Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Галактика




44. Шолпан ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.


Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады.
Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай.
Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3° төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ.
Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді.

Ымырттық доға деп аталатын бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.
1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4», «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен «Вега-1» және «Вега-2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады.
Зерттеу нәтижемінде Шолпан атмосферасының 96%-ке жуығы көмірқышқыл газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002%-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны анықталды. Ғаламшар үстіндегі тығыздық Жер атмосферасының төменгі қабаттарындағы тығыздықтан 60 есеге дерлік асып түседі, ал атмосфералық қысым 95*106Па (95 атм.) жетеді.
Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарды көктеме эффектісін тудырады, мұның себебі, Күн сәулелері (түгелдей болмаса да) атмосферадан өтеді және Шолпанның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір қыздырады, ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке мейлінше баяу тарайды, өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік жібермейді. Осының салдарынан Шолпанның беті мен атмосфераның төменгі қабаттары 465-тен 480°С-ға дейін қызады.
Ғаламшар бетінен 30км шамасындағы биіктікте 90 км -ге жететін бұлтты қабат бар және ол үш ярустан тұрады, бірақ 50-ден 70 км-ге дейінгі биіктіктегі неғұрлым тығыз ярус жеңіл тұманды еске түсіреді. Бұлтты қабаттың 1974 жылы «Маринер-10» станциясымен 726000 км қашықтықтан түсірілген суреттерде жақсы білінетін аймақтың құрылымы бар. Бұлт күкірт және тұз қышқылының аса майда тамшыларынан тұрады және оларды хлор мен күкірттің қоспасы бар.
Шолпан атмосферасында үнемі жел соғып тұрады. Ғаламшардың бетінде ол мардымсыз, шамамен секундына 0,5-тен 1,0 м-ге дейін жетеді, бірақ биіктеген сайын ол күшейе береді және «Вега-1» және «Вега-2» аэрошарлардың мәліметтері бойынша 50 км биіктікте жел өзінің шегіне жетіп, секундына 100 м/с болады.
Шолпан атмосферасы бұлт жамылғысымен бірге күн сәулесінің 76%-і шағылыстырғанымен онан өткен сәулелерді кәдімгідей әлсіретеді, ғаламшардың күндізгі жарты шарының жарығы кәдімгідей ғаламшаралық станциялардың тікелей өлшеуі бойынша Жердегі бұлтты күндегідей. Бұл «Шолпан-91» - «Шолпан-14» автоматты станцияларының құлдилау блоктары қонған аудандағы ғаламшарбетінің тамаша суреттерімен де тұжырымдалады.Суреттерде өлшемі шағын 30 см және онан үлкен тастар, жанартау атқылауынан түзілген неғұрлым ірі кесектер, сондай-ақ жартасты тау жыныстары жақсы көрінеді. «Шолпан-13», «Шолпан-14», «Вега-1» және «Вега-2» автоматты станциялары, қонған жердің топырағына химиялық

талдау жасады. Топырағы Жер жыныстарымен, оның ішінде базальтты жыныстармен ұқсас болып шықты.

Шолпан бетінің бедері Жерден тікелей радиолокациямен де, ғаламшардың жасанды серіктерімен де зерттелуде. Осы зерттеулердің негізінде Шолпан бетінің картасы жасалады. Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екені анықталды, бірақ онда да ойпаттар, жазықтармен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазаншұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар.
Таулы аудандар ғаламшардың 10%-ке жуығын алып жатыр. Неғұрлым ірілері Иштар жері, Афродита Жері деп аталған. Иштар Жері ауданы жағынан Австралиядай және ол тау қыраттарымен қоршалған, биіктігі шамамен 2 км үстіріт болып табылады. Ең биік Максвелл тау массиві 8 км-ге көтеріледі, ал оның шыңдарының бірі 4 км-ге жетеді. Афродитаның жері де үстірт, оның ауданы Африканың ауданына жақын.
Ойпат Шолпан бетінің 27%-ін алып жатыр. Неғұрлым ірілірінің бірі Атлантида деп аталады: оның диаметрі 2500 км шамасында, ал тереңдігі 2 км-ге жуық. Ол үлкен Ай теңізіне өте ұқсайды. Ғаламшардың қалған бөлігі - биіктігі 2 км-ге жететін көптеген шағын таулар мен тізбелері бар (800 км-ге дейін созылып жатқан).
Тауларының ішінде жанартаудан, сондай-ақ соққыдан (метеориттік) пайда болған көптеген сақина қазаншұңқырлар бар. Үлкен қазаншұңқырларының диаметрі 30-дан 160 км-ге дейін, ал тереңдіктері - 500м-ден аспайды. Бірақ алапат қазаншұңқыр да кездеседі. Мәселен, анық соққыдан пайда болған Мейтнерқазаншұңқырының диаметрі 300 км, ал тереңдігі 1 км-ге жақын.
Ғаламшарда атмосферада көмірқышқыл газ, күкіртті және хлорлы қосылыс лақтыратын әрекетті жанартаулар да бар.
Ғаламшардың экваторына жақын оның қыртысынан ұзындығы 1400 км, ал ені 150 км дерлік және тереңдігі 2 км-ге дейін алапат жыра болып табылды.

