Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ДЕБИЕТТЕР. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы




 

Негізгі әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.

2. «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі. // 2001 жыл 30 қаңтар. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жыл 29 қаңтар. № 148. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 2001. - № 3.

4. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-1 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996. - № 8-9.

  1. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жыл 15 шілде. № 344. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 2002. - № 15.
  2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы Заң. // Егемен Қазақстан. 1998, 28 наурыз.

7. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жыл 23 шілде. № 453. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 1999. - № 21.

8. Демин А.В. Нормативный договор как источник административного права. // Авторский указатель, 1998.- N 2 - с. 15.

Қосымша әдебиеттер

    1. Административное право Республики Казахстан/ под ред. А.А.Таранова /. Алматы: ЖетіЖарғы, 2002.

2. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М., Административное право Российской Федерации. - М., Зерцало, Теис, 1996.

    1. Овсянко Д.М. Административное право. Учебное пособие. - М., Манускрипт, 1998.
    2. Коренев А. Б. Административное право России. ч.І. - М.: МЮН МВД России, 1996

5. Татарин В. Г., Омаров И.А. Казахстанское административное право. Ч. I. Алматы, 1997.

6. Козлов Ю.М. Административно-правовые отношения. – М., 1976.

7. Козлов Ю.М. Административно-правовые отношения. – М., 1976.

3 тақырып. Әкімшілік құқықтың субьектілері.

Біздің қогам — мемлекеттік өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. Мемлекеттік басқару саласындағы қогамдық ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайы Ата Заңда айқын көрініс тапқан (33-бап). Қоғамдық ұйымдар сан алуан, олар не бұқаралық ұйымдар (саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіподак, шығармашылык одақтар, діни және азаматтардың басқа да бірлестіктері), не өз бетімен болатын сипатта (соғыс ардагерлерінің кеңестері, ғылыми-техникалық кеңестер және т.б.) көрінеді.Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік биліктік өкілеттікке ие емес. Олардың шешімдері ұйым мүшелері үшін ғана міндетті. Бірақ олар өз ұсыныстарымен басқару органдарына жүгінуге, мемлекеттік басқару органдарының шараларын талқылап, өмірге кіргізуге қатысуға, шаралардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға құқылы. Осылардың барлығына қоғамдық ұйымдардың басқару органдарының қызметіне тигізетін ықпалды көрінісі болып табылады. Сонымен бірге қоғамдык ұйымдар мемлекеттік органдардың әкімшілік-құқыктық сипаттағы актілерін шығарады. Мысалы, кәсіподақтар өз мүшелерінің еңбек, басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әкімшілік-кұқықтык нормалар қабылдауы мүмкін. Кейбір жағдайларда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне тікелей араласады. Мысалы, әскери комиссариаттардың шақыру комиссиясына қатысады.

Қоғамдық ұйымдардың құқықтық өкілеттігінің жиынтығы олардың әкімшілік-кұқықтық маңызды субъектілері екенін дәлелдейді. Азаматтардың құқықтық мәртебесі, яғни мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің, сондай-ақ бостандықтарының кең ауқымы Конституцияда баянды етілген. Атап көрсетілгеніндей, Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялап қана қоймайды, оларға кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді) басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныс жасау немесе жұмыстағы кемшіліктерді сынау құқықтары, мемлекетгік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым жасау құқығы және т.б.) тығыз байланыста болады.

Әкімшілік-құқықтық қабілет дегеніміз — адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші бар субъективтік құқықтарының кепілдігіне тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін орындай отырып, азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушысы болуға кұқылы. Азамат­тар мемлекеттік басқаруға басқару аппараттарының қызметіне бақылау жасау арқылы араласады. Әкімшілік қабілет әрекеті, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастар аясындағы нақты құқықты жүзеге асыру және ерекше міндеттерді орындау заңда көрсетілген әрбір жастық кезенде пайда болады. Мысалы, 7 жасқа келісімен балалар мектепке баруға құқылы, азаматтар­дың әскери қызметті атқару міндеті 18 жастан.

 

АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Қазакстан Республикасының Үкіметі — Қазакстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бектілген.

Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен кызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Казақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.

Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялык заңның, Республиканың заңдары мен өзге де норматтивтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.

Үкіметті Республика Президенті Қазакстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.

Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің кұрылымы мен күрамы туралы Республика Президентіне ұсьныс еңгізеді.

Қазакстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрлектер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

Республика Үкіметінің мүшесі Казақстан халкына және Президентіне Казақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық занда белгіленген мазмұнда ант береді.

Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасынын Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.

Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталык атқарушы органдарда құру, қайта кұру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді кьізметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтін қызметін ұиымдастырып, оған басшылык жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкіметтің негізгі конституциялык өкілеттіктеріне:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, онын қорғаныс кабілетінің, қауіпсіздігінің, коғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

2) Парламентке республикалық бюджетті және оның аткарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

3) Мәжіліске заң жобаларын еңгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;

4) Мемлекеттік меншікті баскаруды ұйымдастыру;

5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;

6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылык жасау;

7) Республиканың министрліктері, өзге де орталық аткарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;

8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық аткарушы органдардың басшыларын қызметін тағайындап, қызметтен босату;

9) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;

10) Конституциямен, зандармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкімет туралы Конституциялық занда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім кабыддайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардын жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.

Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын кұқыктык нысандарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міңдетті күші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жатады. Бұл каулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне кайшы келмеуге тиіс.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-кимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілетгігін доғарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (70-бап) және Казақстан Республикасының Үкіметі туралы Конститу­циялық Заңда Республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.

Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы.

Конституцияда (53-б., 7-тармақ., 61-б., 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін бол­са, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде карайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің кабылдауы немесе оны кызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі токталғанын білдіреді.

Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім кабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуы тиіс.

Министрліктердің және өзге де орталык атқарушы орган­дардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:

1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;

3) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағьнышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жа­уап береді;

4) тиісті мемлекеттік органдардың қарауыңдағы мемлекеттік баскару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазакстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді. Республика Конституциясыньщ 37-бабының 6-тармақшасыңда көзделген ретте, яғни өз кызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді.

 

АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ОРТАЛЫҚ ОРГАҢДАРЫ

Атқарушы биліктің орталық (республикалық) органдарын олардьң қызметінің сипатына карай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және кадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

Қазіргі кезде төмеңдегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органдары бар:

а) экономика салалары бойынша: Экономика; Мемлекетгік кіріс; Қаржы; Ауыл Шаруашылығы; Көлік және коммуника­ция; Энергетика, Индустрия және сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны корғау министрліктері; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті колдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау жөніндегі; Стратегиялық жоспарлау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;

ә) әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет, ақпарат және қоғамдык келісім; Білім және ғылым; Еңбек жөне халыкты әлеуметтік қорғау министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт жөніндегі; Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия;

б) әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер, Қорғаныс; Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік кызмет істері жөніндегі; Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі; Нашақорлыкка және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттіктер; Ұлттык қауіпсіздік комитет; Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және аиналадағы ортаны корғау министрлігінде; Орман, балық және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.

Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттін бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҮҚҚ және басқа да министрліктер мен ведомстволарда да денсаулык сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулык сақтау ісі жөніндегі агенттіктің емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.

Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын үйымдастыру мен қызмет аткаруының тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоксандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конститупиялық зан күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурыздағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.

Сонымен, Қазакстан Республикасында ұйымдык-құкықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:

1) Қазақстан Республикасының министрліктері;

2) Қазакстан Республикасынының агенттіктері;

3) Қазақстан Республикасы министрліктерінің кұрылымдык бөлімшелері больш табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және баскармалар.

Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрактанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдык бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.

1. Қазақстан Республикасының министрлігі мемлекеттік басқаруды тиісті саласына (аясына) басшылык жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде — салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканын орталык аткарушы органы больш табылады.

Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінін ұсынуы бойынша Республика Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылык жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына һәм оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.

Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.

Министрлікте министрдің орынбасарларының (вице-министрлердің), сондай-ак министрліктің басқа басшы кызметкерлерінің құрамында министр басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық кеңесші орган кұрылады. Алканың сандык құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен ресімделеді.

Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша зандарда белгіленген тәртішіен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойын­ша занды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ зандарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.

Министрліктің кызметін қаржыландыру тек кана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табы­лады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірак олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп кызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы баскалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.

2. Қазакстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына еңбейтін орталык атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Респуб­лика Президенті құрады, кайта ұйымдастырады және таратады.

Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

Агенттіктердің және баска Үкімет құрамына кірмейтін ор­талык атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және кызметтен босатады.

Агенттіктің құрылымын оның басшысы — төраға бекітеді. Әдетте, оның кұрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Агенттік төрағасының жаңынан консультациялық-кеңесші орган — алқа құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агентгіктің құқықтык актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.

Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар ту­ралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.

3. Қазакстан Республикасының Үлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, Бағалы кағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемкорлықка қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл комиссиянын төрайымы әрі Қазақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республи­касы Президентіне тікелей бағынады.

4. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табы­лады.

Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, кайта ұйымдастырады және таратады. Ведомство Республиканың орталық атқарушы кұзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-кадағалау міндеттерін, сондай-ак салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік баскарудың ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады. Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Ведомствоның құрылымын, құзыретін және баска мемлекеттік органдармен өзара іс-кимылының тәртібін Үкімет белгілейді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 877; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.039 сек.