Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Биологический режим 2 страница




«Музейлік педагогика» әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік сұранысы жоғары, дидактикалық үрдісінің айрықша құрылымы және мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар, педагогикалық жүйемен «қатарлас білім» жүйесі ретінде қарастырылып келеді. Музейлік педагогика – музей интеграциясы (базасы, негізі ретінде), яғни, музейтанудың және педагогикалық ғылымдардың өзара байланысы. Оның негізгі қызметі – мәдени-білім берудің ерекшеліктері мен тарихын, әртүрлі категориялардағы келушілерге ықпал ету әдістерін жүзеге асыру және басқа педагогикалық мекемелердің өзара қарым-қатынасын зерттеу болып табылады. Н.В. Соловьевтің пікірінше, қазіргі музейлік педагогика қызметі музейлік коммуникация мәселесі саласында дамып келеді және оның қызметі музей және оның мәдениетіне көпшілікті (әсіресе жастарды) тарту, тұлғалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған.

Музей жәдігерлерін ұлттық мәдениетіміздің дерегі және жастарды рухани жағынан тәрбиелеу құралы ретінде педагогикалық тұрғыдан қарастыру, отандық ғылымда арнайы ғылыми бағыт ретінде музейлік педагогиканы, оның теориялық-методологиялық негіздерін қалыптастыру бүгінгі күн талабы.

Сондықтан да, халық тарихының табиғи, тарихи деректері сақталған музейлердің педагогикалық қызметін жүйелі түрде қарастыруға сұраныс пен қажеттілік қазіргі қоғамда күн өткен сайын артуда. Сонымен қатар, музей ісіне, оның ішінде музей педагогиасына қатысты қазақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы. Себебі, тарихымыздағы отарлық кезеңнің, кейіннен кеңестік идеологияның ықпалы мен саясаты аясында қалыптасқан музейлердің, музей қорының қалыптасуы бұрынғы кеңестік мемлекеттерге тән үрдістермен байланысты дамыған еді. Бұл жағдай кеңес дәуірі кезіндегі музей ісінің бір орталықтан бағындырылғаны, музейлік құжаттардың тек орыс тілінде жүргізіліп келгенімен де тығыз байланысты. Сол кезеңдегі музейлік деректерді тарихи тұрғыдан терең зерттеуге жол бермеген саяси құжаттардың қабылдануы, идеологиялық қысым музей ісіндегі ғылыми-педагогикалық ізденістерді шектеді.

Жалпы бұл ұсынылып отырған оқу құралы Б.А. Столяровтың «Музейная педагогика» атты оқу құралының негізінде дайындалды. Оның себептері өзіміз жоғарыда атап өткен қалыпты жағдайларға байланысты. Болашақта елімізде музейдің бұл саласы кеңінен дамып, мамандар даярланған тұста осы оқу құралындағы мәселелер отандық тәжірибе негізінде жеке қарастырылады деген ойдамыз.

Англия музейлері Америка құрама штаттарының музей ісінің қалыптасуы мен дамуына үлкен ықпалын тигізді. ХІХ ғасырда Америка – жас ел ретінде эстетикалық идеялары, өнеркәсіптің даму жоспарында да, Европаға мәдени жағынан тәуелді болды. 1876 ж. Филадельфияда өткен америкалық сәндік-қолданбалы өнер көрмесі осы тәуелділіктің көрінісі болды, сонымен қатар, ол «Өнер мен кәсіптің қайта өрлеуі үшін» атты ұлттық сипат алған қозғалыстың дамуына түрткі болды. Бұл қозғалыстың қайраткерлері техникалық алға басуды негізге алды. Дәл осы жылы Детройтта өнер музейінің базасында АҚШ-тағы алғашқы өнеркәсіп өнерінің мектебі ашылды.

Оңтүстік-Кенсингтон музей үлгісі, музейдің пайдалы жақтарын көркем музейлер және «Әдемі қала үшін», «Үйлерді жақсарту үшін» атты әлеуметтік акциялар арқылы көрсете білген Нью-Йорк, Бостон, Чикаго және тағы басқа қалалар музейлерінің білім беру концепцияларына негіз болды. Бұл акциялар америкалық прагматизм және эгалитаризм (тең құқылы) идеологиясына сай келді. Бұған Б.Франклиннің: «пайдалы нәрсенің сұлулығы жас мемлекеттің эстетикасының негізі болуы тиіс» және «…бір мектеп мұғалімі бір топ ақынға тең, ал жаңа машина Рафаельдің үздік туындыларынан артық» – деген сөзі айқын дәлел бола алады. Философ және психолог Дж.Дьюи эстетика және көркем шығармамен айналысудың мәнін дәл осы тұрғыдан түсінді. Ол өзінің эстетикалық тәрбиеге байланысты концепциясында өнерді таза улитарлық көзқараспен қарастыра отырып, онымен танысуды ол қолайлы заттарды жасауда дағды қалыптастыру міндеттерімен байланыстырды.

