Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 4 страница




 


 

2. Қылмыстық іс жүргізу заңы және оның қайнар көздері

 

Қылмыстық іс жүргізу заңы – қылмыстық істің қозғалуына байланысты туындаған қоғамдық қатынастың, сонымен қатар сотқа дейінгі, сотта сот шешімдерін орындаудағы нормалардың жиынтығы.

Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары іс бойынша ізге түсу, сот органдарының қатынастарын реттейтін нормативтік актілердің жиынтығы. Аталған норматиытік актілер қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу тәртібін белгілейтін заңдар, олардың басым күшіне қарай бірнеше деңгейге бөлінеді:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Коституциялық заң. 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

4. Өзге заңдар. Атап айтқанда «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы, жедел іздестіру қызметі туралы, Қазақстан республикасындағы кеден ісі туралы, адвокаттық қызмет туралы, Алқабилер туралы, Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы және т.б.

5. Халықаралық шарттар.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. ҚІЖК пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
ҚІЖК пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. ҚІЖК пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда ҚІЖК ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан ҚІЖК-не сәйкес жүргiзiледi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.
Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.

Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу ҚІЖК- не сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi ҚІЖК-нің 53-тарауына сәйкес айқындалады.

 

3. Қылмыстық процестің принциптері

 

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, жеке адамның абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке басына тиіспеушілік. Қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтардың, құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке азаматтардың өміріне, мекен-жайына және мүлкіне қол сұғуына жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздеріне жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. Дәлелдемелерді ішкі сезім бойынша бағалау. Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Білікті заң көмегін алу құқысын қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.

Қылмыстық іс жүргізу принципі – заң талаптарын міндетті түрде орындауға негізделген құқықтық ереже.

Принцип (лат. Principum-негіз, бастама) - әлдебір теорияның, ілімнің негізгі, бастапқы жағдайы, басшылық.

Сонымен, қылмыстық процесс қағидалары қоғамдық және
мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен
орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін
және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және
нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы
ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет
қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен
міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.

Қазақстан Республикасының іс жүргізу Кодексінің 9-бабына
сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада:
оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс
жүргізуді жарамсыз деп тануға, мүндай іс жүргізудің барысында
шығарылған шешімдерді бүзуға не осы тұрғыда жиналған
материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Сөйтіп, қағидалар мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:

1) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидалар орталық,
басты орын алады;

2) олар өзара тығыз үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі
нормалар болып табылады;

3) қағидалар құқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және
нормативті сипатта болады;

4) олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен
жүйесін түсінудің кілті болып табылады;

5) қағидалар іс жүргізу қүқығының негізгі бағыттарын, даму
перспективаларын айқындайды;

6) олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға
байланысты үсыныстардың негізделгенін анықтау кезіндегі басты
өлшемдер болып табылады;

7) қағидалар құқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік
бағдарлар функциясын атқарады;

8) қағида іс жүргізу нормаларының дүрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.

 

 

4. Қылмыстық процеске қатысушылар

 

Процеске қатысушылар - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi.

Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, процеске қатысушы заңды тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады. Іске қатысудағы рольдері алуан түрлі, сонымен бірге олар процесс субъектілері ретінде топтарға бөлінеді.

Оның біріншісіне мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар - сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтауды жүргізуші (анықтаушы). Тек аталған тұлғалар ғана құқық нормасын, сол немесе басқа тұлғаға процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдана алады, іс өндірісінің бастапқы шешімін шығарады, оның бағытын және істің мәнін шешеді.

Сезікті, айыпкер, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық жауапкер, азаматтық талапкер және олардың өкілдері қылмыстық процеске қатысушылардың екінші тобын құрайды.

Ендігі қарастыратын мәселе процеске қатысушылардың жүйесі.

Процеске субъектілердің және процеске қатысушылардың түсінігінің арақатынасы топ және түр ретінде белгіледі. Әрбір, процеске қатысушы оның субъектісі болады, бірақ әрбір процесс қатысушы бола алмайды.

Үшінші топ - тұлғалардың бірігуі, бұнда мемлекеттік органдарға көмектесуші ретінде процеске қатысады. Бұл куә, сарапшы маман, тілмаш, айғақ, сот мәжілісінің хатшысы.

Сотта істі қарағанда еңбек ұжымының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық айыпталушылар және қорғаушылар, мекеме өкілдері, кәмелетке толмаған айыпкердің оқитын немесе жұмыс істейтін орындарына қатыса алады.

Жоғарыда айтылып кеткен қылмыстық процестің субъектілеріне

жүктелген құқықтар мен міндеттер бар. Бұнымен қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты шектеліп қана қоймайды. Қылмыстық процесс қызметінің түсінігін қолдануда, қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты маңызды толықтырылып және тереңдетіледі.

Субъектілердін әрекет бағыттарының түрлері, олардың рольдері, тағайындалу немесе іске қатысу мақсаты процессуалдық қызмет деп аталады. Бірінші және екінші топтағы субьектілердің әрекеті үш негізгі қылмыстық - процессуалдық қызметпен белгіленеді: айыптау, қорғау және істі шешу.

Прокурор және жәбірленуші сотқа тұлғаның кінәлі екендігі сұрағынкояды және өзінің дәлелдеудегі дұрыстығын мақұлдайды. Айыпкерді

айыптаудан қорғану қызметі, оның қорғаушысы, заңды өкілі жүзеге асырады. Сот әділ сотты жүзеге асырушы. Айыпкерді қылмыс жасаудағы кінәлі екендігін тану құқығын тек оған ғана берген.

Алдын-ала тергеу сатысының кызметі келесідей жүзеге асады. Тергеуші (анықтау органы) дәлелдемелерді жинауға және тіркеуге күштерін салып, істің барлық жағдайларын зерттеп, қылмыс жасаған тұлғаны анықтап алдын-ала тергеуді жүзеге асырады.

