Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Микробиология глоссарий. 2 страница




Лактобациллин – ішек-қарындағы шіріту процесін тоқтату мақсатында ұсынылған сүт қышқылы бактерияларының әр түрлі культураларынан жасалған қоспа. Л. Құрамында сиыр сүтін ашытатын L. acidophilus, L. brevis, L. bulgaricus культуралары болады.

Лактобактериялар – сүт қышқылы ашу процесін қоздыратын микроорганизмдер.

Лептоспира – спирохета тұқымдасындағы микроорганизмдер. Олардың денесі иректелген, шеттері қайрылған, шапшаң қозғалады.

Лизогенді бактериялар– Фагтардың профаг деген формалары. Олар клетканы бірден жоймастан, онымен симбиозды қарым-қатынаста болады. Мұнда клеткада фаг бөлшектері болмайды, қайта ДНҚ ғана кездеседі. Бактерияларға қолайсыз жағдай туғанда профагтар вегетативті түрге көшеді де, клетканы бүлдіре бастайды. Осындай профагтары бар клеткаларды лизогенді бактериялар деп атайды.

Лизоцим– адам және мал сілекейлерінде болатын бактериялар клеткаларын оңай ерітетін фермент текті заттар.

Липаза– гидролиз барысында майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ажырататын микроорганизмдерде кездесетін фермент.

Лофотрихтар – бірнеше жіпшелері клетканың бір ұшында орналасқан бактериялар.

Май қышқылды ашу процесі– кейбір органикалық қышқылдар мен көмірсулардан (крахмал, клетчатка, пектин заттары) түзілетін өнім. Бұл май қышқылы бактерияларының әсерінен анаэробты жағдайда жүретін процесс.

Мальтаза– мальтоза қантын екі молекула глюкозаға ажыратуға белсене қатысатын фермент. Кейбір микробтардың клеткасында кездеседі.

Мезофильдер– сыртқы ортаның температурасы бір қалыпты болғанда (+30 – 40) өсіп өніп, көбейетін микроорганизмдер.

Мембрана– аралық жарғақ. Цитоплазма мембранасы – клетканың сыртқы қабықшасымен шектесіп жатқан цитоплазманың сыртқы қабаты.

Матабиоз– микроорганизмдердің бір тобының екінші микроорганизмдер тобы тіршілігі нәтижесінде пайда болған заттармен қоректенуі. Мәселен, күкірт бактерияларының әрекетінен пайда болған күкірт қышқылы басқа заттарды ыдыратып, бактериялардың қалған топтарына қоректік орта түзеді.



Микроорганизмдердің тыныс алуы - тіршілікке қажетті энергия бөлінуді қамтамасыз ететін, клеткада өне бойы жүріп жататын биохимиялық процестердің жиынтығы. Тыныс алудың екі түрі бар: аэробты және анаэробты.

Микроорганизмдердің қозғалуы– активті және пассивті түрлері бар. Біріншісіне амебалар, түрлі қозғалғыш бактериялар, кірпікшелілер, шырыш бактериялары жатады. Екіншісі сұйықтықта болатын бактерияларда байқалады. Оны броундық қозғалыс деп атайды.

Микроорганизмдердің өзгергіштігі– сыртқы орта жағдайларының және түрлі химиялық, физикалық факторлардың әсерінен кейде пайда болып, кейде жоғалып отыратын микроорганизмдер клеткасына тән табиғи қасиет. Микроорганизмдердің өзгеруі тұқым қуалаушылыққа байланысты және оны қолдан басқаруға мүмкіндік туды.

Микобактериялар – бактериялар мен микроскоптық саңырауқұлақтардың қасиеттері сипатындағы таяқша тәрізді микроорганизмдер. Бұлардың кейбіреулері ауру қоздырғыштар.

Микориза – жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырларының белгілі бір саңырауқұлақтар түрлерімен бірлесіп тіршілік етуі.

Мономерлер – төменгі молекулалы заттар. Олардың молекуласы өзара немесе басқа заттардың молекулаларымен реакцияға түсіп, полимерлер түзеді.

