Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 6 страница




Басқа мемлекеттердің кеме қатынасына және ұшуына, су асты кабельдері мен құбырларын жүргізуге және басқа құқықтық жұмыс түрлерінің халықаралық құқық көзқарасының негізіндегі құқықтарды теңгеру ерекше экономикалық аймақ тәртібін анықтайтын элемент болып табылады.

Континенттік қайраң- бұл жағалық мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы шекарасынан құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасынан құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін орналасқан нмесе аумақтық теңіз ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильге дейінгі, құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасының осындай ұзындыққа жайылмайтын теңіз теңіз түбі мен оныңқойнауы.

Егер құрлықтың су астының шегі 200 мильдік сызықтан әрі қарай жайылса, құрлық қайраңының сыртқы шекарасы аумақтық теңіздің негізгі шегінен 350 мильден немесе 2500м изобатадан 100 миль аспауы тиіс. Континенттік қайраңның сыртқы шекарасы туралы карталар мен ақпараттар БҰҰ Бас хатшысына тапсырылады, ол оларды тиісті түрде жариялайды.

Жағалық мемлекет континентік қайраңның қорларын барлау мен өңдеу мақсатында егемендік құқығын жүзеге асырады. Бұл құқықтардың ерекшелігі, егер жағалық мемлекет қайраң қорларына барлау мен өңдеу жүргізбесе, оны осы жағалық мемлекеттің айқын келісімінсіз ешкім жүргізе алмайтындығында.

 

 

Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы .

1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.

2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары.

3. Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшуды құқықтық реттеу.

4. Әуе қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу.

  1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.

Халықаралық әуе құқығы - бұл құқық нормаларымен институттар жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

1.Бұл құқықтық нормалар мыналарды реттейді.

  • Халықаралық ұшу және әуе кеңістігінің режимі;
  • Шетелдік әуе кемелеріне мемлекеттердің ұшу құқығын

беру тәртібі мен шарттары;

  • Мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшу ережелері;
  • Шетелдік әуе кемелері мен олардың экипаждарына

қойылатын талаптар;

  • әуежайларды, аэродромдарды, радиотехникалық

құралдарды пайдалану тәртібі мен шарттарын реттейді.

  1. Әуе көлігі қызыметі:
  • Ұшу апараттарына мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшуға

рұқсат берілген шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарының

коммерциялық қызыметін;

  • Шетелдік әуе- көлік кәсіпорындарына халықаралық әуе

жерлерін пайдалануға рұқсат беретін тәртіптермен шарттары;

  • Шетелдік әуе кемелерінің қону бекеттеріндегі

коммерциялық құқықтарының ауқымын; осы

мемлекеттің аумағынан өтетін әуе кемелерінің халықаралық әуе желілерін пайдалану шарттарын

реттейді.

Халықаралық әуе құқығының даму тарихын үш кезеңге

бөлсек, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар олардың шекарасы болып табылады.

Бірінші кезең ішінде негізінен халықаралық әуе

құқығының теориясы қалыптасты. әуе кеңістігінің заңдық табиғаты жөнінде халықаралық құқықтық қоғам көптеген пікір таластар жүргізді. Бірінші дүниежүзілік қарсаңында авиациялық техниканың кеңінен дамуы және майдандарда ұшақтардың барлауы және соғыс мақсатында ойдағыдай қолдануы, әуе құқығы мәселелері бойынша алғашқы ұлттық заңдардың қалыптасуына себеп болды. Сөйтіп, халықаралық әуе құқығының теориялық даму кезеңі аяқталды.

Осы құқық саласының екінші даму кезеңі мемлекеттің өз

әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендігін тәжірибе жүзінде іске асыратын қағидаға арналады. Бұл қағида халықаралық- құқықтық сенімге ие болып, көптеген мемлекеттің ұлттық заңдарында бекітілген. Соғыс аяқталған соң әуе кеңістігінде мемлекеттік егемендік қағидасы үш көп жақты конвенцияда бекітілген: 1919ж. Париж Конвенциясы, 1926ж. Мадрид Конвенциясы және 1928ж. Гавана Конвенциясы. Париж конвенциясы әуе кеңістігінің режимі жөніндегі мәселені қарама –қайшы екі шешімде мазмұндайды. Бір жағынан ол мемлекеттің әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендік қағидасын бекітті, екінші жағынан ауа еркіндігі аумағы бір шама жеңілдіктер жасады, сөйтіп ол конвенциядағы басқа мемлекеттердің аумақтарының үстімен азаматтық әуе кемесінің зиянсыз ұшуын шешіп берді.

