Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 3 страница




Құқықтық қабiлет -құқыққа, бостандықтар мен мiндеттерге ие болу қабiлетi. Мұндай қабiлеттiлiк адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.

Әрекеттiлiк – адамның өз әрекетiмен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзi үшiн мiндеттер тудырып, оларды орындау қабiлетi. әрекеттiліктiң басты шарты кәмелеттiк немесе құқықтық нормадағы белгiлi жасқа толу болып табылады.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады.

2. Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.

3. Субьективтiк құқық - құқықтық қатынастардағы субьектiлердiң екi жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субьективтiк құқықтың алдындағы негiзгi мүдде – мақсаттар: бiрiншi - қатынастың күрделi мақсатын толық орындау; екiншi - көрсетiлген iс-әрекеттi дұрыс орындау; үшiншi - көрсетiлген мiндеттердiң дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртiншi - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екi жақты субьектiлердiң құқығы. Оған ешкiм кiрiсе алмайды.

4. Заңды мiндеттер. Субъективтiк құқық бар жердезаңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.

Заңға негiзделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары. Олардың түрлерi: оқиғалар және әрекеттер.

Оқиғалар - адамдардың ерiк-ықтиярынсыз пайда болады. Мысалы, адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi.

Әрекеттер - адамдардың ерiк-ықтиярымен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңдн әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.

Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетiн, субьектiлердiң құқықтары және мiндеттерiмен қабысатын мiнез-құлық. Заңды әрекет үш топқа бөлiнуi мүмкiн: жекелеген әрекет; заңды қылық; заңда көрсетiлген нәтиже тудыратын, әлеуметтiк мәнi бар заңды әрекет.

Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтiк құқықтарға нұқсан келтiредi, адамдарға жүктелген мiндеттерге сәйкес келмейдi.

Жоғарыда айтылғандай, қоғамдық мүдде мен мақсатты дамыту, нығайту үшiн мемлекет пен құқық көп жұмыс атқарады. Халықтың басым көпшiлiгi қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртiптi сақтауға, нығайтуға көп үлес қосадн. Өкінішке орай, сол қоғамдық мүдде-мақсаттарды қорғайтын толып жатқан нормативтiк кесiмдердi дұрыс орындамай, құқықтық тәртiптi бұзатындар да жеткiлiктi. Сондықтан олармен мемлекет ылғи да қатаң күрес жүргiзiп отырады.

Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауiптi, кiнәлi, жазаланатын әрекет немесе әрекетсiздiк.

Құқық бұзудың өзiне тән ерекшелiктерi:

- нормативтiк актiлердi дұрыс орындамау;

- қоғамға, тұлғаға қауiптi, кiнәлi iс-әрекет;

- қоғамдық тәртiпке, мақсатқа зиян келтiру.

Құқықты бұзудың объективтiк және субъективтiк жақтары болады. Объективтiк жағы - нормативтiк кесiмге келетiн қарсы – iс-әрекет және

оның зияны; терiс қылық пен зиянның арасындағы байланыс.

Субъективтiк жағы - терiс қылық жасаған адамның есiнiң дұрыстығы, оған қоса әрекет қабiлеттiгi болуы.

Құқықты бұзушылықтың мазмұны төрт бөлiмнен тұрады:

1. Құқықты бұзудың объектiсi - құқық арқылы реттелетiн, қорғалатын қоғамдық қатынастардың түрлерi;

2. Құқық бұзудың субъектiсi - жеке немесе заңды тұлғалар;

3. Объективтiк жағы - терiс қылық және оның зияны;

4. Субъективтiк жағы - терiс қылық жасаған субъектiнiң кiнәсінің (қасақана және абайсыздықтан) анықталуы.

Құқық бұзушылық терiс қылық жыне қылмыс болып бөлiнедi.

Терiс қылық құқықтың саласына сәйкес бiрнеше түрге бөлiнедi: әкiмшiлiк терiс қылық, азаматтық терiс қылық, тәртiптiлiк терiс қылық.

Қылмыс - өте зиянды, қауiптi құқық бұзушылық. Сондықтан оған қарсы өте қатаң жауапкершiлiктiң түрлерi қолданылады.

Құқық бұзып, кiнәлi болған субъектiге мемлекет өзiнiң мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кiнәлi субъектiнiң жеке өз басы мүлiктiк шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседi. Заң бойынша жауаптылықтың екi түрi болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкiмшiлiк немесе тәртiптiк терiс қылық жасағанда қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу - жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы ерiксiз қалпына келтiруге мәжбүр ету.

Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана туындайды. Жауапқа тартылушы тұлға мемлекеттiң мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендiгi анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға құқылы. Жауапқа тартылушы адам өзiн заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге құқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың процессуалдық ережелерiн бұзса немесе оған нұқсан келтiрсе, олар жауапқа тартылуға тиiстi.

