Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе




ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ЕРЕЖЕЛЕРІ

(Қазақстан Республикасы ККМ-нің 2001 жылдың 30 қазанындағы

№ 315-1, 2003 жылдың 5 тамызындағы № 243-1, 2004 жылдың

12 тамызындағы №308-1, 2004 жылдың 18 қарашасындағы №415-1

бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және қосымшаларымен)


І-БӨЛІМ

1. Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғыларының және жыл-жымалы құрамының негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және сигнал беру принциптерін белгілейді.

2. Техникалық пайдалану ережелерін темір жол келігінің барлык
бөлімшелері мен қызметкерлері орындауға міндетті.

Техникалық пайдалану ережелерінің орындалуы темір жол көлігінің барлық буындарының үйлесімділігін, темір жолдардың нақты және толас-сыз жұмысын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Осы Ережелер тек Қазақстан Республикасының Көлік және коммуника-циялар министрінің бүйрығымен ғана өзгертілуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар минис-
трлігі (бұдан әрі - Министрлік) темір жолдарды техникалық пайдалану
мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекітеді.

«Қазақстан темір жолы» ¥лттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұданәрі- «ҚТЖ» ҮК» АҚ, магистральдітеміржолторабын, инфрақұрылым объектілерін және тартымдық жылжымалы құрамнан басқа жылжыма-лы құрамды күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу мәселелері бойынша техникалық нормативтік актілерді бекітеді.

«Локомотив» акционерлік қоғамы тартымдық жылжымалы құрамды күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу мәселелері бойынша техникалық нор-мативтік актілерді бекітеді.

Темір жолдарды, құрылыстарды, құрылғыларды және жылжымалы құрамды техникалық пайдалануға жобалауға және салуға жататын барлық нұсқаулықтар және нұсқаулар осы Ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.


1-ТАРАУ.

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ

ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕРІ

1.1.Темір жол көлігі қызметкерлерінің негізгі міндеттері ретінде қозғалыс
қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақтанымдылыгын сөзсіз
қамтамасыз ете отырып жолаушыларды, жүктерді, багажды және жүк ба-
гажын тасымалдауға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру, техникалық
қүралдарды тиімді пайдалану, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндеіі
талаптарды орындау болып табылады.:

1.2. Поездар қозғалысына қатысы бар әр қызметкер өз міндеттерінің шеңберінде Техникалық пайдалану ережелерін орындауы және қозғалыс қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті болады.

Темір жол көлігі қызметкерлерінің Техникалық пайдалану ережелерін сақтауы үшін жауапкершілік тиісті бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.

Осы Техникалық пайдалану Ережелерін темір жол көлігі қызметкерлерінің бұзуы әрекеттегі заңдарға сәйкес олардың жауапқа тартылуына әкеледі.

1.3. Теміржол көлігінің әр қызметкері адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда поезға немесе маневр жасаушы құрамға сигнал беруге және оларды тоқтатудың басқа да шараларын қабылдауға міндетті. Қозгалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіруі немеов қоршаган ортаны ластауы мүмкін құрылыстардың немесе құрылғылардың ақаулылыгын анықтаған кезде қызметкер дереу қауіпті жерді қоршау жәнө ақаулылықты жою жөніндегі шараларды қабылдауы тиіс.

1.4.Темір жол көлігінің қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, оларга қажетті жайлы жагдай жасауы, вокзалдар мен поездарч да мәдениеттілікпен қызмет көрсетуі, темір жол көлігінің қызметін тұтынатъга барлықтұлғалармен қатынаста сыпайы және кішіпейіл болуы және сонымен қоса олардан темір жол көлігінде әрекет ететін ережелерді орындауын талап етуі тиіс.

1.5.Темір жол көлігінің қызметкерлері жұмыс орнын және өздеріне тапсырылған техникалық құралдарды үқыптылықпен күтіп ұстауы тиіс.

Жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысы бар темір жол көлігінің қызметкерлері, жукжөнелтушілер және жүк алушылар, поездар қозғалысы мен маневрлік жүмыстарды жүзеге асыратын темір жол көлігінің қызметкерлері жұмыстық міндеттерін атқарған кезде, егер олар үшін арнайы өндірістік киім белгіленбеген болса, форма бойынша киінуі тиіс.

Темір жол колігінің әр қызметкері еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың, санитарлық ережелердің және нормалардың, стандарттардың, метрологиялық нормалар мен ережелердің талаптарын орындауы, өзі атқаратын жүмыс үшін белгіленген басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауы тиіс. Бүл ережелер мен нұсқаулықтардың орындалуы үшін жауапкершілік тиісті бөлімшелердің орындаушылары мен басшыларына жүктеледі.

1.6 Поездар қозғалысыпың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысы бар локомотивтерді, моторлы-вагондық поездарды, өздігінен жүретін арнайы,

 

 

жылжымалы құрамдарды (мотовоздарды, дрезиналарды, арнайы автомо-трисаларды, темір жол-құрылыстық машиналарын) және басқа жылжы-малы бірліктерді басқару кабиналарына, стрелкаларга, аппараттарға, меха-ншмдерге және басқа құрылгыларга, сондай-ақ сигналдардың және осын-дай құрылғылардың басқарылуы жұргізілетін бөлмелердің ішіне оларға ену құқығына ие емес тұлғаларды жіберуге тыйым салынады.

Локомотивтерді, моторлы-вагондық поездарды, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды (мотовоздарды, дрезиналарды, арнайы автомотрисаларды, темір жол-құрылыстық машиналарын) және басқа жылжымалы бірліктерді, сигналдарды, аппараттарды, механизмдерді және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысы бар басқа құрылғыларды, сондай-ақ стрелкаларды бұруға тек қана мұндайға уәкілеттенген қызметкерлердің олар өздерінің қызметтік міндеттерін орын-дауы кезінде құқығы бар.

Белгіленген тәртіп бойынша екінші тұлғалар ретінде машықтандырылу-дан өтіп жатқан темір жол көлігінің қызметкерлері локомотивтерді, моторлы-вагондық поездарды, арнайы өздігінен жұретін жылжымалы құрамды (мото-воздарды, дрезиналарды, арнайы автомотрисаларды, темір жол-құрылыстық машиналарын) және басқа жылжымалы бірліктерді, сигналдарды, стрелкалар-ды, аппараттарды, механизмдерді және поездар қозғалысыньщ қауіпсІздігін қамтамасыз етуге қатысы бар басқа құрылғыларды басқаруға тек қана осы құрылғыларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлердің бақылауымен және олардың өз жеке басының жауапкершілігімен жіберілуі мүмкін.

1.7. Темір жол көлігіне поездар қозғалысына қатысы бар жұмысқа ор-наласушы тұлгалар кәсіптік оқудан өтуі тиіс, ал локомотивтік бригадалар, поезд диспетчерлері, станциялар бойынша кезекшілер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бригадалары бұған қоса кәсібіи іріктеліп сынақтан өтуі және соңынан төмендегі талаптарды білетіні жонінде мерзім-ді түрде тексеріліп отыруы тиіс:

Қазақстан Республикасы темір жолдарын техникалық пайдалану ереже-лерін (ТПЕ); '

Қазақстан Республикасы темір жолдарында сигнал беру жоніндегі нұсқаулықты (СБН);

Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жоніндегі нұсқаулықтың (ПҚН);

қызметкерлердің міндеттерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарды және басқа қүжаттарды;

еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді және нұсқаулықтарды, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Қалған қызметкерлердің барлығы осы Ережелерде қарастырылған те-мір жол көлігі қызметкерлерінің жалпы міндеттерін, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды және қызметкерлердің міндеттерін белгілейтін басқа құжаттарды білуі тиіс.