Осылай, Конвенция мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды көрсетумен қатар, мемлекеттік егемендік теориялар арасындағы және ауа еркіндігі жөніндегі келісімді белгілеп берді. Антантаның алдыңғы қатарлы державалары ерекше құқыққа ие болды. Париж конвенциясы екінші дүниежүзілік соғыстың басына дейін өмір сүріп, 1944ж. Чикаго конвенциясы қабылданғаннан кейін ресми түрде алынып тасталды.

Мадридтік (немесе оны басқаша иберо-американдық деп атайды) әуе навигациясы туралы Канвенция Иберия түбегі (Италия және Партугалия) мемлекеттері мен латынамерикандық мемлекеттер арасында 1926 жылы қабылданды. Осылай Мадрид конвенциясы Париж конвенциясы режиміне қарсы саяси демонстрациясы болды. Дегенмен бұл Конвенция тәжірибе жүзінде жетістіктерге жете алады, өйткені оны 6 мемлекет қана бекіткен еді.

АҚШ бастамасы бойынша жасалған американдық мемлекеттер конференциясында әуе коммерциясы жөнінде 1928 жылы Гавана конвенциясы қабылданды.

Гавана конвенциясының алдынғыларына айырмашылығы-ол «зиянсыз ұшу құқығынң беріп қана қоймай, қатысушы мемлекеттердің аумағы арасындағы халықаралық әуе желілерін ұйымдастыруға және пайдалануға құқықтар берді.

Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы кезендер халықаралық құқық ғылымында әуе қозғалыстарын, халықаралық ұшуды реттейтін мемлекеттердің әуе кеңістік режимін құқықтық негіздеуге байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Осы позицияда әуе кеңістігінде мемлекеттік егемендік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қарастырылып отырған кезеңге әуе қозғалыстарының құқығы ретінде халықаралық әуе құқығы ұғымының шектеулі талдану сипаты тән.

Үшінші кезең дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңінен басталып, қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңге тән ерекшелік халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе көлігінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді қарастыру.

Халықаралық аренаға азаматтық авиазцияның кең түрде шығуы, тұрақты халықаралық авияжелілердің ұйымдастырылуы көптеген елдерді байланыстырып отыратын, барлық мемлекеттерге ортақ (халықаралық) әуе қатынастары, жолаушылармен жүктердің әуе тасымалдауының халықаралық ережелерінің қажеттігін көрсетті.

Халықаралық әуе құқығында әуе көліктерінің халықаралық қызыметін реттейтін құқықтық нормалардың қалыптасуында 1944ж. Чикаго конверенциясы маңызды сатылардың бірі болды. Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенция және тұрақты әуе қатынастарындағы коммерциялық құқық туралы көпжақты екі келісімнің қабылдануы осы халықаралық форумының жұмыс нәтижесі еді.

Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі 1944ж. Чикаго Конвенциясы соғыстан кейінгі халықаралық әуе қатынастарының реттеудегі өте маңызды қадам болды. Чикаго Конвенциясы БҰҰ –ның мамандандырылған мекемесі болып табылған тұрақты халықаралық авиациялық ұйым – халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО-ны құрды.

ИКАО-ның негізгі мақсаты халықаралық әуе навигациясының қағидалары мен техникаларын дамытудан және халықаралық әуе көліктерін жоспарлау мен дамытуды қолдаудан тұрады, олар:

  • әлемде халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз

және жүйеленген дамуын қамтамасыз ету;

  • ұщақтарды бейбіт мақсатта пайдалануды ынталандыру;
  • халықаралық азаматтық авиациялар үшін авиажелілері

авианавигациялық құралдарды дамытуды ынталандыру;

  • әлем халықтарының қауіпсіз, жүйелі, тиімді әуе көлігіне

деген сұраныстарын қанағаттандыру;

  • пайдасыз бәсекелестіктің кесірінен болатын мағынасыз

экономикалық шығындарды болдырмау;

  • мүше мемлекеттер құқықтарының толық құрметтелуін

қамтамасыз ету және олардың әрқайсысының

халықаралық авиажелілерді пайдаланудағы әділ

мүмкіндіктерге ие болуына кепілдік беру;

