Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

CALS-технологияларды пайдалану




Полемические приемы и уловки в споре.

Основные требования культуры делового спора.

принципы спора:

  • Терпимое отношение к оппоненту.
  • Подготовка к спору.
  • Анализ альтернатив.
  • Корректность.
  • Отстранение.
  • Поэтапное продвижение к истине.
  • Преодоление психологических барьеров.
  • Уважение.
  • Конструктивная критика.

Разобравшись в этих принципах ведения спора, вы сумеете повысить уровень своего мастерства в эффективном общении и переговорах с людьми. Но не останавливайтесь на теории – практикуйтесь, только так вы сумеете добиться результатов.

 

Полемика – это не просто спор, а такой при котором имеется конфронтация, противостояние, противоборство сторон, идей и речей. В переводе с древнегреческого «полемика» означает воинственный, враждебный. Исходя из этого, полемику можно определить как борьбу принципиально противоположных мнений по тому, или иному вопросу, публичный спор с целью защитить, отстоять свою точку зрения и опровергнуть мнение оппонента. Таким образом полемика отличается от дискуссии именно своей целевой направленностью. Если участники дискуссии сопоставляют противоречивые суждения, стараются прийти к единому мнению, найти общее решение, установить истину, то цель полемики иная: надо одержать победу над противником, отстоять и утвердить собственную позицию.

 

Полемика - это наука убеждать. Она учит подкреплять мысли убедительными и неоспоримыми доводами, научными аргументами. Она служит воспитанию активной гражданской позиции, носит боевой, решительный характер.

 

CALS-технология – өнімнің өмірлік циклін үздіксіз ақпараттық қолдау технологиясы.

CALS-технологияларды пайдаланудың мақсаты нарыққа өнімнің жаңа үлгілерін шығаруды жеделдету, өнімді жасап шығаруға кеткен шығындарды азайту және өнімді жобалау мен өндіру болып табылады. CALS-технологияларды пайдалану жобалық жұмыстар көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда CALS-технологиялардың негізгі қолданылу аймақтарына мыналар жатады:

- реинжиниринг және жобаларды басқару;

- виртуалды кәсіпорын;

- мәліметтермен электронды алмасу;

-шешім қабылдауды қолдаудың үлестірілген жүйесі;

- интеграцияланған логистикалық қолдау;

-көп пайдаланушылық мәліметтер базалары;

- халықаралық стандарттар..

 

CALS- технологияларды пайдалану кәсіпорындарға мынандай экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға:

1. шығындарды және техникалық дайындық процестері мен жаңа өнімдерді өндіруді игеруге кететін еңбек күшін азайтуға;

2. нарыққа жаңа бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару мерзімін қысқартуға;

3.конструкцияға өзгеріс енгізуге байланысты туындайтын шығындар мен ақауларды азайтуға;

4.халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жасалған электронды техникалық құжаттармен жабдықталған өнімдерді сату көлемін ұлғайтуға;

5.өнімді эксплуатациялауға, жөндеуге, қызмет көрсетуге кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

 

17. Эксперттік жүйелердің құрылымын түсіндіріңіз

Эксперттік жүйе дегеніміз - формализацияға жатпайтын есептерді шешу үшін мамандардың тәжірибелерін және білімдерін колданылатын ақпараттық технологиялар. Жалпы жағдайда эксперттік жүйелер статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Ең алдымен, статикалық ЭЖ-ні қарастырайық. Статикалық ЭЖ - бұл бастапқы мәліметтер мен білімдердің уақыт бойынша өзгермеген жағдайында берілген тапсырмаларды шешетін ЭЖ. Стандартты статикалық ЭЖ құрылымы мынандай негізгі компоненттерден тұрады:

1) жұмыстық жад;

2) білім базасы;

3) интерпретатор;

4) білім алу компоненті;

5) түсіндіру компоненті;

6) диалогтық компонент.

Жұмыстық жад ағымдағы шешіліп жатқан тапсырманың бастапқы және аралық мәліметтерін сақтау мен алуға арналған.

Білім базасы нақты пәндік аймақты сипаттайтын ұзақмерзімді мәліметтер мен осы аймақта шешіліліп жатқан тапсырма мәліметтерін рационалды түрлендіруді сипаттайтын ережелерді сақтауға арналған.

Интерпретатор (шешуші) былай жұмыс жасайды: жұмыстық жадтан бастапқы мәліметтер мен білім базасынан ұзақмерзімді мәліметтерді қолдана отырып, белгілі бір ережелерді қалыптастырады және бұл ережелер тапсырманың шешілуіне алып келеді.

