Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс саясаты. 3 страница




Статистикалық топтастыру – қоғамдық құбылыстарды терең және жан-жақты зерделеу үшін зерделенетін жиынтықты белгілі бір, өзіне тән белгілері бойынша топтар мен топшаларға бөлу.

Жиналған материалдарды статистикалық дұрыс өңдеу үшін көрсеткіштер тізбесін ертерек белгілу қажет, зерттелетін құбылыстарды сипаттауға арналған салыстырып тексеру мәліметтерін алу қажет. Мәселен, фермерлердің шаруашылық қызметін сипаттау үшін егін егу алаңы және оны пайдалану, ауыл шаруашылық құрылымдары өнімдерінің молдығы, мал саны, өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындар, т.б. сияқты көрсеткіштер маңызды болады. Сауда кәсіпорнының жұмысын сипаттау үшін тауар айналымының көлемі, жұмыскерлер саны, тауарлар қоры және т.б сияқты көрсеткіштер маңызды болып саналады. Осы көрсеткіштер жеке фирмалардың да, бірлестіктердің жұмыс қорытындыларына талдау жасауда қолданылады. Көрсеткіштер жүйесін әзірлеу статистикалық жинақтың мңызды құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеудің нақты тұжырымдалған міндеті оны әзірлеудің негізі болып табылады.

Топтастырылған және жалпы қорытындыларды есептеу, топтастырылған материалдарды кесте және сызба түрінде көрсету жинақтың соңғы кезеңі болып табылады.

Әр түрлі жиынтықтардан қоғамдық құбылыстардың бірыңғай экономикалық топтары мен түрлерін сапалы түрде бөлу типологиялық топтамалардың көмегімен жүзеге асырылады.

Статистикалық топтамалардың маңызды міндеті бірыңғай бірліктердің жиынтығындағы құрылымды және құрылымдық қозғалыстарды анықтау, вариациялық белгілердің көлемі бойынша бірыңғай жиынтықтың бөлінуі болып табылады. Олар құрылымдық немесе вариациялық деп аталады және қазақстандық статистикада кең қолданылады.

Мысалы, фермерлердің шаруашылық түрі ретінде бірдей екені белгілі. Олардың барлығы – ауыл шаруашылық кәсіпорындар, бірақ олар өңделетін жер, мал саны, өндірістік бағыттары, жұмыскерлер саны, өз қызметі нәтижелеріне қарай бір-бірінен ерекшеленеді.

Топтамалардың негіздемесіндегі тиісті белгілері топтамалық деп аталады.

Белгілерді дұрыс таңдау топтамалардың алғашқы және едәуір күрделі мәселелері болып табылады.

Бір белгісіне қарай топтау жай топтама деп аталады. Онда топтарға бөлу үшін екі немесе одан да көп белгілері алынады, яғни, бір белгісіне қарай құралған топтар болады. Егер басқа белгілеріне қарай топшаларға бөлінсе, ал бұл топшалардың нәтижесінде алынған топтар тағы да топшаларға бөлінсе және тағы сол сияқты, онда олар аралас топтар болады.

Жай топтамаларға қарағанда аралас топтамаларда қосымша талдау қасиеттері болады. Олар зерттелетін белгілердің арасындағы айырмашылықтарды бөлуге көмесектеседі, ал бұларды жай топтамаларда анықтауға болмайды.

Топтамалық белгілерді іріктеу мынадай кезеңдерден өтеді: алдымен мақсаты, болжанатын топтаманың танымдық міндеті анықталады, одан кейін топтаманың негізіне жататын белгілерінің ерекше мазмұны анықталады, топтардың және сандық шекаралардың саны белгіленеді. Топтардың және белгілердің сандық шекараларын анықтау топтамалардың мақсатына және қандай белгілермен айналысатынына байланысты болады. Статистиканың зерделейтін жиынтықтары көптеген қасиеттермен сипатталады және әр түрлі белгілермен көрінеді. Топтамалық белгілердің төрт түрі бар: атрибутивтік, сандық, кеңістік және уақыт белгілері.

Атрибутивтік белгі дегеніміз – осы құбылыстың қасиеті мен сапасын сипаттайтын белгі. Онда сандық белгі болмайды.

