Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 5 страница




 

8. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

Процеске қатысушы адамдарды, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарын, өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау мемлекет атынан жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қорғауды қадағалау ҚР Бас прокурорына және оған бағынышты прокурорларға жүктеледі.

Қылмыстық процестi жүргiзушi орган, егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге байланысты оларға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де әрекеттi жасаудың нақты қаупi болса, күдiктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, айыпталушының, қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiгi шараларын қолдануға мiндеттi.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган олардың ауызша (жазбаша) мәлiмдемесiнiң негiзiнде немесе өз бастамашылығы бойынша осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың қауiпсiздiгi шараларын қолданып, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.
3. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының өздерiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы мәлiмдемелерiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган оларды алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қарайды. Мәлiмдеушiге тиiстi қаулының көшiрмесiн жiбере отырып, оған қабылданған шешiм туралы дереу хабарланады.
4. Мәлiмдеушi өзiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартылғанына прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
5. Қауiпсiздiк шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берiлген өтiнiштен көрiнiсiн таппаған мән-жайлар туындаса, көрсетiлген шараларды қолдану туралы қайта өтiнiш жасауға кедергi келтiрiлмейдi.

2000жылғы 5-шілдедегі «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңға сәйкес қауіпсіздік шараларының түрлері:

1) күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескертуге;
2) қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткiзудi шектеуге;
3) айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушы адамдарға күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алуға;
4) жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберуге;
5) соттың жабық отырысын өткiзуге;
6) соттың куәден - бүркеншiк атын пайдалана отырып, оның жеке басы туралы мәлiметтердi жарияламай;
оны танып қоюды болдырмайтын жағдайларда;
сот талқылауына басқа да қатысушылардың оны сырттай шолып байқауынсыз;
қажет болғанда бейне, дыбыс жазуға және жауап алу барысын түсiрiп алудың өзге де тәсiлдерiне тыйым сала отырып жауап алуына;
7) жеке күзетуге, тұрғын үйiн және өзге де мүлкiн күзетуге;
8) белгiленген тәртiпте қарумен, жеке қорғану құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге;
9) қауiпсiз орынға уақытша орналастыруға;
10) қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;
11) басқа тұрғылықты жерге көшiруге, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыруға, жұмысқа орналасуына көмектесуге;
12) құжаттарды ауыстыруға;
13) сырт пiшiнiн өзгертуге.
Басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру және сырт пішінін өзгерту қауіпсіздіктің ерекше шаралары болып табылады және қорғалатын адамның қауіпсіздігі басқа қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіле алмайтын жағдайларда қолданылады.

 

9. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер

 

Қылмыстық процесті жүргізуші орган іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға және зерттеуге міндетті, тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс материалдарына негізделген жорамалдар мен болжамдарды, қылмыстың жасалуының мән-жайларын, қылмыс жасаған адамдар, сол адамдардың қылмыс жасау себептері туралы мәліметтерді тексеруге міндетті.

Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот қылмыстық, іс бойынша алдын ала тергеу мен сот тергеуін жүргізіп, сол істің мән-жайын анықтау үшін дәлелдемелерді қолданады.

Тергеуші немесе анықтаушы дәлелдемелерді тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, қылмыс болған жерді қарағанда, тінту жүргізген кезде, жауап алған уақытта, тағы да басқа тергеу жұмыстарын жүргізгенде ғана табады.

Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, жауабымен, сарапшының, қорытындысымен, айғақты заттармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де кұжаттармен анықталады.

Дәлелдеме болу үшін оларға мынадай талаптар қойылады:

1. Фактілер қылмыстық іске байланысты болуы қажет, қылмыстық іс бойынша мән-жайды дәлелдеу керек. Мысалы, кісі өлтіруді тексеріп жатқанда, біреу басқа адамның ұрлығы туралы айтса, ол фактілер іске қатысты бола алмайды.