Өздеріне, поездар қозғалысына қатысы бар жұмыс күнін қарқындату не-месе кәсіби қызметтерін қосақтау ретінде қосымша міндеттер жүктелетін

 

 

темір жол көлігінің қызметкерлері мұндай жұмысқа тек олардың тиісті ере-желер мен нұсқаулықтарды білетіні женіндегі сынақтан өтікізілуінен кейін гана жіберілуі тиіс.

Оларды иелену үшін қызметкерлер осы тармақта қарастырылған сынақтардан өтуі тиіс лауазымдар мен кәсіптердің тізбесін, әр лауазым (кәсіп) үшін қажетті білім колемін, жұмысқа қабылдану кезінде және мер-зімді түрде жүргізілетін сынақтардыц тәртібін "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Локомотив бригадаларын, поезд диспетчерлерін, станциялар бойынша кезекшілерді, арнайы жылжымалы қүрамның бригадарларын кәсіби ірік-теу талаптарын "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

1.8. Жұмысқа қабылданатын тұлғалар және поездар қозғалысына тіке-лей қатысы бар темір жол көлігінің қызметкерлері белгіленген тәртіп бой-ынша міндетгі алдын ала және мерзімді түрде жүргізілетін медициналық тексеруден отуі тиіс.

Жасы 18-ге толмаған тұлғалар поездар қозғалысына тікелей қатысы бар төмендегі лауазымдар мен кәсіптерге тағайындалуға жіберілмейді, олар:

локомотивтердің, моторлы-вагондық поездардыц, мотовоздардың және арнайы автомотрисалардың, темір жолдық жүрістегі жүккөтергіш крандардың машинистері және олардың комекшілері, паровоздардың кочегарлары, дрезиналардың жүргізушілері және олардың көмекнплері, диспетчерлер, станциялар бойынша кезекшілер, қосындар, парктер және' дөңестер бойынша кезекшілер, сұрыптау дөңестерінің операторлары, стан-циялар кезекшілерінің жанындағы операторлар, поездардың кондукторла-ры, құрастырушы бригадалардың қызметкерлері, вагондардың қозғалыс жылдамдықтарын реттеушілер, сигнал берушілер, орталықтандыру постының операторлары, стрелкалық қосынның кезекшілері, жол, көпір және тоннель шеберлері, жол бригадирлері, жолды тексерушілер (екінші разрядты және одан жоғары), жол монтерлері, отпелер бойынша кезекші-лер, СОБ және сұрыптау дөңестерінің құрылғыларына қызмет ететін элек-' трмеханиктер мен электрмонтерлер, вагондарды қараушы-жондеушілер, жолаушы поездарының бастықтары (механик-бригадирлер), вагондардың жолсеріктері, вагондарды ағытпай жөндейтін шеберлер мен жұмысшылар, вагондарға техникалық қызмет корсету пункттерінің операторлары, поездық электрмеханиктер, электрмен қамтамасыз ету дистанцияларының шебер-лері мен электрмеханиктері, рефрижераторлық поездар мен секциялардың механиктері, ақаутапқыш және жол өлшегіш вагондардың баптаушыла-ры, темір жол-құрылыстық машиналардың машинистері және олардың көмекшілері, ақаутапқыштық арбашалардың операторлары, жол өлшеулер* бойынша операторлар және олардың көмекшілері.

1.9. Темір жол көлігінің қызметкерлері ездеріне тапсырылған темір
жолдардың мүлігін және тасымалданатын жүктерді сақтауы тиіс.

1.10. Алкогольдік немесе есірткілік масгану немесе уланудың басқа
турінде журген темір жол қызметкерлеріне міндеттерін атқаруға жол бе-
рілмейді. Мұндай кұйде байқалган тұлғалар дереу жұмыстан босатылып
жауапкершілікке тартылады.

 

2-БӨЛІМ ҚҮРЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ҚҮРЫЛҒЫЛАР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2230; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.