Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БИЛЕТ №11




1. Жер құқығы түсінігі

 

Жер - бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі.

Құқықтық және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.

Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Жерге табиғи объект ретінде экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.

Жер құқығы әдістерінің түрлері:

1) диспозитивтік;

2) императивтік;

3) Диспозитивтік әдістің түрлері:

4) ұсынушы;

5) санкциялаушы;

6) құқық беруші;

Императивтік әдістің түрлері:

1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;

2) тыйим салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);

3) экологиялық әдіс.

Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.

Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.

Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1) Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;

2) ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;

3) Жер құқығының тарихы;

4) Жер құқығының қайнар көздері;

5) Жер құқығы қатынастары;

6) Жерге меншік құқығы;

7) Жер пайдалану құқығы;

8) Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;

9) Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;

10) Жер үшін төленетін төлем;

11) Сервитуттар;

12) Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзіреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;

13) Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры;

14) Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;

15) Жер даулары;

2. Құқық қорғау қызметі

Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі

1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңмен көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар көзделген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері

1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.

5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

 

Осы Заңның күші, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.

Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.

3. Салық, оның белгілері, түрлері

Салық - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

- Салық – ақшалай нысанды төленеді;

- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

- Салық – баламасыз сипатта болады;

- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;

- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;

- Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;

- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;

- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;

- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;

- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;

- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.

Салық түрлері

Акциздар. Акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады.

 

Жер салығы. Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.

Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар.

Корпорациялық табыс салығы. Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары, ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметтерін жүргізіп жатқан резидент емес заңды тұлғалар

қосымша құн салығы. ҚҰС дегеніміз – тауар (жұмыс, қызмет) өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем.

Көлік құралдарына салынатын салық. Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.

Cалыктар. Салық – мемлекет бекіткен, міндетті ақшалай немесе натурамен жасалатын төлем болып, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз және тұрақты түрде төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері. Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады. Экспортталып жатқан мұнай, газды конденсат үшін ренталық салық. Мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді.

әлеуметтiк салық. әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.

Б ИЛЕТ №12

1. Экологиялық құқық – құқықтың қайнар көзі ретінде

Экологиялық құқық (орыс. Экологическое право) — экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді.[1]

 

Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999), Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993), “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық Құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі.

ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

2. Экологиялык құқық — бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.

Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады.

2. Жеке еңбек шарты

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.

Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

Еңбек шартының мерзімі

 

Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;

белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;

істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі

Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады

Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ

Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі

Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

3. Мемлекеттік билік органдарының жүйесі

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).

Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.

Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.

Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 748; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.