Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 7 страница




 

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

 

Қаржы құқығы және қаржылық қатынастар дегеніміз не?

Қаржы құқығы қандай әдістер арқылы реттеледі?

Қаржы құқығы қандай мемлекеттік органдар арқылы өз өкілеттіліктерін жүзеге асырады?

Салық құқығы дегеніміз не және салықты қалыптастыру әдістеріне қандай әдістер жатады?

Бюджетті қалыптастыру әдістеріне не жатады?

Қазақстан Республикасында салықтың қандай түрлері бар?

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2004 ж.

Оспанов Қ. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы, 2007 ж.

Худяков А.И. Налоговое право РК. Общая часть. Учебник Алматы: Норма-К, 2003

Налоги и налоговое право. Учебное пособие. / Под ред А.В.Брызгалина. – Москва: Аналитика-Пресс, 2002

Основы налогового права. Учебник. / Под.ред. С.Г.Пепеляева. Москва: Юрист. 2001

Худяков А.И. Финансовое право РК. Особенная часть. Алматы: Норма-К, 2002. Раздел 2. Налоговое право

 

 

ҚР еңбек құқығы негіздері

Лекцияның мақсаты: қоғамның кез келген саласындағы еңбектің, қызметтің құқықтық негізін қарастыру

Еңбек құқығының түсінігі

Еңбек заңына бойынша қызметкерлерге жалақы төлеу

Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары

Еңбекті қорғаудың қүқықтық шаралары

 

Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында «әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында жол беріледі.

Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар» екендігі айқын бекітілген.

Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар.

Сонымен қатар, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге, қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар да реттеледі.

Еңбек құқығының қайнар көздері Қазақстан Республикасына, 2007 жылдың 15 мамырында қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан былай «Кодекс» және басқа құқықтықтық – нормативтік кесімдерге негізделеді. Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімдерден, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.

Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып табылады. Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға, ал қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.

Еңбек шарттары. Еңбек қатынастары олардың арасында жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Қызметкерлердің еңбек құқын заң жүзінде реттеп отыру қажет. Мұнсыз олардың көкейтесті мүдделерін қорғау мүмкін емес. Олай болса, біз құқықтық ұйымдастыру шараларының негізгі түрі еңбек шарты арқылы осы міндеттерді іске асыра аламыз.

Заңдарда, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайдарда, еңбек шартын жасау алдында төмендегілердей:

1) лауазымға сайлану (сайлау);

2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;

3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;

4) заңда уәкітеттік берілген органдардың белгіленген квота есебінде жұмысқа жіберіу;

5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.

Сонымен, еңбек шартықызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді

Елімізде тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады, ал нврықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалған. Оған мемлекет тарапынан қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласында мемлекеттік кепілдіктер:

- айлық жалақының ең төменгі мөлщері;

- Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін;

- еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын;

- үстеме үшін ақы төлеуді;

- мереке және демалыс күндердеріндегі жұмыс үщін ақы төлеуді;

- түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;

- жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;

- жалақының толық және уақытылы төленуін және еңбекке ақы төлеу сласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуының мемлекеттік бақылауды;

- жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

Сонымен еңбекке ақы төлеу дегеніміз Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымжық шартқа және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қаматамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі болып табылады.

Қызметкерлердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.

Еңбекке ақы төлеудің жүйесі:

1) тарифтік ставкаларды (айлықақыларды), тарифтік торлы, тарифтік коэффиценттерді;

2) тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді;

3) аралас жүйеде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.

Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйақы беру жүйесін және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алатыны Кодексте көрсетілген.

Сонымен қатар Кодекске сәйкес еңбекке ақы төлеу, мына қағидалар бойынша жүзеге асырылады:

а) еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу пайызы мөлшерінде қосыша ақы төленеді;

ә) түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі;

б) мереке және демалыс күндердегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі;

в) жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көрсетіледі;

г) жұмыс берушунің кінәсінан жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары еңдек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жадақысының елу пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс;

д) қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі, ал оның өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауы тиіс және т.б.

Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы. Бұндай көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі заңнамалық кесімдерде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін (тәртіптік теріс қылық) жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынандай түрлерін қолдануға:

ескерту жасауға;

сөгіс беруге;

қатаң сөгіс беруге;

заңда көрсетілген жағдайларда жеке еңбек шартын бұзуғақұқылы. Осылардан басқа тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді.

Тәртіптік жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етілуге тиіс, ал жаза теріс әрекет байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей колданылады және оны теріс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып жарияланады.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау қайғылы жағдайлардан және өндірісте жарақат алудан алдын ала сақтандыруға, қауіпті және залалды өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған басты принциптер, меншік нысандарына қарамастан, шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың бәріне бірдей белгіленген және жаңадан қабылданған Кодексте толық айқындалған.

Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйін, ал еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

 

Еңбектік құқығын қандай заңдар реттейді?

Еңбек заңы бойынша азаматтар қанша жастан бастап еңбек етуге құқылы?

Жеке еңбек шартын қалай түсінесің?

Еңбек шарты қандай мерзімдерге бекітіледі?

