Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Экзаменационные тесты предмету

Жүрек-қан тамыр жүйесі

1.Қарынша гипертрофиясын анықтайтын әдістер:

A. Жүрек пальпациясы
В. Жүрек перкуссиясы
C. Сұрастыру

D. Аускультация

E. Қарау

 

2. Жүрек қызметі декомпенсациясындағы тән шағым:
A. Диспепсиялық көріністер
B. Бас ауруы
C. Бас айналу

D. Ентігу
E. Жүрек соғуы

3. Аорта пульсациясы көзге көрінетін және сипағанда сезіледі мына жағдайда:

A. Аорта қақпақша жетіспеушілігінде
B. Аорта мерезі
C. Аорта доғасы көтерме бөлігінің аневризмасында
D. Өкпе бүріскенде
E. Өкпе эмфиземасында

4. Рulsus differensке тәндік қасиет:
А. Шыбық артериясы пульсациясының бір қолда күрт бәсеңсуі немесе жоғалуы
B. Шыбық артериясы пульсациясы көлемінің екі қолда күрт азаю

C. Шыбық артериясындағы пульс санының жүрек соғу санынан жоғарылауы

D. Шыбық артериясындағы пульс санының жүрек соғу санынан азаюы

E. Шыбық артериясындағы пульс жиілігінің екі қолдада күрт төмендеуі

 

5. 1 тонға тән белгі:
A.Жүрек негізінде жақсы естілуі

B. Жүрек ұшында жақсы естілуі

C. II қабырғааралықта төстің сол қырында жақсы естілуі

D. II қабырғааралықта оң қырында жақсы естілуі

E. ІII қабырғааралықта төстің сол қырында жақсы естілуі

6. 2-і тонға тән белгі:
A.Жүрек негізінде жақсы естілуі

B. Жүрек ұшында жақсы естілуі
C. II қабырғааралықта төстің сол қырында жақсы естілуі

D. II қабырғааралықта оң қырында жақсы естілуі

E. ІII қабырғааралықта төстің сол қырында жақсы естілуі


7.Жүрек екі тонының бірдей күшеюі болады:
A.Өкпе эмфиземасында
B. Перикардта сұйықтық жиналғанда
C. Аорта қақпақшасы жетіспеушілігінде

D. Митральды қақпақшасы жетіспеушілігінде
E.Тиреотоксикозда

8. Жүректің екі тонының бірдей әлсіреуі болады
A.Тиреотоксикозда
B.Митральды стенозда
C.жұқа кеудеде

D.Қалтырауда
E.Миокардитте

9. Акроцианоздың негізгі даму жолдары:
A. Қуыс вена жүйесінде қысымның жоғарлауы

B.Кіші қан айналым шеңберінде қысымның жоғарлауы (іркіліс)

C.Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының саябырлауы

D.Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілісінде бауыр қызметінің бұзылысы

E.Аяқ веналарында гидростатикалық қысымның жоғарлауы

 

10.Жүрек дерттеріндеғі көз сарғаюының негізгі даму жолдары:

A. Аяқ веналарында гидростатикалық қысымның жоғарлауы
B. Қуыс вена жүйесінде қысымның жоғарлауы
C. Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының саябырлауы
D. Кіші қан айналым шеңберінде қысымның жоғарлауы (іркіліс)
E. Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілісінде бауыр қызметінің бұзылысы

11. Аяқта ісіктердің даму жолдары:
A.Аяқ веналарында гидростатикалық қысымның жоғарлауы
B. Қуыс вена жүйесінде қысымның жоғарлауы
C. Қуыс вена жүйесінде қысымның төмендеуі

D. Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының саябырлауы

E. Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының жоғарлауы

12. Шемендіктің негізгі даму жолдары:
A. Аяқ веналарында гидростатикалық қысымның жоғарлауы
B. Қуыс вена жүйесінде қысымның жоғарлауы
C Кіші қан айналым шеңберінде қысымның жоғарлауы (іркіліс)
D. Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының саябырлауы

E. Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілісінде бауыр қызметінің бұзылысы

13. Мәжбүрлі ортопноэ кейпінде болудың негізгі себептері:
A.Қуыс вена жүйесінде қысымның жоғарлауы

B. Аяқ веналарында гидростатикалық қысымның жоғарлауы

C. Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының саябырлауы

D. Үлкен қан айналым шеңберінің шеткі бөліктерінде қан жылдамдығының жоғарлауы
E. Кіші қан айналым шеңберінде қысымның жоғарлауы (іркіліс)
14. Ұйқы артерияларының айқын соққысының ("каротид биі")
негізгі себептері:

A. Үлкен қан айналым шеңбері веналарынлағы қан іркілісі (оң қарынша жетіспеушілігі)
B. Систолада қаннның оң қарыншадан оң жүрекшеге кері құйылуы