Шолпанда су бассейні де магнит өрісі де жоқ. Ғаламшардың қойнауында диаметрі 5800 км-ге (ғаламшардың0,48 диаметрі) жуық тығыз темірлі ядросы бар деп болжануда. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша Шолпанның солтүстік полюсінде екі атмосфералық желдер үйіріліп соғып тұр, бұл оңтүстік полюсінде де байқалады. Мұны EKA Venus Express планеталық аппарат дәлелдейді.

VIRTIS-тің көмегімен жасалған Шолпанның бейнесі

Ғарыштық аппарта Venus Express Шолпанның орбитасына 2006 жылдың 11 сәуірінде кірді. Бірінші он күнінде аппаратбіріншілік орбитада орналасып және планетаның атмосферасын инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуледе зерттеді. Зерттеу 350000 км-ден 400000 км-де жүзеге асты.
Мұндай үйірмелі желдер зерттеушілердің айтуы бойынша Шолпанның атмосферасындағы ыстықауаның табиға циркуляциясы мен батысқа бағытталған желмен түсіндіріледі. Жел бүкіл планетаны тек 4 күнде ғана айналып шығады. Ең бір айтарлық зерттеушілердің жеткен жетістігі - бұл Шолпан планетасының екі полюсінде де үйірмелі желдерді байқауы. Бұрын бұл үйірмелі желдердің тек беткі қабаты фотоға түсірілген. Бұл фотолар Шолпан планетасын тереңірек зерттеуге және анимациясына мүмкіндік береді. Бұл суреттер атмосфералық үйірмелі желдердің тек солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де бар екендігін дәлелдеді. Осы фотолар VIRTIS атты спектометрдің көмегі арқылы алынған. Планетааралық зерттеуші аппарат Venus Express ғарышқа 2005 жылдың 9 қарашасында жіберілген. Ал 2006 жылдың 11 сәуірінде Шолпанның орбитасына қонды. Күн жүйесінің екінші планетасына жету үшін аппаратқа 153 күн қажет болды. Бұл күндерде ол 400 млн км-ге жуық арақашықтықты өтіп отырды.

№45. Марс ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

МАРС, қ ы з ы л ж ұ л д ы з — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-планетасы. Марс жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диам. 6800 км, яғни Жер диаметрінің жартысынан сәл үлкен (0,53). Полярлық диа-метрі экваторлы диаметрінен 1:190 есе кіші. Марстың көл. 0,15 Жердің көлеміндей. Массасы 6,4231023км (0,017 Жер массасындай).

Марс беті. Марс бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Құрлыққа қарағанда теңіздер жарықты аз ша-ғылыстырады, сондықтан ол қоңырлау болып көрінеді. Марс дискісінің солт. және оңт. полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Бұл ақ дақтардың мөлшерлері марстык, жыл ішінде өзгеріп отырады. Осы кезде Марстың қоңыр теңіздері негізгі кескінін сақтап, болар-болмас өзгереді. Осылардың негізінде Марс бетінің 1°-тық дәлдікпен түсірілген картасы жасалды. Аме-рикалық "Маринер" сериялы ст-лар түсірген фотосуреттен Марста Ай бетінің рельефіне ұқсас көптеген сақина таулар немесе кратерлер бар екендігі ашылды. Кратерлер құрлықта да, теңізде де кездеседі. Кратерлердің табақша сияқты кішкене (диам. 10 — 15 км) жөне үлкен (диам. 15 км-ден бірнеше жүз км-ге дейін) 2 түрі байқалған. 1972 ж. жақыннан зерттелген Марс ландшафтысының аз ғана бөлігінде оның 3 түрі анықталған: кратерлермен жабылған аймақ, кратерлері жоқ аймақ, аз ғана кратерлері бар ретсіз орналасқан аймақ. Планетаның орташа деңгейінен жоғары жатқан кең үс-тірттер де, тереңд. 5 км, ұз. 500 км, ені 120 км келетін орасан зор жыра да кездеседі. Марста сөнбеген жанартау, планета қыртысының қозғалу белгілері байқалады.

