Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 10 страница




Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу мен оның юрисдикциясының арақатынасы туралы мәселе ұлттық ұшу кезінде жеңілірек шешіледі. Ғарыш объектісін тіркейтін мемлекет оның экипаждарына да юрисдикциясын жүргізеді. Халықаралық ұшу жағдайларында жағдай күрделірек. Мұндай жағдайда юрисдикцияны тіркеген мемлекеттің жүзеге асырыуы туралы ереже әрекет етеді. Алайда, халықаралық ұшулар кезінде мемлекеттер юрисдикцияны кімнің жүзеге асыруы туралы уағдаласулары мүмкін. Мұндай мүмкіндік 1967 ж. Шарт бойынша да жоққа шығарылмайды және тіркеу туралы Конвенцияның ІІ бабында тікелей көзделген, онда ұшырушы мемлекеттер арасында ғарыш объектісі және оның кез келген экипажына юрисдикция және бақылау жасау туралы мәселе бойынша келісім жасалғандары немесе жасаулары айтылған. Сөйтіп, халықаралық ұшулар кезінде тіркеу және юрисдикция қызыметі бір мемлекетке ғана тиесілі ұшатын ғарыш объектілеріне юрисдикциясын жүзеге асыра ала ма деген мәселе туындайды. Халықаралық ғарыш құқығы туралы әдебиеттерде бұл туралы түрлі пікірлер бар. Біреулері, халықаралық ұйым юрисдикцияны жүзеге асыра ала ма деген мәселе туындайды. Халықаралық ғарыш құқығы туралы әдебиеттерде бұл туралы түрлі пікірлер бар. Біреулері, халықаралық ұйым юрисдикцияны жүзеге асыра алмайды, өйткені мүше – мемлекеттер осы қызыметтерді орындауды кімнің алатындығы туралы мәселені шешуі керек деп атайды. Келесі біреулері халықаралық ұйымдардың юрисдикцияны жүзеге асыруына күмән келтіреді, екінші жағынан, халықаралық ұйым құқық субъектісі ретінде осындай өкілеттіктерге ие болуы мүмкін деген жаққа қарай ауысады. В.С.Верещетин халықаралық ұйым юрисдикцияны жүзеге асыру құқығына ие бола алмайды деген заңгерлердің пікіріне қосылады. Халықаралық ұйым-бұл құқықтың ерекше субъектісі. Ол Жердің өзінде мемлекет сияқты құқықтық тәртіп бекіте алмайды, заңдарды ұйғарып, мемлекеттің орындайтынындай, олардың іске асырылуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан халықаралық ұйым ұшырылған объктісіне қатысты юрисдикция құқығын «сақтайң алмайды, өйткені жоқ нәрсені қалай сақтауға болады. Халықаралық ұйым қызмет процесінде қабылдайтын актілер, ережелер, ұсыныстар мен шешімдер ұйымның ішкі өміріне, оның органдарының қызмет етуіне және т.б қатысты болады. Олар ешқандай да мемлекеттің заң шығару қызметіне, оның құқықтық тәртібін бекітуіне заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге сәйкесе алмайды.

Сөйтіп, ұшырушы мүше-мемлекеттің нақты қайсысы юрисдикцияны жүзеге асыратыны туралы уағдаласушылыққа қол жеткізуі тиіс. Егер халықаралық ұйымға тиесілі объектіні, оның ішінде ұшыратылатыны да, ұшыратын мемлекеттер қатарында осы ұйымға мүше емес қандай да бір ел кіретін болса (мысалы, халықаралық ұйымның объектісі мүше емес мемлекеттің аумағынан немесе құрылғысынан ұшырылса), онда ол да юрисдикцияны жүзег.е асыруға қатысты уағдаластыққа қол жеткізуге қатысуы керек. Келісілген жағдайда осы мемлекетке, осындай объектіге қатысты юрисдикция құқығы берілуі мүмкін.

