеді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның БСҰ-ға мүше болып енуіне өзінің кері ықпалын тигізіп тұр.

Бүгінгі таңда Орта Азия мемлекеттерінің ішінде Қырғыз Республикасы ғана БСҰ-ның мүшесі болып табылады.

 

 

Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.

 

1. Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі мен қайнар көзі.

2. Сыртқы қатынастар органдары.

3. Дипломатиялық өкілдік.

4. Консулдықтар.

 

Дипломатиялық және консулдық құқық деп, сыртқы қатыныстар саласындағы халықаралық құқық субъектілерінің ресми қызметін реттейтін халықаралық құқықтың дербес саласын айтады. Дипломатиялық құқық, сыртқы байланыстар жасайтын мемлекеттік органдардың мәртебесі мен қызметтерін, яғни, ресми мемлекетаралық қарым-қатынастарды жүзеге асыруды реттейтін нормалар.

Халықаралық қатынаста дипломатияның екі жақты және көп жақты түрі бар. Осындай дипломатия қызметінің нәтижесі болып екі және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялар табылады. Дипломатиялық қызметтің принциптері мен нормалары әртүрлі халықаралық конвенциялар мен шарттарда бекітілген. Ол халықаралық конвенциялар мен шарттар дипломатиялық құқықтың қайнар көздері болып табылады.

Дипломатиялық және консулдық құқықтың қайнар көздері.

Дипломатиялық және консулдық құқықтың нормалары екі конвенцияда кодифициаланған.

1. 1961 жылы шыққан және 1964 жылы күшіне енген «Дипломатиялық қатынастар туралы” Веналық Конвенция.

2. 1963 жылы шыққан және 1967 жылы күшіне енген “Консулдық қатынастар туралы” Вена Конвенциясы.

3. 1969 жылы шыққан және 1987 жылы күшіне енген “Арнайы миссиялар туралы” Конвенция.

4. 1973 жылы шыққан және 1977 жылы күшіне енген “Халықаралық корғану құқығы бар тұлғаларға, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге қарсы бағытталған қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы” Конвенция.

БҰҰ-ға және оның арнайы ұйымдарына байланысты екі негізгі Конвенциялар қолданылады:

- 1946 жылғы БҰҰ-ң артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция.

- 1947 жылғы Арнайы ұйымдардың артықшылықтары мениммунитеттері туралы Конвенция.

Консулдық қатынастар жөнінде туатын мәселелер бойынша 1963 жылғы Көпжақты Веналық Конвенция қолданылады.

Сыртқы қатынастар органы деп мемлекеттің басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыруға көмектесетін мемлекеттік органдарды айтады.

Бұл органдар мемлекет ішіндегі және шет елдік деп екіге бөлінеді.

1/ Сыртқы қатынастар органдарының мемлекет ішіндегі түріне: 1. Елбасы; 2. үкімет басшысы; 3. Сыртқы істер министрлігі мен ведомствасы; 4. Парламент.

Елбасы – сыртқы қатынастар жөніндегі жалпы басқаруды жүзеге асыру уәкілдігіне ие. Дүниежүзілік аренада еліміздің өкілі болып, халықаралық шарттарға қол қояды.

Парламент – сыртқы қатынастар мәселелері бойынша жалпы басқаруды өрбітіп, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын белгілеп, халықаралық шарттарды бекітеді.

Үкімет – мемлекеттің саяси және экономикалық мәдениетін анықтайды. Сыртқы қарым-қатынас мәселелері жөнінде үкімет қызметіне мемлекеттің атынан жолдау беру, үкімет делегацияларын қабылдаулар жатады.

Сыртқы істер ведомствалары, сыртқы істер министрліктері – бұл мемлекеттің сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын негізгі арнайы орган. Дипломатиялық делегациялардың қызметіне басшылық жасап, Парламент отырысында қарастыруға, маңызды сыртқы саяси мәселелерді ұсынады. Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынас жүргізуін қамтамасыз етіп, шет елдік елшілерді қабылдау рәсімдеріне қатысады.

2/ Сыртқы қатынастардың шет елдік органдары. Олар екі категорияға бөлінеді: тұрақты, уақытша.

Тұрақты органдар – бұл өз елінің шетелдегі өкілі болып күнделікті қызметті жүргізетін органдар /елшіліктер, өкілдіктер/.

Уақытша органдар ға әртүрлі делегациялар, салтанатты жиындарға қатысушы жеке өкілдер жатады. Егер мемлекет тарапынан халықаралық салтанатты рәсімдерге арнайы уәкіл жіберілмеген болса, онда сол мемлекеттің елшісіне төтенше елші ретінде сол рәсімдерге қатысуға уәкілдік беріледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1982; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.148 сек.