Білім алу компоненті ЭЖ-нің эксперт білімдерімен толтырылу процессін автоматтандырады, яғни дәл осы компонент білім базасын нақты пәндік аймақтағы барлық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Түсіндіру компоненті жүйенің берілген тапсырманы қалай шешкенін немесе неге шеше алмағандығын және бұның барысында қандай білімді қолданғандығын мәлімдейді. Басқаша айтқанда, түсіндіру компоненті жасалған жұмыс бойынша есеп жасайды. Бұл компонент ЭЖ-дегі ең маңызды компонент болып табылады, өйткені ол эксперттің жүйені тестілеуін жеңілдетеді, сонымен қатар, пайдаланушының алынған нәтижеге деген сенімділігін арттырады.

Диалогтық компонент тапсырманы шешу, білім алу және нәтижені көрсету барысында пайдаланушы интерфейсін қамтасыз ету үшін қамтамасыз етеді.

Енді статикалық ЭЖ-нің жалпы қандай компоненттерден тұратынын білгеннен кейін, осындай ЭЖ-нің құрылымын бейнелейтін диаграмманы құрайық. Ол мына түрде болады:

 

 

 

Динамикалық ЭЖ - бұл бастапқы мәліметтер мен білімдердің уақыт бойынша өзгеруі жағдайында берілген тапсырмаларды шешетін ЭЖ. Статикалық эксперттік жүйеге қарағағанда динамикалық ЭЖ қосымша мынандай компоненттерден тұрады:

1) сыртқы дүниені модельдеу жүйешесі;

2) қоршаған ортамен байланыс жүйешесі.

Қоршаған ортамен байланыс жүйешесі сыртқы дүниемен байланыс орнатады. Бұны ол арнайы датчиктер мен контроллерлер жүйесі арқылы жүзеге асырады.

 

 

19. Эксперттік бағалау әдістері қандай болады?

Эксперттік бағалау — шешімді қабылдау мақсатында эксперттердің пікіріне негізделген проблема бағасын алу процедурасы.

Эксперттік бағалаудың 2 түрі бар:

Индивидуалды бағалау бір-біріне тәуелсіз жеке эксперттердің пікірін қолдануға негізделген.

Ұжымдық бағалау ұжымдағы эксперттердің пікірін қолдануға негізделген. Бұндай бағалаудың дәлдігі индивидуалды бағалауға қарағанда жоғары.

Эксперттік бағалау әдістерінің мынандай түрлері бар:

Ассоциация әдісі қаситеттері ұқсас 1 объектіні басқа объектімен зерттеуге негізделген.

Бинарлы салыстыру әдісі эксперттің альтернативті нұсқаларды салыстырып, солардың ішінен ұтымдырағын таңдауға негізделген.

Фокальді объектілер әдісі кездейсоқ таңдалған аналогтар қасиеттерін зерттелетін объектіге ауыстыруға негізделген.

Индивидуалды эксперттік сауалнама. Сауалнама сұхбат немесе эксперттік бағалардың анализі ретінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда тапсырыс беруші экспертпен сұхбаттасады, оның барысында тапсырыс беруші экспертке бірқатар сұрақтар қояды, ал бұл сұрақтардың жауабы программалық мақсаттарға жету үшін маңызды. Эксперттік бағалардың анализі кезінде эксперт тапсырыс берушімен дайындалған формулярді индивидуалды түрде толтырады, оның нәтижесі бойынша проблемалы жағдайдың жан-жақты анализі жүргізіледі де оны шешудің мүмкін болатын жолдары анықталады. Өз тұжырымын эксперт бөлек құжат ретінде ұсынады.

Ортаңғы нүкте әдісі (Метод средней точки). Шешімдердің 2 альтернативті нұсқасы ұсынылады, оның біреуі екіншісіне қарағанда ұтымдырақ болады. Осыдан кейін экспертке бағалануы 1-ші мен 2-ші альтернативті нұсқалар арасында орналасатын 3-ші альтернативті нұсқаны таңдау қажет.

 

 

21. Білім базасының қызметі

Эксперттік жүйенің маңызды компоненттерінің бірі – білім базасы болып табылады. Білім базасы нақты пәндік аймақты сипаттайтын ұзақмерзімді мәліметтер мен осы аймақта шешіліліп жатқан тапсырма мәліметтерін рационалды түрлендіруді сипаттайтын ережелерді сақтауға арналған.

Білім базасын құру кезінде пәндік аймақ мазмұнының мағынасын сипаттау қажет. Сонымен қатар, білімдердің формальді әдіспен өңделуіне кепілдік беретін сипаттау формасы болуы керек.