Монотрихтар – клеткаларының бір ұшында жалғыз жіпшесі бар, қозғалғыш бактериялар. Мәселен, оған вибриондар жатады.

Мукор – фикомициттер класына жататын төменгі сатыдағы микроскоптық саңырауқұлақтар. Гифтері жеке клеткаға ажырамаған, ұшында спораға толы жұмыр спорангийі болады.

Мутация – микроорганизмдерге тән қасиет. Ол ДНҚ – ғы негіздердің және гендегі нуклеотидтердің бірізділігінің өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай гендер бастапқы қасиеті мен атқаратын қызметінен көп өзгешелігі бар белоктарды түзуге септігін тигізеді.

Мутагендер – организмде тұрақты тұқым қуалаушылық өзгерістерді туғызатын физикалық және химиялық заттар.

Мутуализм – түйнек бактериялары мен өсімдіктердің бір – біріне пайда келтіре тіршілік етуі. Мұнда өсімдіктер азот қабылдаса, түйнек бактериялары көміртегі бар қосылыстар мен минерал тұздарды қамтиды.

Нитрогеназа – молекулалық азоттың микроорганизмдерде тұтылуына қатысатын фермент.

Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін олардың тұқымына жұқтыратын бактериялы тыңайтқыш.

Нитлендіру – аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтыратын, топырақ құнарлылығын арттыратын биохимиялық процесс. Бұл негізінен екі сатымен жүреді. Алдымен аммиактан азотты қышқыл пайда болса, кейіннен одан азот қышқылы түзіледі. Бұған нитроза және нитрит бактериялар қатысады.

Оидии – вегетативтік көбею кезінде кейбір саңырауқұлақтар гифтерінен пайда болатын сопақша клеткалар.

Олиготрофты бактериялар- суларда,тіршілік ететін ортада органикалық заттардың концентрациясының аздығынан өзінде өсуге қабілеті бар прокариоттар тобы. Егерде әдеттегі сапрофиттер қоректік заттардың мөлшері 10 г/л болғанда өсетін болса, олиготрофты микроорганизмдер үшін 1-1.5 мг/л көміртегі жеткілікті.

Органоидтар тіршілікте белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген клетканың тұрақты бір бөлігі. Оған; цетросома,хондрисома, пластидтер жатады.

Осмостық қысым– ертіндідегі еріген заттардың клетка қабырғасына көрсететін қысымы.

Осмофилді организмдер– Осмостық қысым аса жоғары жағдайларда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Бұған теңіз суларында немесе тұздалған өнімдерде тіршілік ететін микроорганизмдер жатады.

Өздігінен қызу– ылғал шөпте, дәнде, көнде, жүнде жылу сүйгіш микробтар әсерінен жүретін биохимиялық және биофизикалық процесс. Ылғал мен ауаның болуы қызудың ең басты шарты.

Паразиттік – әр түрге жататын екі организмнің арасындағы қатынас.

Паратрофтар- (немесе паратрофты микроорганизмдер) – өте күрделі органикалық қосылыстармен қоректенетін микробтар. Бұларға негізінен паразит микроорганизмдер жатады.

Патогендік – микроорганизмдердің адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде жұқпалы ауруларды қоздырғыштық қабілеттілігі.

Пектиндер - бір қатар өсімдіктер (жемістер, қара қурай) клеткаларын өзара жалғастырып тұратын полисахаридтер тобына жататын көмірсулар.

Пектин ашу процесі– кейбір зең саңырауқұлақтары мен бактериялар клеткаларында болатын пектиназа ферментінің әсерінен клетка аралық пектин заттарының ыдырауы.

Пеницилл – қалталы саңырауқұлақтар класына жататын туыс. Споралары саусақ тәрізденген конидионосцыларда орналасады. Табиғатта кең тараған, жасыл – сары түсті зең саңырауқұлақтар осыған жатады.

Пенециллин – пеницил саңырауқұлақтарынан тіршілік әрекеті барысында бөлінетін антиоботик. Ол бір қатар ауруларға ем ретінде қолданылады.

Перитрихтар – (қозғалу мүшесі) жіпшелері денесін түгел жаба орналасқан бактериялар. Олар бір орында тұрып, тербеле қозғалады.

