Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Канонічне право як об’єкт соціально-наукового пізнання. 7 страница




Шегіндіруді жүргізуге:

жолаушы поездарын барлық жағдайда;

автоблоктаумен немесе автоматты локомотивтік сигнал беруімен жабдықталған аралықтарда;

тұман, қарлы боран және басқа да сигналдар нашар көрінетін қиын жағдайларда;

егер тоқтаған поезд барлық сигнал беру және байланыс құралдарының әрекеті тоқтаған кезде жөнелтілген болса, тыйым салынады.

Салмағы орнынан қозғалу нормаларынан осы өрге көтерілу бойын-ша асып кететін поезд өрге көтерілу кезінде тоқтағанда және оны шегінді-руге жол берілмеуі тиіс болғанда, машинист дереу қосалқы локомотивті шақыртып алуы тиіс.

Мұндай жерлердің және салмақтық нормалардың тізімі «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен белгіленеді.

16.47. Поезд аралықтан кері қарай жөнелту станциясына тек осы станция бойынша кезекшінің өкімімен Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен қайтарылуы мүмкін.

16.48. Егер поезд тоқтағаннан соң өз бетімен жүре алмаса, ол аралықтан қосалқы локомотивтің күшімен Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен шығарылады. Бұл Нұсқаулықта поезд ажыраған кездегі локомотив бригадалары әрекетінің тәртібі де белгіленеді.

Автоблоктаумен және поездық радиобайланыспен жабдықталған телімдерде, аралықта тоқтап қалған поезға көмек көрсету үшін ізімен келе жатқан жүк поезының локомотиві пайдаланылуы мүмкін және айрықша жағдайларда'салмағы мен ұзындығы қалыпты ізімен келе жатқан поезбен итермелеуге рұқсат етіледі.

Моторвагондық поездың аралықта амалсыз тоқтаған кезінде және одан әрі оның өз күшімен қозғалысты жалғастыруға мүмкіндігі болмаса, оған қосақталған құраммен станцияға алып кету үшін ізімен келе жатқан моторвагондық поезды тіркеуге рұқсат беріледі.

16.49. Егер қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поезд, сондай-ақ қосалқы локомотив шақырылса, тоқтаған поезд көмек келіп жеткенше немесе қозғалуға тиісті рұқсат берілмейінше қозғалысты бастай алмайды.

Қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поездарды қосалқы локомо-тивтерді шақыру, тағайындау және олардың қозғалыс тәртібі, сондай-ақ аралықта екі моторвагондық поездарды біріктіру және олардың ары қарай жүріп өтуінің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

Алынбалы жылжымалы бірліктердің қозғалысы

16.50. Алынбалы жылжымалы бірліктердің қозғалысы аралықтан орын алу құқығын беретін поездық құжаттарсыз жүргізіледі. Тоннельдері және үлкен көпірлері бар, сондай-ақ жоспар-жобасы мен пішінінің жағдайы күрделі аралықтарда алынбалы жылжымалы бірліктер қозғалысының тәртібш «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы белгілейді. Алынбалы жылжыма-лы бірліктердің қозғалысы поездардың кесте бойынша жүріп өтуінде бұзушылықтар тудырмауы тиіс.

Барлық алынбалы жылжымалы бірліктердің осьтерінің электірлі оқшаулағышы болуы тиіс.

Алынбалы жылжымалы бірліктер қозғалысының тәртібі Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықпен белгіленеді.


5-БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕМІР ЖОЛДАРЫН

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРШДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ТЕРМИНДЕР

Сигнал беру және байланыстың дербес құралы ретіндегі автоматты локомотивтік сигнал беруі (АЛСО). Поездардың аралықтағы қозғалысы локомотивтік бағдаршамдардың сигналдарымен жүзеге асырылатын, ал бөлім бекеттері ретінде блок-темлімдердің белгіленген шектері болып есеп-телетін жүйе.