Атрибутивтік (сапалық) белгілері бойынша топтастыру кезінде статистикалық жиынтық белгілердің қанша түрі болса (жынысы бойынша – екі топқа, ұлттық құрамы бойынша - қанша ұлт болса, сонша топқа), сонша топтарға бөлінеді.

Альтернативтік белгілер атрибутивтік белгілердің түрлері болып табылады. Альтернативтік белгілер дегеніміз - жиынтықтың кейбір бірліктерінде бар, ал кейбіреулерінде жоқ белгілер.

Мысалы, біреулерде жоғары білімі бар, ал біреулерінде жоқ. Біреулері шетел тілін біледі, ал біреулері білмейді.

Сандық белгілер дегеніміз – зерделенетін жиынтықтың көлемін, шамасын сипаттайтын және оны топтамалық белгінің жеке мағынасының шамасына қарай топтарға бөлуге мүмкіндік беретін белгі.

Сандық белгілеріне қарай топтастыру кезінде зерделенетін жиынтық белгінің деңгейі және шамасы бойынша бөлінеді.

Статистикалық мәліметтер жинағының нәтижелері кесте түрінде көрсетіледі.

Статистикалық кестелер дегеніміз – статистикалық жиынтыққа сандық жинақтық сипаттама беретін кестелер. Статистикалық кестелер статистикалық материалдарды жинау және өңдеу нәтижелерін едәуір рациональды, көрнекі және жүйеленген түрде көрсетеді. Олар зерделенетін қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық сипатын ықшам, әрі анық түрде көрсетеді, зерделенетін құбылыстардың жағдайын көрсетеді, белгілі бір қорытындыларды салыстыру, талдаудың негізі болып қызмет етеді. Жеке және жалпы қорытындылардың болуы немесе оларды алу мүмкіндігі статистикалық кестелердің айырықша ерекшеліктері болып табылады.

Статистикалық кестеде көлденең жолдар мен тігінен бағандар араласып келеді. Көбінесе жолдар мен бағандар бір-бірінен тіке сызықтар арқылы айырықшаланады, олар кестенің сүйенішін, қаңқасын, ал әрбір кесіп өтетін сызықтар кестенің торларын құрайды.

Тақырыптың ортақ, қаптал және жоғарғы жағы кестенің құрамды элементтері болып табылады. Әрбір кестенің тақырыбы қысқа, бірақ оның негізгі мазмұны толық ашылатындай нақты және анық болуы тиіс. Жалпы, тақырыптың сандық мәліметтер кестесіндегі басты мағынасы анық болуы тиіс, сондай-ақ олардың қандай аумақтарға және қандай уақыт кезеңіне жататыны көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, тақырыптың атауында өлшем бірлігі беріледі. Тақырыптың ортақ, қаптал және жоғарғы жағы толтырылып, бірақ сандық мәліметтері көрсетілмеген кестенің сүйеніші кестенің үлгісі деп аталады. Егер мәліметтер қандайда бір ерекшеліктермен айырықшаланса, (мысалы, аумақтың бөлігіне ғана жатқызылса, ол алдын ала деп аталады және т.б.) онда тиісті ескертулер мен түсініктер ескертпелер және сілтемелер түрінде жасалады.

Статистикалық кестені сәйкес қисынды ұсыныстар ретінде көруге болады. Сондықтан әрбір кестеде бастауыш пен баяндауыш болады.

Бастауыш дегеніміз - әр түрлі көрсеткіштермен сипатталатын статистикалық жиынтықтар, ал баяндауыш дегеніміз – жиынтықты сипаттайтын көрсеткіштер.

Бастауыш, әдетте, кестенің көлденең жолдарында, ал баяндауыш тігінен бағандарда орналасады.

Кесте анық көріну үшін, оны құрастыру кезінде мынадай ережелерді ұстану керек:

1. Кестелер көлемі бойынша өте үлкен болмауы керек. Жиынтық күрделі сипатта болған жағдайда, өте үлкен кестелерді құрастырмай, өзара бір-бірімен байланысты екі немесе бірнеше жай кестелер құрастырған жөн.

2. Кестенің жалпы атауы, бастауыш пен баяндауыштың, жеке жолдар мен бағандардың тақырыптары анық және қысқа тұжырымдалуы тиіс.

