Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 7 страница




Ұлттық нормаларға сәйкес, әуе кеңістігіндегі шетелдік әуе кемелерінің ұшуы мемлекеттер арасында жасалған әуе қатнастары туралы келісім – шарттарға сәйкес немесе бір реттік ұшуға арналған арнаулы рұқсат негізінде заңды болып саналады. Қонуға тиісті болған әуе кеңістігінде тиісті рұқсатсыз ұшқан кез келген әуе кемесі құқық бұзушы кеме деп танылады және ол жерге қонуы керек.

Шетелдік әуе кемесі нақты мемлекеттің аумағы шегінде болған кезінде осы мемлекеттің халықаралық аэронавигация мен әуе кемелерін пайдалануды реттейтін қолданыстағы барлық заңдары мен ережелеріне бағынуы туралы ереже халықаралық әуе құқығының көпшілік мойындаған қағидасы болып табылады.

Шетелдің әуе кемесін мемлекеттік аумақтың шегіне өткізу туралы мәселені шешкен кезде мұндай кемелердің қандай мемлекеттің иелігінде екенін анықтау проблемасы пайда болады. Халықаралық әуе құқығында әуе кемесі өзі тіркелген мемлекеттің меншігіне жататыны белгіленген. Бұл ретте, бір кемені екі және одан да көп мемлекеттерде тіркеуге жол берілмейді Әуе кемесінің бір мемлекетке тиесілі екендігін қуаттайтын ресіми құжат оны тіркеу куәлігі болып табылады, ол кеменің ішінде болуы тиіс. Сонымен қатар, әрбір әуе кемесіне мемлекеттік тіркеу белгілері соғылады. Көпшілік мойындаған ережелер бойынша тіркелінбеген әуе кемелері мен тіркелу белгілері жоқ кемелер халықаралық ұшуға жіберілмейді.

Бортында мынадай міндетті борттық құжаттары жоқ кемелерге әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат етілмейді:

· тіркелу туралы куәлік;

· ұшуға жарамдылығы туралы куәлік;

· борт журналы;

· борттағы радиостансаға берілген құжаттар;

· жолаушылар тізімі;

· жүктер мен поштаның тиісті құжаттары.

Халықаралық ұшуды жүзеге асырушы әуе кемесінің ұшқышында және экипажының басқа мүшелерінде ұшу құрамының куәліктері болуы тиіс. Жоғарыда аталған барлық құжаттарды әуе кемесін тіркеген мемлекеттің беруі немесе жарамды деп тануы, әдетте халықаралық ұшуларға рұқсат берген басқа да мемлекеттердің аумақтарында жарамды деп танылады.

Азаматтық әуе кемесінің орналасқан мемлекетінің осы кеменің экипаж мүшелеріне,соған орай жолаушыларына, багажына, жүктеріне және поштасына ұлттық юрисдикциясының таралатыны туралы норма халықаралық әуе құқығында көпшілікпен мойындалған.

Әуе кеңістігі режимінің кейбір ерекшеліктерін мемлекеттерінің ұлттық заңдары белгілейді. Бұл ерекшеліктер мынаған келіп тіреледі:

1.Халықаралық келісімдер, сондай-ақ бір реттік рұқсаттар негізінде мемлекеттнрдің әуе кеңістігінде жасалатын шетелдік әуе кемелерінің ұшулары тек белгіленген халықаралық әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады, яғни ұшудың қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталған тұрақты маршруттар бойынша деген сөз болып табылады. Шетелдің әуе кемесі мемлекет аумағында шетелдік әуе кемесіне ашылған, белгілі бір әуежайларда ғана қону рәсімін жүзеге асыра алады және қонатын әуежайды анықтау құқығы әуе кеңістігі тиесілі мемлекеттің заңдары бойынша берілетіндігін атап айту керек.