Атмосферасы. Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бөсендеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Мыс, 1971 ж. "ұлы қарсы тұрыстан" кейін Марс бетін осындай тозаң дауылы екі ай бойы жауып тұрған. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50-ден 100%-ға дейін көмірқышкыл газы (СО2), су буының іздері жөне көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды. 1000 км-ден жоғ. биіктікте Марс атмосферасының басым көпшілігі сиреген (1 см3-де 104 атомдай) сутек атомдарынан тұрады. Марстың бірнеше қабаттан кұралған ионосферасы бар. Онда оттек (О2) байқалмаған. Марс атмосферасындағы электрондардың ең үлкен тығызд. (яе=1,5-104 см"3) шамамен 130 км биіктікте, Марс бетінің орташа деңгейіндегі толық қысымы 6,5-2,0 миллибар, яғни жер бетіндегі қысымнан 160 есе аз. "Марс-3" ст. жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша қысым Марстың төм. аймақта-рында (мыс, Амазониде) 12 миллибар, ал жоғ. аймақтар-да 1 — 2 миллибарға дейін төмендейді. Марс атмосферасындағы су буының мөлш. 10 — 60 мкм шық суына сәйкес келеді.

Марс серіктері. Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі экваторлык, жазықтықта планетаға жақын — 9,37 және 23,25 мың км қашықтықта қозғалады, периодтары 7 сағ 40 мин және 30 сағ 21 мин. Бүлар планетаны оның өз осінен айналуынан гөрі тезірек айналады. Фобостың үз. 26 км, ені 21 км. Деймостың көдденеңі 13 км. Әдеб.: Мороз В.И., Физика планет, М., 1967; Новое о Марсе и Венере, Сб. ст., пер, с англ., М., 1968;

"МАРС" — Марс планетасын және планетааралық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планетааралық автомат станциялар. Массасы 893,5 кг, үз. 3,3 м, диам. 1,1 м, ең алғашқы "М.-І" автомат ст. 1962 ж. 1 қарашада ұшырылды. Оның борты орбиталық және планеталық бөліктерден тұрады. Орбиталық бөлігінде Марс планетасына қарай ұшуды қамтамасыз ететін аппаратуралар, ал планеталық бөлігінде Марс планетасын жақын аралықтан зерттеуге арналған приборлар топтастырылды. "М.-І" автомат ст. ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық қашықтықтағы радио байланысты тексеру, планетаны суретке түсіру жұмыстарын жүргізді (Күннен 1 — 1,24 а. б. қашықтықга). 1971 ж. "М.-2" (19 мамырда) және "М.-З" (28 мамырда) автомат сттанциялары ұшырылды. Бұлардың салмағы 4650 кг, құрылысы "М.-1"-ден өзгеше жасалды. Оларда орбиталық бөлік және планета бетіне қондырылатын аппаратуралар болды. 1971 ж. 27 қарашада ұшырылған "М.-2" автомат ст-ның траекториясы Марс бетінен 1380 км қашықтықта өтті. 1971 ж. 2-желтоқсанда "М.-З" ст-нан планетаға қонатын аппарат бөлініп шығып, Марстың оңт. жарты шарына барып түсті; планета бетінің кескін сигналын бере бастады. "М.-2", "М.-3" ст-лары 8 айдан астам уақыт Марс серігінің орбитасынан зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1973 ж. Марс планетасына бағыттап 4 автомат ст. ұшырылды. "М.-4" пен "М.-5" Марстан 2200 км қашықтықтан ұшып өтті. "М.-6" мен "М.-7" 1974 ж. наурыз айының алғашқы жартысында Марс планетасының аймағына жетті. "М.-6" автомат ст-ның қону аппараты 12 наурызда планетаға қонды. 1962 — 74 ж. аралығында барлығы 7 "М." ұшырылды. Олардың көмегімен Жер және Марс орбиталарының аралығындағы ғарыштық кеңістіктің физ. қасиеттері туралы жаңа мәліметтер алынды;

№46. Меркурий ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

Болпан немесе Меркурий немесе Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеориттерден пайда болған кратерлермен жабылған. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диам. 4878 км, массасы 3,31023 кг; өте сирек атмосферасының құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сыртта. Меркурий ежелгі римдіктердің құдайы болды. Оный қанатты аяқ киімі болғандықтан тез жүретін. Планета Күннің айналасын тез айналып өтетіндіктен, осы құдайдың құрметіне оның атын берген.Меркурий күнге ең жақын планета болғандықтан оны бақылау өте қиын. Әйтсе де, соңғы радиобақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол күнге жақын орналасқандықтан, оның орбитасы жерге қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да, кішкене болғандықтан, ол өзінің айналасындағы атмосфераны тұрақты ұстай алмайлы.