Блок-телім. Станциялар арасындағы аралықтың автоблоктау немесе сигнал беру және байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі өтпелі бағдаршамдармен (блок-телімдердің шектерімен) немесе өтпелік бағдаршаммен (блок-телімнің ше-гімен) және станциямен шектелетін бөлігі.

Бүйірлік жол. Жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша ауы-сатын жол.

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы қүрам бригадасы. Арнайы жылжымалы құрамды басқаруға және оған қызмет көрсетуге тағайындалатын қызметкерлер. Арнайы өздігенен жүретін жылжымалы құрамды басқару үшін бригада тағайындалады - машинист және машинистің көмекшісі немесе дрезинаның жүргізушісі немесе оның көмекшісі (тиісті машинаны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес).

Поезды ерекше қырағылықпен жүргізу. Локомотив бригадасының поезд қозғалысы кезіндегі тұрақты күшейтілген назар аударуы.

Жүк вагнодары. Жүктерді тасымалдауға арналатын вагондар. Оларға жабық вагондар, үсті ашық вагондар, платформалар, цистерналар, жүк тасымалдауға арналатын арнайыландырылған вагондар: шанақтық типтегі вагондар, термостар, АРВ қоса тоңазытқыштық вагондар, астықтасығыштар, транспортерлер, контейнертасығыштар, сондай-ақ жүк типіндегі арнайы вагондар.

Жолаушы вагондары. Жолаушыларды тасымалдауға арналған вагон-дар. Бұл вагондарға сондай-ақ пошта, багаждық, вагон-мейрамханалар, қызметтік-техникалық (қызметтік, клубтар, санитарлық, сынақтық,және өлшегіш, зертханалар және жолаушы типіндегі басқа арнайы вагондар) вагондар.

Ауалы аралық (оқшаулаушы қиылыс). Түйіспелік тораптың іргелес телімдерінің электр оқшаулаумен қиылысуы (ток айырығы). Оқшаулаушы қиылыс, электрлі-жылжымалы құрамның токқабылдағышы өткен кезде қиылысатын бөліктері электрлі қосылатындай болып орындалады.

Қосалқы пост. Жолдық дамуы жоқ және тек кірме жолдың жанасу пунктіне қызмет көрсету үшін ғана арналатын (бүкіл аралық бойынша жүріп өтетін поездар үшін бөлім бекеті болып саналмайды) аралықтағы пост.

Тиеу габариті. Шекті көлденең (жол өсіне перпендикулярлы) долбар, оның ішінде сыртына шықпай түзу горизонтальді жолдағы ашық жылжы-малы құрамда (қаптамасы мен бекітпесін есепке ала отырып) жүк орнала-суы тиіс.

Жылжымалы құрамның габариті. Шекті көлденең (жол өсіне перпендикулярлы) долбар, оның ішінде сыртына шықпай, түзу горизонтальді жол үстінде орналасқан - тиелген, сондай-ақ бос жылжымалы құрам сыйып тұруы тиіс.

Құрылыстардың жақындау габариті. Шекті көлденең (жол өсіне перпендикулярлы) долбар, оның ішіне құрылыстар мен құрылғылардың ешбір бөлігі кірмеуі тиіс.

Тек жылжымалы құраммен тікелей өзара әрекеттесетін құрылғылар (жұмыстық күйіндегі вагондық баяулатқыштар, бекітпе тетіктерімен қоса түйіспелік сымдар, су құйып алу кезіндегі су бағанасының бұрылмалы бөлігі және т.б.) ғана бұған жатпайды.

Кепілдік телім. Вагондардың поезд құрамында жарамды күйінде қауіпсіз жүріп өтуінің қажеттілігіне қарай анықталатын ұзындықтағы, техникалық қызмет көрсету пункттерімен шектелген телім.

Басты жолдар. Станцияға келіп тірелетін және әдетте бағыттамалы бұрмаларда ауытқулары болмайтын аралықтар жолдарының тікелей жалғасы болып табылатын аралықтардың, сондай-ақ станциялардың жол-дары.