C. Пульстік артериалдық қысымның айқын жоғарлауы D. Пульстік артериалдық қысымның айқын төмендеуі
E. Жоғарғы қуыс венаның тромбозында немесе ісікпен қысылуында қан жүруінің қиындауы

 

15. Мойылдырық веналары ісінуінің негізгі себептері:
A. B. Жоғарғы қуыс венаның тромбозында немесе ісікпен қысылуында қан жүруінің қиындауы

В.Пульстік қысымның жоғарлауы

C. Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркіліс (оң қарынша жетіспеушілігі)
D. Пульстік артериалдық қысымның төмендеуі

E. Систолада қаннның оң қарыншадан оң жүрекшеге кері құйылуы

16. Мойылдырық веналары ісінуі мен олардың систолада соғуының (оң веналық пульс) негізгі себептері:

A. Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркіліс (оң қарынша жетіспеушілігі)

B. Систолада қаннның оң қарыншадан оң жүрекшеге кері құйылуы
C. Пульстік қысымның жоғарлауы
D. Пульстік қысымның жоғарлауы
E. Жоғарғы қуыс венаның тромбозында қан жүруінің қиындауы

 

17. Жүректің салыстырмалы сол шекарасы солға ығысады мына дертте:
A. Сол жүрекшенің кеңеюі
B. Сол қарыншаның кеңеюі
C. Оң жүрекшенің кеңеюі
D. Аорта доғасының көтерме бөлігінің кеңеюі

E. Өкпе бағанасының аневризмасы немесе кеңеюі


18. Жүректің салыстырмалы жоғарғы шекарасы жоғары ығысады мына дертте:
A.Оң жүрекшенің кеңеюі
B.Өкпе бағанасының аневризмасы

C.Сол жүрекшенің кеңеюі

D.Өкпе бағанасының аневризмасы немесе кеңеюі

E.Сол қарыншаның кеңеюі

19. Жүректің абсолюттық тұйықтық көлемі ұлғаяды мына дерттік жағдайда:

A. Оң жүрекшенің гипертрофиясы
B. Сол қарыншаның дилятациясы

C. Оң қарыншаның дилятациясы
D. Аорта доғасының төменгі бөлігінің аневризмасы

E. Сол жүрекшенің гипертрофиясы

 

20. Перикард үйкеліс шуылының жақсы тыңдылатын орны:

 

A. Жүрек ұшы
B. Жүректің абсолюттық тұйықтық аймағы
C. Жүрек негізі, төс тұтқасы үстінде
D. Семсер тәрізді өсіндісі аймағында

E. Төстің оң қыры 4 қабырғааралықта

21. Перикард үйкеліс шуылына тән:
A. Стетоскопты кеудеге қатты басқанда шуыл күшееді
B. Науқас еңкейгенеде шуыл күшееді

C. Науқас сол жанына жатқанда шуыл күшееді

D. Науқас оң жанына жатқанда шуыл күшееді

E. Тыныс алу кезеңінде шуыл күшееді

22. Аорта қақпақшасы жетіспеушілігіндегі диастоликалық шуылдың таралу аймағы:
A. Төстің сол қыры 3қабырғааралыққа

B. Семсер тәрізді өсіндісі аймағына
C.Сол қолтық астына

D.Төстің сол қыры 4 қабырғааралыққа
E. Төстің сол қыры 2 қабырғааралыққа

 

23. Сол бұғана ортаңғы сызығы бойымен 5 қ/а күшейген шоғырландырылған жүрек ұшы түрткісінің анықталу себебі:

A. Сол қарыншаның айқындалып кеңеймеген гипертрофиясында
B. Оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы
C. Сол қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы

D. Жүректің абсолюттық тұйықтық шекарасының ұлғаюында

E. Жабысқақ перикардитте


24. Сол бұғана ортаңғы сызығынан 2 см сыртқары VI қ/а биік, таралған (күмбез тәріздес) жүрек ұшы түрткісінің анықталу себебі:

A. Оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы
B. Перикард жапырақшаларының жанасуында
C. Сол қарыншаның айқындалып кеңеймеген гипертрофиясында

D. Сол қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы

E. Жүректің абсолюттық тұйықтық шекарасының кішіреюінде

25.Науқаста жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары анықталды. Олар: оң шекарасы төс қырынан 3 см оңға ығысқан; сол шекарасы – сол бұғана ортаңғы сызығынан 1 см ішке ығысқан; жоғарғы шекара - сол жақта 2 қ/а. Бұл көрсеткіштер мына ақауды сипаттайды:
A.Митральды жетіспеушілік
B. Митральды стеноз

