Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бунакденелілер (насекомдар) класы—Іnsecta




Ауыл кенесі — Ornithodorus papіllipes

Қайталама кене сүзегінің таратушысы және табиғирезер­вуары болып табылады. Олар негізінен Орта Азия елдерінде таралған, үңгірлерді, сүткоректілер мен кұстардың індерін және ұяларын, балшықтан салынған үйлердің, қораларды едендегітесіктерін мекендейді.
Морфофизиологялық ерешеліктері. Бұл кененің түсі -күңгірт сұр болып келеді- Ұрғашыларының денесінің ұзындығы 8,2 мм, еркек даралары - 5,8 мм. Көздері болмайды. Бұлар кемірушілер, жарқанаттар, торғайлар және иттер, ірі карамал, жылқы, мысык т.б. үй жануарларының денесінде қорректенеді. Ересек кенелер ұзак уакыт -13 жылға дейін, коректенбей аш күйінде сақтала береді.
Алдын алу шаралары. Жеке шаралар: кенелердің денеге жабысуынан сақтану және кенелер мекендейтін биотоптарга кірмеу; кенелердің денеге жабысуын болдырмайтын химиялық заттарды пайдалану. Қоғамдық шаралар: кенелерді және кемірушілерді жою; балшықтан салынған ескі құрылысты бұзу,олардың орнына еуропа типтес үйлерді салу т.с.с.
Қышыма кенесі – Sarcoptes scabiei - акариформды кенелер тұқымдасының өкілі, адамдардың қышыма (қотыр) ауруын қоздырушы паразит.
Денесі домалақ, мөлшері 0,3-0,4 х 0,2-0,3 мм. Денесінде көптеген кыска тікенектер және ұзын кылтанақтар кездеседі.

Аяқтары өте қысқа,көздері дамымаған.Бүкіл денесі арқылы тыныс алады,4-5 апта өмір сүреді.Ұрғашы дараларының терінің мүйізді қабатын тесіп бірнеше мм жететін тар індер қазады,оған тері бетінде тіршілік ететін еркек даралары еніп ұрғашыларын ұрықтандырады.Содан кейін ұрғашы даралары 50-ге жуық жұмыртқалар жұмыртқалайды.Даму циклі жұмыртқа,нимфа және имаго сатыларынан тұрады.

Бұл кенелер терінің кез келген учаскелерін зақымдауы мүмкін,бірақ көбінесе терінің нәзік учаскелерінде кездеседі.

Кенелер теріні өте күшті қышытады,әсіресе түнде.Адамдар қышыған жерлерін қасығанда сол жерде микробтар түсіп қабыну,іріңдеу байқалуы мүмкін.

Алдын алу шаралары:тазалықты сақтау,ауру адамдарды емдеу.