Қолайлылық идеясы сол кезде ашылған Нью-Йорк, Бостон, Фила­дельфия және Чикагодағы көркем музейлер идеологиясы мен тәжірибелік қызметінің негізі болды.

Осы орайда қаланы жабдықтау жұмыстарына тартқан, үй үлгілері, интерьерлердің көрмесін ұйымдастырған Толедо өнер музейінің тәжірибесін айтуға болады. Оның бастамасымен «Құстардың клубы» ашылған болатын, клуб қызметінің шеңберінде оқушылар қала бақтарында құстар өсірді, бұл шара балалардың пайдалы іспен айналысуына ықпал жасады.

Сонымен қатар, әр бір музей белгілі бір деңгейде білім беру мақсатын көздеді, тіпті кейбірінде «музей мұғалімі» қызметі енгізілді (Бостон өнер музейі). Детройт қаласындағы өнер музейінде 1890 ж. бастап бейнелеу өнері, археология, әдебиет және басқа да ғылым салалары бойынша кең көлемде ағартушылық жұмыстары жүргізіле бастады. Айтылған музейде «Суретші-әйелдер қоғамы», «Кітапхана қызметкерлерінің қауымдастығы» және т.б. әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен ассоциациялар құрылғанына қарап, оның педагогикалық оқу үрдісіне бет бұрғанын және музейлердің оқу мекемелеріне айналғанын көруге болды.

Білім беру мақсаттары, әсіресе, АҚШ–тың ең ірі көркем музейі жарғысы – музей метрополитенінде (Нью-Йорк) көрсетілген болатын. 1870 ж. нақышты өнерді дамыту және оқып үйрету, оны өнеркәсіпте және өмір тәжірибесінде қолдану, сондай-ақ, көркем білімді дамыту мақсатында құрылған бұл музейге ағылшын және неміс музейлерінің ықпалы зор болды. Қазіргі күні Метрополитен коллекцияларының кең көлемділігі, сапасы, көрерменмен жұмыс түрлерінің сан алуандығымен (экскурсиялар, концерт, лекциялар, кино көру, жол көрсеткіш) америкалық музейдің үлгісі болып отыр.

1893 ж.Чикагода өткен дүниежүзілік Колумбиялық көрме шеңберінде көркем шығармалар да қойылып, мұнда өнерді оқытудың интернационалдық конгресі болып өтті. Мұнда көптеген өнеркәсіптік өнер көрмелерінің пайдалы жақтары қарастырылды. 1907 ж. АҚШ-та құрылған «Индустриальды білім беру қоғамы», ал 1910 ж. Бостонда, индустрия дизайынының дамуына арналған конференция өтті. Тоғыз жылдан кейін осы саладағы жеткен жетістіктерге байланысты Метрополитен музейінің (оның білім департаментінде индустриальдық өнерге сектор бөлінген болатын) орасан зор көрме өткізуі осы шараның қорытындысы іспеттес болды.

Дегенмен, көркем музей үшін басты міндеттердің бірі – жоғары талғамды тәрбиелеу болды. Дәл осы бағыт эстетикалық қозғалыстың негізгі мақсаттарын анықтады.

Осы уақытта америкалық мәдениетте өзіне тән, Европалық музей үлгісіне ұқсамайтын музей түрі қалыптасқан еді, онда тарих және техника ескерткіштері адамзат әрекетінің сан алуан бағытының негізінде түсіндірілді. Вашингтондағы (1904 ж. негізі қаланған) АҚШ-тың екі жүз жылғы ғылымының дамуын (археология, астрономия, тарих, саясат, өнеркәсіп, транспорт, бейнелеу өнері, әскери іс және т.б.) көрсететін коллекциялары бар тарих және техника Ұлттық музейі міне осындай болды.

Бейнелеу өнерінің туындыларының америкалық музейлердің ажырамас бөлігі болуы кездейсоқтық емес: бұл өнер мен сұлулықты индустриальды бағыттың материализміне қарама-қарсы қойған эстетикалық қызмет идеологиясына жауап берді.