2. Фактілер қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болуы үшін ҚІЖК-де тәртіп бойынша анықталуы тиіс. Мысалы, куәдан жауап алу, тінту жүргізу, т. б. іс үшін маңызы бар мәліметтер тергеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде табылуы тиіс.

3. Қылмыстық іс бойынша дәлел болатын фактілер ҚІЖК 115-бабының 2-тармағында көрсетілген дәлелдер көзінен алынуы қажет, сонда ғана олар рұқсат етілген деп танылады (128-баптың 5-бөлігі). Мысалы, із кезуші ит қолдану нәтижесінде табылған фактілер, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде табылған деректер ҚІЖК-де көрсетілген дәлелдерді жинауды зерттеуді, бағалауды реттейтін тәртіпке сәйкес келмейінше, іс бойынша дәлелдеме бола алмайды.

Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән – жайларды анықтайтын, заңды түрде алынған деректер іс бойынша дәлелдемелер деп танылады.

Анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген әрекеттердің болғандығын, айыпталушының сол әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән- жайларды, ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен анықтауына негіз болатын, заңды түрде алынған деректер, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып табылады.

Заңды түрде алынған деректер негізінде анықтаушы, тергеуші прокурор, сот ҚІЖК-де белгілен тәртіп бойынша мыналарды анықтайды:

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген іс-әрекеттердің болғандығы немесе болмағандығы;

- айыпталушының іс-әрекет жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін сондай-ақ, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтайтын болса, олар қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады (ҚІЖК 115- бабының 1-бөлігі).

Мысалы, тергеуші қылмыс болған жерде пышақ тауып алды делік.

Осы табылған пышақ дәлелдеме болу үшін, басқа фактілер дәлелденуі тиіс. Ол фактілер мынадай: табылған пышақ кімдікі, яғни пышақтың иесін табу керек, пышақ қолданылды ма, жоқ па, қылмыскер қылмыс болған жерге пышақты тергеуді шатастыру үшін әдейі тастап кеткен жоқ па?

Басқаша айтқанда, пышақ қылмыс болған жерден табылды деген факт ешкімге күмән келтірмеуі тиіс, ал пышақтың қылмыспен байланысы бар ма, жоқ па деген сұрақты дәлелдеу керек.

Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі де-
ректер, куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, көр-
сетулерімен; сарапшының қорытындысымен; айғақты заттармен;
іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен
анықталады.

Сонымен, дәлелдеме деп — қылмыстық іс бойынша қоғамға қауіпті
іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің болған немесе болмағандығын,
осы іс-әрекетті жасаған адамның кінәлілігін немесе кінәсіздігін
және істі дұрыс шешуге маңызы бар басқа да мән-жайларды заңда
белгіленген тәртіп бойынша анықтауға негіз болатын нақты деректерді
айтамыз.

Дәлелдеменің қайнар көздері:

- Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң,
куәнiң айғақтары

- Сарапшының қорытындысы

- Заттай дәлелдемелер

- Iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамалары

- Құжаттар

Дәлелдемелердің қасиеттері – мәліметтерді алу маңыздылығына байланысты заңмен қойылған талаптармен ретелуі. Мына қасиеттерге ие:

1) Дәлелдемелердің іске қатыстылығы;

2) Дәлелдемелердің іске жіберілуі;

3) Дәлелдемелердің дұрыстығы;

4) дәлелдемелердің жеткіліктігі

 

 

10. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу

 

Дәлелдеу –қылмыстық процесті жүргізуші органның іс үшін маңызы бар мәліметтердің жиынтығы бойынша атқаратын қызметі.

М.С.Строгович «Дәлелдеу – қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстың жасалғандығын немесе жасалмағандығын, белгілі бір адамның қылмыс жасаудағы кінәлілігін немесе кінәсіздігін және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау».

Дәлелдеу кезеңдері:

- дәлелдемелерді жинау;

- дәлелдемелерді зерттеу;

- дәлелдемелерді бағалау;

- дәлелдемелерді пайдалану.

Дәлелдемелерді жинаудың кезеңдері:

1) дәлелдемелерді табу – бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару.