Білім базасын жасауға келесі адамдар тобы қатысады:

1. ЭЖ шешетін мәселеге қатысты білімі бар эксперт;

2. Білім инженері

3. Программисттер

 

Білім базасының атқаратын негізгі қызметтері:

- білімді сақтау, жүктеу, актуализациялау және сенімділігін қамтамасыз ету;

- жаңа білімді қосу;

- ағымдағы жағдайға сәйкес келетін білімді өңдеу мен қалыптастыру.

Осы қызметтерді атқару үшін арнайы программалық жабдықтар жасап шығарылады.

 

23. Эксперттік жүйелердің жұмыс істеу режімдері

 

Эксперттік жүйе 2 негізгі режимде жұмыс істейді:

1) білім алу режимінде;

2) есептерді шешу (консультация) режимінде.

Білім алу режимін толығырақ қарастырайық. Білім алу режимінде эксперттік жүйемен эксперт білім инженерінің араласуымен жұмыс жасайды. Бұл режимде эксперт білім алу компонентінің көмегімен жүйені мәліметтермен толтырады, ал бұл мәліметтер өз кезегінде берілген пәндік аймақ тапсырмаларын эксперттің қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Эксперт проблемалы аймақты мәліметтер мен ережелердің жиынтығы түрінде сипаттайды. Ережелер қарастырылып отырған аймаққа тән мәліметермен манипуляциялаудың әдістерін сипаттайды.

Есептерді шешу режимінде эксперттік жүйемен пайдаланушы қатынас жасайды. Ал пайдаланушыны жұмыстың соңғы нәтижесі мен оны алу әдісі қызықтырады. Айта кететін бір жайт, эксперттік жүйенің тағайындалуына байланысты пайдаланушы:

1) Міндетті түрде берілген проблемалы аймақ саласындағы маман болуы керек емес. Бұл жағдайда ол нәтижені алуға қажетті жеткілікті білімі болмаса да, эксперттік жүйеге нәтижені алу мақсатында жүгінеді.

2) Пайдаланушыда қажетті нәтижені алуға жеткілікті білімі бар. Мұндай кезде пайдаланушы нәтижені өзі ала алады, бірақ эксперттік жүйеге нәтижені алу процессін жеделдету үшін жүгінеді. Есептерді шешу режимінде пайдаланушының тапсырмасы туралы мәліметтер диалогтық компонентпен өңделгеннен кейін жұмыстық жадқа түседі. Интерпретатор (шешуші) жұмыстық жадтан келген кіріс мәліметтері, проблемалы аймақ туралы жалпы мәліметтер және мәліметтер базаларының ережелерінің негізінде тапсырманың шешімін шығарады. Эксперттік жүйелер тапсырманы шешу барысында осы аталған операциялар тізбегін ғана орындап қоймайды, сонымен қатар, оны алдын ала қалыптастырады. Жақсы ұйымдасқан эксперттік жүйе өзінің білім базасын алынған қорытындылар және шешімдермен автоматты түрде толықтыруға мүмкіндігі болуы қажет.

 

 

25. Эксперттік жүйелердің қолдану салаларын көрсетіңіз

 

Білімге негізделген ЭЖ-дің қолдану салаларын бірнеше класстарға топтастыруға болады:

1) Медициналық диагностика. Диагностикалық жүйелер организм қызметінің ақаулары мен олардың себептерін арасындағы байланысты орнату үшін қолданылады. Бұндай диагностикалық жүйеге менингит және бактериалды инфекциямен ауырған науқастарды диагностикалау мен жағдайларын бақылауға мүмкіндік беретін MYCIN жүйесі жатады. Қазіргі кезде бұл жүйе дәрігер-маман деңгійінде диагноз қоя алады. Ол өзінің кеңейтілген білім базасының арқасында медицинаның басқа салаларында да қолдана алады.

2) Болжау. Болжам жасайтын жүйелер объектінің ағымдағы жағдайы мәліметтерінің негізінде мүмкін болатын оқиғалар мен нәтижелерді болжайды. Бүгінгі таңда осындай болжам жасайтын жүйелер ауа райын болжауға мүмкіндік береді.

3) Жобалау. Жобалаушы жүйелер айнымалылар саны көп тапсырманы шешу барысында нақты мақсатқа жету үшін қолданылады. Мысалы, Boeing компаниясы осындай жобалаушы ЭЖ-ні ғарыш станцияларын жобалауда, ұшақтарда жөндеуде қолданады.

4) Интерпретация. Интерпретациялаушы жүйелер бақылау нәтижесінің негізінде нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Осындай интерпретациялаушы жүйеге 9 эксперттің білімін біріктіретін белгілі PROSPECTOR жүйесін жатқызуға болады. 9 эксперттік әдіс үйлесімінің көмегімен бұл жүйе құны миллион доллар болатын кен қорларын тапты, ал бұл қорлардың бар екендігін 9 эксперттің бірде біреуі болжамаған.