ХХ ғ. басында-ақ АҚШ музейлері ұлттық мәртебе символдары ретінде ғана емес, сонымен қатар, эстетикалық тәрбие құралдары ретінде де қарастырылды. «Өнер культінің беделі ең жоғарғы орында тұрса, сонда ғана ұлттың ұлылығы мен данқы артады», - деп Хаксли өнер галереясының директоры және «Эстетика» журналын шығарушы - Р.Вайер айтқан еді.

Көркемдік талғамды қалыптастыру мақсатында музейлер лекция- концерттер, өздерінің экспозицияларын тегін көру және музейлерға дейінгі қоғамдық көліктерде тегін жүру сияқты шаралар жүргізді. Бірақ, әсіресе ең маңыздысы – осыған ұқсас шараларды концепциялық түрде ұғыну үрдісі басталды.

Америкалық музейлердің білім беру функцияларының алғашқы теоретиктерінің бірі – Д.Рескиннің және Оңтүстік-Кенсингтон мектебінің ізбасары Д.Гудд болды, ол музейдің мақсатын заттар арқылы оқытып үйрету идеясынан көрді. Көркем және ғылыми-жаратылыстану музейлерді бөліп қарастыра отырып, зерттеуші музей коллекцияларын оқып үйрену білім беруге алғашқы қосылған үлес және көрерменді жазбаша ақпаратпен - үндеулер, жолсілтеушілер және суретшілер туралы монографиялармен қамтамасыз ету керек деп түсінді. Сонымен қатар, көпшіліктің алдында лекциялар оқуды да жақтады. Д.Гудданың инициативасы тез арада іске аса бастады. 1906 жылы Метрополитен музейінде бірінші рет келушілерді экспозициялрмен таныстыратын жолсілтеуші және мұғалімдерге арналған құрал шығарылған болатын. Демалыс күндері бұл жерде көпшілік жұрт алдында лекциялар оқылды. Музейдің білім беру мәселелеріне арналып «Метрополитен бюллетені» шығарылды, мұнда көпшілік алдында, яғни, студенттер, мұғалімдер, дизайнерлер, тіпті көзі көрмейтіндер мен құлағы естімейтіндерге лекциялар оқу сияқты бағдарламалар жасау жұмыстары талқыланды. 1919 ж. бұл музей қызметкерлерінің назарын бастауыш, орта мектеп және т.б. оқу орындарындағы жұмыс аударады.

АҚШ-тағы жинақталған келушілермен жұмыс жүргізу тәжірибесі, көркем музейдің еркшелігіне бағытталған міндеттерді нақтылауға септігін тигізді: «Музей балалардың білім алуына, дұрыс демалуына және үлкендірдің білім деңгейлерін дамытуына жағдай жасауға тиіс.

Ол студент білім алатын, суретшінің шабытын оятатын қойма болуы тиіс. Оның ықпалы үйде және қоғамның барлық мүшелерінің өмірінде сезілуі керек. 1924 ж. осы тәжірибе негізінде көрермендердің әртүрлі категорияларына арналған бағдарламалардың үлгілері жасалынды (Д.Хайд). Бұл бағдарламалар былайша бөлінген болатын:

– демалуға және көпшіліктің көңіл-күйін көтеруге;

– білім деңгейін көтеруге (соның ішінде студент-өнертанушылар және суретшілер) арналған;

– өз ісін жетік білетіндерге көмек;

– балалардың игілігі үшін.

Бұл блоктағы америкалық музейлер өмірінде бүгінде де үлкен мәні бар рекреациондық функцияларға байланысты бағдарламаларды бөліп қарастыру керек. Келушілерді қуатты инфражүйемен қамтамасыз ететін бұл бағдармалар оларды демалыста және өнерге баулуда қатал ережелерді ұстанбайды. Алғаш бұл функция туралы Д.Гудданың шәкірті А.Паркер айтқан болатын, ол музейді өмір және қазіргі құндылықтармен байланысқан әлеуметтік институт ретінде қарастыра отырып, музейге келу ұйымдасқан демалыс түрі болып табылады деген қорытындыға келеді.

