Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лкен не алып кометалар 1 страница




Үлкен не алып кометалар деп-(ағылш. Great comets) Жер бетінен бақылаушыларға үлкен және жарық болып көрінетін кометаларды атайды. Орта есеппен Үлкен комета онжылдықта бір пайда болып, көрінеді. Кометаның «Үлкен» болуын болжау қиын өйткені, оның үлкен және жарық болуына әртүрлі факторлардың кері әсері тигізуі мүмкін.Егер де Күнге жақын келсе, жерден бақылаушыға Күн кедергі болмаса, кометаның ядросы белсенді болса оның үлкен комета аталуына мүмкіндік бар.

Көбінесе кометаларды алғаш ашқан адамның аты беріледі. Үлкен кометаларды бақылап,зерттеген жылдың атауын береді,мысалы (1811 жылғы Үлкен комета).

Үлкен кометаның анықтамасы[

Ресми түрде үлкен кометалардың анықтамасы жоқ. Егер комета қажетті түрде астрономиямен қызығатын адамдар байқайтындай жарық болса және астрономиялық қауымдастыққа кеңінен белгілі болса онда ол-Үлкен комета деп аталады. Көпшілік адамдар үшін әдемі қызықтыратын, көз тартымды құбылыс болып саналады.

«Атақтылық» факторлары

Көптеген кометалар қаруланбаған көзбен қарағанда қажетті мөлшерде жарық болмауынан байқалмайды. Әдетте,олар Күн жүйесінің ішкі жағында жол салып жатады, бірақ оларды астрономдардан басқа ешкім көрмейді. Кейде бұл статистикада да бұзылады, оған себеп үш фактор бар.

Ядро көлемі мен белсенділігі

Кометаның ядросы көлемі бірнеше жүз метрден бірнеше километрге дейін өзгеріп отырады. Күнге жақындаған кезде ядро қызады да сыртқа газ бен тозаң массасы шығады.Сол себепті кометаның жарықтығын анықтайтын фактор яросының үлкендігі мен белсенділігіне байланысты. Күнге жақындау циклының көптігіне байланысты кометалар алғаш Күнге жақындағаннан өзгеше күңгірт,көмескі болу себебі.Сондықтан да Үлкен кометалардың өздері ұзақкезеңді болмауының себебі осы.

Перигелия кезінде Күнге жақындауы

Жай дененің жарықтығы -күн көзінің (Күн) кері арақашығының пропорционалды квадратына тең. Кометалар өзін қиын жүреді-Олардың жарқырауы көп түрде жинақталған газ яросының жылтырауына байланысты. Комета үшін жарық кері пропорцианальды үш дәрежелі Күн арақашықтығына тең.

Көп кометалар үшін перигелия нүктесі Жер орбитасынан тысқары жатыр. Комета–Күнге жақындауы 0,5 есе аз болғанда Үлкен атануына мүмкіндік бар.

№54. Біздің галактика.

Телескоп көмегімен жұлдызды аспанды бақылау ондағы көптеген әлсіз ғана жарық шығаратын нүктелерді — ақшыл тұмандықтарды табуға мүмкіндік берді. Тұмандықтарды XVIII ғ. Уильям Гершель жүйелі түрде зерттей бастады. XIX ғ. француз ғалымы Мессье барлық тұмандыктардың жүйелі тізімін жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғ. ғана бұл тұмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан тұмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан тұратыны белгілі болды.Жұлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді. Шынында, барлық жұлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдын басында жұлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылыеы бар екені анықталды. Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе кеп). Олар бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызарадық газдар мен тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты үрінде қайта сәуле шығарады.

Орионның үлкен тұмандығы — ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы (қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында.

Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің сызықтары бар. Газды тұмандықтардың түсі де газдың температурасына, тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, қызғылт және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі. Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина тәрізді — бұл планеталық тұмандықтар.

Басқа тұмандықтар газдардың жеке жарық шығаратын талшықтарынан тұрады. Көптеген тұмандықтардың пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия тамшысының дактарына ұқсайды. Жарық сүзгілері арқылы қарағанда кейбіреулері жеке талшықтардан тұратын болып шықты. Белгілі Шаян тұмандығы осындай. Бұл ең жақсы зерттелген жарылған жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері.

Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы, уақыт, газ бен шаң-тозаң бұлттары, әр түрлі сәуле шығару түрлерімен бөлектенген 150 млрд жұлдыздың біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге ортақ центрден, яғни "Құс жолы" деп аталатын галактиканың ядросынан айналады.