3. Кестеде мәліметтердің орналасатын орны мен уақыты, сондай-ақ оларды өлшеу бірліктері көрсетілуі тиіс.

4. Бастауыш пен баяндауыш көрсеткіштері белгілі бір қисынды реттілікпен орналастырылуы және өзара келісілген болуы керек, себебі бастауыштың жолдары баяндауыштың бағандарын қиып өтеді.

5. Егер кестенің баяндауышы мен көрсеткіштерінің саны едәуір болса, онда кестенің жолдарын және бағандарын әріптермен белгілеп, ал баяндауыштардың бағандарын сандармен белгілеген жөн.

6. Шартты белгілерді қатаң сақтау қажет. Өте үлкен етіп құрастырылған кестеде толтырылмаған бос торлар болмауы тиіс. Егер мәліметтер болмаса, нүктелер (...) қойылады немесе «мәліметтер жоқ» деп жазылады, егер құбылыс болмаса, (-) таңба қойылады. Толтырылуы қажет емес торлар болған жағдайда, оларда (Х) белгісі қойылады.

7. Кестенің барлық бағандары мен жолдарындағы мәліметтер бірдей деңгейдегі нақтылықта болуы тиіс. Егер сандық мағына кестедегі қабылданған нақтылықтан аз болса, 0,0 қойылады.

8. Кестелерде сілтемелер болуы мүмкін, онда мәлімет көздері, түсіндірме беретін ескертпе, көрсеткіштердің толық жазылуы көрсетіледі.

9. Әдетте, кестелер тұйықталған болу керек, яғни, топтар, кіші топтар және жалпы кесте бойынша (қорытынды) қорытындылары болуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. СЭҚ статистикасы есебінің объектісі болып не табылады?

2. СЭҚ статистикасының жіктелімі

3. Кден статистикасының жіктелімі

4. Сыртқы сауданың кеден статистикасында бақылау мен зерттеудің пәні болып не табылады?

5. Кеден статистикасында экспорттың мінездемесі?

Негізгі әдебиеттер

1.ЌР кеден шекарасы арқылы, жеке тұлғалармен өткізіліп жатқан тауарларды және көлік құралдарын мәлімдеу тәртібі" 02.07.99 жылғы ҚР МКМ КК Инструкциясы.

2.Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. Учебное пособие. Алматы., 1997 г.

3.ҚР Статистика Агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.18.01 № 24 Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні; 2005.18.01. Мем.тіркелімдегі №22586

 

 

5 Дәріс Кеден органдарында және СЭҚ қатысушылардың құжаттарымен жұмыс жасауды ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты: «ведомствалық құжаттар» түсінігін анықтау,сонымен қоса оның тәртібін қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Құжаттардың жалпы сипаттамасы

2. Құжаттардың функциялары

3. Құжаттарды біріздендіру және стандартизациялау

4.Ұйымдастыру құжаттары – жарлық, ереже, нұсқаулықтар

5. Өкімдік құжаттар – қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, өкімдер

6. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

«Құжат» деген термин латынның «documentum» - дәлелдеме немесе куәлік деген сөзінен шыққан. Бұл сөз тиісті түрде ресімделген, сондықтан да заңды күші бар жазба көздерін білдіреді.

Түсіндірме сөздіктерде осы ұғымның түрлі аспектілерін көрсететін құжатқа мынадай әр түрлі анықтамалар беріледі: «Ұсынушының жеке басы туралы куәландаратын жазбаша ресми куәлік», «Қандайда бір тарихи оқиғалар, адамдар, кезеңдер және т.б. туралы куәландыратын хроникалар жазбалар және т.б. – тарихи құжаттар», «Заттай дәлелдеме; тарихтан материал болып табылатын ескінің қалдығы».

Ғылыми-техникалық ақпараттың есептеу техникасының дамуына байланысты құжаттардың жаңа нысандары пайда болған кезде, «құжат» ұғымы жаңа мағынамен толықты. Сонымен қатар, басып шығарылатын, жарияланатын ақпараттардың барлығы, яғни, кітаптарды, журналдарды, кітапшаларды және т.б. құжаттық деп атайды.