Білім беру қызметі тәжірибесінде мектеп пен музей білім берулерінің арасындағы айырмашылық белгілі болды. Оның мағынасы музей ескерткішімен пән бойынша оқушыларға ақпарат беру құралы ретінде онымен пайдаланудың алдында танысу болып табылады. Егер бұл ескерткіш өнер туындысы болса, онда музей педагогына білім берушіден гөрі, оған «көруді жылдамдатқыш» ролі берілді. Музейге деген прагматикалық көзқарастарға қарсы келетін бұл ұстаным музейде мектептік педагогикалық әдістерді ұлғайтудан сақтандыратын мамандардың пікірі еді. Бұларға Б.Гилманды жатқызуға болады, ол көркем музейлер мен басқа бейіндік музейлердің ара-жігін ашып көрсетті. Музей қызметінің эстетикалық бағыттарының ірі өкілі ретінде танымал болған Б.Гилман: «Білім беру саласы басталған жерде, өнер саласы аяқталады» деп сендірді. Осы жерде ғалымның өнерді қабылдаудағы пайымдау аспектісіне деген ұстанымын көруге болады. Б.Гилман, көркем туындылар өзінің мазмұны және формальды жағынан көрерменге тікелей әсер етуі тиіс деп есептеді. Ол музейде келушілерге суретшінің ойын түсіндіретін адамның болуын құптаған еді. Бірақ, ғалымның пікірі бойынша, педагог музеймен танысу барысында тек «жасы үлкен жолдас» ролін ғана атқаруы тиіс және сөйлесу барысында тілі, өнер тарихы бойынша ешқандай мәлімет бермеу керек деген пікірде болды. Алайда, көркем музейлерді білім мекемесі деп есептемейтін Б.Гилман, экспозициямен танысу кезінде зерігуге жол бермеу жолдары туралы да жазды.

АҚШ-тың білім философиясының эстетикалық бағыты музейдің мақсатын қоғамда эстетикалық талғамның жоғары үлгісін тәрбиелеу және қолдау деп анықтады. Өзінің өзектілігін жоғалтпаған бұл ұстаным, музей педагогінің қызметін келуші мен өнер туындысы арасындағы жалғастырушы ретінде түсінуден туындап отыр. Көптеген музей қайраткерлері ұстанған бұл эстетикалық бағыт, білім беру тәжірибесінен гөрі музей жұмысы мақсатының теориясы болды. Көп ұзамай оған бәсекеге, өнер тарихының университеттік ғылыми пән ретінде дамуына байланысты қалыптасқан өнертанулық бағыттың келуі кездейсоқтық емес еді. ХХ ғ. бірінші отыз жылдығында жылдам дамыған бұл бағыттың бастаушысы Гарвард университеті болды. Өнертану шеңберінде бейнелеу өнері туындыларын жалпы гуманитарлық білімнің бір саласы ретінде басқа өнер түрлерімен қатар қарастыруға мүмкіндік берген пәнаралық тәсіл дамыды.

Метрополитен музейі бұл жерде де алғаш болып, тарих, география және т.б. мектеп пәндері бойынша костюмдер, жиһаз үлгілері және басқа да тарихи заттарды қолдана отырып, сабақты қалай жүргізу керектігін көрсетті.

1930-40 жж. барлық жағынан жетістікке жеткен білім беру қызметі оны америкалық музейлердің басты функциясы ретінде қарастырады, зерттеушілердің пікірінше, олардың көбі «еркін формальды емес арт- колледждерге» және білім беру мекемелеріне айналып бара жатты (Т.Лоу). Бұған Цинциннати қаласындағы көркем музейді үлгі ретінде айтуға болады, 1930 ж. музейде балаларға арналған жексембілік сабақ бағдарламасын жасаған Білім бөлімі ұйымдастырылған болатын. Олар бұл бағдаламаға мифология, музыка, тарих, география, мүсінмен айналысу сабақтарын кіргізді. Білім беру бағдарламаларын жасауда, сол кездегі педагогтардың жетістіктері есепке алынғандығы өте маңызды.

Бұл тәжірибедегі белгілі америкалық маман В.Дамиктің ойы өте қызықты, ол музейдің педагогикалық қызметін, оқыту әдістерін қалыптастыру және бала қабылдауының психологиясын зерттеуге арналған тәжірибелік лабораторияға айналдыру керек деген тұжырымға келеді. Бұл тұжырым жай айтылып қана қойған жоқ. 1920 жж. мектеп сабақтарында өткізілген түс, фактура, сызық және формамен таныстыру эксперименттері өнерге қатысты өз пікірін білдіруге және күнделікті өмірде заттарды таңдауға мүмкіндік беретін эстетикалық қабылдаудың дамуын, көркем талғамның жақсарғанын, білім қорының ұлғайғанын көрсетті.