Ғарыш жөніндегі шарттың VІІІ бабына сәйкес, тізіліміне ғарыш объектісі енгізілген мемлекет юрисдикцияны және бақылауды “сақтап” қалады. Юрисдикцияны және бақылау құқығын “жүзеге асырмайды”, “алмайды”, -“сақтайды”. Бұл сөз бәлкім ғарышкердің өмірі жердегі сөз келген адамның өмірі сияқты құқықпен байланысты және туғанна өлгенге дейін оның нормаларымен реттеледі, ол ғарышта болған кезде де Жермен құқықтың байланысын жоғалтпайды, құқықтық ұйғаруды қатаң сақтауға міндетті адам болып қала береді дегенді атап көрсетуді мақсат тұтқан болар.

Шарттың VІІІ бабының мәтінінде “юрисдикция”терминімен қатар, ”бақылау” сөзі де қолданылған. Ғарыш жөніндегі келісімдерде бұл ұғымға анықтама берілмеген, бұл терминнің доктринада да бірізді ұғымы жоқ. Алайда көптеген авторлар “бақылау” дегеніміз объектіні басқару құқығын және оның қызыметін бақылауды, сондай- ақ оның экипажының әрекеттерігне жетекшілік(байланыс жасау, ұшуды бақылау және басқару, аспаптардың жұмысын қадағалау және т.б.) жасауды білдіреді дейді. Ғарыш жөніндегі Шарт экипаждың шетел мемлекетінің әуе кеңістігінде және ашық теңізде болғанында, сондай- ақ тіркеген мемлекеттің аумағынан тыс жерде авариялы қонған кезде юрисдикцияны жүзеге асыру жөніндегі мәселені ашық күйінде қалдырды. Осы мәселеге байланысты теорияда әр түрлі пікірлер бар. Соның біреуі экипаж шетелдік мемлекеттің әуе кеңістігінде болғанда немесе оның аумағына авариялық жағдайда қонғанда осы шеттел мемлекетінің юрисдикциясында болу керек дейді. Кейбір авторлар ұшудың барлық кезеңінде, оның ішінде шетелдік мемлекеттің әуе кеңістігінде немесе ашық теңізінде болған кезде де, орбитаға шығару мақсатында немесе жерге қайтып келе жатқанда, сондай- ақ тіркеген мемлекетің юрисдикциясы мен бақылауы сақталуы тиіс деп есепдейді.

 

6. Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік және сақтандыру институты

Халықаралық қатынастарда тәртіпті қамтамасыз етудің бір әдісі реттінде ерте заманнан –ақ жауапкершілік институты қолданылып келеді. Ішкі заңдарды сақтау ұлттық жүйенің тиісті заң нормаларымен, сондай- ақ мемлекеттік тетіктің құрамдас бір бөлігі болып табылатын мәжбүрлеу аппаратын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық қатынастарда қандай да бір мемлекеттік орталық мәжбүрлеу аппараты жоқ. Халықаралық – құқықтық нормалар мен қағидалардың өздері халықаралық құқықтық тәртіпті сақтау кепілі болады,оның ішіндегі ең маңыздысы pact sunt servanda (“шарттар сақталуы тиіс”) қағидасы болып табылады. Халықралық ғарыш құқығында жауапкершіліктің саяси, материалдық және моральдық үш нысаны да қолданылады. Мемлекеттер табиғаты жағынан белгілі бір тәуекелге байланысты құқыққа сай ғарыш қызыметін жүзеге асыру барысындағы ықтимал зиянды салдардан келетін залалдарды өтеуге міндетті.

Жауапкершілік мәселелері ғарыш объектілері келтірген залал үшін халықаралық жауапкершілік туралы Конвенциямен реттеледі, ол көпшілікке “Жауапкершілік жөніндегі Конвенция” деген атпен белгілі, оны 1971 ж. 29 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған болатын. Ол халықаралық жария құқық субъектілерінің, олардың юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы осы заманғы халықаралық құқықтың тыйым салмаған қызыметтері нәтижесінде келтірілген залалдары үшін материалдық жауапкершілігін арнайы реттейтін шарттың алғашқысы. Жауапкершілік жөніндегі Конвенция халықаралық ұйымдардың қызыметтіне де таралады.

