Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы




Емі.

Диагностикасы.

ЖҚА, өт анализдерінде қабыну белгілері болмайды.

Гиперкинетикалық түрінде дуоденалды зондтауда В және С порцияларында өт аз болады және өттің бөліну уақыты қысқарады.

Гипокинетикалық түрінде, стимуляторды салғаннан кейін ауырсыну азаяды.

Холецистография.

УДЗ.

Гиперкинетикалық түрі.

Диета №5.

Спазмолитиктер

Өт айдаушы дәрілер

Зондсыз тюбаж.

Седативті дәрілер.

Физиотерапия.

Гипокинетикалық түрі.

Диета №5

Өт қабының тонусы мен жиырылуын арттыру.

Холекинетиктер (өт қабының түйілуіне, бірақ Люткенс, Одди сфинктерлерінің босаңсуына септігін тигізетің дәрілер.

Дуоденалдық тюбаж: карловар тұзымен, магний сульфатымен, оливка майымен, сорбитпен.

Физиотерапия.

 

Өт тас ауруы - өт айдайтын жолдарының немесе өт қапшығы мойыны аймағының қабыну өзгерістерімен байқалатын жедел бұзылысты симтомакомплекс.

Негізгі себебі: өт тас ауруы, сирек жағдайда - тассыз холецистит болып табылады. Шаншуды пайда болуы:і өт шығуына кедергі болатын тастар, немесе өт қапшығының және жолдарының жедел созылуы.

Өт шаншуына әкелетін себепші факторлар:

1. теріс эмоциялар

2. шамадан артық майлы, қуырылған, ашты тағамдарды қабылдау;

3. ішімдік ішу

4. физикалық күштеме

5. нашар жолда жүру

6. еңкейіп физикалық еңбегімен айналысқан жағдай

Кейде шаншудан бұрын оң жақ қабырға астының ауырсынуы, жүрек айну ертерек байқалады, бұл қабынудың белгісі.

Клиникалық белгілері:

Оң жақ қабырға астының бірден жиі түнгі уақытта шаншып ауырсынуы. Таралуы: оң жақ иыққа, жауырынға, мойынға, кейде бүкіл іш аймағына.

Ауырсыну сирек жағдайда жүрек тұсына (стенокардия ұстамасына ұқсас) беріледі.

Шаншу үнемі және ұстама түрінде болуы мүмкін.

Ауырсыну пайда болуы өт қапшығы ішіндегі қысымының жоғарылауымен, бұлшық ет қабатының түйілуімен, немесе өт қапшығының созылуымен байланысты.

Өт тас шаншуы кезінде жеңілдік әкелмейтін құсу анықталады.

Ұстамалы ауырсыну бірнеше минуттан, сағатқа, кейбір науқастарда 2 тәулікке дейін созылады.

Науқаста қозу, қалтырау, бозару, тершеңдік байқалады, өзіне ыңғайлы жағдай жасауға әрекеттенеді.

Ұстамалы шаншып ауырсыну кезінде іш кебуі, іш астары керілуі байқалады.

Оң жақ қабырға астына пальпация жасағанда ауырсыну сезімі анықталады. Ауырсыну кезінде бауыр ұлғаяды, өт қапшығы кеңейеді.

Өт шаншуы кезінде дене температурасы жоғарылайды, қалтырау ұзаққа созылмайды, кейде сарғаю пайда болады.

Жедел жәрдем:

Дәрігерді шақырту

- Ыңғайлы жағдай жасау

- Дәрілерді дайындау:

- 2% - 2 мл «Плеспа» (дротаверин) ерітіндісін б/е; немесе

0,2% - 2 мл Платифиллин гидротартраты б/е

-Жағдайын бақылау.

Аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізу.

 

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» Б.С. Калимурзина

«Ішкі аурулар» В.И. Маколкин


 

Дәріс 8. Тақырып: Созылмалы гепатит.

 

Дәріс жоспары:

1. Созылмалы гепатит, анықтамасы, жіктемесі

2. Созылмалы гепатит, патогенезі, клиникалық белгілері

3. Созылмалы гепатит, диагностикасы, емдеу принциптері

Созылмалы гепатит көбінесе шамалы фиброзбен, бауырдың бөліктік құрылымы сақталуымен өтетін, қабыну – дистрофиялық, көп себепті созылмалы зақымдалу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары созылмалы гепатитке – 6 айдан кем емес уақытқа созылған бауыр қабынуын жатқызады.

Жіктемесі:

Этиологиясы байланысты түрлері:

1. Вирустық (В,С,Д, G, белгісіз вируспен туылған)

2. Алкогольдік

3. Дәрілік

4. Аутоиммундық

5. Холестатикалық

6. Криптогенді

 

Патогенезі: Созылмалы гепатиттің патогенезінің ортақ схемасы мынадай: әртүрлі этиологиялық факторлармен (вирус, алкоголь, дәрі) бауыр тінінің зақымдалуы, иммунды жауап – клеткалық және гуморалды, аутоиммунды агрессия механизмінің қосылуынан бауыр тініндегі созылмалы қабынудың әрі қарай үдеуі. Созылмалы белсенді гепатит қалыптасып, бауыр циррозына ауысады.

Клиникалық синдромдар.

Ø Оң қабырға астының ауырсыну синдромы: бауыр капсуласының керілуінен, тамаққа тәуелсіз, көбіне дене қимылына байланысты, пальпацияда бауыр шетінің ауырсынуы болады.