Станция бойынша кезекші. Поездардың қабылдануын, жөнелтуін, сондай-ақ жылжымалы құрамның станцияның қабылдау-жөнелту жол-дарымен (ал маневрлік диспетчері жоқ жерде басқа да жолдармен) қозғалыстарын жеке өз басымен басқаратын станция бастығының ауысым-ды көмекшісі.

Темір жол құрылыстық машиналары. Темір жолдардағы құрылыс, жөндеулердің барлық түрлері, темір жолдарды күтіп ұстау және оның құрылыстары мен құрылғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын бір немесе бірнеше жұмыстық органдары бар өздігінен жүретін жылжымалы құрам түрлерінің бірі.

Темір жол өтпесі. Темір жол желілерінің бір деңгейде автомобиль және трамвай жолдарымен қиылыстын жері.

Теміржол кірме жолы. Жекелеген кәсіпорындарға, ұйымдарға және белгілі бір жүкжөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған, жалпы темір жолдар торабымен үздіксіз рельс жолтабаны арқылы байла-

нысатын және темір жолдың немесе кәсіпорынның, ұйымның иелігіндегі темір жол желісі.

Жүк поезының индексі. Қал ыптастыру станциясында барлық жүк поездарына берілетін 10 цифрден түратын арнайы код. Бірінші төрт сан - поезды қалыптастыру станциясының бірыңғай тораптық белгі-леуі (БТБ), келесі екеуі - осы станцияда қалыптастырылған құрамның реттік нөмірі, ал соңғы төртеуі - поездың баратын станциясының БТБ-і.

Поездардың қарқынды қозғалысы. Біртәулік ішінде қосжолды телімдерде 50 жүптан асатын және біржолды телімдерде 24 жұптан астам кесте бойынша (жиынтығында) жолаушы және жүк поездары қозғалысының көлемдері.

Түйіспелік торап. Электр энергиясының тартымды қосалқы станциялардан электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін сымдардың, құрылымдардың және құрал-жабдықтың жиынтығы.

Локомотивтер. Электровоздар, тепловоздар, газотурбовоздар, паровоздар.

Локомотив бригадасы. Локомотивтерге, сондай-ақ моторвагондық поездарға қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер.

Азәрекетті телімдер. Жолаушы және жүк поездарының (жиынтығында) кесте бойынша тәулігіне 8 жұптан аспайтын қозғалыс көлемдері бар телімдер.

Маневрлік құрам. Бір-бірімен өзара және маневр жүргізетін локомотивпен біріктірілген вагондар тобы.

Бір вагонмен іліністегі локомотив сондай-ақ, маневрлік құрам ретінде қарастырылады.

Посттар арасындағы аралық. Жол посттарымен немесе жол посты және станциямен шектелген аралық.

Станциялар арасындағы аралық. Станциялармен, айырықтармен және басып озу пункттерімен шектелген аралық.

Моторвагондық жылжымалы құрам. Өздерінен жолаушыларды тасуға арналған моторвагондық поездар (электропоездар, дизель-поездар және автомотрисалар (рельстік автобустар) қалыптастырылатын моторлы тіркемелі вагондар.

Бейтарап ендірме. Өзінде қалыпты түрде кернеуі жоқ екі ауа аралықтары (оқшаулаушы қиылыстар) арасындағы түйіспелік аспа телімі. Бейтарап ендірме, электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағыштары өткен кезде жанасатын телімдердің электрлі оқшаулануы қамтамасыз етілетіндей болып орындалады.

Басып озу пункті. Поездарды басып озуға және қажетті жағдайларда - поезды бір басты жолдан екінші басты жолға ауыстыруға мүмкіндік бере алатын жолдық дамуы бар қосжолды желілердегі бөлім бекеті.

Толаскез. Жөндеу-құрылыстық жұмыстар жүргізу үшін аралық, аралықтың немесе станцияның жекелеген жолдары бойынша поездар қозғалысы тоқтатылатын уақыт аралығы.