Конвенцияның 1- бабына сәйкес, залал деп “өмірден айыру, дене жарақатын немесе денсаулыққа басқа да зиян келтіру; не мемлекеттердің не жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың немесе халықаралық үкіметаралық мүліктеріне зиян келтіру немесе жоюды” айтады. Әуе кемесіне жердің үстінде немесе ұшу кезінде келтірілген залал үшін жауапкершілік абсолютті жауапкершілік болып табылады, яғни залал келтірушінің кінәсынан тәуелсіз. Ғарыш объектісіне немесе оның бортындағы адамдар мен мүліктерге жердің үстінен басқа, яғни ұшу сатысында немесе аспан денесінде кез келген жерде келтірілген залал үшін жауапкершілік ұшырған мемлекеттің немесе оның жауап беретін адамдарының кінәсына негізделеді.

Сөйтіп, жауапкершілік ұшырушы мемлекетке жуктеледі, ондай мемлекет ретінде ғарыш объектісін ұшыруды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын, немесе аумағынан не құрылғыларынан ғарыш объектісі ұшырылатын мемлекеттер есептеледі.

Егер залал ұшырушы екі мемлекеттің ғарыш объектілерінің соқтығысуы нәтижесінде пайда болса, онда олар үшінші мемлекеттің алдында ортақ жауапкершілікте болады. Мұндай жауапкершілік (Конвенцияның ІV бабы) обектісін екі немесе бірнеше мемлекет бірігіп ұшыраған кезде келтірілсе, онда өтемақы туралы талап ұшырушы мемлекеттің кез келгеніне дереу қойылуы мүмкін, ондай мемлекет залалды толық көлемде өтеуге міндетті және ортақ жауапкерлеріне қарсы талап қою құқығын пайдалануына да болады.

Егер залал халықаралық ұйымға тиесілі ғарыш объектісімен, оның ішінде ұшатын обектімен келтірілсе және бұл ұйым Конвенция бойынша ұшырушы мемлекеттердің қатарында болса, онда бұл ұйымға және оның құрамына кіретін мемлекеттерге ортақ жауапкершілік жүктеледі. Алайда, өтемақыны өтеу туралы талап бірінші кезекте ұйымға қойылуы керек. Мүше – мемлекеттердің өтемақыны өтеу жөніндегі жауапкершілігі туралы мәселе, егер халықаралық ұйым алты ай ішінде өтемақы төлемеген жағдайда туындайды(XXІІ баптың 3-тармағы). Егер залал халықаралық ұйымға тиесілі экипажы бар немесе экипажсыз ғарыш объектісіне келтірілсе, онда залалды өтеу туралы өтемақыны ұйымның өзі емес, уағдаласу бойынша оның мүше- мемлекеттерінің бірі қояды. Сол арқылы халықаралық ғарыш құқығында жауапкершілік субъектілерінің қатарына халықаралық ұйымдар да енгізілген. Ұшатын ғарыш объектілері қызметкерлерінің халықаралық құқыққа қайшы әрекеттері үшін мемлекеттердің жауапкершілігі кінәлі адамдарды тиісті ұлттық заңдар негізінде қылмыстық, әкімшілік (тәртіптік) және азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартуын көздейді. Ғарыш объектісі персоналына құқыққа қарсы әрекеті үшін жүктелетін жаза шарасы- әкімшіліктен бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін әртүрлі болуы мүмкін. Жауаптылық сипаты жасалған құқыққа қайшы әрекеттің және туындаған салдардың ауырлығымен айқындалады.Тәртіптік немесе қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану кінәлі адамдарды ұшатын ғарыш объектісін тіркейтін мемлекеттің заңдары бойынша материалдық залалды өтеуден босатпайды.