№47. Күннің және айдың тұтылуы. Болу шарттары мен тұтылу жиілігі. Сарос. Тұтылуды бақылаудың ғылыми мағынасы.

Ғарыш кемелерінің көмегімен Жердің Күн мен ғарыш кемесі арасына орналасуына байланысты пайда болатын Күннің тұтылуын байқауға мүмкіндік туды. Ай кеңістікке Күн мен Айдың сыртқы жанамасы арқылы түзілетін конустық көлеңке түсіреді, оның төбесі Ай ортасынан 368 – 380 мың км қашықтықта болады. Сондықтан конустық көлеңке Айдан 363 – 406 км қашықтықтағы Жерге дейін жетеді. Ай көлеңкесінің Жерге түсетін диаметр 270 км. Бұл – Күн толық тұтылатын ең үлкен аймақ. Осы аймақта Ай Күнді түгелдей тасалайды. Конус төбесінің арғы жағындағы аймақта бақыланған Айдың бұрыштық диаметрі Күн диаметрінен кіші болады да Ай Күн дискісінің ортасын тасалап, оның шетінен жарық сақина қалады. Мұны Күннің сақина тәрізді тұтылуы дейді. Айдың орбита бойымен қозғалуы және Жердің өз осінен айналуы салдарынан Ай көлеңкесі Жер бетімен батыстан шығысқа қарай шамамен 1 км/с жылдамдықпен жылжып отырады. Күн мен Айға жүргізілген ішкі жанама шала көлеңке конусын шамамен 3500 км радиуспен шектейді. Осыдан Күннің шала тұтылуы байқалады. Күн шала тұтылған кезде Күн дискісі толық тасаланбайды. Күннің шала тұтылуы 2 сағатқа дейін созылады. Толық Күн тұтылуды бақылаудың ғылыми маңызы зор. Өйткені толық Күн тұтылу кезінде Ай Күнді ғана тасалап қоймай, жер атмосферасын да көмескілендіріп, күн тәжі мен хромосферасын бақылауға кедергі болатын себептерді жояды. Жердің шала көлеңкесінен өткендегі Айдың бірте-бірте көмескілену дәрежесі баяу жүреді, көзге онша байқала қоймайды.

Сарос-ұзақтығы 18 жыл 11,1/3 тәулікке тең Күн мен Айдың бірдей тұтылып тұратын уақыттарының арасындағы кезең. Бір саростың ішінде Күн орта есеппен 41рет, Ай 27-29 рет тұтылады. Бұл кезең тіпті Ертедегі Греция мен Египетте белгілі болып, Күн мен Айдың тұтылуларын алдын ала болжап айтуға мүмкіндік берген.

Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасында келіп қалса (бұл тек қана Ай туғанда болады), онда ол Күнді жауып қалуы мүмкін, онда Күн тұтылады, Ай Жерге көлеңке мен алакөлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерде ол тұтылу жартылай болады. Жердің әр нүктесінде тұтылу әртүрлі көрінеді немесе тіптен көрінбейді, әрі ол әр түрлі уақытта басталады. Бұл айдың батыстан шығысқа қарай 1 км-с жылдамдықпен қозғалуынан болады. Күннің толық тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла –Күн тәжін көреміз. Ол Күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Бүкіл көкжиекте қызғылт шапакка ұқсайтын жарқырау байқалады. Бұл –Ай көлеңкесі конусынан тысқары жатқан Жер атмосферасының Күнмен жарықтанғаны. Аспанда жұлдыздар мен планеталар көрінеді. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбінесе 2-3 минутқа созылады және ұзақтығы 8 минуттан (7 мин 40 с),аспайды. Ол жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орнында қайтадан болуы өте сирек, шамамен 200-300 жылда 1 рет болатын құбылыс. Мысалы, Мәскеуде толық Күн тұтылу -1476 жылы 25 ақпанда, Солтүстік Қазақстанда 1981 жылы 31 тамызда, ал Германияда 1999 жылы 8 тамызда байқалды. Келесі толық Күн тұтылуын қазақстандықтар Атырау қаласы маңайында 2006 жылы 29 наурызда, ал мәскеуліктер 2126 жылы 16 қазанда байқайтын болады.