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін немесе еңбек міндеттемелерін орындамағаны үшін қандай жазаның түрлері қолданылады?

Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз не және бұл қызмет түрі қандай заңдармен реттеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы- Алматы, 2002 ж

Ахметова Г. Еңбек құқығы Оқулық. Нұр-пресс, Алматы 2007

 

Экология және жер құқығы негіздері

Лекцияның мақсаты: экология, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық құралдарға тоқталу, сондай ақ жер қатынастарының құқықтық негізіне тоқталу

Экологиялық құқықтың түсінігі мен негіздері.

Жер құқығының ұғымы.

 

Экологиялық құқық - табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықгық нормалардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және 2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» (бұдан былай «кодекс») мен өзге де құқықтық нормативтік кесімдерден тұрады. Бұлар қоршаған ортаны қорғаудың (ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, табиғи ресурстарды) құқықтық негіздерін белгілейді, табиғатты қорғауды реттейтін құқықтық нормалардың тағы бір түрі - жер құқығы, яғни жер қүқығының пәні жер қатынастары және т.б. болып табылады.

2003 жылғы маусымның 20 сындағы Қазақстан Республикасының жер кодексінің 12-бабына сәйкес жер – Қазақстанның егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады деп айқындалады. Жерге планета, планетаның бет қабаты (аумағы, ландшафтары) және топырағы (жер қыртысы) жатады.

Жер-топырағы табиғаттың ерекше өзіндік қасиеті бар бөлігі. Ол иеленудің, пайдаланудың және қорғаудың объектісі. Топырақты жер экологиялық, экономикалық және мәдени- сауықтырушылық қызметтер атқарады. Оның экологиялық маңызы тірі және өлі табиғатпен, атмосфералық ауа, су және жер қойнауымен табиғи байланысты жүзеге асырады, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің нәрлік болып табылады. Осыдан барып жерді нашарлататын әрекеттердің барлығына жол бермеу шаралары-жер заңының негізгі бөлігі болып саналады, яғни жерді құқықтық қорғау деп аталады.

Қазақстан Республикасында жер қоры нысаналы мақсаттарына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

елді мекендердің жері;

өнеркәсіп, қөлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шарашылығы мақсатына арналмаған жер;

ерекше қорғалатын аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

орман қорының жері;

су қорының жері;

босалқы жер.

Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.

Жер қойнауы топырақ қабатынан, ол жоқ болса-жер бетінен және су қоймаларының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі болып табылады.

Жер қойнауы жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргізгенде пайда болатын қатынастар негізінен 1996 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығымен және басқа құқықтық-нормативтік кесімдермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының су заңдары Конституцияға негізделіп және 9.07.2003ж. Қазақстан Республикасының Су кодексінен, т.б. нормативтік құқықтық кесімдерден тұрады.

Осы нормативтік актілердің міндеттері су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, су қатынастарын реттеу, негіздерін қамтамасыз ету, су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау және су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шарушылығы құрылыстарын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару болып табылады.

Жануарлар дүниесі республикамыздың табиғи байлықтарының маңызды құрамдас бөлігі. Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықытық ережелері-жануарлар тобын қорғау және пайдалануды білдіреді.

Осыған орай жануарлар дүниесі: жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қатері төнген, жануарлардың аң аулау объектілері болып табылатын, жануарлардың балық аулау объектілері болып табылатын, жануарлардың (аң аулау мен балық аулаудан басқа) өзге де шаруашылық мақсатында пайдаланатылмайтын, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар және жануарлардың халық денсаулығын сақтау, шаруашылық және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, халық шаруашылығына зиян келтіруіне жол бермеу мақсатында бас санын реттеп отыруға жататын мақсатты түрлерге бөлінеді.

Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту және қорғау туралы заңдар қатарына Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік кесімдер жатады. Оның негізгісі 2004 ж. 9 шілдеде қабылданған ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы болып табылады.

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

 

Экология деген ұғымды қалай түсінесің?

Экологиялық қатынастар қандай жағдайларда пайда болады?

Экология құқығының қайнар көздеріне не жатады?

Экология құқық бұзушылық пен экологиялық жауапкершілік деген мәселені қалай түсінесің?

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

Стамқұлов Ә.С. Жер құқығы. Жалпы бөлім, Оқулық Алматы: Нұр-пресс, 2007

Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2004 ж.

Оспанов Қ. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы, 2007 ж.

 

ҚР процессуалдық құқығы негіздері

Лекцияның мақсаты: қоғамға қауіпті іс әрекеттерді жою, алдын алу үшін қызмет атқаратын нормалардың іс жүзіне асырылуына тоқталу

Қылмыстық құқықтың түсінігі және белгілері.

Қылмыстың ұғымы.

Қылмыстың құрамдарының түсінігі.

Қылмыстық жазалаудың түрлері

Қылмыстық процесті жүргізудің тәртібі.

 

Кылмыстық кұқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Қылмыстың түсінігі мен белгілері. ҚР ҚК 9-бабына сәйкес қылмыс осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әректсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыс әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі. Ол адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әректсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 4119; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.