Поездардың ерекше қарқынды қозғалысы. Жолаушы және жүк поездарының (жиынтығында) кесте бойынша қосжолды телімдерде тәулігіне 100 жұптан және біржолды телімдерде - 48 жұптан астам қозғалысының көлемі.

Ерекше жол белгілері. Темір жолға бөлінген жолақтың шектері, стрелка нөмірінің нұсқағышы, жолаушы ғимараты өсінің белгісі, желілік жол ғимараттарындағы белгілер, шеңберлі қисықтардың басы мен аяғының, сондай-ақ өтпелі қисықтардың ортасы мен аяғының, жер төсемінің көзге көрінбейтін құрылыстарының, су жиегінің ең жоғары деңгейінің және толқынның барынша жоғары биіктігінің қадабелгілері.

Қорғағыш стрелка. Поезды қабылдау немесе жөнелту маршру-тын әзірлегенде дайындалған маршрутқа жылжымалы құрамның шығу мүмкіндігіне жол бермейтін қалыпқа қойылатын стрелка.

Жолаушылардың аялдау пункті. Жолдық дамуы жоқ, тек жолаушы-ларды отырғызу және түсіруге арналған аралықтағы пункт (бөлім бекеті деп есептелмейді).

¥зындығы арттырылған жүк поезы. Үзындығы 350 және одан астам осьтерді құрайтын жүк поезы.

Біріктірілген жүк поезы. Әр поездың басында әрекеттегі локомотивте-рі бар бір-бірімен өзара тіркескен екі немесе одан астам жүк поездарынан құрастырылатын поезд.

Ауырсалмақты жүк поезы. Локомотивтердің тиісті сериялары үшін қозғалыс кестесімен белгіленген жүк нормасынан осы поезд жүріп өтетін телімдегі салмағы 100 т және одан да асатын жүк поезы.

Адам таситын поезд. Адамдар орналасқан 10 және одан да астам вагон-дары бар жүк поезы.

Жолаушы поезы. Жолаушы вагондарынан қалыптастырылатын жолау-шыларды, багажды және поштаны тасымалдауға арналатын поезд. Қатынас түрлері бойынша жолаушы поездары 700 км-ден астам қашықтықтағы алыс-сапарлы, 700 км-ге дейінгі - жергілікті және 150 км-ге дейінгі - қаламаңы поездары болып бөлінеді.

¥зынқұрамды жолаушы поезы. Осы поездың белгіленген қал ыптастыру сұлбасынан ұзындығы асатын жолаушы поезы.

¥зындығы арттырылған жолаушы поезы. Құрамында 20 және одан да астам вагоны бар жолаушы поезы.

Жүрдек жолаушы поезы. Жолаушы поездарының жүрдек қозғалысына сәйкес келетін км/сағ: 141-160 және 161-120 жылдамдық интервалардындағы жылдамдықтармен айналатын жолаушы поезы.

Біріктірілген жолаушы поезы. Әр поездың басында әрекеттегі локомо-тивтері бар, өзара тіркелген екі жолаушы поезынан құрастырылған поезд.

Пошталы-багаждық поезд. Пошта, багаж, және жүк-багажын тасымалдауға, сондай-ақ тек қана жолаушы поездары айналмайтын телім-дерде тіркелетін, жолаушыларды тасуға арналған жекелеген жолаушы ва-гондарынан қалыптастырылады.

Шаруашылық поезы. Әрекеттегі локомотивтен немесе локомотив ретінде пайдаланылатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамнан, темір жолдардың арнайы және техникалық қажеттіліктері үшін бөлінген вагондардан, темір жолдарды күтіп ұстау, олардың құрылыстарымен құрылыстарына қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын орындауға арналатын арнайы өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін жылжымалы құрамнан қалыптастырылған поезд.

Поездық сигналдар. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы құрамдарды белгілеуге қолданылатын сигналдар.

Сақтандырғыш тұйық. Жылжымалы құрамның поездар жүретін маршруттарға шығуының алдын алуға арналған тұйық жол.

Жол белгісі. Темір жол желілерінің пішіні мен ұзындығының тұрақты нұсқағышы.