Плазмолиз – қант, тұз, глицерин және басқа да заттардың күшті концентрациялы ерітіндісіне салғанда бактериялар клеткасында байқалатын құбылыс. Мұнда цитоплазмадағы судың ерітіндіге ауысуына байланысты клетка қабықшасы ажырап, жиырылады.

Пастеризациялау– микробтардың вегетативті формаларын құру мақсатында қолданылатын залалсыздандыру тәсілі. Мұны бөліп – бөліп залалсыздандыру деп те атайды. Бұндай тәсілмен сүтті және кейбір қоректік орталарды залалсыздандырады.

Пермеаза – әртүрлі еріген заттарды клеткаға тасымалдауда белсенді қатысатын белоктар молекулалары. П. бактериялар клеткаларындағы цитоплазмалық мембрананың бөлігі.

Плазмидтер – немесе эписомалар хромосомалардан тыс кездесетін генетикалық элементтер. Бұлар өздерінше тәуелсіз көбейе алатын ДНҚ молекулалары. Қазір П. 135 түрі сиаптталды. Ішек таяқшасы клеткасында белок тектес заттар – колициндер осы плазмидтердің бақылауымен түзіледі. Колициндер патоген бактериялардың тіршілігін басып тастай алады.

Полиморфтық – кейбір микроорганизмдер клеткалары пішіндерінің өзгеруі. Бұған табиғатта аса көп тараған протеус бульгарис деген шіріту бактериялары жатады. Кейде олар ұсақ таяқшаларға ұқсаса, кейде ұзарып, жіп тәрізді күйге айналады.

Полимерлер -жоғары молекулалы массасы бар, өзара қайталап, мономерлерден тұратын химиялық қосылыстар. Мысалы, белоктар, нуклеин қышқылдары, түрлі смолалар, синтетикалық полиэтилендер, полипролендер, фенольды – формальдегидтік смолалар – табиғи полимерлер, яғни биополимерлер.

Полимерлену –активті ортасы бар тізбекке төменгі молекулалы заттар (мономерлер), молекулаларының бір ізбен жалғасуынан полимерлердің түзілуі.

Прокариоттар клеткасында бір клеткалық немесе протоплазмалық мембранасы бар, ДНҚ шығыршық тәрізді молекула түрінде цитоплазмада еркін орналасқан организмдер.

Пропион қышқылды ашу процесі –көмірсулардың және сүт қышқылы мен оның тұздарының пропион қышқылы бактерияларының әсерінен пропион, сірке және көмір қышқылдарына ажырауы.

Протеазалар –белокты затты ыдырататын тірі клеткаға тән фермент.

Протоплазма –(немесе цитоплазма) негізгі тіршілік құбылысы жүретін клетканың құрам бөлігі.

Протопласт –қабықшадан басқа клетка құрамына енетін заттар жинағы.

Психрофильдер –5-7 градус салқында, яғни төменгі температурада өніп-өсуге бейімделген салқын сүйгіш микроорганизмдер.

Ризоидтар –кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің тамырға ұқсас мүшесі.

Ризосфера –өсімдік тамырларының айналасындағы аймақ. Бұл қабаттағы микробтар құрамы басқаларға қарағанда өзгеше. Өсімдік тамырлары мен ризосфералық микроорганизмдер арасында ол екі организмнің тіршілігіне белгілі әсер ететін, олардың тіршілігін реттеп отыратын тығыз қарым-қатынас қалыптасады.

Рецепиент- донор микробтар клеткасының генетикалық (ДНҚ) бір бөлігін қабылдайтын микробтар клеткалары.

Риккетсийлер- бактериялар мен вирустар аралығындағы теріс, полиморфты микробтар . Клеткасында ДНҚ мен РНҚ, белок 40% липидтер (майлар) бар организмдер. Р-дің морфологиясына, бояуына, метобализмі мен көбею тәсіліне қарағанда бактерияларға, ал тірі клеткада көбеюіне қарағанда вирустарға ұқсас. Р.адам мен жануарларда риккетсиоз ауруын қоздырады (бөртпе сүзек, Ку-лихорадка).