  • мүше- мемлекеттер арасында кемсітушіліктерге жол

бермеу;

  • халықаралық авиажелілердегі ұшу қауіпсіздігін нығайту;
  • халықаралық азаматтық авиаұшулардың барлық

жақтарының жалпы дамуына қолдау көрсету.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұшақтар мен олардың жабдықтарының біршама бөлігінің құрастырылуы мен пайдаланылуын айқындайтын бірқатар халықаралық стандарттар мен тәжірибелік шаралар қабылдады. Бұл стандарттар авиакөлік компаниялары ұшқыштарының, ұшу экипаждарының әуе қозғалысы қызметі операторларының, жердегі экипаждардың қызметтік міндеттерін, коммерциялық авиакөлікпен тасымалданатын қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін анықтайды. Сонымен қатар, олар халықаралық әуежайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар мен рәсімдерді белгілейді.

ИКАО әр түрлі кедендік, иммиграциялық (төлқұжаттық), Санитарлық ресмилік қысқарту арқылы халықаралық шекаралардан өтуді жеңілдетуге тырыысады. ИКАО шолып Ұшу және аспаптар бойынша ұщу жөнінде ережелер жасайды. Ол сондай-ақ ұшақ жүргізу үшін бүкіл әлемде аэронавигациялық карталарды дайындайды. Ол сонымен қатар авиациялық электр байланыс жүйесін жүргізеді: олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету радиожиілігі мен рәсімдері.

Барлық мемлекеттер өкілдерінің жиналысы – Бас Ассамблея – ИКАО –ның ең жоғарғы органы болып табылыды, онда әрбір мемлекет бір дауысқа ие. Бас Ассамблия үш жылдық мерзімге сайлайтын Кеңес – ұйымның басты атқарушы органы болып табылады. Кеңес Бас директорды тағайындайды, ИКАО-ның қаржыларын жүргізеді, халықаралық аэронавигацияның нормаларын белгілейді, тараптардың өтініштері бойынша халықаралық азаматтық авиацияға байланысты кез келген дауларды қарастыру бойынша трибунал ретінде шыға алады. Кеңесті Президент басқарады.

Арнаулы мекеменің штаб – пәтері Монреальда орналасқан.

Заң саласында ИКАО халықаралық келісімдерді тіркеуді жүргізеді, ұлттық әуе заңдарын жүйелейді, халықаралық келісімдердің жобаларын жасайды.

Жоғарыда көрсетілгендей, 1944 ж. Чикаго конференциясы, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияда басқа, Халықаралық әуе желілері бойынша транзит туралы келісім («екі ауа еркіндігің туралы) және халықаралық әуе көлігі жөніндегі келісімді («бес ауа еркіндігің туралы) қабылдады. Халықаралық әуе құқығының маңызды қайнар көздерінің қатарына халықаралық әуе тасымалдарына қатысты және халықаралық желілердегі авиатасымалдаушылардың жауаптылығы туралы кейбір ережелерді біріздендіруге арналған 1929 ж. Варшава конвенциясы; Жер үстінде шетелдік әуе кемелеріне және үшінші тұлғаларға келтірілген залалдар туралы 1952 ж. Варшава конвенциясы және оның 1978 ж. қосымша хаттамасын; Әуе кемесі бортындағы қылмыстар жәәне басқа да әрекеттер туралы 1963 ж. Токио конвенциясын; Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы 1970 жылғы Гаага конвенциясын;

Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған актілермен күрес туралы 1971 ж. Монреаль жөніндегі 1992 ж. Шартты жатқызуға болады.

 

2.Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары.

Халықаралық әуе құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде халықаралық құқықтың көпке танылған қағидаларына негізделеді. Сонымен қатар, әуе құқығы қағидалары жүйесіне халықаралық азаматтық авиацияның қыззмееетттін реттеп отыратын арнаулы қағидалар мен нормалар кіреді. Оларға мыналар жатады:

· әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық

егемендік қағидасы;

· халықаралық әуе кеңістігінде еркін ұшу қағидасы;

· халықаралық әуе қатынастарының қауіпсіздігін қам-

тамасыз ету қағидасы;

· әуе кемелерінің заңсыз килігу әрекеттерінен қорғау

қағидасы;

· тіркеу негізінде кеменің ұлттық негізін мойындау

қағидасы;

· әуе кемелеріне және үшінші мемлекеттерге тигізген

зияндарды өтеу қағидасы.

