Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Корей тіліне сипаттама: типологиясы, генеологиясы, жазуы




ТБК

12. Диахрониялық және синхрониялық тіл білімдері

Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны (тілді) шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, оның тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттейді. Тіл, тілдік құрылым уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз, сонымен қатар тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет.

Тарихи тіл білімі – тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тілді шығу тарихы мен тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімі диахрониялық тіл білімі деп аталады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгеруі мен дамуын білу оның қазіргі күйін, қыр-сырын жете танып білуге мүмкіндік береді.

Тілді белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан зерттеп, сипаттама беретін тіл білімі синхрониялық тіл білімі деп аталады. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады.

Тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрониялық тұрғыдан да, синхрониялық тұрғыдан да қарастыру қажет және ол өте маңызды болып табылады.

Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланаған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876— 1914 жж.) болып табылдаы. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады. Корей тілінде 40 фонема бар. Екі дауыссыз қатар келмейді. Дауыстылар үндестігі басым. Сөз табы 5 топқа бөлінеді. Етістіктің жақтық, сандық және род категориялары жоқ. КХДР-де корей жазуы, Корея Республикасында аралас қытай-корей жазуы қолданылып жүр. Ұлттық жазуы "хангыль" деп аталады.

Корей тілі (хангуко/чосонмаль) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таралған.Солтүстік Кореяда "чосонмаль" немесе "чосоно", ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" немесе "куго" (мемлекеттік тіл) деген атаулары қолданылады.

Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чечжудо (аралдың атымен аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде қалыптасқан.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2350; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.