Жол посты. Темір жол желілеріндегі жолдық дамуы жоқ бөлім бекеті (жартылай автоматты блоктауда - блокпост, қосжолды ендірмесі бар біржолды телімдегі жанасу посты, торап алдындағы пост және т.б.).

Арнаулы пайдаланымдағы жолдар. Аралықтардағы және станциялардағы сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтар және кірме жолдар.

Бөлім бекеті. Темір жол желісін аралықтар мен блок-телімдерге бөлетін пункт.

Айырық. Поездардың айқасуына және басып озуына арналатын жолдық дамуы бар біржолды желілердегі бөлім бекеті.

Тоңазытқыштық поезд. Тоңазытқыштық вагондардан құрастырылған поезд.

Дауыстық хабарландырғыш. Алдын ала әзірленген хабарламалар-ды байланыс арналарына автоматтық таратылуын қамтамасыз ететін электрондық құрылғы.

Маневрді басқарушы. Маневрге қатысатын барлық тұлғалардың әрекеттерін тікелей басқаратын қызметкер. Оның нұсқауынсыз маневрлерді жүргізуші локомотив машинисінің локомотивті орнынан қозғауға құқығы жоқ.

Жұмыстарды басқарушы. Өзіне, пайдаланылатын темір жол желіле-рінде, құрылыстары мен құрылғыларындағы жұмыстарды басқару міндеті жүктелген жауапты тұлға.

Өнімді, қызметкерлерді және басқа объектілерді сертификаттау (сертификаттау). Өнімінің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі жөніндегі өндірушіден (сатушыдан, орындаушыдан) және тұтынушыдан (сатып алу-шыдан) тәуелсіз органның жазбаша растауы.

Сигнал. Өзінің көмегімен белгілі бір бұйрық берілетін көрінетін және дыбыстық шартты белгі.

Сигналдық белгі. Өзінің көмегімен белгілі бір категориядағы қызметкердің бұйрығы немесе нұсқауы берілетін көрінетін шарттық белгі. Сигналдық белгілерге: шектік бағаншалар, станцияның шектерін көрсететін белгілер, ысқырық беру, токты сөндіру және қосу және т.б. жатады.

Арнайы жылжымалы құрам. Темір жол жүрісіндегі жылжымалы бірліктер:

арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам - мотовоздар, дрезиналар, жұмыстар жүргізуге қажетті материалдарды тасымалдау немесе темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізуге арналған автомотрисалар, көліктік режимдегі тартымдық жетегі мен дербес қозғалтқышы бар темір жол-құрылыстық машиналары;

арнайы өздігінен жүрмейтін жылжымалы құрам - көліктік режимдегі тартымдық жетегі жоқ темір жол-құрылыстық машиналары, тіркемелер және темір жолдардың құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына арналатын, шаруашылықтық поездарға қосылатын басқа да арңайы жыжымалы құрам.

Созылмалы еңіс. Тіктігінің және ұзындығының төмендегі мәндерін ие-ленетін еңіс:

Тіктігі Үзындығы

0,008-ден 0,010-ға дейін 8 км және одан астам

0,010-нан 0,014-ке дейін 6 км және одан астам

0,014-тен0,17-гедейін 5 км және одан астам

0,017-ден 0, 020-ға дейін 4 км және одан астам

0,20-дан астам және одан да тік 2 км және одан астам

Жетекші еңіс. Тіктігі бойынша (қисықтардың кедергі жасауын ескере отырып) тежегіштік жолдан ұзындығы кем емес барынша тік еңіс.

Жылжымалы құрамның техникалық күйін поездың жүрісі кезінде автоматтық бақылау құралдары. Поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар болуы және ақаулылықтың түрі жөнінде ақпаратты автоматты режимде анықтауға және алдағы станция бойынша кезекшіге, поезд диспетчеріне, машиниске жіберуге мүмкіндік беретін аппаратура.