Осн қағидаларды әдiлеттi орындау үшiн мемлекеттiң алдында екi жауапты мiндет тұрады. Бiрiншiсi, ешкiмдi кiнәсiз жауапқа тартпау, азаматтардың бостандығына, адамгершiлiгiне, құқығына жазықсыз зиян келтiрмеу. Екiншiсi, қылмыскерге өз кiнәсiне сай заң бойынша әдiл жазасын беру, қажет болса бас бостандығынан айыру.

 

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

Құқық негіздері пәні және оның жүйесі деген мәселені қалай түсінесің?

Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын қандай теорияларды білесің?

Мемлекет пен құқықтың қандай байланысы бар?

Құқық және заң дегеніміз не және олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Құқықтық норма дегеніміз не?

Мемлекеттің пайда болуының қандай модельдерін білесің?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы.- Алматы 1997 ж

Дулатбеков Н.О. «Мемлекет және құқық негiздерi», Астана 2001ж

Мемлекет және құқық тарихынан. 2 – кiтап. Алматы; «Жетi жарғы», 1998ж.

Нысаналы А. Толе би./Егемен Қазақстан, 1991ж.

Қазақ ҚСР-iнiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация (25.10.1990)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (16.12.1991ж).

 

 

ҚР Конституциялық құқығының негіздері

Лекцияның мақсаты: адам құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі құқықтық құжатқа жан жақты талдау жасау

Конституция ұғымы, даму кезеңдерi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Ата Заң.

Халықтың билiк етуi.

Егемендiк, тәуелсiздiк ұғымы.

ҚР территориялық-әкiмшiлiк бөлiнiсi.

 

Конституциялық құқық – мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның құрылымын адам мен бостандықтарын бекітетін және басқа маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін ең негізгі, бастапқы мәртебеге ие нормалардың жиынтығы.

« Конституция» деген сөздiң латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды бiлдiредi. Ежелгi Римде император билiгiнiң кейбiр актiлерi осылай аталған. Ең бiрiншi конституция дүние жүзiнде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейiн қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бiрiншi конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған.

Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:

- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;

- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;

- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;

- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;

- тұрақтылығы.

1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кiрген одақтас республикалар егемен, тәуелсiз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар:

1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.

3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.

Аталған конституциялық кесiмдер Қазақстанның тәуелсiздiгiн, дербестiгiн жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негiздерiн қалады.

Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.

Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi.

Сонымен конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының құқық жүйесі саларының бірі және конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар пәнін құрайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және халықтың билік етуі. Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық. Халыққа негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай-ақ Парламент депутаттарын тікелей және жанамалап мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын – Президентті сайлайды. Қазақстан Республикасында билікті ешкім иемденіп кете алмайды және иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша егемендік, тәуелсіздік ұғымы. Республиканың егемендігі – мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні болып табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттің азаматтарын жалпыға бірдей тең құқықпен мемлекеттік-құқықтық бірлікке топтастырып отырған Қазақстан Республикасының осындай егемендік жайына толық сипат бере алады.

Егемен мемлекет – мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы қызметтерін басқа мемлекеттердің ықпалынсыз өз тәуелсіздігін және дербестігін сипаттайтын қасиеті.

Мемлекеттік биліктің біртұтастығы Қазақстанда тәуелсіз, толық тұтас билігі бөліктерге бөлінбейтін бір ғана мемлекеттік биліктің болуы және оның бар екендігін білдіреді. Республиканың мемлекеттік билігінің үстемдігі еліміздің бүкіл аумағында бір орталыққа бағындырылған құқықты тәртіпті орнықтырып, ұстап тұру, лауазымды адамдар мен азаматтарға құқық пен міндеттерді үлестіру, ұжымдарды заңды құқығы бар мекеме деп тану жөніндегі оның шын мәнісіндегі қабілетін көрсетеді.

Егемендіктің екінші бір белгісі мемлекеттік биліктің біртұтастығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау прициптеріне сәйкес жүзеге асырылады» делінген.

Егемендіктің маңызды белгісі мемлекеттің тәуелсіздігі, яғни басқа мемлекеттерден дербестігі болып табылады. Ешқандай басқа мемлекеттің Қазақстанның ішкі ісіне араласуға құқығы жоқ, өйткені ол егеменді ел.

Қазақстан Республикасының территориялық-әкімшілік бөлінісі. Әрине, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуге және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін атрибуттары болғанда ғана мемлекет дербес және егемен бола алады. Оның бір атрибуты – аумағы. Сондықтан, шекарасы айқын белгіленген аумағы мемлекет егемендігінің елеулі белгісі болып табылады.

Егемен Қазақстан Республикасы өзінің әкімшілік-аумақтық құрылуын өзі белгілейді. Осы мәселені реттеудің құқықтық негіздері Конституцияда (2-бап, екінші тармақ), Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылуы туралы Заңда және басқа құқықтық нормативтік актілерде бекітілген.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылу жүйесіне әкімшілік-аумақтық бірліктер: ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, аудан, облыс кіреді.