«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер және анықтамалар ГОСТ 16483-83 «Жалпы ұғымдар» деген тарауында құжатқа мынадай анықтамалар берілген: «Құжат – уақыт пен кеңістіккке тарату үшін адаммен құрастырылған тәсіл арқылы бекітілген материалдық объект».

Мемлекеттің және оны басқару аппаратының дамуына байланысты олардың қызметінің ерекшелігіне тән құжаттама жүйесі құрылуда. Сонымен қатар, басқару қызметінен тұратын құжаттардағы тіркеу әдістері мен тәсілдерін анықтайтын мекемелер мен ұйымдар қызметінің құжаттау жүйесі де пайда болды.

Мекемелердің қызмет саласының кеңеюіне байланысты олардың құжаттау жүйесінің функцияларына нақты мекемелердің құжаттық қызмет көрсетуі енді және олардың қызметінің құрылымына, масштабына және көлеміне қалыптасты. Осылайша, құжат ұғымының мазмұны ақырындап өзіне тар және кең көлемдегі заңды түсінікті, сондай-ақ тарихи ұғымды енгізді.

Қандайда болмасын, құжат ақпарат тасымалдаушысының тіркеу тәсілімен құжат атқаратын функциялардың және т.б. тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.

Іс қағаздарын жүргізу термині мекеменің басқару қызметін құжаттау және оларда құжаттарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың жиынтығын сипаттайды. Кез-келген тәсіл арқылы кез-келген материалға жазылған, өз қызметіне қолдану үшін кез-келген ұйымда кез-келген жеке немесе заңды тұлғалармен шығарылған және алынған ақпарат құжат ұғымын білдіреді.

Ресми құжат – ұйыммен немесе лауазымды тұлғамен құрастырылған және белгіленген тәртіпте ресімделген құжат. Лауазымды тұлға дегеніміз – билік басқарушысының функциясын жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-өкімдік не әкімшілік міндеттерді атқаруға байланысты лауазымды тұлға. Ресми құжаттың түпнұсқасы дегеніміз - ресми құжаттың алғашқы және бір ғана данасы.

«Түпқұжат» («Подлинник») сөзінің синонимі ретінде кейде «түпнұсқа» («оригинал») деген термин қолданылады, бірақ «түпқұжат» анықтамасы (анық, шынайы), «түпнұсқа» деген ұғымнан өзгеше мәнге ие. Түпнұсқалар – қайсыбір жеке немесе ұжымдық авторлардың алғаш құрастырылған құжаттары. Құрастыру процесінде олардың бірнеше редакциялары немесе нұсқалары болуы мүмкін; бірнеше дана болып құрастырылған түпнұсқалар көбейтілген деп аталады. Сыртқы пішініне қарай түпнұсқалардың мынадай түрлері болуы мүмкін: шимайжазба – автордың өзінің мәтінімен жұмысын көрсететін қолжазба немесе машинажазба; таза қолжазба - мәтіні шимайжазбадан қайта терілген немесе ешбір сызбасыз және түзетусіз жазылған қолжазба немесе машинажазба.

Түпнұсқаның түпқұжат болуы үшін, ол бланкіде белгіленген нысанға сәйкес құрастырылған болуы тиіс, куәландыратын деректемелері (қолы мен кейде мөрі), күні мен индексі болуы қажет. «Ресми құжаттың түпқұжаты» мен «түпқұжат» деген ұғымдарды айыра білу керек. Соңғысы құжаттың құрастырылған уақыты мен орны туралы немесе құжатта көрсетілген не қандайда бір жолмен анықталған автор туралы мәлімет дегенді білдіреді, яғни, барлық ресми құжаттың түпқұжаты түпқұжат болып табылады, бірақ барлық түпқұжат ресми құжаттың түпқұжаты бола алмайды. Түпқұжат – басқа құжаттың ақпаратын және оның барлық сыртқы белгілері мен олардың бөлігін құрайтын құжат.

Құжаттаманың дамуы «көшірме» деген ұғымның кең түрде саралап жіктелуіне әкелді.