Галактикалар —жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге гравитация күшімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген беліктері жердегі бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар арқылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Аидромеда тұмандықтары деген атпен белгілі М31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі өлде қайда сирек сфера түріндегі жұлдыздар бұлтынан тұратыиын байқады, оны гало деп атады. Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық деңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары қоныстанудың II түрі деп аталады. Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздық қоныстанудың екі түрі кеңістікте орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық құрамдарымен де өзгешеленетініп көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер сфералық құраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты. Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың центрінен галоның ең тығыз орталық бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық "балдж" ("қалыңданған") деп аталады.

Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз мың жарық жылына жетеді екен. Құс жолы галосының симметрия центрі галактикалық дөңгелектің центрімен сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30 % -дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді. Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ шашыранды (ондаған жұлдыздардан тұратын) және шар тәрізді (жүз мындаған жұлдыздардан тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың центріне жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді жұлдыздар шоғырыная әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ орналасқан.

Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық құраушыларды құрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек пайда болған жұлдыздар центрде немесе центрге жақын орналасып, біздің галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералық құраушының жұлдыздары галактиканың центріне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздық шоғырлары галактика центрін айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай айналады.

Галактиканың сфералық құраушысындағы "коныстанудың" жасы 12 млрд жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жұлдыздардың құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды.

Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу жылдамдығы центрден өр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200—240 км/с-қа дейін артады, содан кейін біраз кемиді де қайтадан шамамен аталған мәнге дейін өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша оның массасы Күн массасынан 150 млрд есе артық.

Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни гюлюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың центрі, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.

Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннін массасындай). Ғаламның орталық аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын әрбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашыктықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналасқан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.

Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығна жақын жинақталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде құрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жүлдыз бен газдың химиялык қүрамы Күндегі сиякты.

Күн өзіне жакын барлық жұлдыздармен бірге 200—220 км/с жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ішінде галактика центрін 30 рет айналып шыққан.

Басқа галактикаларды ашу. Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашықтықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.

Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салып қарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. Астрономдар оның толқуын біздің галактикаға жақын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін.

"Магеллан бұлтынан" сөл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" және "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды.

Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюдиясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда әлде қайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.

Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.

Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың
пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар
барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден
қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында
оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.

Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипстік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.

Сырткы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералык), Е10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге Sa (ең ірі ядро), Sb (орташа ядро), Sc (кіші ядро), сол сияқты sba, sbb, sbc деп бөлінеді. Барлық бұрыс галактикалар бір белгімен 1v деп белгіленеді.

Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80% –ы спиральді, 17% –ы элипсті және 3%-ы бұрыс галактика.

Галактикаларға дейінгі қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: Цефейдтер, жаңа және аса жаңа жұлдыздар, өте жарық жұлдыздар бойынша т.с.с.

№55. Астероидтардың өлшемі, массасы, айналу периоды. Орбиталарының ерекшеліктері.

Астероид (гр. astеroeіdйіs – жұлдызсияқтылар) — газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында пайда болған Күн жүйесіндегі кіші денелер, кіші планеталар деп те аталады.

Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы Джузеппе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Гаусс үлкен жарты осі 2,77 а.б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескі Римнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидты ашып, оны Паллада деп атады. 1804 жылы Юнона, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше «жұлдыз бейнелі» деген мағынаны білдіретін астероидтар деп атауды ұсынды.

Қазіргі кезде 12000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімі берілді. Астероидтар табылғанда оған ашылған жылы көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.

Астероид орбиталарының шеңберден өзгешілігі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді. Бірақ кейбір астероидтар Күнге жақын келіп немесе Сатурн орбитасының сыртына шығып кетеді. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар. Олар «Гректер» мен «Трояндықтар» деп аталады. Олардың айналу периоды Юпитердің айналу периодына сәйкес келеді және орбитадағы орны аспан механикасының теориясын құрушы Лагранждың тапқан заңы бойынша есептеп шығарған нәтижесінен ауытқымайды.

Күн жүйесіндегі астероидтар

Қазіргі уақытта Күн жүйесінен 100мыңдаған астероид анықталып отыр. Қазіргі уақытта олардың нақты саны - 632 567, бірақ олардың 385 184-нің орбитасы анықталғандықтан, соншасында ғана нөмірлеу жүйесінде өздеріне тән нөмірлеулері бар. Ал 18 241-нің аттары бар. Есептеулер бойынша Күн жүйесінде 1,1-ден 1,9 миллионға дейін радиусы 1км-ді құрайтын денелер бар. Қазіргі уақытта анықталған астероидтардың көбісі Марс пен Юпитердің арасында орналасқан астероидтар белдеуіндеорналасқан.