Жер мен Айдың қозғалыстары жақсы зерттелгендіктен толық Күн тұтылуының уақыты мен орнын дәл есептеп шығаруға болады. Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанында Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды.

Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғандықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шырыс сол жақ шеті көрінеді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене кетік пайда болады. Ай орақ пішінін қабылдайды.

Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің Көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады.Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады,екі сағат (1сағ 40 мин) дерлік болуы мүмкін. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады, әрі Айға қараған Жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады.Ай толық тұтылғанда, әдетте Ай аса қараңғы болыа немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл жердің атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған Күн жарығы оған қызғылт түс беріп таралады және бір жағынан Ай дискісін жарықтандырады.

Жарықтанған Жер мен Ай конусша көлеңке түсіреді және конусша шала көлеңке түсіреді. Жер көлеңкесіне Ай жарым-жартылай кіргенде, Айдың толық және шала тұтылуы болады.

Толық Күн тұтылуы Жерге Ай көлеңкесінің дағы түскен орыннан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 км-ден артпайды, сондықтан бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек Жердің азғана бөлігінде көрінеді. Толық тұтылу фазасы 7 минут 70 секундтан артыққа созылмайды.

Жерге Айдың шала көлеңкесі түскен орындарда Күннің шала тұтылуы байқалады.Жердің Айдан және Күннен қашықтықтары аздап өзгеруі салдарынан Айдың көрінерлік бұрыштық диаметрі Күндікінен бірде үлкенірек, бірде кішірек, ал бірде оған тең болып қалады.

Күннің толық тұтылулары ғылым үшін ерекше қызық, ал олар бұрын қараңғы адамдарды қатты үрейлендіретін.

Егер Ай орбитасының жазықтығы эклиптика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда Күн тұтылуы, ал әрбір толған айда Ай тұтылуы болып тұрады.

№ 48. Сатурн ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.

Сатурн — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.Қоңырқай Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл.Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегінің және 7 пайызы гелийден тұрады.метанның, су буының, аммиактың және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.

"Вояджердің" мәліметтері бойынша Сатурнда Күн жүйесіндегі ең күштер болады, құрылғылар жел ағымдарының 500 м\с болатынын көрсетті. Жел көбінесе шығыс бағыты бойынша жүреді (осьтік айналымына байланысты). Олардың күштері экваторға соқтығысқан кезде азаяды; экватордан алшақтаған сайын батыс атмосферлік ағымдар пайда бола бастайды. Кейбір мәліметтер бойынша, желдер бұлттардың жоғарғы қабатында соғып қана қоймай, ішке 2000 м бойлайды. Және де "Вояджер-2" көрсетуі бойынша, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы желдер экваторға симметриялы түрде бойлайды. Симметриялық ағымдардың көзге көрінетін атмосфераның түбінде бір-біріне байланысты екендігі болжанады.

Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесінің басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді).

Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі "Ірі гексагонның" табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде.

Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады.

Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шамадан асады.

Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.

1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титанды ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни ["[Кассини қуысы]]нан" тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.

 

1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.

1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.2007 жылдың шілде айына Қоңырқайдың 60 серігі белгілі. Олардың 12-сі Вояджер-1 (1980), Вояджер-2 (1990), Кассини (2004—2007) миссияларының арқасында ашылған. 2006 жылы Гавай университетіндегі Дэвид Джуиттің басшылығындағы ғалымдар тобы Субару атты жапон телескобының көмегімен 9 серік ашқанын хабарлаған. Олардың барлығы иррегулярлы серіктерге жатады, олар созылға эллиптикалық орбитасымен ерекшеленеді, және болжам бойынша ғаламшарлармен қатар түзіліп, кейін олардың тартылыс күшімен тартылған. Джуиттің тобы 2004 жылдан бері барлығы 21 серік тапқан. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас.Қоңырқай Күн жүйесіндегі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі — Кассини қуысы.

49.Плутон

Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар.

Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Күннен алыс болғаннан Плутонның бетіндегі температура -270 дәрежеге Цельсий бойынща сәйкес.

Плутон Күнді 248 жылда бір рет айналады яғни Плутонның жылы ұзақ.