Нәтижелі ғылыми-әдістемелік ізденіс және білім мекемелерімен ынтымақтастық америка музейлеріндегі музей білімінің теориясы мен практикасы негіздерін айқындады. Алайда, бұл жүйеге 1930 жж. түзетулер мен жаңартулар енгізілген еді. Ұлы дағдарыс кезінде негізгі назар америкалық музейлердің әлеуметтік-мәдени функцияларының дамуына бағытталды. 1932 ж. бірінші статистикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша, елдің 120 музейінде көрермендермен жүргізілген жұмыс жасау қорытындылары халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарын кең көлемде музейге тарту қажет деген тұжырымға әкелді. Сонымен қатар, жан-жақты амалдардың жоқтығынан зардап шеккен музей білім беру әдістерінің жетіспеушілігі де байқалды.

1920 жж. америкалық музейлердің білім беру қызметіне қысқаша саралау жасауды аяқтай келе, прагматизм идеологиясының үстемдігіне байланысты оның музейлерді педагогикалық мекемелерге айналуына жағдай жасағанын баса айту қажет. Сондай-ақ, Ресейдегідей, оның білім беру қызметін ұғыну көркем музейлер жағдайында жүзеге асты. Оның қызметі тәжірибесінің негізінде келушілермен жұмыстың жетекші бағыттары қалаптасты:

– мәдени (дайындығы жақсы келушілер үшін);

– Білім беру: а) өнер және кәсіп саласында кәнігілік деңгейін қамтамасыз ету үшін; б) мектеп білімін және онымен байланысты мақсаттарды қамтамасыз ету үшін;

– рекреациондық – музейлік ортада демалыс және көңіл көтеру.

АҚШ-та музейдің әлеуметтік-мәдени функциясы және оның білім беру қызметінің бағыттары анықталды. АҚШ музейлерінің білім беру қызметтерінің дамуы көршілес елдердегі осындай үрдістердің дамуына ықпалын тигізді, бірақ олардағы музей ісі бірнеше он жылдыққа артта қалған еді және АҚШ-тағыдай деңгейге жетпеді. Бұған мысал ретінде Канаданы айтуға болады. Бұл елдің ең ірі музейі – Торонтодағы Корольдық Онтарио музейі 1914 ж. құрылған болатын және бастапқыда бес дербес: археология, палеонтология, минерология, зоология және геология музейлерінен бірікті. 1968 ж. дейін бұл музейдің Торонто университетінің бір бөлімі болғандығы оның бастапқы білім беру бағытын көрсетеді және бұл бағыт соғыстан кейінгі онжылдықта ғана толыққанды дамыған еді.

Алғашқы культтік және материалдық құндылықтардың жинақталған орны ғибадатханалар мен басқарушылардың сарайлары болды. Байлықтың белгісі іспеттес болған мұндай коллекциялар Египет пен Вавилонда аз ғана адамдар үшін белгілі болды. Алайда өнер туындылары антикалық кезеңде байлықтың немесе ерекше талғамның белгісі болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, тәрбие құралы да болып саналды.

Грецияда, кейіннен Римде өнер туындыларының иелері культтік заттар мен құдайлардың мүсіндері сақталған ғибадатханалар болды. Мұндағы діни қызметкерлер өздерінің негізгі қызметтерінен басқа «сақтаушы» және келушілерді заттармен таныстырып, «экскурсовод» жұмысын да атқарды. Жоғарғы құдайларға арналған ғибадатханалармен қатар, гректер Аппалон серіктерінің қасиетті орындары – «мусейондарды» құрды. Сол ерте кезеңде бейнелеу өнері тек кәсіп ретінде ғана қабылданып, оның туындалары «мусикалық» жинақтарға кірмесе де, Фидия, Зевксистің және басқа да антикалық шеберлердің жұмыстарының көркем дәрежесін өз замандастары жоғары бағалады.

Мусейондар философтар, эттар мен музыкантарды ғылыми пікірталастарға жинайтын ежелгі гректердің рухани өмірінің орталығы болды. Онда сол кездегі өмірдің оқиғаларын, муза-жебеушілер культін көрсететін өнер туындылары жиналды. Олардың ішінде ерекше орынды шығармашылық сайыстардың жеңімпаздарының мүсіндері алды. Біртіндеп «мусейондар» Академияларға, яғни «мусейлерге» айналды.