5) Бақылау және басқару. Білімге негізделген жүйелер интеллектуалды бақылау жүйелері ретінде қолданыла алады және бірнеше мәліметтер көзінен келетін ақпаратты талдап, шешім қабылдай алады. Бұндай жүйелер қазіргі таңда атом электрстанциларында қолданылады, әуе қозғалысын бақылайды және медициналық бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар олар кәсіпорынның қаржылық қызметін реттеуде тиімді болуы мүмкін және критикалық жағдайларда шешім шығаруға көмектеседі.

6) Механикалық және электрлік құрылғылардағы ақауларды диагностикалау

Бұл салада білімге негізделген жүйелер механикалық және электрлік машиналарды жөндеу барысында және компьютерлердің пограммалық жабдығының қателері мен ақауларын жою кезінде өте үлкен роль атқарады.

7) Оқыту. Білімге негізделген жүйелер оқытудың компьютерлік жүйелерінің құрама бөлігі болуы мүмкін. Жүйе белгілі бір объекттің әрекеті туралы (мысалы, студент) ақпаратты алады да, оның жай-күйін бақылайды. Білім базасы объектінің жай-күйіне байланысты өзгереді. Осындай жүйеге мысал ретінде күрделілігі ойнаушының біліктілік деңгейінінің аруына байланысты өзгеретін компьютерлік ойындарды жатқызуға болады. Ең бір қызғылықты оқыту ЭЖ-не біріне Д. Ленатпен ойлап табылған EURISCO жүйесі жатады.

Қорыта айтқанда, ЭЖ-лер өміріміздің барлық дерлік салаларында қолданылады. Ал ЭЖ-лерді кәсіпорындарда практикалық қолдану жұмыстың тиімділігі мен мамандардың квалификациясын жоғарылатуға септігін тигізеді.

 

27. Кестелер арасындағы байланысты қалай орнатады?

 

Реляциялық модельде кестелер арасындағы байланыс деген түсінік өте маңызды орын алады. Кестелер арасындағы байланыстар сұраныстарды, формаларды, есептерді жасауда қолданылады.

Байланыс дегеніміз – кестелер түрінде берілген объектілер арасындағы қатынас.

Екі кесте жазбаларының арасындағы байланыс, әдетте, осы байланысты орнататын атрибуттардың сәйкес келуіне негізделген.

 

 

Кестелер арасындағы байланыстардың түрлері:

1. «Бірдің – көпке» қатынасында бір кестедегі бір элементке екінші кестедегі бірнеше элемент сәйкес келеді.

2. «Көптің - көпке» қатынасында бір кестедегі бірнеше элементке екінші кестедегі бірнеше элемент сәйкес келеді.

3. «Бірдің – бірге» қатынасында бір кестедегі бір жазбаға екінші кестедегі бір жазба сәйкес келеді.

Кестелер арасындағы байланысты орнату МБ-ның терезесіндегі «Сервис» - «Мәліметтер схемасы» командасын орындаудан немесе саймандар тақтасындағы «Мәліметтер схемасы» батырмасын басудан басталады. Бұдан кейін кестелерді мәліметтер схемасына қосу терезесі ашылады. Керекті кестені белгілеп алып, Қосу (Добавить) батырмасын басу керек.

 

 

Мәліметтер схемасын құру кезіндегі кестені қосу

 

 

МБ схемасында екі кесте арасындағы байланысты орнату кезінде басты кестедегі байланыс орнатылатын түйінді өрісті белгілеу қажет. Содан соң тінтуірдің сол батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды бағынышты кестенің байланысқа сәйкес келетін өрісіне апару керек. Байланыс орнатылғаннан кейін «Байланыстарды өзгерту» терезесі ашылады.

 

 

Мұнда басты кестенің әрбір түйінді өрісі үшін (Кесте/сұраныс) бағынышты кестедегі соған сәйкес келетін өрісті таңдап алу қажет (Бағынышты кесте/сұраныс).

 

Кестенің бірінші жолында байланысқан өрістер тұрады. Сондай-ақ, біртұтастықты қамтамасыз ететін параметрлерді орнату қажет. Ол үшін сәйкесінше мынадай жалаушаларды белгілеу керек: «Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету», «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту», «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою». Осы сәтте тек кейбір жалаушаларды ғана белгілеуге де болады. Егер жалаушаның біреуі де белгіленбесе де, байланыс оранатылады, бірақ мәліметтер схемасында ол айқын 1:1 немесе 1:М (1: ∞) түрінде көрсетілмейді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2554; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.