Осы уақытқа дейін Церера Күн жүйесіндегі ең үлкен астероид саналып келді. Оның өлшемдері - 975×909 км, бірақ 2006 жылдың 24 тамызынан ол ергежейлі планета санаттарына қосылды. Қалған екі үлкен астероид Паллада мен Вестаның диаметрлері 500км. Веста Жерден оптикалық құралсыз бақылауға болатын астероидтық белдеудің жалғыз өкілі. Қалған астероидтарды жерге жақын аралықта қозғалған кезде ғана байқауға болады.

Астероидтық белдеудің жалпы массасы жуық есеппен алғанда 3,0—3,6·1021 кг құрайды. Бұл - Ай массасының ¼ бөлігін құрайды.

Алғашқы 30 астероид

Церера (қазір ергежейлі планета болып табылады)

Паллада, Юнона,Веста,Астрея,Геба,Ирида,Флора,Метида,Гигея,Парфенопа,Виктория,

Эгерия,Ирена,Эвномия,Психея,Фетида,Мельпомена,Фортуна,Массалия,Лютеция,КаллиопТалия,Фемида,Фокея,Прозерпина,Эвтерпа,Беллона,Амфитрита,Урания

№56 Ежелгі Грециядағы астрономияның даму тарихы. Пифагор, Аристотель, Гиппарх, Птоломей.

Самостық Пифагор (570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.Пифагоршылардың күннің шығуын күтіп алуы, суретті Fyodor Bronnikov сызған (1827–1902)Жас Пифагордың ұстаздарынан Гермодамант пен Ферекид Сиросскийді атауға болады. Ферекид Италия мектебінің негізін қалаған философ болған. Ферекид Пифагорға табиғат сенің алғашқы да басты ұстазың деген. Жас Пифагорға өз қиялын іске асыру үшін Самостар болды, сондықтан ол Милетке сапар шегіп, онда басқа ғалым – Фалесті кездестірді. Пифагор білімге деген құштарлығының арқасында сынақтардан оңай өтті. Ол кездегі Египет геометриясы жаратылыстану бағытындағы ғылым болғандықтан египеттік білгірлер оған көп нәрсені үйрете алмады. Білгірлер берген білімді меңгерген Пифагор өз Отанына Элладаға қашып кетті. Вавилон математикасы Египеттікіне қарағанда аса дамыған болатын және Пифагордың үйренетіні де көп еді. Бірақ б.з.д. 530 жылдары Кир Орта Азиядағы тайпаларға қарсы жорыққа шығады. Қаладағы бұл жағдайды пайдаланып Пифагор Отанына қашып кетеді. Ол грек философиясында санға айырықша назар аудару дәстүрін қалыптастырды, бүкіл ғарышты, зат атаулыны сан арқылы тануға, тіпті санның бойынан киелі мағыналар оқуға тырысты.[1]Бұл туралы ежелгі грек ойшылы Аристотель былай деп жазды:Пифагоршылдар тұңыш рет математикалық біліммен айналысушылар болды. Олар математикалық қағидалар барлық заттың ортақ қағидасы деп танып, ең жоғары ғылым ретінде барынша тереңдеуге тырысы.Ол тіпті аспандағы жұлдыздар гармониялы нүктелерге орналасқан, олардың қозғалысынан туған тоғыспалы үн "ғарыш күйі" болып ойналады деп есептеді ] Ғарышты түсіндіруде, Пифагор Милет мектебінің дәстүрін өзінің Сан туралы идеяларымен ұштастырды. Ол көптеген шекті әлемдер өмір сүреді, жер шары шар пішінде, бірақ жер ғаламның орталығы емес деп есептеді. Оның бұл идеяларын қазіргі танылған шындықтарға негізінен жат келмейді деп бағалауға болады.Пифагор Шығыс елдеріне, Египетке және Вавилонға көп саяхат жасаған.Оңтүстік Италияның грек колонияларының бірінде ежелгі Грецияның ғылыми және саяси өмірінде үлкен роль атқарған белгілі «Пифагор мектебінің» негізін салған.

Аристотель — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика,метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Аристотель сөзінің грекше мағынасы «ұлы мақсат» дегенді білдіреді.Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады..Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.Оның алты кітаптан тұратын органоны ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет философиялық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ -шы ғасырда формальды логика ғылымы қалыптасты.Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1592; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.