Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сигналдар 5 страница




6.52. Белгі беру және байланыс дистанцияларында оларда бар СОБ пен байланыс құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары, тиісті стандарттары және нормалары болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер дер кезінде енгі-зіліп отыруы тиіс.

СОБ құрылғылары бойынша типтік шешімдерді СОБ, байланыс және ақпараттық технологиялар департаменті бекітеді. СОБ құрылғыларында типтік емес техникалық шешімдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

6.53.СОБ құрылғылары тәуелдіктерінің уақытша өзгертілуіне тек СОБ, байланыс және ақпараттық технологиялар департаментінің рұқсатымен 5 тәуліктен аспайтын уақытқа, ал одан артық мерзімге «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығының рұқсатымен ғана жол беріледі.

6.54. СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, орнын ауы-стыру, жөндеу, сынау мен ауыстыру бойынша жоспарлық жұмыстар және белгіленген тәуелділіктердің бұзылуын тудыратын немесе олардың әрекетін уақытша тоқтатуға әкелетін басқа да жоспарлы жұмыстар олардың барынша қысқа мерзімде орындалуын қарастыратын және «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітетін кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Кез келген жағдайларда стан-цияларда станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз және бұл жөнінде Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналына жұмыстарды басқарушының ал-дын ала жазбалауынсыз мұндай жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

 

Диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде ұқсас жұмыстар тек поезд диспетчерінің келісімімен ғана жүргізілуі тиіс.

Құрыл ғыл ар станция бойынша кезекшініңбөл месіненедәуір қашықтықта орналасқан жағдайда бұл құрылғыларды іске қосу жөніндегі жазба, сондай-ақ ақаулыққтарды жою бойынша күтпеген жұмыстардың жүргізілуі үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату жөніндегі жазба осы журналдың өзінде тіркелетін, станция бойынша кезекшіге жіберіліп соңынан Жол-дарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналына жұмыстарды басқарушының жеке қолы қойылатын телефонограммамен ауыстырылуы мүмкін.

Белгіленген тәуелділіктерді бұзбайтын СОБ жекелеген құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тек-серу журналына жазба енгізусіз станция бойынша кезекшінің (диспетчер-лік орталықтандыруы бар телімдерде — поезд диспетчерінің) келісімімен жүргізіле алады. Осындай құрылғылар мен аспаптарды ауыстыру және ажырату жөніндегі жұмыстар тізімін «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Әрекеттегі СОБ құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің келісімімен және бақылауымен, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде — поезд диспетчерінің келісімімен жүргізілуі тиіс.

6.55. Сигналдық аспаптардың жарықтандырылуы сигналдар
көрсетулерінің анық көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Дер кезіндегі және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету міндеті: бағдаршамдар мен маршруттық нұсқағыштардың — белгі беру және байла-ныс дистанцияларының директорларына;

стрелкалық нұсқағыштардың, жол бөгегіштерді лақтыру құрылғыларының және гидравликалық бағаналардың нұсқағыштарының станциялардағы жарықтандырылуы — станциялар бастықтарына;

локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигналдық аспаптардың — тиісті бөлімшелердің директорларына жүктеледі.

Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау дистанция-лары қамтамасыз етеді.

6.56. Белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері
бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштерінің және маршруттық
нұсқағыштардың қалыпты тұрақты көрінімділігін қамтамасыз етуге міндет-
ті.

Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінімділігін бағдаршам лампаларының әр ауыстырылуынан кейін электрмеханик жолдың үстінде тексеруі тиіс.

Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрінімділігін аға электрмеханик кем дегенде айына бір рет және белгі беру және байланыс дистанциясының директоры — кем дегенде тоқсан сайын бір рет локомотивтің үстінен тексеруі тиіс.

 

Белгі беру және байланыс дистанцияларының және локомотив депосының директорлары немесе олардың орынбасарлары кем дегенде тоқсан сайын бір рет автоматты локомотивтік сигнал беру мен радиобайланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысын локомотивтің үстінен тексеруі тиіс.

Автоматты локомотивтік сигнал берудің және поездық радиобайланыстың жұмысын вагон-зертхана локомотив шаруашылығы мен сигнал беру және байланыс басшылығы бекіткен кесте бойынша қорытындыларын құжаттарда тіркей отырып мерзімді түрде тексереді.

Тексеру қорытындылары локомотив шаруашылығы мен сигнал беру және байланыс басшыларымен бірлесе отырып қаралады.

6.57. Жол, СОБ, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы
құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам электрлі рельстік тізбектердің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Электрлі рельстік тізбектердің толассыз жұмысын қамтамасыз ете-тін жол, СОБ, электрмен жабдықтау құрылғыларына және жылжымалы құрамға, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету тәртібін және оларды күтіп ұстау нормаларын «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

6.58. СОБ және байланыс құрылғыларын пайдаланатын қызметкерлер
оларды пайдалану тәртібіне үйретілуі және олардың білімдері тексерілуі
тиіс.

Белгі беру және байланыс дистанциясының директоры СОБ және бай-ланыс құрылғыларын пайдаланатын басқа қызметтер қызметкерлерінің де оқуын қамтамасыз етеді. Әр бастық өзінің қол астындағыларға қатысты олардың оқуы және осы құрылғылар жөніндегі олардың білімін мерзімді тексеру үшін жауапты болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1080; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.