C. 3-жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
D. Аортальды стеноз

E. Аортальды жетіспеушілігі

26.ПАЛЬПАЦИЯДА ЖҮРЕК ҰШЫНДА A. CAROTIS-ТЫҢ СОҒУЫНА СӘЙКЕС ЕМЕС ДІРІЛ АНЫҚТАЛАДЫ. БҰЛ БЕЛГІ ТӘН:

1) митральды стенозға

2) митральды жетіспеушілігіне

3) аортальды стенозға

4) аортальды жетіспеушілігіне

5) 3-жармалы қақапақша жетіспеушілігіне

27. АОРТА СТЕНОЗЫНА ТӘНДІК I ТОННЫҢ ӨЗГЕРІС ТҮРІ

1) I тон жүрек ұшында күшейген

2) I тон жүрек ұшында әлсіреген

3) I тон өзгермеген

4) қосарланған

5) ажыраған.

28. Аортальдық жетіспеушілікте артериалдық қысымның өзгеріс түрі

1) өзгермейді

2) тек систолалық қысым жоғарлайды

3) тек диастолалық қысым жоғарлайды

4) систолалық қысым жоғарлайды және диастолалық қысым төмендейді

5) систолалық қысым төмендейді және диастолалық қысым жоғарлайды

29. Сол атриовентрикулярлық қақпақша стенозының даму себептері:

1) ревматизм

2) миокард инфарктісі

3) кеуде жарақаты

4) инфекциялық эндокарди

5) инфекциялық миокардит

 

Тыныс жүйесі

1.Дене қызуының жоғарылау дәрежесі бойынша: 38- 39ОС аралығында бағаланады:

а) субфебрильді дене қызуы

б) фебрильді дене қызуы

в) жоғарылаған дене қызуы

г) өте жоғары дене қызуы

д) гиперпиретикалық дене қызуы

 

2.Ылғалды сырылдың пайда болуы:

 

а) бронхтарда тұтқыр секрет жиналғанда

б) бронхтарда сұйық секрет жиналғанда

в) альвеолаларда секрет жиналғада

г) плевра қуысына сұйық жиналғанда

д) плевра қуысына ауа жиналғанда

 

4. Айқын компрессиялық ателектазда өкпенің қысылып тығыздалған бөлігі үстінен

аускультация кезінде естіледі:

 

а) күшейген везикулярлық тыныс

б) бәсең бронхиальді тыныс

в) қатайған тыныс

г) аралас тыныс

д) ляринготрахеальді тыныс

 

5. Дене қызуының жоғарылау дәрежесі бойынша: 37- 38ОС аралығында болса қалай бағаланады:

а) субфебрильді дене қызуы

б) фебрильді дене қызуы

в) жоғарылаған дене қызуы

г) өте жоғары дене қызуы

д) гиперпиретикалық дене қызуы

 

6. Обтурациялық ателектаз кезіндегі тыныс түрі:

а) бронхиальді

б) күшейген везикулярлық

в) қатайған

г) анықталмайды

д) везикулярлық

 

8. Өкпенің ауаға толу синдромында өкпенің төменгі жиегінің экскурсиясы:

а) кішірейеді

б) ұлғаяды

в) өзгеріссіз қалады

г) айқын ұлғаяды

д) аздап ұлғаяды

9. Саусақтардың «барабан таяқшаларына ұқсап» өзгеруі мына жағдайда кездеседі:

а) өкпе тінінің инфильтративті қабынуында

б) обструктивті синдромда

в)бронхтың кеңею синдромында

г) гидроторакста

д) пневмоторакста

10.Дауыс дірілі естілмейді,тұйық перкуторлық дыбыс, тынысы және бронхофония естілмейді. Бұл жағдай қандай синдромға тән?

а) инфильтративті қабыну синдромы

б) обструктивтік синдром

в) плевра қуысына сұйық жиналу синдромы

г) бронхтардың кеңею синдромы

д) плевра қуысына ауа жиналу синдромы

11. Дене қызуының жоғарылау дәрежесі бойынша: дене қызуы 40ОС жоғары болса қалай бағаланады:

а) субфебрильді дене қызуы

б) фебрильді дене қызуы

в) дене қызуы жоғарылаған

г) дене қызуы тым жоғары

д) гиперпиретикалық дене қызуы

12.Дауыс дірілінің әлсіреуі, қорапты перкуторлық дыбыс, өкпенің төменгі жиегі қозғалғыштығының азаюы, везикулярлық дыбыстың әлсіреуі қандай синдромға тән?

а) өкпе тінінің ошақты тығыздану синдромы

б) өкпе тіні ауалылығының жоғарылауы

в) плевра қуысына сұйық жиналу синдромы

г) бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы

д) инфильтративті қабыну синдромы

13.Физикальдық мәліметтер:кеуде ассиметриясы, дауыс дірілінің және бронхофонияның анықталмауы, тимпаникалық перкуторлық дыбыс, тыныстың естілмеуі қандай синдромға тән?