Станция. Поездары қабылдау, жөнелту, айқастыру және басып озу, жүктерді қабылдау, беру және жолаушыларға қызмет көрсету операция-ларын жүргізуге мүмкіндік беретін жолдық дамуы бар, ал дамыған жол құрылғылары бар кезінде - поездарды тарқату және қалыптастыру бойын-ша маневрлік жұмыстарды жұмыстарды және поездармен техникалық опе-рациялар жүргізуге мүмкіндік беретін бөлім бекеті.

Ескерту. Ережелер мәтінінде, жолдық дамуы бар немесе кезекші қызметкерлер қызмет көрсететін (станция, айырық, басып озу пункті, жол посты) бөлім бекеттері туралы айтылатын барлық жағдайда, талаптардың сипаттарына қарай қайсы бөлім бекеттері туралы дәлкөрсетіп айтуды қажет ететін жерлерінен басқа жағдайда, «Станция» немесе «Станция бойынша кезекші» жалпы терминдері қолданылған.

Станциялық орталықтандыру посты. Орталықтандырылған стрелка-лармен сигналдар тобының басқаруын жүргізетін станциядағы пост.

Станциялық жолдар. Станция шегіндегі жолдар - басты, қабылдау-жөнелту, сұрыптау, тиеу-түсіру, әкету, деполық (локомотив және вагон шаруашылықтарының) қосатын, (станцияның жекелеген парктерін қосатын, контейнерлік пункттерге, отын қоймаларына, базарларға, сұрыптау плат-формаларына, вагондарды тазарту, жуу, зарарсыздандыру пункттеріне, жылжымалы құрамды жөндеу орындарына апаратын және басқа операци-яларды жүргізуге арналған), сондай-ақ арналымы оларда жүргізілетін опе-рациялармен анықталатын басқа да жолдар.

Стрелка. Рамалық рельстерден, үшкірлер мен ауыстырып бұру механизмінен тұратын стрелкалық бұрманың бөлігі. Жылжымалы өзекшелі айқастырмасы бар болғанда стрелка ұғымына айқастырма да жатады.

Орталықтандырылмаған стрелка. Үшкірлері стрелканың тікелей өзінде ауыстыру механизмінің көмегімен қолмен ауыстырылатын стрелка.

Орталықтандырылған стрелка. Үшкірлері (ал жылжымалы өзекшелі айқастырмалары бар болса, өзекшесі де) бір орталық пункттен басқарылатын арнайы құрылғылармен ауыстырылатын стрелкалар.

Бағыттамалы бұрма. Жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға қызмет ететін құрылғы. Бағыттамалы бұрмалар стрелкалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы қосатын жолдардан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшелі болуы мүмкин.

Стрелкалық қосын. Стрелкалық қосынның бір кезекшісі қызмет көрсететін орталықтандырусыз басқарудағы бір немесе бірнеше бағыттамалыбұрмалар.

Стрелкалық аудан. Стрелкалық қосынның бір аға кезекшісінің бақылауындағы іргелес стрелкалық қосындар тобы.

Алынбалы жылжымалы бірліктер. Өздеріне қызмет көрсететін қызметкерлер қолмен ағытып жолдан ала алатын алынбалы дрезиналар, жөндеу мұнаралары, электрлендірілген телімдерде жол вагоншалары, жолөлшегіш, ақаутапқыш және басқа арбашалар мен жылжымалы бірлік-тер.

Қызметтік тежеу. Жылдамдықты жатық төмендетуге немесе поезды алдын ала қарастырылған орында тоқтату үшін кез келген мәндегі деңгейдегі тежеу.

Шұғыл тежеу. Магистральді шұғыл толық қосу және барынша жоғары тежегіштік күшті іске асыру жолымен поезды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежеу.

Тежегіштік жол. Машинист кранының немесе шұғыл тежеу кранының тұтқасын тежегіштік қалпына дейін бұру сәтінен бастап толық тоқтағанға дейін поезд өтетін қашықтық. Тежегіштік жолдар тежеу түріне қарай бөлінеді (қызметтік, толық қызметтік және шұғыл).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 731; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.086 сек.