2.Келесі ерекшелігі- ұшқышсыз әуе кемелерінің ұшуын реттеу. Авиациялық техника мен ракета жасаудың қарқынды дамуы қазіргі күннің өзінде азаматтық авиация мақсатында ұшқышсыз ұшақ аппараттарын қолдану мүмкіндігі туралы мәселе қоюға мүмкіндік беріп отыр. Мысалыға, пошталар мен матрицалар жеткізу үшін ракеталардың қолданылуы. Мемлекет аумағы үстіндегі әуе қозғалысының қауіпсіздігін нашарлатпау мүмкіндігінің жоқтығы ұшқышсыз әуе кемелерінің халықаралық ұшуларының маңызды шарты болып табылады. Осы мақсатта мемлекеттерге тиісті мемлекеттік органдардың ұшып жүрген әуе кемелерінің басқалармен соқтығысып қалмауын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету жүктелген.

Аэронавигациялық халықаралық құқықтық реттеуге қатысты мәселелерді айта отырып, жеке нормалардың бірыңғайға салынуымен қатар, әуе қозғалысын реттеп отыратын ережелердің маңыздылығын атап көрсету қажет. Мұндай бірізділіктің қажет екені көптеген мемлекеттердің аумағынан ұшып өтетін әуе кемесінің ұшқышы,өз елінің ережелерін біліп қана қоймай,өзі ұшып өтетін әрбірн мемлекеттің де ережелерінбілуге міндетті екендігінен көінеді.

Халықаралық аэронавигацияның сан қилы ережелері ұшқыштарға ғанаемес, жердегі авиадиспетчерлік қызметтерге де қиындықтар туғызады, бұл ережелерді білмеушілік немесе дұрыс қолданбау күрделі авиациялық оқиғалардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, ИКАО-ның аэронавигациялық ережелерді бірізге салу жөніндегі жұмысы дер кезінде жасалып жатыр және ол өте құнды болып табылады. ИКАО жасаған халықаралық аэронавигациялық ережелер Чикаго Конвенциясының техникалық қосымшасы ретінде ресімделген және мынадай жайларды бірізге салған:

· халықаралық ұшуларды жүзеге асыру ережелері;

· халықаралық азаматтық авиацияға метереологиялық

қызмет көрсету;

· халықаралық әуе жолдарының аэронавигациялық

карталары;

· “ауа-жер” байланысында қолданылатын өлшем

бірліктері;

· халықаралық әуе желілерін пайдалану ережелері;

· ұлттық тәнділігін белгілеу ережелері және әуе

кемелеріне мемлекеттік тіркеу белгілерін соғу;

· әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын куәландыру;

· халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелері

апатқа ұшыраған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырудағы авиациялық телекамуникациялар;

· авиациялықоқиғаларды зерттеу тәртібі;

· аэродромдарды пайдалану ережелері;

халықаралық ұшуларға арналған авиациялық-ақпараттық қызметті ұйымдастыру.

Халықаралық әуе желілерін мемлекеттердің бірлесіп пайдалануы, азаматтық авиация саласындағы олардың арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюы мемлекеттер аумағындағы халықаралық әуе қозғалыстарының реттелуіне қатысты нормаларды бір ізге салу жұмысының жалғасуын талап етеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аясында 1992ж. мамыр айында әуе кеңістігін қолдану туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің 2-бабына сәйкес әуе қозғалысы мен әуе қорғанысына қарсы бірыңғай басқару жүйелерінің органдары мемлекеттердің әуе кеңістігін қолдануын басқару және бақылау мәселелері бойынша негізгі органдар болып табылады. Қатысушы мемлекеттер әуе қозғалыстарын, навигациялауды, қону мен байланысты ғылыми жасақтау, жобалау, дайындау, сатып алу және техникалық құралдар мен басқару жүйесін ендіру барысында үйлестірілген қызметті жүзегеасыру үшін өздеріне міндеттемелер алды. Сонымен қатар, Достастық мемлекеттерінің қарулы күштері мен әуе кеңістігін басқа да пайдаланушылардың мүдделерін ескере отырып,әуе кеңістігін қолдануды жетілдіру саласында бірлескен бағдарламаларды жасау жоспарлануда. Қатысушы- мемлекеттер мен Достастықтың Біріккен Қарулы Күштерінің әскери әуе кемелері, қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрліктері (комитеттері) бірігіп бекіткен арнаулы ережелерге сәйкес,Достастықтың барлық мемлекеттерінің әуе кеңістігіндеұшуды жүзеге асырады. Бұл ережелер осы мемлекеттің аумағында қолданылатын әуе кемелерінің ұшу ережелеріне қайшы болмауы керек.