Республикалық және жергілікті мүдделері басынан бастап тиімді үйлестіре жүргізетін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы басты екі санатқа – аймақтық және елді мекендер санаттарына бөлінеді.

Аймақ – республика аумағының бірнеше елдімекендерді қамтитын бөлігі. Облыс, аудан және ауылдық округтер аймақтар болып табылады. Олар республиканың әкімшілік-аумақтық құрылуының негізгі буындары.

Елдімекендер – 1) ол республика аумағының халық тығыз орналасқан; 2) адамдардың шаруашылық және өзге қоғамдық қызметінің нәтижесінде жинақталған; 3) тұрғындары 50 адамнан кем болмайтын; 4) белгіленген заң тәртібімен есепке алынған және тіркелген; 5) жергілікті өкілдік және атқару органдарымен басқарылатын бөлігі. Елдімекендер қалалық және ауылдық елдімекендерге бөлінеді.

Қалалар: 1) республикалық дәрежедегі қалаларға бөлінеді, оған тәртіп бойынша бір миллионнан астам халқы бар, ерекше мемлекеттік дәрежеде мәні бар қалалар жатады; 2) облыстық дәрежеде мәні бар қалалар, оған 50 мыңнан асатын халқы, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдары бар ірі экономикалық жіне мәдени орталықтар болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін; 3) аудандық дәрежедегі қалалар, оған аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылық объектілері, дамыған оқу, мәдени-ағарту желілері бар, халқы 10 мыңнан кем болмайтын елді мекендер жатады. Кенттерге үш мыңнан асатын халқы, өнеркәсіп орындары, құрылыстары, теміржол станциясы бар елді мекендер жатады.

Ауыл (село) – халқының саны 50 адамнан кем болмайтын, оның жартысының көбін ауылшарушылығымен айналысатын жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері құрайтын елді мекндер. Халқының саны 50 адамға жетпейтіндері оған жақын орналасқан елді мекендердің құрамына кіреді.

 

 

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

 

Конституция және конституциялық құқықты қалай түсінесің?

Қазіргі кездегі біздің қолданып жүрген конституция қашан қабылданды?

Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден қандай ерекшелiктерi бар?

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Сапарғалиев Ғ., Ыбыраева А. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,1998.

Нысаналы А. Төле би.\ Егемен Қазақстан, 1991, 30 қараша.

Дулатбеков Н.О. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша хрестоматия.-Қарағанды: ҚарМУ, 1994.

Бейсенова А., Бiржанова В. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негiздерiн оқып-үйренушiлерге көмек: Оқу - әдiстемелiк құрал.-Алматы,1997.

 

ҚР мемлекеттік басқару негіздері

Лекцияның мақсаты: мемлекеттің басқару аясында туындайтын қатынастардың құқықтық реттелу негізін қарастыру

Әкiмшiлiк құқықтың түсiнiгi, пәнi және негiздерi.

Әкiмшiлiк құқықтық нормалардың анықтамасы.

Атқару билiгi органдарының функциясы

Қазақстан Республикасындағы салааралық және аймақтық басқару

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң негiзгi қызметтерi

Атқарушы билiктiң орталық органдары.

Әкiмшiлiк құқық - мемлекеттiк басқарушы органдардың басқарушы-жарлықшы қызметiн реттейтiн құқықтық рәсiмдер жиынтығы.

Әкiмшiлiк құқықтың пәнiне мына қатынастарды:

- мемлекеттiк атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастарды;

- әкiмшiлiк билiктi жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттiк органдардың азаматтар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдармен бiрлескен iс-қимылы;

- әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жатқызуға болады.

Әкiмшiлiк құқықтың негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық» кодексi және басқа да құқықтық-нормативтiк кесiмдер жасайды.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар дегенiмiз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етiлген iс-қимылды және атқару билiгiндегi қоғамдық қатынастарды реттейтiн ережелер.

Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң әкiмшiлiктерi жатады, ал Әкімшілік құқықтың субъектілеріне азаматтар, ҚР Президенті, Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер жатады.

Басқарудың құқықтық актісі дегеніміз- бұл өкілетті орган (лауазымды адам) тиісті белгіленген рәсіммен шығаратын мемелекеттік биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты ісін шешетін, кімге арналса, соның мінез-құлқын жекелеп айқындайтын заңға тәуелді заңдық акт.

Басқарудың құқықтық актілеріне төмендегідей талаптар қойылады: оны құзіретті орган қабылдауы керек, мән-мағнасы бойынша заңның өзіне, оның мақсатына сәйкес келіп және процессуалдық талаптарға сәйкес қабылдануы тиіс.

Мемлекеттік басқаруға келсек ол қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің ісін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатысуымен іске асырылады.

Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға іс-жүзінде және тікелей басшылық жасауға бағытталған атқару, бөлу, заңдық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.

Сонымен мемлекеттік басқару - заңдарды орындау барысындағы, объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 2213; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.076 сек.