Ұшатын (адамы бар) ғарыш объектісінің бортында осы объектіні құруға немесе ұшыруға қатыспаған мемлекеттің азаматы немесе азаматтары болса бұл мемлекетті ұшырушы мемлекеттердің қатарына жатқызуға халықаралық жауапкершілік мәселелері негіз беретін болса, онда тиісінше үшінші тарапқа келтірілген залал үшін олар ортақ жауапкершілікте болады. Оның осы мемлекет азаматының кінәсінен залал келтірілген жағдайда маңызы өте зор болады. Жауапкершілік жөніндегі конвенция әртүрлі жағдайларды келтірілген залалды өтеу туралы талапты қарау тәртібін де белгілейді. Өтемақы көлемі «халықаралық құқыққа және әділдік қағидасына сәйкес, залады өтеуді қамтамасыз ету үшін,… залал келтірмеген жағдайда болатын жағдайды қалпына келтіруді… ң бекітеді (XІІ бап). Дау туындаған жағдайда, мүдделі тараптар, олардың кез келгені талап еткен жағдайда (міндетті төрелік рәсімі), талаптарды қарау жөнінде комиссия құрады. Конвенцияда осындай комиссияны құру тәртібі, олардың құзіреттерді және әрекет ету жағдайлары белгіленген. Жауапкершілік мәселелері ұшуды қамтамасыз ететін немесе ұшыруға өз құрылғыларын беретін және заңды тұлғаларға қатысты да туындауы мүмкін жеке компанияларды ғарышпен байланысты қызметке тарту процесі жауапкершілік ауыртпалығын бөлуге мұқият қарауды қажет етеді. Бірқатар мемлекеттер бұл проблеманы өздеріне қолайлы әдісімен шешіп те алған. Олар ғарыштағы жеке компаниялардың қызметін нақты ескеретін ұлттық заңдарды қабылдады. Бұл заңдарда негізінен ұлттық заңдарға сәйкес, лицензия берілген жеке компаниялардың халықаралық талап етуі бойынша мемлекеттердің өтеген залалдарының кез келгенін өтеуі туралы ережелер енгізілген. Ал халықаралық деңгейде мұндай сипаттағы ұлттық заңдар шеңбері белгіленбеген, ол алғаш объектілері келтіргент залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенцияны ережелерін қолдануды біріңғай түсіндіруге және бірізділікке кедергі келтіруі мүмкін.

Ғарыш құқығының маңызды саласының бірі ғарыштық сақтандыру болып табылады. Ол ғарышта жеке кәсіпкерлікті дамуына байланысты пайда болған. Көбіне жасанды спутниктік байланыстарды ұшыру және пайдалану саласында таралған. Ғарыштық сақтандыру бойынша алғашқы операция 1965ж. АҚШ –та жүзеге асырылады.

Ғарыштық сақтандыру бір тараптың (сақтандырушы) екінші тарап (сақтанушы) төлейтін белгілі бір сыйақысы үшін (сақтандыру сыйақысы) шартта көрсетілген оқиға нәтижесінде келтірілген залалды өтеуге міндеттенуін білдіреді. Әдетте, авиациялық және оған ұқсас туекелдерді сақтандыруға маманданған сақтандыру фирмалары “ғарыш туәкелдерінің” сақтандырушы болып келеді. Ғарыш қызыметімен айналысатын және өзінің ықтимал залалдарының орнын толтыруға қаржылық кепілдеме алғысы келетін кез келген компания (тіпті мемлекеттік орган да) сақтанушы бола алады.

Ғарыштық сақтандырудың ерекшелігі оның сақтандыру затының өзгешелігінен көрінеді,яғни сақтандырушының өзіне жүктейтін тәуекелі: тәуекел деңгейі белгісіз, статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігі салдарынан оны техникалық бағалау қиындық туғызады, ғарыш техникаларына сериялы ұғымдардың қолданылмайтындығы, сақтанушының тәуекелді бағалау және мәліметтерді тұтас бақылаудағы артықшылықты жағдайы т.б.