Сапрофиттер- жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары және басқа да бөліндерімен қоректенетін организмдер. Паразиттік қасиеті жоқ бактериялар мен саңырауқұлақтар.

Сахаромицеттер- сыра қайнатуда, нан пісіруде және спирт даярлауда қолданатын табиғатта кең тараған ашытқылар тұқымдасы.

Силикат бактериялар- топырақтағы алюмосиликаттарды ыдырататын, одан калийді бөліп шығаратын, атмосфера азотын сіңіріп, топырақтағы басқа да микроорганизмдердің тіршілігін жақсартатын бактериялар.

Симбиоз- (немесе селбесу) – әр түрге жататын екі организм арасындағы әр қилы қарым-қатынас. Бұнда екі организмнің тіршілігі арқасында олардың екеуі де пайда көреді.

Солод– алдымен ылғалды және жылы жерде өсіріп, артынан кептірілген астық тұқымдастар дәндерінен жасалған өнім. Оларда ашытқылар жақсы ашытатын жай қанттар көп болады. Солодты негізінен арпа дәндерінен жасайды.

Спора– ір түрлі микрооорганизмдердің түзетін, негізінен өніп өсіп көбеюге арналған денесі.Олар қолайсыз жағдайдан микроорганизмдерді сақтап қалады.

Стерильдеу –зарарсыздандыруды қараңыз.

Сульфурлендіру- табиғатта күкіртсутегінің алдымен күкіртке,содан кейін күкірт қышқылына, ең соңында оның тұздарына дейін тотығуы.Бұл күкірт және тион бактерияларының қатысымен жүреді де, табиғаттағы күкірт айналымының негізгі бір буыны болып есептеледі.

Сусло-спирт алуда, шарап жасауда, сыра даярлауда зор маңызы бар, құрамында жай қанты көп қоректік орта.

Таксис-организмдердің бірыңғай әсер ететін тітіркендіруші затқа қарай қозғалуы. Термотаксис-жылы, сәуле, фотоксис-жарық сәулесі, хемотаксис-химиялық заттар, аэротаксис-ауа әсер еткенде пайда болады.

Темір бактериялары- көп клеткалы, жіпше бактериялар, тыныс алу барысында олар ортадағы темір (II)оксидін темір (II) гидроксидіне дейін тотықтырады.

Термостат-микроорганизмдерді белгілі бір температурада өсіруге арналған және жылылықты бірқалыпты етіп ұзақ ұстап тұра алатын аспап.

Термофильдер- жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдер. 70 градусқа дейінгі ыстықта олар тіршілігін жоймай әрекет ете алады

Тион бактериялары- суда, топырақта кең тараған, клеткасында тамшы түрінде күкірт жиналмайтын, түссіз күкірт бактериялары.

Тиллакоидтар- көптеген өсімдіктер хлорофильдерінің жеке бөлімшелерінде кездесетін, жалпақ қапшыққа ұқсас құрылымдар. Әрбір тиллакоидтардың пішіні дискі тәрізді. Онда ұсақ бөлшектер белгілі бір ретпен орналасады. Тәрізі осы бөлшектер фотосинтездеуші аппаратының ұсақ құрылымы болса керек.

Толеранттылық- организмдегі белгілі бір онтигенге қарсы тұра алатын клетканың әлсіреуі. Бұл терминді 1953 жылы ағылшын иммунологы енгізген.Токсикологияда және фармокологияда толеранттылық дегеніміз-улы препаратқа және түрлі дәрі-дәрмектерге организмнің төмендеуі.

Торула-жетілмеген саңырауқұлақтар класына жататын ашытқыларға ұқсас микроорганизмдер.

Түйнек бактериялары- бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында түйнек тәрізді буылтықтар түзе тіршілік ететін микроорганизмдер. Олар атмосфера азотын сіңіре отырып, өсімдіктерді азот қоректік затымен қамтамасыз етеді.

Ультравирустар- (немесе ультрамикробтар деп те атайды) - кәдімгі биологиялық микроскоптармен ғана байқауға болатын организмдер.

Уробактериялар- мочевинаны ыдырататын таяқша және шар тәрізді бактериялар. Олар аммониландыру процесіне белсене қатысады.