Плутон жоғарғы ғаламшарларының тобына кіреді, ал оның физиологиялық ерекшелері бойынша оны Жер тобы ғаламшарларының бірі деуге болады. Плутонның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Күшті телескопқа қарап фотосурет түсіргенде, Плутон сол суреттерінде кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді.

Уранның қозғалысын байқап, ғалымдар жаңа дененің орбитасы мен көрінетін орбитасының айырмашылығын көріп, Нептунның ар жағында тағы бір ғаламшар бар екенің түсінді. 1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зерртеу жасап, Плутонды ашқан.

Ғаламшардың атауы көне гректердің "өлім әміршісі" Аидтың атына сәкес, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған.

Ақырында, жас астроном Клайд Томбо 1930 жылғы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапкан еді. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтыкта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі делелді мөліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен (Прага, тамыз, 2006 ж.) Плутон «ергежейлі планета» аталып, оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді. Сонымен қазіргі кезде Күн жүйесінің сегіз планетасы белгілі. Ғалымдар әлі де болса жаңа планеталарды іздестіру жұмысын жалғастыруда.

Жалпы, "планета" деген сөз - гректің сөзі, мағнасы қазақтың "жолаушы" сөзіне жақын. Жұлдыздар аспанда қозғалусыз тұрады десек, планеталар жұлдыздарды айналып жүреді. Әзірше Күн жүйесінде тоғыз планета бар деп есептеледі. Тоғызыншы планета – Плутон, және де Плутон планета деп осыдан 70 жыл бұрын ғана танылған. Плутон "тоғызыншы планета" деп те аталады.
Алайда Күн жүйесінде соңғы жылдары тағы бірнеше объектілер ашылды, оларды қай категорияға жатқызу мәселесін ашып алатын уақыт келді. Жаңа объектілердің көлемі Плутондікімен салыстыруға келетіндей, кейде Плутонның көлемінен асып кетеді. Сонда оларды да планета деп тану керек пе?
Халықаралық астрономия одағы планеталарды белгілеу комитетінің төрағасы Оуен Гинджерих планета деп танылу үшін объект жұлдызды айналып жүру керек, объектің өзі жұлдыз болмаса да сферикалық формаға келу үшін оның көлемі жеткілікті үлкен болу керек дейді:
- Мұнда маңызды ғылыми тұжырымдама жасалмақ. Басты орынға нысананың физикалық табиғаты шығып отыр. Планетаны домалақ формаға айналдыру үшін объекті соншалықты үлкен бе, гравитациялық күші жеткілікті ме деген өлшем қарастырылып жатыр.
Плутонның өзін кейбір ғалымдар планета деп мойындамайды, ал енді көлемдері Плутоннан кем емес объектілер ашылып жатса оларды планета деп тану орынды бола ма, жоқ па? Міне осы мәселеде ғалымдар "плутондар" деген категорияны еңгізуді ұсынады. Яғни дәл қазір Күн жүйесінде сегіз планета бар деп есептелсе, қалған үлкен объектілерге, яғни "тоғызыншы планета" Плутонға ұқсас объектілерге "плутондар" деген категория берілсе жөн, - дейді Оуен Гинджерих:
- Қазір сегіз классикалық планета бар деп айтып отырмыз. Бұлар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун. Және плутон деген категория бар, бұл жаңадан бой алып жатқан категория.
Міне, астрономдар конференциясында "планета" категориясына "плутон" категориясын қосу ұсынылып отыр. Жалпы, Күн жүйесінде қазір нақты сегіз планета бар және оларға Плутон "тоғызыншы планета" боп қосылады. Осы тоғыз планета қатарына үш жаңа планета қосылуы ықтимал, бұлар соңғы жылдары ашылған Ксена, Шарон және Церес объектілері. Сонда жақын уақытта Күн жүйесі планеталарының қатары он екіге жетпек. Ал бұлардың сыртында тағы "плутондар" пайда болмақ. Алайда, дейді Халықаралық астрономия одағы планеталарды белгілеу комитетінің төрағасы Оуен Гинджерих, мектептегі балалардың басына Күн жүйесінде 12 планета бар деп қатып қалған түсінікті құюға болмайды. Себебі плутон деп танылғандардың саны келесі жылы өсе түспек. Ең дұрысы балаларды оқытқанда "Күн жүйесінде сегіз планета бар, олардың сыртында плутондар бар" деп оқытқан дұрыс, - дейді ғалым Оуен Гинджерих.
№50. Нептун -

Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жерден 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уранғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 3121; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.