2) Дәлелдемелерді бекіту – заң белгілеген тәртіппен жазып алудан көрінетін дәлелдемелерді жинаудың келесі кезеңі.

3) Дәлелдемелерді алу – бұл дәлелдеу үшін оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, оларды іске тігу, сондай-ақ тергеу мен сот үшін оларды сақтаудың тәсілі.

Дәлелдемелерді зерттеу дегеніміз – олардың мазмұнын іс жүргізуші органның тануы дәлелдемелердің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі деректердің сенімділігін тексері, осы дәлелдеменің іс бойынша барлық қалған деректермен сәйкес келетіндігін анықтау.

Дәлелдемелерді бағалау – бұл іс бойынша шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айқындауға бағытталған логикалық ой процесі.

Дәлелдемелерді пайдалану – процесті жүргізуші органның объектіні, оның қасиеттерін қажетті жағдайда пайдалануға мүмкіншілік тудыруы.

Дәлелдеу пәні – кез келген іс бойынша міндетті түрде дәлелденуге жататын мән-жайлардың шеңбері.

Қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын
мән-жайлар
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудағы
кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және iс жүзiндегi қателiктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi;
8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.

Дәлелсiз анықталатын мән-жайлар

Егер тиiстi құқықтық рәсiмдердiң шеңберiнде керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1) жалпыға белгiлi фактiлер;
2) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпы қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
3) заңды күшiне енген соттың шешiмiмен белгiленген мән-жайлар;
4) адамның заңды бiлуi;
5) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;
6) олардың бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы даярлық немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы дәлелсiз анықталған болып саналады.

 

 

11. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары

Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы дегеніміз – өылмыстық процестің міндеттерін орындау мақсатында процесті жүргізуші органның қолдануына мәжбүр болатын шаралар.

Мәжбүрлеу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1) Сезіктіні ұстау;

2) Бұлтартпау шарасы;

3) Өзге де мәжбүрлеу шаралары.

 

Сезіктіні ұстау – ҚІЖК-нің 132-бабындағы негіздердің орын алуына байланысты қысқа мерзімге бас бостандығынан айыруға бағытталған кейінге қалдыруға болмайтын іс жүргізу әрекеті.

Ұстаудың мақсаты:

- Жеке басын анықтау;

- Іс жүргізу әрекетіне қатысуын қамтамасыз ету;

- Жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау;

- Басқа қылмыс жасалудың алдын алу;

- Тергеуден не соттан жасырынуға мүмкіндік бермеу;

- Қылмыстың ізін суытпау, ізін жоймау;

- Жәбірленуші мен куәларды азғырудан бөгет жасау;

- Іс бойынша шындыққа жету үшін кедергі келтірмеуін қамтамасыз ету.

Сезіктіні ұстаудың негіздері:

1) ол адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда;
2) көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстiң 133-бабында көзделген тәртiппен ұсталса;
3) ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде; 4) жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде.

Бұлтартпау шаралары – қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бөгет жасайтын іс-әрекеттерді болдырмауға арналған айыпталушыға, ерекше жағджайда сезіктіге қолдануға мәжбүр болатын шаралар.

Бұлтартпау шарасын қолданудың мақсаты:

- Тергеуден не соттан сезіктінің, айыпталушының, сотталушының жасырынуының алдын алу;

- Оларды қылмыстық әрекетті одан әрі жалғастыруының алдын алу;

- Олардың дәлелдемелерді зерттеуге және талдауға бөгет жасауының алдын алу,

- Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету.

Бұлтартпау шарасының түрлері:1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; жеке кепiлдiк беру;3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiңбақылауына беру;4) кәмелетке толмағанды қарауға беру; 5) кепiл болу;6) үйде қамауда ұстау;7) қамау.

Өзге де шаралар дегеніміз – бұлтартпау шарасы таңдалмаған сезікті мен айыпталушыға қолданылуы мүмкін шаоалар, сонымен қатарөз міндеттерін орындамағаны үшін жекелеген процеске қатысушыларға қолдануға мәжбүр болатын шаралар.