Бәрінен бұрын, көшірмені үзінділер мен жіберілген көшірмелерге бөлуге болады. Үзінділер – бұл құжат бөлігінің көшірмесі (бұйрықтың үзіндісі, хаттаманың үзіндісі); жіберілген көшірмелер – бұл жіберілген құжаттардың көшірмелері. Жіберілген көшірмелердің кең тараған түрлері –хат алмасу кезінде автоматты түрде жазу машинкасында түпнұсқаны алу (екінші, үшінші және т.б. машинажазба даналар). Бірінші дана (әдетте, бланкіде басылып шығарылған) құжат ресімделіп (қол қойылып, тіркеліп) болған соң, түпқұжат болады, ал түпнұсқаның қалған даналары – көшірмелер немесе жіберілген көшірмелер болады.

Құжаттарды көбейтудің жаңа технологиясы автоматты түрде түпқұжатпен бірге көшірмелері алынатын және олармен толықтай ұқсас көшірмелердің пайда болуына әкелді.

Автоматты түрдегі (факсимилдік) көшірмелер – құжатты механикалық жолмен көбейту кезінде оған қол қою (факсимиле) толықтай шығарылады. Факсимилдік түпқұжаттар, әдетте, ешқандай куәландыруды қажет етпейді. Оларға факсті қолдану арқылы алынған құжаттар жатады.

Көшірменің ерекше түрі – фото және жарық көшірмелер, олардың ерекшелігі түпнұсқаның бейнесін анық шығарады. Бұл, сондай-ақ, автоматты түрдегі (факсимилдік) көшірмелер.

Қазіргі техниканың дамуына байланысты құжаттарды алысқа жіберу екі рет түпнұсқаның және құжаттар көшірмелерінің болуына байланысты. Телеграф және телефон арқылы беруге арналған немесе осы байланыс құралдары арқылы алынған телеграф, телефон байланысы кезінде екі құжат құрылады. Бұл құжаттар сипатына қарай бір құжат емес. Жіберілген жеделхатта қол қойылады, мөрмен расталады, яғни, оны түпқұжат ретінде сипаттауға болады, ал адресатпен алынған құжат - ол көбейтілген дана болып табылады. Түпқұжаттан тікелей алынған немесе автоматты түрде алынған көшірмелерден басқалары еселенген көшірмелер болуы мүмкін: «көшірмеден көшірілген көшірме», «көшірменің көшірмесінен көшірілген көшірме» және т.б. Көшірмелер кіммен куәландырылғанына байланысты ажыратылады.

«Көшірме» деген ұғым бұл сөздің шығу тегі көрсетіп тұрғандай (латын сөзінен - copia), көп деген мағынаны білдіреді.

Көшірмені алу техникасына қарай құжаттар қолма-қол, механикалық жолмен, машиналар мен аппараттар (кино-, фото-, фоноқұжаттар, машина оқу құжаттар) болуы мүмкін.

Көшірменің ерекше түрі – телқұжат. Бұл түпқұжаттың заңды күші бар көшірмесі. Телқұжат түпқұжаттың екінші данасы ретінде сипатталмайды, себебі ол құжаттың қайталануы, яғни, онда көшірме белгілеріне тән белгілер бар. Телқұжатты көбейтілген түпнұсқа ретінде бағалау дұрыс емес, өйткені телқұжатта кейде түпнұсқадан ауытқушылық болады (мысалы, телқұжатты милицияның басқа бөлімшесі беруі мүмкін және оған басқа адам қол қоюы мүмкін).

Шығу тегіне қарай іс қағаздарын жүргізуде пайда болған құжаттаманы ресми және жеке деп бөлуге болады. Ресми құжаттар мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның немесе олардың лауазымды тұлғаларының атынан құрастырылады.

Ресми түрде куәландырылған көшірмелер – түпқұжатқа сәйкес басқа лауазымды адаммен расталады және формальды түрде ілестіріледі (мөр қойылып, лауазымды тұлғаның қолы қойылады).

Нотариальдық көшірме дегеніміз – жеке тұлғамен жасалған көшірмелерді ресми лауазымды тұлғаның – нотариустың түпқұжатқа сәйкес растауы. Өз кезегінде, ресми құжаттар мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, жеке кәсіпорындардың құжаттары болып бөлінеді. Егер жеке кәсіпорындар заңды тұлға болса, барлық жағдайда да ресми құжаттармен жұмыс істейді.