Солардың кейбіреулерін қарастырып өтейік.

Осы заманғы халықаралық әуе құқығының құқықтық қағидалары әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендік қағидасына негізделеді. Бұл осы заманғы халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларының бірі.

Халықаралық құқық теориясы әуел бастан әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендігін мойындау қағидасын ұстанып оты, өйткені әуе кеңістіг мемлекеттің ажырамас бөлігін алып жатқандықтан, мемлекет сол аумақ шегінде өзінің жоғары билігін жүргізеді, демек әуе кеңістігіндегі егемендік біртұтас мемлекеттік егемендіктің бір бөлігін құрайды. Мемлекеттік егемендіктің бұл элементі оны халықаралық конвенциялар мен басқа келісім-шарттардың мойындағанына қарамастан, өмір сүреді.

Мемлекеттік егемендік нақты мемлекеттің аумағын қоса алғанда, құрлық және су аумағының үстіндегі барлық әуе кеңістігіне тарайды. Аумақтық сулардан сауда кемелерінің бейбіт өту ережелері әрекет ететін халықаралық теңіз құқығынан айырмашылығы, халықаралық әуе құқығы егер іргелес жатқан мемлекеттің арнаулы рұқсаты болмаса, аумақтық сулардың үстімен азаматтық кемелердің бейбіт ұшып өтуін мойындамайды.

Әуе кеңістігінің мемлекеттік егемендігі әуе кеңістігінің өзінің шегімен шектеледі және ұшы-қиырсыз ғарышқа дейін жалғаса алмайды. Көптеген ғасырлар бойы мемлекеттік егемендіктің жоғарғы шегі туралы мәселе тек қана теориялық қызығушылықпен ғана қарастырылатын. Дегенмен, ғылыми-техникалық прогрестің, авиация мен авиациялық қатынастардың дамуымен егеменді әуе кеңістігінің жоғары шегін бекіту қажеттігі туындады. Жердің алғашқы жасанды серігінің пайда болуы және ғарыштың еркіндік қағидасының бекітілуіне байланысты, бір жағынан, ұттық әуе кеңістігінде мемлекеттің егемендік қағидасы туралы мәселе кеңістік шегі жөнінде туын- дады.

Ғарыштық кеңістікті пайдаланудағы мемлекеттердің халықаралық іс-тәжірибесі жердің айналасындағы орбитада еркін ұшып жүрген, соның ішінде ең төменгі перигейлерді (реrі-грек сөзі айналасындағы, қасындағы gey грек сөзі – жер-ай орбитасының немесе Жер орталығына жақын тұратын Жердің жасанды серігінің орбитасының нүктесі деген сөздерден шыққан) мемлекеттердің ғарыш кеңістігінде орналасқан деп қарауынан шығып отыр, яғни ғарышты зерттеу және пайдалану еркіндігі қағидасының бір саласы болып табылады. Халықаралық құқықта, бір салт-дәстүр қалыптасып қалған, соған орай ғарыш кеңістігі жердің жасанды серіктері орбитасының ең төменгі перигейлерінің биіктігінен басталады. Бұл биіктік мұхит деңгейінен

шамамен 100 км., ол әуе кеңістігіндегі ұлттық егемендік осы шектен жоғары бола алмайды дегенді білдіреді.

Әуе кеңістігінде мемлекет егемндігі ұғымының мазмұнына барлық әуе қозғалыстарын, сондай-ақ өз меншіктеріндегі және шетелдік кемелердің коммерциялық қызыметін, әуе кемелеріне, олардың экипаждарына және осы кемелердегі жолаушыларға, жүктерге және нақты мемлекеттің аумағында болған кездегі поштаға қатысты әкімшілік, аумақтық, қылмыстық юрисдикцияны реттеу құқығы жатады. Мемлекеттердің қылмыстық санкцияларды қолдануы мемлекеттердің саяси, эканомикалық мүдделерін қорғуға, олардың қауіпсіздігін, оның әуе кеңістігіндегі әуе қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодегісінің 306-бабында маршруттарда рұқсат етілген қону орындарын, әуе қақпаларын (яғни, мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттері), ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерін өзге де бұзушылықтар үшін жауап кершілік көзделеген. Сонымен бірге, Қазақстан заңдарында әуе көлігі жұмысшыларының, олардың көлік қозғалысы немесе көлік құралдарын сапасыз жөндеуі, сигнал беру жүйесі мен байланыс құралдарын, сондай-ақ әуе кемелерін, ұшуды қамтамасыз етудің жердегі құралдарын, байланыс немесе сигнал беру жүйесін қасақана бұзғаны немесе құрқаны үшін қылмыстық санкцияларды қолдану көзделген (ҚР ҚК-нің 12 -тарауы –“Көліктегі қылмыстар”).