Ғарыштық сақтандыруда дәстүрлі сақтандыру саласындағыдан өзгеше, полистердің ерекше түрі жасалған.

Қазіргі таңда сақтандыру полистері ғарыш бағдарламаларының барлық сатыларында- спутникті құрастыру аяқталғанға дейін беріледі.Бір, екі немесе бірнеше саты сақтандырылуы мүмкін.Сақтандырудың мынадай түрлері кеңінен тараған:

  • Ғарыш техникасын ұшыру алдында

сақтандыру.сақтанушының мүлкіне келтірілген залалды спутникті құрастыру аяқталған сәттен бастап, бірінші сатыдағы двигателдерді ұшыру аяқталғанға дейін төлеуге кепілдік береді.

  • Ұшыруды сақтандыру. Бірінші сатыдағы двигательдерді

ұшырудан спутниктің жоспарланған орбитаға шығуына деійнгі кезеңде келтірілген залалды өтейді (ұщыру кезінде спутниктің зақымдануы, бақылау жүйесінің істен шығуы, спутниктің тиісті орбитаға жетпеуі және т.б.).

  • Ғарыш объектісін орбитада сақтандыру. Сақтанушының

сертификат алу сәтінен бастап шығындарын өтеуге кепілдік береді. (спутниктің орбитада 3-6 айдай қалыпты жұмыс істегенінен кейін 1 жылдан 3 жылға дейін беріледі; егер спутниктің қолданыстағы жоспарланған кезеңі бұл мерзімнен асатын болса, сақтандыру полисі ұзартылады). Бұл сатыда залалдар спутниктің орбитадан шығып кететінде, отын жүйесінің немесе коммуникация жүйесінің юұзылуынан және спутникті пайдалануға жарамсыз ететін өзге де себептермен келтіруі мүмкін.

Сақтандырушы өтейтін залалдардың нақты түрлерінің тізбесі әрбір полисте мазмұндалады. Оған сондай-ақ, соғыс нәтижесінде келтірілген, жобалаушылардың қателіктерінен болған және т.б. зияндардың өтелмейтіні туралы ескертпелер енгізілген. Әр саты үшін сақтандыру төлемдерінің пайызы әр түрлі және әрбір сақтандыру шартында жеке бекітіледі.

Мүлікті сақтандырудан басқа, мысалы, ғарыш объектісінің әуе кемесімен соқтығысуы, басқа спутникпен соқтығысуы, Жерге құлауы және т.б. нәтижесінде үшінші тұлғалардың (яғни, осы ғарыш операциясына қатыспайтын тұлғаларға) мүліктеріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін халықаралық жауапкершілік бар. Дегенмен, 1967ж. ғарыш жөніндегі Шарт және ғарыш объектілері келтірген заладар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972ж. Конвенция жауапкершілікті міндетті сақтандыруды талап етпейді, ал ұлттық ғарыш құқығы сақтандырудың міндеттілігін көздеуі мүмкін. Мәселен, АҚШ- та аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі 1958ж. Ұлттық заңға сәйке, НАСАсғарыш объектісін ұшыруды жүзеге асыратын компаниядан, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру шартын жасауды талап етеді. Бүгінгі таңда, ғарыштық сақтандыру аса тәуелділікке байланысты (орбитаға шығарылған спутниктердің жойылуының немесе істен шығуының көбеюі) үлкен проблемалардың алдында тұр. Олардың қатарына сақтандырушының өзіне алып отырған тәуекелін тура бағалау, тиімді сақтандыру сыйақыларын бекіту (олар сақтандырылған мүлік құнының 20%-ына дейін жетеді), сақтандыру қорларының жаңа нысандарын құруды дамыту проблемалары жатқызылады.