а) өкпе тінінің ошақты тығыздану синдромы

б) өкпеде қуыс пайда болу синдромы

в) плевра қуысына сұйық жиналу синдромы

г) плевра қуысына ауа жиналу синдромы

д) өкпе тінінің бөліктік тығыздану синдромы

14. Зақым ошағы үстінде дауыс дірілі күшейген, перкуторлық дыбыс тұйықталған,

бронховезикулярлық тыныс, бронхофония күшейген. Бұл жағдай қандай синдромға тән?

а) өкпе тінінің ошақты тығыздану синдромы

б) плевра қуысына сұйық жиналу синдромы

в) обтурациялық ателектаз

г) бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы

д) бронхобструктивті синдром

 

15.Сол жақ плевра қуысына сұйық жиналғанда тұйықталған перкуторлық

дыбыстың шекарасы анықталады:

а) сол жақта, горизонтальді сызық бойымен

б) сол жақта, Дамуазо қиғаш сызығы бойымен

в) оң жақта, горизонтальді сызық бойымен

г) оң жақта, Дамуазо қиғаш сызығы бойымен

д) горизонтальді сызық бойымен екі жақтан

16. Өкпе үстінде тимпаникалық перкуторлық дыбыс қандай синдромда пайда болады:

а) өкпе тіні инфильтративті қабынғанда

б) өкпе тінінң ауалылығы жоғарылағанда

в)+ өкпеде қуыс пайда болғанда

г) плевра қуысына сұйық жиналғанда

д) бронх өткізгіштігі бұзылғанда

17. Бронхиальді тыныс өкпе үстінде қандай жағдайда пайда болады?

а) бронх өткізгіштігі бұзылғанда

б) +өкпе тіні тығызданғанда

в) өкпе тінінің ауалылығы жоғарылағанда

г) плевра қуысына сұйық жиналғанда

д) плевра қуысына ауа жиналғанда

18.Түгел өкпе үстінен құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі қандай синдромға тән?

а) өкпе тінінің ауалылығы жоғарылағанда

б) плевра қуысына сұйық жиналғанда

в) бронх өткізгіштігі бұзылғанда

г) өкпе тіні тығызданғанда

д) өкпеде қуыс пайда болғанда

 

19.Плевра сұйықтығын зерттеу қортындысын бағалаңыз: салыстырмалы тығыздығы-1027,

сұйық лайлы, жасыл-сарғыш түсті. Ривальт сынамасы +++, микроскопиялық тұнбасында- нейтрофиллдер барлық көру алаңын жауып тұр:

а) транссудат

б) іріңді экссудат

в) геморрагиялық (қатерлі ісік) экссудат

г) туберкулез плевриті кезіндегі экссудат

д) қалыпты жағдайдағы плевра сұйықтығы

20.Брониалды демікпеге тән ентігу түрі:

  1. Инспираторлық
  2. Экспираторлық
  3. аралас
  4. ентігу анықталмайды
  5. Физиологиалықя

21.Ара-қашықтықта естілетін құрғақ сырыл анықталады:

  1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалуында
  2. Өкпе тінінің бөлікті тығыздалуында
  3. Бронхтар кеңею синдромында
  4. Бронх өткізгіштігі бұзылысында
  5. Плевра қуысында сұйықтық жиналуындаы

22.Қатаң тыныстың негізгі пайда болу себебі:

  1. Өкпе тіні серпінділігінің төмендеуі
  2. Кеуде бетіне бронхиалды тыныстың таралуы
  3. Бронхтардың спастикалық тарылуы
  4. Өкпе тінінің ошақты тығыздалуында
  5. Тыныс алуда альвеола қабырғалары серпінділігінің жоғарлауы

 

 

Бүйрек-несеп жүйесі

1. Әртүрлі патологиялық жағдайларға байланысты бүйрек капсуласы созылуының клиникалық көрінісі:

  1. Шат үсті аймағындағы ауру сезіммен
  2. Бел аймағындағы ауру сезіммен
  3. Несеп көлемінің көбеюімен
  4. Несеп көлемінің азаюымен
  5. Оң жақ қабырға астындағы ауру сезіммен

 

2. Оң диурез – бұл:

1. тәуліктік диурездің науқас қабылдаған сұйықтық көлемінен артық болуы

2. қабылдаған сұйықтық көлемінің тәуліктік диурезден артық болуы

3. қабылдаған сұйықтық көлемі мен тәуліктік диурез бірдей

4. тәуліктік несеп көлемінің артуы

5. тәуліктік несеп көлемінің азаюы

3. Теріс диурез – бұл:

1. тәуліктік диурездің науқас қабылдаған сұйықтық көлемінен артық болуы

2. қабылдаған сұйықтық көлемінің тәуліктік диурезден артық болуы

3. қабылдаған сұйықтық көлемі мен тәуліктік диурез бірдей

4. тәуліктік несеп көлемінің артуы

5. тәуліктік несеп көлемінің азаюы

 

4. Теріс диурез байқалады:

1. құрғақ тамақтану түрінде

2. сұйықтықты пайдалану шектелгенде

3. несеп айдағыш дәрілерді қолданғаннан кейін

4. ісіктер қайтуы кезеңінде

5. ісіктер дамуы кезеңінде

5. Оң диурез байқалады:

1. құрғақ тамақтану түрінде

2. сұйықтықты пайдалану шектелгенде

3. несеп айдағыш дәрілерді қолданғаннан кейін

4. ісіктер қайтуы кезеңінде

5. ісіктер дамуы кезеңінде

6. Несептік синдром түсінігін құрайды:

1. Несеп шығару өзгеруі мен ауру сезім синдромы

2. Несеп шығару мен несеп құрамының өзгеру

3. Несеп шығару өзгеруі мен гипертермия

4. Несеп құрамының өзгеруі мен метаболикалық ацидоз

5. Несеп шығару өзгеруі мен шумақтық фильтрацияның төмендеуі

 

7. Гипостенуриямен жүретін тұрақты полиурия ненің салдары болып табылады:

1. бүйрек өзекшелерінде реабсорбцияның төмендеуі

2. шумақтық фильтрацияның төмендеуі

3. шумақтар өткізгіштігінің жоғарлауы

4. альдостерон секрециясының жоғарлауы

 

5. Несеп шығару жолында кедергілердің болуы

 

8. Несептің жоғары салыстырмалы тығыздығымен жүретін ұзақ полиурия тән:

1. созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне

2. желел бүйрек жетіспеушілігіне

3. қантты диабетке

4. қантсыз диабетке

5. бүйректің қабыну ауруларына

9. Қарап тексергенде науқастың беті бозғылт, домбыққан, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Осы бет әлпет қалай аталады:

1. facies mitralis

2. facies nephritica

3. facies Hyppocratica

4. facies febrilis

5. facies basedovica

10. Бүйрек ауруларында терінің бозаруы байланысты:

1. гипопротеинемиямен

2. несепағардың спастикалық жиырылуымен

3. шумақтық фильтрацияның төмендеуімен

4. артериолалар спазмы және анемиямен

5. гиперальдостеронемия және анемиямен

11. Бүйректік протеинурия даму себебі:

1. базальді мембрананың құрылымдық дезорганизациясы

2. несепағардың спастикалық жиырылуы

3. артериолалар спазмы

4. Несеп шығару жолында кедергілердің болуы

5. түбекшенің қабынулық зақымдануы

12. Протеинурия селективтілігі байланысты:

1. шумақтағы қан айналым жылдамдығына

2. өзекшелік реабсорбция көлеміне

3. базальды мембрана саңылаулары өлшеміне

4. дене қалпына

5. қандағы белок деңгейіне

13. Билирубинурия даму себебі:

1. қанда бос билирубин концентрациясының жоғарлауы

2. қанда байланысқан билирубин концентрациясының жоғарлауы

3. қанда уробилиноидтар концентрациясының жоғарлауы

4. қанда уробилиноидтар концентрациясының төмендеуі

5. қанда өт қышқылдары концентрациясының жоғарлауы

 

14. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі синдромының даму себебі:

1. бүйректе қан айналымның бұзылысы

2. бүйрек өзекшелерінде фильтрацияның төмендеуі

3. бүйрек өзекшелерінде фильтрацияның жоғарлауы

4. қанда азот өнімдерінің жоғарлауы

5. үдемелі нефросклероз

15. Бүйрек ісінулері ненің салдарынан дамиды:

1. тіндер мен қанда калий иондарының жиналуы

2. қанда онкотикалық қысымның жоғарлауы

3. қан сарысуында гиалуронидаза белсенділігінің төмендеуі

4. +қан сарысуында гиалуронидаза белсенділігінің жоғарлауы

5. гиперкальциемия

 

16. Несеп тұнбасында түйіршікті цилиндрлердің болуы нені көрсетеді:

1. өзекшклердегі дистрофиялық үрдісті

2. өзекшклердегі некроздық үрдісті

3. бүйректік эпителий жасушасында амилоидтың болуын

4. бүйректегі жедел қабыну үрдісті

5. диагностикалық мәні жоқ

 

Қимыл-тірек жүйесі

1. Буынның зақымдалуында қарап тексергенде анықталады:

  1. буында ротациялық қозғалыстар бар
  2. буын терісінің гиперемиясы
  3. буын пішіні қалыпты
  4. буын үстіндегі температура жоғарылаған
  5. буында қозғалыс сақталған

 

2. Зақымданған буынды қарап тексергенде анықталады:

  1. буындағы крепитация
  2. буындағы ауырсыну
  3. буын пішінінің өзгеруі
  4. буындардағы таңертеңгілік құрысу
  5. буындағы қозғалыстар толық сақталған

 

3. Қандай белгі буын патологиясына тән?