Уреаза- бұл фермент арқылы уробактериялар мочевинаны көмір қышқыл аммак тұзына, кейін аммиакқа, одан әрі көмірқышқыл газымен суға ажыратады.

Фагтар-бактериофагтарды қараңыз.

Фагоцитоз-тірі организмдердің кейбір клеткаларының денеге тән емес заттарды жұтуы,яғни дәлме-дәл айтқанда «жалмауы».Ол иммунитеттің негізгі бір құрам бөлігі болып есептеледі.

Ферменттер-микроорганизмдерді көптеп өндіруге арналған аппарат.Ферменттерде температура, ауа,микробтарға қажетті басқа да факторларды реттеп жіберетін арнаулы тетіктер болады.

Ферменттер-адам,жануарлар мен өсімдіктер денесінде және барлық микроорганизмдерде болатын,белок сипаты бар күрделі органикалық заттар.Ферменттер аз мөлшерде биохимиялық реакцияларды қауырт шапшаңдатады.Ашу,тотығу,шіру тағы сол сияқты процестерге белсене қатысады.

Фикомицеттер-мицелийлері жеке клеткаларға ажырамаған көп ядролы төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар класы.

Фосфоробактерин-топырақтағы органикалық фосфор қосылыстарын өте белсенді ыдыратушы тірі бактериялардан жасалған тыңайтқыш.

Хемосинтез-(немесе химосинтез)-микроорганизмдердің органикалық емес заттарды тотықтыру барысында химиялық энергияны пайдалана отырып, органикалық заттарды түзетін қасиеті.

Химозин- (немесе мәйек ферменті)-белоктарды ыдырататын протеолитикалық фермент. Күйіс қайтаратын мал төлдерінің қарынында болады. Сүтті ұйытуда, одан ірімшік жасауда кеңінен қолданады.

Хламидоспоралар- көбінесе, қалың қабығы бар кейбір саңырауқұлақтардан ерекше спорасы.

Целлюлоза -(немесе клетчатка деп те атайды) - аса берік, көпшілік жағдайда өсімдіктер қабығында кездесетін күрделі көмірсулар.

Ценанабиоз-түрлі өнімдерді, тағамдарды конервілеудің негізгі принциптерінің бірі. Бұған сүтті, түрлі овощтарды, жемістерді мал азықтарын ашыту арқылы сақтау жатады.

Экзоспоралар-гифтердің сырт жақ ұшында орналасқан көп клеткалы саңырауқұлақтар спорасы.

Эндоспоралар-спорангий деп аталатын арнаулы орындарда орналасқан бір клеткалы саңырауқұлақтар споралары.

Эпидемия-ауыл-село,облыстар,аймақтар және түгелдей бір бүтін мемлекеттің тұрғындарының арасында жаппай таралған індет.

Эпифит микроорганизмдер-өсімдіктер денесінің сыртында тұрғанда оларға ешбір зиянды әсер етпейтін микроорганизмдер.Өсімдіктер өлісімен-ақ олар қаулап тіршілік етеді.

Ішек таяқшасы-коли бактерияларды қараңыз.

Фитонцидтер-ауру қоздырғыш бактериялар,төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар және қарапайым организмдерді қырып жіберетін жоғары сатыдағы өсімдіктерден бөлінетін заттар.Олар көбінесе пиязда,сарымсақта,томатта,мойылда,қара жидекте едәуір мөлшерде болады.Ф.ауру қоздырғыштарға бактериостатикалық және бактерицидтік әсер етеді.

Фотогетеротрофтар-энергия көзі ретінде күн сәулесін,көміртегі көзі ретінде органикалық заттарды пайдаланатын микроорганизмдер.

Фотоавтотрофтар-көмірқышқыл газын күн сәулесі энергиясы көмегімен сіңіретін микроорганизмдер.

Штамм-морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей бір түрге жататын микрооргагизмдер культурасы.

 





Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 418; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:


Читайте также:



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2017) год. Не является автором материалов, а предоставляет студентам возможность бесплатного обучения и использования! Последнее добавление ‚аш ip: 54.159.90.0
Генерация страницы за: 0.186 сек.