 

7.”Байқоңыр” ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары

“Байқоңыр” ғарыш айлағының негізгі 1955ж. қаланған. Ол 6717км2 ауданды алып жатыр, солтүстіктен оңтүстікке қарай-75км, батыстан шығысқа қарай-90 км-ге созылған. Әкімшілік орталығы- Байқоңыр қаласы, онда 60 мыңға жуық адам өмір сүреді.”Байқоңыр” ғарыш айлағы зымыран- ғарыш техникаларын сынауға, ғарыш аппараттарын, ұшатын ғарыш кемелерін және орбиталық стансаларды, автоматты планетааралық стансаларды орбитаға 200 мың км-дей биіктікке ұшыруға дайындау және ұшыруды жүзеге асыруға арналған. Осы ғарыш айлағында құрастырушы С.П. Королев жасаған әлемдегі алғашқы континентаралық зымыран (1957ж. 21 тамыз), Жердің алғашқы жасанды серігі (1957ж. 4 қазан) және ең алғашқы ұшатын ғарыш кемесі ”Восток”, планетаның бірінші ғарышкері Ю.А. Гагаринмен (1961ж. 12 сәуір) сынақтан өткізіліп, ұшырылған болатын.Ғарыш айлағында Ресей Федерациясының ғарыш аппараттарының шамамен 50%-ы және халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары бойынша 90%-ы, оның ішінде геостационарлық орбитаға 100% ұшырылады. Ғарыш айлағы құрылған сәттен бастап, КСРО Қорғаныс министірлігінің құрамына кірген болатын. КСРО ыдырағаннан кейін ғарыш айлағының объектілері Қазақстан Республикасының меншігіне айналды.

1990ж.басында қалыптасқан салалық кооперация айтарлықтай көлемді жобаларды жүзеге асыруға қабілетті еді. Ол жылдары КСРО-ның орбиталық топтамаларында 190-ға жүық зымыран-тасығыштар бар болатын, оларды ұшыру үш-бес күнде біреуін жіберу жиілігімен жүзеге асырылатын. КСРО ыдырағаннан кейін бұрынғы одақтас республикаларда орналасқан ғарыш инфроқұрылымы жасаған объектілер тәуелсіз мемлекеттердің аумақтарында қалып қойды.

1990-1991 жылдары үдеп кеткен қаржылық қиындықтары ең алдымен жұмыс көлеміне әсер етті. Көптеген бағжарламаларды қаржыландыру тоқтап қалады. Әсіресе пайдаланушы ұйымдар, ең алдымен, Қорғаныс мнистірлігі қиын жағдайда қалды, оған ұшырушы дайындау және жүргізу құралдарының барлық кешені, орбитадағы аппараттарды басқару, спутниктерден мәлімметтер қабылдау және өңдеу қызыметі бағынатын. Дегенмен,барлық қиыншылықтарға қарамастан, қорғаныс, халықшаруашылық және ғылыми мәселелерді кеңінен шешетін орбиталық топтаманың қызымет етуін қолдау қажет еді. Ал ол үшін пайдалану мерзімі өтіп кеткен аппараттарды жаңасына ауыстыру қажеттігі туындайды.

Ресейдің 1991ж. бір- бірінен алшақ жатқан үш ауданнан ұшыру мүмкіндігі бар болатын, оның екеуі Ресейде (Архангельск және Астрахан облыстары) және біреуі- Қазақстанда (Байқоңыр немесе батыс қайнар көздерінде айтылып жүргендей Төретам) орналасқан. Осы мән- жайлар меншік мәселелеріне байланысты халықаралық деңгейде заңи сипаттағы проблемаларды тудырады.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, халықаралық ғарыш құқығының тең құқылы субъектісіне айналады. 1994ж. 28 наурызында Ресей Федерациясының Президенті мен Қазақстан Республикасының Президенті “Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы Келісімге” қол қойды. Осы Келісім Байқоңырды Қазақстанның Меншігіндегі объект ретінде және Ресейге 20 жылға жалға берудің мәртебесін айқындап береді.