Алдын-ала тергеу сатысындағы қорғану кызметі сезіктінің айыпкердің және оның қорғаушысының толық немесе жартылай жалған екенін білдіруге бағытталған әрекеті. Айыптау және қорғану қызметімен азаматтық талапты қолдаушы және одан қорғану қызметі азаматтық талап және азаматтық жауапкер оның өкілдері орындауда жақын жанасады.

Сонымен бірге алдын-ала тергеу сатысында прокурорлық қадағалау қызметі алдын-ала тергеу және анықтау органының заңды біркелкі және дұрыс орындалуын қадағалап отырады.

Соттың істі қарауында мемлекеттік айыптаушы басқа айыптау түрлеріне қарағанда негізгі орынды иеленеді - қоғамдық айыпты қолданушы қоғамдық айыпкер және жәбірленуші қолдайтын жеке (азаматтық) айыптаушы. Осындай жағдайда соттың істі қарауындағы айыптау қызметін мемлекеттік айыптаушы, қоғамдық айыптаушы және жәбірленуші орындайды.

Айып әділ соттың міндетті алғы шарты. Онсыз тек қорғану қызметі пайда болып қоймайды және әділ сот қызметі болуға тиіс емес. Сот мәжілісінде қорғану қызметін сотталушы, оны қорғаушысы және қоғамдық қорғаушы жүзеге асырады.

Алдын-ала тергеу сатысындағыдай соттың істі қарауында азаматтық талапты колдаушы және одан қорғану кызметі орын алады. Азаматтық талапкер және онын өкілі материалдық зиянның орнын толтыру мүддесінде әрекет етеді, ал азаматтық жауапкер және оның өкілі барлық жақтардың кұкықтарын қолдануда азаматтық талаптан қорғану мүддесінде әрекет етеді.

Істі, әділ сот қызметін жүзеге асырушы сот шешеді. Айтылып кеткендей, әділ сот кызметінің негізгі мазмұны болып, жақтармен ұсынылған дәлелдемелерді тікелей зерттеу және істі мәні бойынша шешеді, бұл дегеніміз айыпкердің кінәсіз немесе кінәлі екендігін шешу және айыпкерді кінәлі деп танығанда жаза тағайындау.

5. Қылмыстық ізге түсу

 

Қылмыстық iзге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.

Қылмыстық ізге түсу шарттары:

- қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау;

- кінәлі адамдардың шеңберін анықтау;

- оларды жазалауға шаралар қолдану;

- жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиянды өтеу;

- кінәсіз адамды ақтау.

 

Қылмыстық ізге 3 топқа бөлінеді:

1) жеке

2) жеке-жариялы

3) жариялы

Қылмыстық iзге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн қылмыстар Қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарында, 144-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 145-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 300-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы.

Қылмыстық iзге түсудi жеке-жариялы түрде жүзеге асыру Жеке-жариялы тәртiппен жүзеге асырылатын қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 103-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 104-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 117-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiгiнде), 120-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 135, 139-баптарында, 144-бабында (екiншi бөлiгiнде), 176-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 187-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 188, 200-баптарында, 226-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 227-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 228-бабында, 229-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 296-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 327-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық iс бойынша iс қозғалмайды.
Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттiң елеулi мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы.

 

6. Ақтау, қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу

 

Ақтау ұғымының тікелей мағынасы кінәсіз адамды қылмыстық қудалауға ұшыраған жағдайда оның зиянды зардаптарын тез арада жойып, ол адамның құқықтары мен абыройын қалпына келтіру болып табылады. Кең мағынада, ақтау ұғымы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектелген барлық кездерде де оның зардаптарын жою үшін қолданылатын шараларды білдіреді.

Қылмыстық процестегі ақтау институты соттың үкімімен ақталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адамдарға таралады.

Қылмыстық істі қысқартудың негіздері 2 топқа бөлінеді:

1) Ақтайтын негіздер;

2) Ақтамайтын негіздер.

ҚІЖК-нің 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ақтайтын негіздерге мыналар жатады:

- қылмыс оқиғасы болмауы;

- әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

- жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;

- бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын соттың күшін жоймаған қаулысы болуы;

- бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы болуы.

Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздеріне ҚІЖК-нің 37-бабында 38-бабында көрсетілген басқа жағдайлар жатады (рақымшылық актісінің болуы, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі және т.б.).

ҚІЖК-нің 39-бабында көрсетілгендей, сот бойынша ақталған адам, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адам кінәсіз деп саналады.

Ақтау толық немесе ішінара болуы мүмкін. Мысалы: бірнеше қылмыстар бойынша айыпталған сотталушының айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталып, ал басқа бөлігіне байланысты оған айыптау үкімінің шығарылуы, сол сияқты, қылмыстық істі қысқартудың да толық немесе ішінара болуы.

 

7. Іс жүргізу мерзімдері

В.З.Лукашевичтің анықтамасы бойынша «заңда көзделген іс жүргізу мерзімдері қылмыстың шапшаң және толық ашылуын, кінәлілердің әшкереленуі мен әділ жазалануын қамтамасыз етуге, яғни қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін әрбір қылмыстық іс бойынша ең қысқа мерзімде, бірақ оны тергеу мен шешудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне нұқсан келтірместен орындауға бағытталған».

Заңда іс жүргізу мерзімдерін белгілеудің салалық мақсаты – қандай да болсын іс –әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету.

Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы:

Ø Олар процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, сот ісінің тез жүргізілуін, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді;

Ø Қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құқықтық құрал болып табылады;

Ø Сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық құрал болып табылады.

Мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.
Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.

Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.
Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 922; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.