 

4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу

Жолаушыларды,пошта мен жүктерді белгілі бір сыйақы

үшін тасымалдау мақсатында ортақ пайдалануға ашық болатын екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары арасында әуе кемелерініңұшуы халықаралық-құқықтық әуе қатнастары деп аталады.

Халықаралық әуе қозғалыстарын реттеу проблемалары

жиынтығында мемлекеттік қауіпсіздікті, сондай-ақ халықаралық ұшулардың қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ететін ұшу техникалық нормаларды әуе қатнастарын белгілеуге байланысты.Өзінің әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелеріне ұшу құқығын және өз аумағындағы нүктелерде қону құқығын берген әуе қатнастарын реттеу мәселелері мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға арналған.

Халықаралық әуе жерлерін пайдаланатын шетелдік әуе кемелерінің коммерциялық қызметін реттеу проблемаларының мынадай негізгі аспектілері бар:

  • халықаралық әуе көлігіндегі коммерциялық құқықтар;
  • коммерциялық құқықтарды жүзеге асыратын шетелдік

авиакәсіпорындарды бақылау;

  • халықаралық әуе желілерінің маршруттарын реттеу;
  • тасымалдау мөлшері мен халықаралық әуе жерлерін

пайдаланудың басқа да шарттарын реттеу;

  • ұдайы емес халықаралық әуе қатынастарын құқықтық

реттеу;

Халықаралық әуе көлігіндегі коммерциялық құқықтардың әуе құқығында маңызды орны бар. Бұл мәселе маңыздылығы жағынан ұшу құқығынан кейін тұрады. Халықаралық әуе көлігіндегі коммерциялық құқықтар дегеніміз-авиакәсіпорындарға коммерциялық іспен айналысуға рұқсат беру, яғни жолаушылар,багаждар, жүктер және пошталардың әуе тасымалдауын жүзеге асыру. Бір мемлекеттің аумағы шегінде орналасқан нүктелер арасындғы тасымалдаудың орындалуы,сонымен қатар, екі және одан да көп мемлекеттер арасындағы тасымалдаудың орындалуы осы құқықтардың мазмұны болып табылады. Осы заманғы халықаралық тәжірибеде коммерциялық қызмет құқығын “әуе еркіндігі”деп аталатын шартты санаттарға бөлу орын алған. Әдетте мұндай санат саны бесеу болып келеді:

1.Шетелдік мемлекеттің аумағында транзитті қонусыз

ұшуды жүзеге асыру құқығы.

2.Осы мемлекет аумағындағы нүктелерде коммерциялық мақсатсыз қонуды жүзеге асыру құқығы.

3.Әуе кемесі тіркелген елде бортқа алынған багаждарды, жүктерді, пошталарды және жолаушыларды түсіру құқығы.

4.Әуе кемесі тіркелген мемлекетіне жеткізу үшін осы мемлекеттің аумағында бортқа жолаушыларды, багажды, жүктерді,пошталарды алу құқығы.

5.Осы мемлекеттің аумағындағы нүктелерге жолаушыларды, багажды, жүктерді, поштаны әкелу құқығы, сондай-ақ оларды осы нүктелерде кез келген үшінші елдерден немесе басқа үшінші елдерге жеткізу үшін бортқа алу.

Коммерциялық құқықтарды жүзеге асыратын шетелдік әуе кәсіпорындарын бақылау.

Халықаралық келісім бойынша ұшу құқықтары мен халықаралық әуе желілерін пайдалануға арналғанкоммерциялық құқықтар алған мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуы үшін өзінің бір немесе бірнше кәсіпорындарына дербес өкілеттік бере алады. Бір жағынан, мұндай құқықтар беретін мемлекетте оның аумағындағы желілерді қандай сипатта және қалай пайдаланатынына немқұрайды қарай алмайды. Осыдан барып халықаралық әуе құқығында шетелдік әуе кәсіпорындарын бақылау мәселесі пайда болды.

Шетелдік әуе кәсіпорындарында әуе желілерін пайдалануға беру туралы келісім-шарттың негізделген алдын ала шартты, ол- пайдалануға рұқсаттың берілуі болып табылады.