Ерте кезеңнің ең атақты мусейонын Египеттік Александрияда б.з.д. ІІІ ғ., Александр Македонскийге серіктес болған патша Птолемей Сотер құрды. Эллиндік кезеңде адамдар өздерін тамаша бір өткен кезеңнің мұрагерлеріндей сезінді, олар грек мәдениетінің куәсі болған заттарды жинай отырып, Ежелгі Элладаны қапына келтіруге тырысты. Птолемей патшаның шығармалары грек мәдениетінің таралуына өзінің ықпалын тигізді, қазіргі тілмен айтқанда, ол үлкен ғылыми-зерттеу кешені болды. Онда ерекше кітапхана, құнды расытхана, бақ және ботаникалық саябақ болды. Жаратылыстану-ғылыми сипаттағы көптеген коллекциялар бейнелеу өнері туындыларымен безендірілген музалардың қасиетті орындарының айналасында орналасты. Бүгінде Александр мусейонын қазіргі заманғы музейлердің бастамасы болды десек те болады.

Б.э.д ІІ ғ. ортасында Греция мен эллиндік мемлекеттерді Рим жаулап алды, Рим олардың мәдени жетістіктерін тез арада игеріп алды. Алайда, римдіктер грек мұрасын жоғары бағалай білді. Республиканың орнына келген императорлық билік бұл құндылықтарды сән-салтанат пен мансаптың құралына айналдырды, бұл Римде жинақтаумен айналысуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерді. Бір жағынан, бұл жеке мусейлердің дамуына ықпал жасаса, екінші жағынан, көркем шығармаларды жинау қоғамдық сипат алды. Өнер заттары коллекцияларын көпшілікке таныстырудың белсенді жақтаушылары атақты әдебиетшілер Петроний мен Цицерон болды. Өз кезегінде Цезарь, қарауындағылардың тілегін орындау мақсатында, Капитолиде өзінің жеке коллекцияларын көпшіліке көрсетуге арналған арнайы ғимарат салу жөнінде шешім қабылдайды. Кейінірек, Август Капитолидің түбінде орналасқан Келісім ғибадатханасын қалпына келтіріп және онда мүсіндер, суреттер мен әр түрлі көркем бұйымдар коллекцияларын орналастырып, храмды Римнің басты императорлық музейіне айналдыруды ұсынды. Римдік өнегедегі бұндай шаралардың барлығының ағартушылық мәні болды.

Ортағасырларда коллекциялар жинау толығымен христиан мәдениетіне тәуелді болды. Ежелгі антикалық ескерткіштер «кінәлі» болып есептелді және сол себепті жойыла бастады. Сонымен қатар, діни кескіндеме, шіркеу бұйымдары, христиандық жәдігерлер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары шіркеулер мен ірі феодалдардың қолында болды. Кейінірек, ХІІІ ғ. соңында, қайта өрлеу дәуірінде Италияда әлемді қабылдау діни догмалардан арылып, қайтадан өнер туындыларына деген қызығушылық туды. ХV ғ. қайта өрлеу кезеңінің гуманистері ғылым мен өнерді біріктірген музалар ғибадатханасын өмірге қайта әкелді.

Өнер туындылары және әр түрлі раритеттерді жинау сияқты антикалық дәстүрді жалғастыра отырып, қайта өрлеу кезеңі алдыға бір қадам жасайды, яғни, коллекцияларды жүйелеп, оларды музейге айналдырады. Папа ІІ Юлийдің және басқа да римдік діни қызметкерлердің жинақтау қызметі тек жеке коллекциялар ғана емес, сондай-ақ, жаңа діни-музей кешенін құруға негіз болды. Бұл жерде айтылып жатқан мәселелер Ватикан туралы болып отыр. Рим орналасқан төбелердің бірінің ежелгі атауы бірнеше ғасырлар бойы рим-католик шіркеуі орталығы және архитектура-музей ансамблімен байланыстырылып келді. Оның құрамына ғибадатханалар мен папа үшін салынған құрылыстар және сансыз музей коллекциялары мен кітапханасы бар папаның жанындағыларға арналған сарайлар кірді. Мұны құруға ХVІ–ХVІІ ғғ. ұлы шеберлері ат салысты. Сонымен қатар, папа Х Лев Рафаэльдің бастамасымен ежелгі аспан астындағы музейге айналдыру мақсатында антикалық Римде қазба жұмыстары жүргізілді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 692; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.