Насекомдар ең жоғарғы сатылы омырткасыз жануарлар бо­лып табылады. Сонымен катар, насекомдар ең үлкен класс, яғни оларға 1 млн астам түрлер кіреді.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Насекомдардын денесі 3 бөлімге бөлінген - бас, көкірек, кұрсақ. Көкірек бөлімі 3 буылтықтан тұрады, әрбір буылтығында 1 жұп жүру аяқтары бола­ды. Демек, насекомдардың 3 жұп жүру аяқтары болады. Құрсақ бөлімі 6—12 буылтыққа бөлінген. Басы көкірек бөлімімен козғалмалы байланыскан. Онда жұп мұртшалары; ауыз аппараты және2 карапайым не күрделі көздері орналасқан. Ауыз аппараты жұп аяқтарынан пайда болған. Ол үстіңгі және астыңғы жақтардан,төменгі және үстіңгі еріндерден тұрады.Ауыз аппаратына,сол сияқты,ауыз қуысының төменгі бетінің хитинді өскіншесі- тіл немесе гипофаринкста жатады.
Қоректену ерекшеліктеріне қарай-кеміруші,шағушы,жалаушы,сорушы ауыз аппараттарын ажыратыды.
Насекомдардың көпшілігінің көкірек бөлімінің екінші және үшінші буылтықтарында жұп қанаттары кездеседі.Кейбір насекомдардың қанаттары болмауы мүмкін.Қанатсыз насекомдар алғашқы қанатсыздар және соңғы қанатсыздар болып бөлінеді.Соңғылары паразиттік тіршілік етуге бейімделу салдарынан қанатттарын жойған.
Насекомдар денесінің сыртын хитинді қабаты қаптап тұрады,оның астында бір қабат гиподермалы эпителий орналасқан.Терісінде түрліше бездер кездеседі.Бұлшықеттері көлденең жолақты болып келеді.
Асқорыту жүйесі алдыңғы,ортаңғы және артқы ішектерге жіктелген.Алдыңғы ішек ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ және өңешке бөлінген.Өңештің артқы бөлігі кеңейіп жемсау және шайнайтын қарын пайда етеді.Алдыңғы ішекке 3 жұп сілекей бездері де кіреді.Олардың секреттері асқорыту қызметіне қатысады: асты ылғалдап тұрады және әр түрлі ферменттер бөледі.бал арасының сілекей бездерінің бір жұбының секреті жемсауда гүл шырындарымен араласып қосылып бал пайда етеді.Ортаңғы ішекте ешқандай бездер болмайды,дегенмен осы жерде ас қорытылып сіңіріледі.Артқы ішек аналь тесігімен аяқталады.
Тыныс алу мүшесі болып трахеялар саналады.Ол дененің барлық мүшесіне,ұлпасына тарамдалып таралған түтіктер жүйесінен тұрады.Трахеялар сыртқа стигмалар арқылы ашылады.
Зәр шығару мүшесі болып Мальпигиев түтіктері саналады.Ол ортаңғы және артқы ішектер аралығында ішекке келіп құятын көптеген түтікшелерден тұрады.
Қанайналым мүшелері-жүрек және аорта-денесінің арқа бетінде орналасқан.Қанайналым жүйесі ашық және нашар дамыған.Ол арқылы ағылатын сұйықтықты гемолимфа деп атайды.Онда ақ қан түйіршіктері болады.Кейбір насекомдардың гемолимфасы улы болып келеді.
Жүйке жүйесі жақсы дамыған.Ол жұтқыншақ маңындағы түйіндерден және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ми 3 бөлімге бөлінген: алдыңғы,ортаңғы және артқы.Жұтқыншақ үстіндегі түйіннің құрылысы өте күрделі,онда ерекше қызмет атқаратын – ассоциативтік орталық болып табылатын саңырақұлақ тәрізді дене кездеседі.
Сезу мүшелері де жаксыдамыған — оның ішінде иіс сезу, көру, дәм сезу және есту мүшелері.
Насекомдар — дара жынысты жануарлар.Олар шала түрленіп,толық түрленіп,не түрленбей дамиды. Шала түрленіп дамығанда жұмыртқадан ересек формаларына ұксас дернәсіл шығады. Олар түлеп ересек формаға-имагоға айналады. Толық түрленіп даму - жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ және ересек формасы -имаго сатылары арқылы жүреді. Дернәсілдер ересек формасынан морфологиялық кұрылысы, тіршілігі жағынан өзгеше болып келеді, ал қуыршақ сатысында олар коректенбейді. Дернәсіл мүшелері ересек насекомдардың мүшелерімен алмастырылады.
Насекомдардың практикалық маңызы өте зор: олар гүлді өсімдіктердің айқас тозандануын қамтамасыз етеді, кейбіреулері топырақ түзу процесіне қатысады,кейбіреулері адамдарға пайдалы өнімдер өндіреді, мысалы бал арасы, жібек кұрты т.с.с. олар колға үйретілген. Кейбір жыртқыш насекомдар ауыл шаруашылық зиянкестерімен биологиялық күресу үшін пайдаланылады.
Насекомдар арасында адам не жануарлар паразиттері немесе ауру қоздырушы паразиттерді таратушылары да көптеп кездеседі.Сол сияқты насекомдардын улы түрлері де белгілі.

 

Тарақандар отряды-Blattodea

Медициналық маңызы бар түрлеріне қара тарақан,шұбар тарақан жатады.Біріншісінің өлшемі 20-26 мм,екіншісінікі 8-11мм.Олар үйлерде,әсіресе ас бөлмелерде,қоқыстар арасында кездеседі.Ас қалдығымен,нәжіспен қоректенеді.

Тарақандар әр түрлі ауруларды,әсіресе-асқазан-ішек ауруларының іш сүзегі,туляремия,дифтерия т.с. қоздырушыларын таратады.

Алдын алу шаралары:Бөлмелерде тазалық сақтау,ас қалдықтарын дер кезінде жинап отыру,тарақандарды жою.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1874; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.