Ондай рұқсат шетелдік әуе компаниясына осы әуе компаниясын тағайындаған мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес, сондай-ақ аумағында әуе желілері пайдаланылатын мемлекеттердің заңдары менережелеріне сай құрылғанын және әрекет ететінін, куәландырытын құжаттарды көрсеткен жағдайда беріледі.

Халықаралық әуе желілерінің маршруттарын реттеу.

Халықаралық әуе байланыстарының қарқынды дамуы әуе маршруттарын реттеудің анағұрлым күрделі тәртібіне көшуді талап етті. Әдетте, тараптардың аумақтарында аяқталатын нақты белгіленген әуе желілерін ұсына алатынын дербес анықтауға құқықтар берілетін болды. Үшінші мемлекет аумағында орналасқан, келісімдерде көрсетілген пункттер, осы үшінші елдерде тараптардың ұшуға және қонуға деген құқығына келісімді бекітеді дегенді білдірмейді. Бұл құқықтарды мүдделі тараптардың әрқайсысы дербес түрде алуы керек.

Тасымалдау көлемі мен халықаралық әуе желілерін пайдаланудығ басқа да жағдайларын реттеу.

Мемлекеттер тәжірбиесі бұл мәселенің түрлі аспектілерінен келіп шығады. Бір мемлекеттер тасымалдау мөлшерін анықтау қажеттігін жақтаса, басқа біреулері әртүрлі мемлекеттерде әуекәсіпорындары арасындағы бәсекелестіктің шектеулі шараларын бекітуді жақтайды, үшінші біреулері ресми теңдік, әділеттік және тең мүмкіндіктер қағидасына сүйенуді жақтады. Таңдап алынған саясат түріне қарамастан, мемлекеттер кемсіту шараларын қолданбауы керек, мүдделі мемлекеттер арасында тасымалдау мөлшерін және халақаралық әуежелілерін пайдаланудың басқа шарттарын міндетті түрде келісімдеп, жоспарлау қажет.

Жүйесіз халықаралық әуе қатынастарын құқықтық

реттеу қажеттігі мынада:

  • қатысушы басқа мемлекеттің аумағында аяқталатын

нүктедегі ұшуды атқару үшін;

  • осындай құқық беретін мемлекет аумағында қонусыз

транзиттік ұшу үшін;

  • осындай құқық беретін мемлекеттің аумағында қону

арқылы транзиттік ұшу. Мұндай ұшулар егер бұл құқықты беретін мемлекеттің ерекше рұқсаты берілмесе, коммерциялық мақсатта орындалмауы керек.

 

Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы

1. Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі.

2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.

3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі.

4. Ғарыш объектілерінің құқықтық режимі.

5. Экипаж бен ғарыш объектісінің юрисдикиция және бақылау мәселелері.

6. Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік және ақтандыру институты.

7.“Байқоңыр” ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары.

1. Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі

Халықаралық ғарыш құқығы- бұл халықаралық құқық

субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызыметтеріне байланысты олардың арасындағы қатыныстарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызыметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы; ғарыш кеңістігін ұлттық иемденуге тыйым салу қағидасы жатқызылады.

БҰҰ аясында 1959 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы

Органы - ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі Комитеті құрылды.

Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздері жүйесін БҰҰ қол астында жасалған мемлекеттердің ғарыштығы бірлескен қызыметін реттейтін ғылыми- техникалық сипаттағы көптеген халықаралық шарттары; мемлекеттердің жердегі және әуе кеңістігіндегі ғарышты зерттеу және пайдалануға байланысты қызыметтін айқындайтын шарттар құрайды.

Қайнар көздердің бірінші тобына:Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу және пайдаланудағы мемлекеттер қызыметінің қағидалары туралы 1967 ж. Шарты; Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді және объектілерді қайтару туралы 1968 ж. Келісім; Ғарыш объектілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауап кершілік туралы 1972 ж. Конвенция;Ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді тіркеу туралы 1976 ж. Конвенция; Мемлекеттердің Айдағы және басқа аспан денелеріндегі қызыметі туралы 1984 ж. Келісім жатады.

Халықаралық ғарыш құқығыныңқайнар көздерінің екінші тобы ғылыми- техникалық бағыт сипатында, оларды Еуропа ғарыш агентігі; Интерспутник және басқа да көптеген үкіметаралық ұйымдр қабылдаған. Екі жақты және көп жақты сипаттағы мұндай шарттар мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызыметінің нақты және жалпы мажілістеріне қатысты болады.