  1. буында пронациялық қозғалыстың болуы
  2. буында қозғалыс сақталған
  3. буында супинациялық қозғалыстың болуы
  4. буындағы крепитация
  5. буындар бүгіледі

 

4. 3 айдан артық бел аймағындағы ауырсыну сезімі, физикалық жаттығулардан кейінгі таңертеңгілік құрысудың жазылуы, омыртқаның төменгі бөлімдерінде қозғалыстың шектелуі тән:

1. остеопароз

2. ревматоидты артрит

3. анкилоздаушы спондилоартрит

4. остеоартроз

5. полиартрит

 

5. Жамбас буындарының бірдей зақымдануы кездеседі:

1. остеопорозда

2. ревматоидты артритта

3. Бехтерев ауруында

4. коксартрозда

5. гематрозда

6. Жамбас буындарының остеоартрозындағы жүріс өзгерісі:

  1. «әтеш» жүрісі
  2. «үйрек» жүрісі
  3. ауыр жүріс
  4. «циркумдуцирлеуші» жүріс
  5. «мас адам» жүрісі

 

7. Подагралық артрит дамуының негізінде жатыр:

1. минералдық алмасудың бұзылуы

2.зәр қышқылы алмасуының бұзылуы

3.липидтік алмасудың бұзылуы

4.көмірсу алмасуының бұзылуы

5. гормоналдық бұзылыстар

8. Буынның қабынбалы және дистрофиялық зақымдануларына әкелетін эндокриндік бұзылыстардың бірі:

  1. аналық без қызметінің төмендеуі
  2. ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі
  3. аналық без қызметінің жоғарылауы
  4. қалқанша без қызметінің жоғарылауында
  5. гипогликемия

 

9. Ревматоидтық артрит кезіндегі буынның зақымдану ерекшелігі:

  1. омыртқаның бел бөлімінің зақымдануы
  2. омыртқаның кеуде бөлімінің зақымдануы
  3. алақан ұсақ буындардың симметриялық зақымдануы
  4. алақан ұсақ буындарының бір жақты зақымдануы
  5. ірі буындардың зақымдануы

 

10. 1-табан бақайшық буынының қатты ауыруы тән:

1.ревматоидты артритке

2.деформациялаушы остеоартрозға

3.гемартрозға

4.подагралық артритке

5.анкилоздаушы спондилоартритке

 

 

11. Остеоартроз кезіндегі зертханалық-аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

1.қанда ревматоидты фактордың анықталуы

2. антистрептолизин-0 деңгейінің жоғарылауы

3. оң СРБ

4.рентгенде буынаралық саңылаудың тарылуы, остеофиттер

5.фибриногенемия

12. Ревматоидты артриттің диагностикалық критерийлерінің бірі:

1. ірі буындардың зақымдануы

2. асимметриялық артрит

3. кем дегенде 3 буын аймағындағы ісіну

4. 39С дейінгі қызба

5.R-гр: омыртқаның бел бөліміндегі остеопороз белгілері

13. Омыртқаның зақымдануын сипаттайтын қарап тексеру мәліметтері?

  1. омыртқаның бел бөлігінің лордозы
  2. омыртқаның кеуде бөлігінің кифозы
  3. омыртқаның тоталды кифозы
  4. омыртқаның сегізкөз бөлігінің кифозы
  5. омыртқаның мойын бөлігінің лордозы

 

14.Зақымданған буынды қарап тексеру кезінде анықталады:

1.буын бетіндегі остеофиттер

2.белсенді қимылдың шектелуі

3.таңертеңгілік құрысулар

4. буын терісінің гипертермиясы

5.сүйек эпифиздерінің остеопорозы

15. «Садақа сұраушы кейпі» сипатталады:

  1. омыртқаның бел бөлігінің гиперлордозымен
  2. омыртқаның сегізкөз бөлігінің кифозымен
  3. мойын омыртқаларының гиперлордозы және кеуде кифозымен
  4. омыртқаның кеуде бөлігінің кифосколиозымен
  5. мойын лордозының тегістелуі, кеуде кифозының түзелуімен

 

16. Буын қабынуында кездесетін қанның биохимиялық анализіндегі өзгеріс:

  1. фибриноген мөлшерінің төмендеуі
  2. гиперхолестеринемия
  3. серомукоид мөлшерінің артуы
  4. гипербилирубинемия

5. гипопротеинемия

 