Келісімге орай, “Байқоңыр” кешенін Ресей Федерациясы азаматтық және қорғаныстық ғарыш бағдарламаларын; Ресейдің, Қазақстанның және Достастықтың басқа да қатысушы мемлекеттерінің бірлескен ғарыш жобаларын; халықаралық ғарыш бағдарламаларын және комерциялық ғарыш жобаларын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Келісім заңды күшіне енгеннен кейін үш ай мерзім ішінде Жолдау шартын жасау көзделген болатын. 1994ж. шілде айында екі елдің парламенттері Келісімді бекітті, бірақ Жолдау шарты әлі дайын болмаған еді.

Ресей Федерациясы Үкіметі 29 тамызда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ”Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудыдың негізгі қағидалары мен шарттары туралы келісімнің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” №996 қаулыны шығарды. Бұл қаулы Байқоңыр объектілерінің бір бөлігін Ресей ғарыш агенттігінің басқаруына беру туралы мәселе жөніндегі ұзақ уақытқа созылған қызу пікірталасты қорытындылап берді. Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігіне бір ай мерзім ішінде Ресейдің федералдық ғарыш бағдарламаларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тиісті объектілерді алу үшін Қазақстан жағымен келісімдеу шараларын іске асыру жүктелді. 1994 жылы 10-желтоқсанда Мәскеуде ҚР және РФ үкіметтерінің арасында «Байқоңырң кешенін жалдау шартына қол қойылды, ол 1995 ж. 25 қыркүйегінде өз күшіне енді. Шартқа орай, Қазақстан ғарыш айлағының Инфрақұрылымын қамтамасыз ететін сынақтық, технологиялық объектілерді және «Байқоңырң қаласын жылжитын және жылжымайтын мүліктермен бірге 20 жылға Ресейге жалға береді, ол біртұтас ғылыми техникалық және әлеуметтік «Байқоңырң кешенін құрайды. Өкінішке орай, «Байқоңырң ғарыш айлағын пайдалану тарихында қайғылы апатты жағдайлар да орын алды. Мәселен, 1999 ж. 5 шілдесінде «Байқоңырң ғарыш айлағының зымыран-тасығыш «протон-К ң ұшырылған болатын. Ол ұшудың 277 секундында апатқа ұшырады. Нәтижесінде оның сынықтары Қарағанды облысында құлады. Ресей бірден Қазақстанға «протонныңң апатқа ұшырауына байланысты келтірілген залалды өтейтінін хабарлады. Оны ғарыш обънетілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенсияда талап етеді. Қазақстан үкіметі «Байқоңырң ғарыш айлағын қандай да бір зымыран тасығыштарды ұшыруға тыйым салды.Қазақстан Сыртқы іскімині Ресейдің Сыртқы ісминіне нота жіберді. Ұшыруға тыйым салынғандықтан, одан кейінгі жоспарланған екі ұшыру іске асырылмады. Сол күні апаттың салдарын айқындауға және «Байқоңырң ғарыш айлағынодан әрі пайдалану туралы шешім қабылдау үшін қазақстандық үкімет комиссиясы құрылды. Осы комиссияның жария еткен Қазақстанның негізгі талабы 1999ж. алғашқы жартысы үшін Байқоңырды жалдаудағы қарыздарын өтеуді талап ету болды. 1999ж. 7 шілдесінде Қазақстан үкіметінің өкілдері «Байқоңырң ғарыш кешенін жалдау туралы шартты қайта қарауға Қазақстанның мүдделі екенін баяндады. Басқа да талаптардың ішінде хабарлама сипатынан ұшуға рұқсат беруге көшу қажеттігі айқындалды, яғни Қазақстандық ресми органдар Ресейдің ғарыштық ұшуларына «рұқсатң бергенде ғана ұшыру. Қазақстан сондай-ақ экалогияға қауіпті «Протонң, «Рокотң және «Днепрң зымыран тасығыштарын ұшыруға квота енгізуді талап етті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 581; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.