Мемлекеттің азаматтық-құқықтық және әкімшілік юрисдикциясы мәселелеріне мыналар жатады: шетел әуе кемесінің заңдық мәртебесін анықтау; кеме командирінің құқықтарын анықтау; әуе кемесі бортында жасалған азаматтық-құқықтық әрекеттерді реттеу; басқа кемелерге әуе кемесінің зақым тигізу жағдайлары кезінде әуе кемелері иелерінің жауапкершілігі; жер үстіндегі үшінші жақтарға ұшып жүрген әуе кемесі тигізген зияндары үшін жауаптылық; ең соңғысы әуе тасымалдаушыларының жүк иелері мен жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі. ҚР 2001ж. 30 қаңтарындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 27-тарауы көліктегі әкімшілік жауапкершілікке арналған. Соның ішінде, 442 –бап –ҚР әуе кеңістігін қолданудағы тәртіп бұзушылықты анықтайды;446-бап әуе кемесінде өзін-өзі ұстау тәртәбән бұзушылық жауапкершілігін белгілейді; 445-бап- әуе кемесін мас күйде басқару жауапкершілігіне арналған.

Халықаралық әуе кеңістігінде еркін ұшу қағидасы.

Халықаралық әуекеңістігіне ашық теңіз бен Антарктиканың үстіндегі әуе кеңістігі жатады. Осы кеңістіктердің үстінен ұшуды жүзеге асырған кезде әуе кемелері өзі тіркелген мемлекеттің юрисдикциясына бағынады. Бірақ бұл мемлекеттер мен олардың әуе кемелері құқықтық актілерде бекітілген халықаралық ережелерді сақтамауы тиіс дегенді білдірмейді. 1944ж. Чикаго Конвенциясының 2-қосымшасында осындай аумақтарда ұшу ережелері бекітілген. Халықаралық әуе кеңістігінің еркіндігіне күшіне қарай мемлекеттердің тұрақты келісілген іс-тәжірибесі қажет. Халықаралық ұшулардың орындалуы халықаралық негізде әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ) маршруттары арқылы жүзеге асады, олардың негізгілері ИКАО шеңберінде шақырылатын аэронавигациялық кеңестерде белгіленеді және қарастырылады.

Халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы. Бұл қағиданың мазмұны мемлекттің мынадай екі міндеттеріне негізделеді:

1.Авиациялық техниканың, аэроаппараттардың, қосалқы қызметтер мен әуе көлігінің техникалық сенімділігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау.

2.Азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу әрекеттерімен күрес жүргізу.

Бұл қағиданың орындалуы үшін Халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен шаралар қажет. Мемлекеттер ИКАО шеңберінде әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын, әуе кемелерінің ұшатын және техникалық қызметкерлерінің біліктілігін, әуе кемелерін және борттағы құжаттарды тіркеуді, байланыс жүйелерін және аэронавигациялық карталарды, әуежайлар мен қону алаңдарының сипаттамаларын, ұшу ережелері мен әуе қозғалысын басқару іс-тәжірибесін, сондай-ақ аэронавигацияның қауіпсіздігі мен тиімділігінің басқа барлық мәселелерінің өлшемдерін белгілейтін халықаралық регламенттерді, ережелерді, ұсыныстарды,стандарттарды ұдайы дайындап отырады.

Әуе кемелерін басып алу және айдап кету оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты, ИКАО 1944ж. Чикаго конвенциясына “Қауіпсіздік. Азаматтық авиацияны заңсыз қол сұғу әрекеттерінен қорғау”деп аталатын 17-Қосымшаны жасап шығарды.

 

3.Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшуды құқықтық реттеу

Мемлекеттің әуе кеңістігндегі әуе қозғалыстарын реттейтін және осы кеңістікті қолдану тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығын мемлекеттің әуе кеңістігі режимі анықтайды. Бұл нормалар мемлекеттердің ұлттық заңдары мен екі жақты және үш жақты сипаты бар халықаралық келісімдерде белгіленген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1610; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.