Дипломатиялық көшірмелер – олардың атауы ежелгі актілерді зерделейтін көмекші тарихи пәндерді білдіретін «дипломатика» деген сөзден шыққан. Бұндай көшірмелер түрлі ерекшеліктері (ескі дұрыс жазу ережесі, қателер, тыныс белгілері және т.б.) бар құжатты көшіріп шығарады.

«Жеке құжат» және «жеке басының құжаты» деген екі терминді бірдей деп саюға болмайды.

Жеке құжат – адамның жеке басын, оның құқығын, міндеттерін, қызметтік немесе қоғамдық жағдайын куәландыратын және басқа да биографиялық сипаттағы мәліметтен тұруы мүмкін ресми құжат.

Жеке басының құжаты - адамның қызмет саласынан немесе қызметтік міндеттерін орындаудан тыс құрастырылған құжат.

Басқару қызметі процесінде құрастырылған құжаттар ақпарат мазмұнына, шығу тегіне, құрастырылған орнына, жасалу тәсіліне және т.б. қарай бөлінеді.

Мазмұнын беру тәсіліне қарай құжаттар көзбен көру (мәтіндік, кестелік, суреттеу) және есту арқылы мазмұнын елестеу болып екіге бөлінеді, олар үстіртін (мөрі жоқ), жеке адамдармен куәландырылған болады. Куәландырылмаған көшірмелер расталмаған болып табылады.

Арнайы құжаттарды қолдану аясының кеңеюіне байланысты құжаттамалар арнайы және жалпы болып бөлінді. Мәселен, арнайы құжаттама есептік, жоспарлық, статистикалық, техникалық және тағы басқа да түрлерге бөлінеді. Олардан басқа жалпы құжаттаманың ерекше түрлері де бар: олар басқарудың негізгі міндеттерін орындауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету үшін құрастырылған ұйымдастыру-өкімдік құжаттама. Ұйымдастыру-өкімдік функциялар әрбір басқару аппаратына тән, сондықтан бұл құжаттар ұйым қызметінің барлық саласына таратылады және салалық белгілері бойынша бөлінуі мүмкін емес. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттар арнайы құжаттамадағы ақпаратты нақтылайды, толықтырады және басқаратын және басқарылатын объектілер туралы жан-жақты ұсыныстар береді.

Тағайындалуына қарай құжаттар сол және өзге де фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды жазу құралы ретінде және ақпаратты алысқа және уақытында жіберу үшін қатынас, байланыс құралы ретінде, адамның жеке зияткерлік қызметін сақтау құралы ретінде қолданылады.

Құрастыру орнына қарай құжаттарды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Ішкі құжаттаманы мекеме өзінің қызметін құжаттау процесінде құрастырады, оның авторы сол мекеме болып табылады. Сыртқы құжаттама сырттан, басқа мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан және жеке адамдардан келіп түседі. Сыртқы құжаттаманың авторлары – басқа мекеменің адамдары.

Құжаттарда көрсетілген мазмұнның күрделілігіне қарай олар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым құжаттар дегеніміз – бір тақырыпты, бір нәрсені, бір мәселені көрсететін құжат.

Күрделі құжаттарда бірнеше мәселе, бірнеше тақырып, бірнеше нәрсе, бірнеше оқиға болады.

Ішкі және сыртқы құжаттаманың құрамында күрделі құжаттардың едәуір саны болады. Бұйрықтар, хаттамалар, жоспарлар, есептер, баянжазбалар және басқа да құжаттар күрделі құжаттар болуы мүмкін. Оларды дайындау, ресімдеу, орындау кезінде біраз уақыт кетеді, себебі құрылымдық бөлімшелердің және т.б. адамдарымен байланысты жұмыс жүргізіледі. Мұндай құжаттардың орындалуы және орындалуына бақылау жасалуы ақырындайды. Күрделі құжаттардың мазмұны бірнеше мәселелерді қамтитындықтан, құжаттың қандай іске жататындығын шешу қиын болады. Күрделі құжаттардың мазмұны, әдетте, не атауында, не істің сыртқы мұқабасында сипатталады. Сондықтан, әдетте, құжаттардың көбі қарапайым құжат түрінде құрастырылады. Қарапайым құжаттар ресімдеу, орындау, орындалуына бақылау жасау кезінде болатын қолайсыздықтарды жояды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 539; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.