Ø Цитолиз синдромы бауыр жасушаларының жеткіліксіздігі синдромымен қатар жүреді: гепатоциттердің зақымдануынан немесе дистрофиясынан қызметінің бұзылуы. Жасушалар өлімінен пайда болған заттар қанға сіңеді.

Клиникалық көріністе: сарғаю, дене температурасының жоғарылауы, дене массасының төмеңдеуі пайда болады,кеуде, иық белдеуі терісінде телеангиоэктазиялар, бауыр алақандары, ер адамдарда гинекомастия, «ақ тырнақтар» белгісі, «лактклған бауыр тілі» пайда болады.

Зертханалық белгілері: АсАТ, АлАТ жоғарлайды, билирубиннің тік және тәкелей емес фракциялары жоғарылайды..

Ø Иммунды –қабыну синдромы бауырдантысағзалар мен ұлпалардың иммундыкомплекстік механизммен қабынуынан болады. Қызба, артралгиялар, теріде, өкпеде, бүйректе,васкулиттармен, лимфаденопатиямен, спленомегалиямен, перикардит, миокардит, гломерулонефритпен сипатталады.Бұл синдромды дәлелтейтің тимол, сулема сынамалары, қанда табылатың антиденелер.

Ø Холестаз синдромы..Даму себептері- гепатоциттердің «өт түзетін аппаратарының» бұзылыстары және өт капиллярларының өткізгіштігінің артуы: тері қышуы, сарғаю, пигментация, ксантелазмалар және ксантомалар, гипербилирубинемия,холестеринемия, сілтілі фосфатаза көбеюі

Ø Астено – вегетативті синдром: тез шаршау, әлсіздік, эмоционалды тұрақсыздық, тітіркенгіштік, агрессивтік.

Оның даму себептері:

- қабынудан, паренхиманың ыдырауынан бөлінетін заттардың (эндогендік ксенобиотиктер) қанға сіңуі

-бауыр жасушаларының шамасыздығынан бөлінетін заттардың гепатоциттермен бейтарапталмауы

-тамақ қорытылынуының бұзылысы, нәтижесінде эндо және экзогендік ксенобиотиктердің көбеюі

Ø Диспепсиялық синдром: метеоризм, кекіру, майлы тамақтың жақпауы, тәбеттің төмендеуі, үлкен дәреттің тұрақсыздығы (жиі диарея)

Ø Гепатомегалия синдромы. Оның себептері:

-қабынуға байланысты бауырдың ісінуі мен инфильтрациясы

-гепатоциттерге майдың жиналуынан бауырдың үлкеюі

Некроздық процесс басым болса бауыр кішірейеді. Гепатитте бауырдың шеті мен беті тегіс, консистенциясы серпінді және қол тигізгенде шамалы ауырсынады. Емдегенде бауыр тез кішіреймейді, кішіреюі 6 айдан ерте байқалмайды, ал оның тез арада кішіреюі цирроз дамуын көрсетеді

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- Қан мен зəрдің жалпы анализдері
- Копрограмма
- Бауырдың биохимиялық сынамалары, серологиялық маркерлер

- Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу

- Өңеш, асқазанды эндоскоптық зерттеу

Бауыр биопсиясы
МРТ

Емі: Диета №5

Этиологиялық ем

Гепатопротекторлар

В топ витаминдері

Глюкокортикостероидтар

 

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» Б.С. Калимурзина

«Ішкі аурулар» В.И. Маколкин


 

Дәріс 9. Тақырып: Бауыр циррозы.

 

Дәріс жоспары:

1. Бауыр циррозы, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі

2. Бауыр циррозы, жіктемесі

3. Бауыр циррозы, клиникалық белгілері

4. Бауыр циррозы, диагностикасы, емдеу принциптері

 

Бауыр циррозы – архитектоникасының бұзылысымен, фиброздың дамуымен және құрылымы бұрыс регенерация түйіндерінің түзілуімен жүретін, ақырында бауыр шамасыздығы мен портальді гипертензияға әкелетін бауырдың диффузды зақымдану процесі.

Бауыр циррозы – бауырдың этиологиясы әртүрлі диффузды аурулардың ақырғы сатысы. Оның созылмалы гепатиттен айырмашылығы – бауыр архитектоникасының бұзылысы және паренхиманың түйіндік өзгерістері.

Бауыр циррозы қайтымсыз диффузды процесс.

Бауыр архитектоникасының бұзылуының негізінде паренхимасының деструкциясы, гепатоциттік түйінді гиперплазиясы және тамыр анастомоздық немесе шунттарының пайда болуы жатыр.

Ø Созылмалы вирусты гепатитер.

Ø Созылмалы алкоголизм

Ø Аутоиммундық гепатит

Ø Гепатотропты әсер ететін улар мен дәрмектер (цитостатиктер)

Ø Бауырда веналық қанның ұзақ іркілісі

Ø Бауырішілік және бауырдан тыс өт жолдарының аурулары

Ø Криптогенді бауыр циррозы (20% жағдайда цирроз белгісі белгісіз, ол криптогенді немесе идиопатиялық цирроз)

Патогенезі. Этиологиялық факторлардан бауыр паренхимасының некрозы дамиды, осы жерге тыртықтар және тірі гепатоциттерден түйіндер түзіледі. Нәтижесінде қан бірден орталық венаға барады. Сау қалған бауыр жерлері ишемияға, содан кейің некрозға ұшырайды.Нәтижесінде порталды гипертензия, бауыр шамасыздығы дамиды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 3519; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.039 сек.