Өзге де шаралардың түрлері:

1) Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралымiндеттеме

2) Алып келу;

3) Қызметінен уақытша шеттету;

4) Ақша өндіріп алу;

5) Мүлікке тыйым салу.

 

12. Қылмыстық процестегі азаматтық талап

 

Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне және сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады.
Азаматтық талап айыпталушыға немесе айыпталушының әрекетi үшiн материалдық жауап беретiн адамдарға қойылады және қылмыстық iспен бiрге қаралады.

Азаматтық талап жазбаша нысанда берiледi. Талапта қандай қылмыстық iс бойынша, кiм, кiмге, қандай негiзде және қандай мөлшерде азаматтық талап қоятыны көрсетiледi, сондай-ақ зиянды өтеу үшiн нақтылы ақша сомасын немесе мүлiктi өндiру туралы өтiнiш жазылады.

Егер қылмыстық iс материалдарынан ақыл-есiнен айырылған адам қылмысы арқылы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiндетыйым салынған әрекетiмен азаматқа немесе заңды тұлғаға зиян келтiрген деп қаралса, анықтаушы, тергеушi, прокурор немесе сот оларға немесе олардың өкiлдерiне азаматтық талап қою құқығы бар екенiн түсiндiредi.
Азаматтық талапкер өзi қойған азаматтық талаптан бас тартуға құқылы.
Азаматтық талапкердiң қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында талаптан бас тарту туралы өтiнiшi жазбаша түрде берiлiп, қылмыстық iске қоса тiркеледi. Егер азаматтық талапкердiң талаптан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
Талаптан бас тартуды анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыстық iс бойынша тергеу жүргiзудiң кез келген сәтiнде қабылдайды, бұл туралы қаулы шығарылады. Талаптан бас тартуды сот қаулы шығара отырып, сотта iс қараудың кез келген сәтiнде, бiрақ сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдай алады.
Талаптан бас тартуды қабылдау ол бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға әкеп соғады.

 

 

Ерекше бөлім

1. Қылмыстық іс қозғау

 

Қылмыстық істі қозғау бұл қылмыстық процестің бірінші және міндетті сатысы болып табылады.

Қылмыстық іс қозғау дегеніміз – қылмыс туралы не дайындалып жатқандығы туралы хабар болған жағдайда істі қозғауға себептер мен негіздердің орын алуына байланысты уәкілетті органдардың қабылдаған шешімі.

Қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды тұлғалар:

1) Прокурор (ҚІЖК-нің 33-баптың 2-бөлігі, 197-баптың 2-бөлігі);

2) Тергеуші (ҚІЖК-нің 192, 185, 191-баптар);

3) Анықтаушы, анықтау органдары (ҚІЖК-нің 200, 285, 288-баптар).

Қылмыстық iс қозғаудың себептері: азаматтардың арыздары;
2) кiнәсiн мойындап келу; мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.

Қылмыстық іс қозғаудың негіздері:1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiңболуы;2) егер өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде осы мерзiмде жүргiзiлген жедел iздестiру iс-шаралары арқылы адамның тұрған жерiн анықтау мүмкiн болмаса, адамның жоғалып кетуi негiз болып табылады.

Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қарау
нәтижесiнде қабылданатын шешiмдер:
1) қылмыстық iс қозғау туралы;
2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы; 3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу iстерi бойынша - сот ретiмен беру туралы;
4) сотқа дейiнгi жеңiлдетiлген iс жүргiзудi ҚІЖК-тің 23-1-тарауында көзделген тәртiппен жүзеге асыру туралы.

ҚІЖК-нің 23-1-тарауында белгiленген жағдайларды қоспағанда, ҚІЖК-нің 177-бабында көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.

Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.

Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.
Тергеушiнiң, анықтаушының қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.

Прокурордың қылмыстық iс қозғаудың заңды
болуын қадағалауы
Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:
1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексеру үшiн iс жүргiзуге жiберуге;
2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға;
3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 880; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.091 сек.