17. Остеоартроз кезіндегі ауырсыну сезімінің пайда болу себептерінің бірі:

  1. меншікті шеміршектің зақымдануы
  2. шеміршекте фиброзды склеротикалық өзгерістердің болуы
  3. +субхондралды сүйекке қысымның түсуі
  4. буынның құрысуы
  5. дәнекер тінінің зақымдануы

 

18.Сегізкөз мықын аймағындағы және омыртқаның кеуде бөлігіндегі ауырсыну сезімі, қимылдың шектелуі, кеуденің тыныс алу экскурсиясының шектелуі тән:

1.гонартроз

2.подагра

3.гемартроз

4.анкилозды спондилоартрит

5.ревматоидты артрит

19. Геберден түйіндері бұл:

  1. буындардың жазғыш беттеріндегі тері астылық түйіндер
  2. жазғыш бұлшықеттері сіңірлері аймағындағы тері астылық түйіндері
  3. қол ұшы дисталды бунақтараралық буындарының сыртқы- жазылу бетіндегі тығыз түйіндер
  4. қол ұшы төменгі бунақтараралық буындарының сыртқы- жазылу бетіндегі тығыз түйіндер
  5. құлақ қалқандарындағы тері астылық түйіндер

 

20. Бушар түйіндері бұл:

  1. қабақтағы тері астылық түйіндер
  2. қол ұшы төменгі бунақтараралық буындарының бүйір және сыртқы- жазылу бетіндегі тығыз түйіндер
  3. қол ұшы шеткі бунақтараралық буындарының сыртқы- жазылу бетіндегі тығыз түйіндер
  4. буындардың жазғыш беттеріндегі тері астылық түйіндер
  5. жазғыш бұлшықеттері сіңірлері аймағындағы тері астылық түйіндері

 

21. Буындағы контрактура анықталады:

  1. буын перкуссиясымен
  2. буынды УДЗ арқылы
  3. бұрыш өлшегіш гониометр көмегімен
  4. неврологиялық балғашықпен буынды перкуссиялау арқылы
  5. буын рентгенографиясы көмегімен

 

Ас қорыту жүйесі

1. ШОФФАР аймағындағы ауру сезімі зақым орналасу деңгейін дәлелдейді:

1) асқазан денесінің

2) асқазан пилорикалық бөлімінің

3) 12-елі ішекте

4) 12-елі ішек және әлде немесе асқазан пилорикалық бөлімінің

5) асқазан пилорикалық бөлімінің, 12-елі ішекте және әлде немесе ұйқы безінің басы

 

2.АМИЛОРЕЯ, КРЕАТОРЕЯ, СТЕАТОРЕЯ ТӘН:

1) гастритке

2) холециститке

3) панкреатитке

4) асқазан ойық жарасына

5) асқазан рагіне

 

3.Сарғаю синдромының шыңындағы түссіз нәжіс және билирубинемия оның мына түріне тән:

1) гемолитикалық (бауыр үстілік)

2) механикалық (бауыр астылык)

3) паренхиматоздық (бауыр ішкілік)

4) кез келген түріне

5) сарғаю жоқ

.

4. ВАРИКОЗДЫ КЕҢЕЙГЕН ӨҢЕШ ЖӘНЕ ГЕМОРРОИДАЛЬДЫ ВЕНАЛАРЫНАН ҚАН КЕТУ БОЛАДЫ:

1) бауыр циррозында

2) гепатитте

3) холециститте

4) ойық жарада

5) гастритте.

 

5. Шемендікте кіндіктің өзгеріс түрі:

1) кіріңкі

2) өзгермеген

3) құрсақ бетінде айқын көрініп тұр

4) іріңдейді

5) ауру сезімді болады

.

6. Қайталанаты құсықпен бірге жүретін белдік тәріздес ауру сезімі тән:

1) холециститке

2) ойық жараға

3) асқазан рагіне

4) панкреатитке

5) бауыр циррозына.

 

7. Асқазанның сөл бөлу қызметін анықтау әдісі:

1) дуоденальдық зондтау

2) электрогастрография

3) асқазанды бөлікті зондтау

4) рентгеноскопия

5) қанның биохимиялық тексерісі.

 

8. бауыр дерттеріндегі гинекомастия мына жағдайдың көрінісі

1) бауыр-жасушалық жетіспеушіліктің

2) портальды гипертензияның

3) өт жолдары дискинезиясының

4) холангиттің

5) сарғаюдың

 

 

Қан түзу жүйесі

1. ЛЕЙКЕМИЯЛЫҚ «ҮҢГІР» ТӘН:

1) анемияға

2) созылмалы лейкозға

3) жіті лейкозға

4) полицитемияға

5) қанның қабынулық өзгерісіне.