Үшінші топтағы шарттар ғарышкерлерді және ғарыш объектілерін құтқару және қайтаруға байланысты жерде жүргізілетін операциялардың құқықтық мәселелерін реттейді. Сонымен бірге, ғарыш объектілерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жерге құралуы кезінде келтірілген залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді.

Халықаралық құқықтың құқықтық нормаларының әрекеті ғарыш кеңістігіне және мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін жеде де, ғарыш кеңістігінде де зерттеуі және пайдалануына байланысты қызыметіне толық таралады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш кеңістігінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді және тиісінше ғарыш кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттер қызыметін де белгілейді. Халықаралық ғарыш құқығының нормалары мен институттары осы ерекшелікті бейнелей отырып, сонымен бірге халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларына сәйкес келуі керек.

2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі

Ғарыш кеңістігі - бұл Жер шарының ауа қабаты шегінен тыс оналасқан кеңістік, оның құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығымен айқындалады. Ғарыш кеңістігімен аспан денелерінің құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығының кейбір жалпы қағидаларына тығыз байланысты және соларға сәйкес қарастырылуы тиіс. Оларға:

· ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі;

· ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануғ

қатыст қызыметті халықаралық қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;

· ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық иемденуге

тыиым салу;

· ғарыш кеңістігін ішінара қараусыздандыру және аспан

денелерін толық қамсыздандыру;

· мемлекеттердің ұшыратын ғарыш объектілеріне дербес

құқықтарын сақтауы;

· ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде сынақтар

жүргізудің ықтыимал зияндарының алдын алу;

· ғарыш кемесінің экипажына авария, апат немесе

мәжбүрлі қону жағдайларында көмек көрсету;

· ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт мақатқа

зерттеу және пайдаланудғы халықаралық

ынтымастыққа жәрдемдесу;

· мемлекеттердің кеңістіктегі ұлттық қызыметінің

халықаралық жауапкершілігі жатады.

Олардың кейбірінің мазмұнын қарастырып

көрейік.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі.

Ғарыш кеңістігінің құқықтық жағдайы, ең алдымен оған бірде - бір мемлекеттің тәуелсіздігі таралмайтындығына байланысты. Ол халықаралық құқық нормаларына сәйкес, барлық мемлекттердің зерттеуі үшін ашық немесе еркін болады. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігіне баруға теңдей құқықтары бар. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеруге және осындай игерудің нәтижелерін алуға мүдделі екндіктері сөзсіз. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін аспан денелерін игеру қызыметі ғарышты зерттеу нәтйжелерін тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға жәрдемдесуі тиіс.

Ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты қызыметті халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес жүзеге асыруы.

Халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары бір мемлекеттің шегінде ғана міндетті емес, сонымен бірге ешкімнің тәуелсіздігі жоқ кеңістіктерде де міндетті болып табылады. Ішкі істерге қол сұқпау, мемлекеттердің дербес теңдік, өздеріне жүктелген халықаралық міндеттемелерді адал орындау, күш қолданамын деп қоқанлоққы жасау немесе оны қолдануға тыйым салу және басқа да қағидаларды орындамай тұрып, ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт игеру мүмкін емес.

Ғарыш кеңістігін және апан денелерін ұлттық иемденуге тыйым салу. Бұл қағида алғаш рет БҰҰ Бас Ассамлеясының 1961 ж. қарарында тұжырымдалған болатын. Ғарышты зерттеу және пайдалану еркіндігін жариялаумен тікелей байланысты бұл қағида қандай да бір мемлекет тәуелсіздігінің таралуын жоққа шығарады. Батыстың халықаралық құқықтық әдебиеттерінде ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін жеке адамдардың, жеке меншік компаниялардың және халықаралық ұйымдардың иелену құқығының мүмкіндігі туралы мәселенің қызу талас тудырғанын айту керек. Алайда мұндай позиция Ғарыш жөніндегі 1967 ж. шарт пен Мемлекеттердің Ай мен басқа да аспан денелеріндегі қызыметі туралы Келісімнің тиісті ережелеріне қайшы келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1223; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.077 сек.