 

2. Сарғаю тән:

1) В12-тапшылықты анемияға

2) теміртапшылықты анемияға

3) гемолитикалық анемияға

4) эритремияға

5) жіті лейкозға.

 

3. «Дәмнің бұрмалануы тән:

1) В12-тапшылықты анемияға

2) теміртапшылықты анемияға

3) гемолитикалық анемияға

4) апластикалық анемияға

5) жіті лейкозға.

 

4. ХАНТЕР ГЛОССИТІ ТӘН:

1) В12-тапшылықты анемияға

2) теміртапшылықты анемияға

3) гемолитикалық анемияға

4) апластикалық анемияға

5) эритремияға.

 

5. 61 ЖАСТАҒЫ ЕР КІСІДЕ 10 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАН ГОДА, РЕЗЕКЦИЯСЫНАН КЕЙІН КЕЛЕСІ КӨРІНІСТЕРІ БАР АНЕМИЯ ДАМЫДЫ: ГЕМОГЛОБИН- 56 Г/Л; ТК – 1,3; ЭТЖ- 43 ММ/САҒ. ҚАНДА - ПОЙКИЛОЦИТОЗ, МАКРОЦИТОЗ. ДЕРТ ТҮРІН АНЫҚТАҢЫЗ:

1) В12-тапшылықты анемияға

2) постгеморрагиялық анемия

3) гипопластикалық анемия

4) апластическалық анемия

5) жіті постгеморрагиялық анемия.

 

6. Науқаста лимфотүйіндерінің және көкбауырдың ұлғаю және лимфоцитозы бар лейкоцитоз. Бұл көрініс тән:

1) лимфогранулематозға

2) жіті лимфобласталық лейкозға

3) созылмалы лимфолейкозға

4) созылмалы миелолейкозға

5) эритремияға.

 

 

ЭНДОКРИНДЫҚ ЖҮЙЕ

1.КЕТОАЦИДОТИКАЛЫҚ (ГИПЕРГЛИКЕМИЯЛЫҚ) КОМА ДАМИДЫ:

1) жәй(бірнеше тәулікте)

2) тез

3) кенеттен

4) алдыңғы белгілерсіз

5) жәй және алдыңғы белгілерсіз.

 

2. ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА ДАМИДЫ:

1) жәй(бірнеше сағатта)

2) тез

3) жәй(бірнеше тәулікте)

4) алдыңғы белгілерсіз

5) жәй және алдыңғы белгілерсіз

3. КЕТОАЦИДОТИКАЛЫҚ (ГИПЕРГЛИКЕМИЯЛЫҚ) КОМАДА ШЫҒАТЫН ИІС:

1) ацетондікі

2) аммиактікі

3) шіріген алманың тәтті иісі

4) мочевинвның

5) шіріген.

 

4. ШУЛЫ КУССМАУЛЬ ТЫНЫСЫ ТӘН:

1) гипогликемиялық комаға

2) гипергликемиялық комаға

3) гиперосмолярлық комаға

4) бауыр комасына

5) алкогольдық комаға.

 

5. Іш қатуға бейімділік байқалады:

1) тиреотоксикозда

2) гипотиреозда

3) ошақты гипертиреозда

4) уытты диффузды зобта

5) Базед дертінде

Жүйке жүйесі

1.Аносмия - - бұл- нерв жүйесі бұзылысының мына түрі

A. көрудің,

B. естудің,

C. иіс сезудің

D. сезімталдықтың

E. есте сақтаудың

 

2.Қөз қарашығының жарыққа өзгеріс түрі:

A. беткей

B. тікелей

C. қосарласқан

D. терең

E. шектелген

 

3.Пирамидты рефлекстарға жатады:

A. Оппенгейм

B. Керниг

C. Брудзинский

D. Мюсси

E. Георгиевский бойынша

 

4. Көру бұзылыстарына жатады:

A. амнезия

B. ахромазия

C. гемиплегия

D. афазия

E. амавроз

 

5.Дәм сезу бұзылысы аталады:

A. гипоэстезия

B. гипогевзия

C. амнезия

D. гипосмия

E. адинамия

 

6. Көру бұзылыстарына жатады:

A. амнезия

B. гипоестезия

C. гемианопсия

D. афония

E. дислексия

 

7. Скотома –бұл келесінің бұзылысы:

A. есте сақтау

B. есту

C. көру

D. иіс сезу

E. сезімталдықтың

 

8. Қимыл бұзылыстарына жатады:

A. нистагм

B. диплопия

C. дисосмия

D. амавроз

E. тетраплегия

9. Қимыл – қозғалыс бұзылыстарға жатады:

A. атаксия

B. дизгевзия

C. нистагм

D. аносмия

E. амблиопия

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мастера модерна: А. Ван де Вельде и Ч. Р. Макинтош | Жанровый состав русского фольклора 1 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1268; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.532 сек.