Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы сипаты 4 страница. Дән тазартып жатқанда жел иесін дауыстап «Мірхайдар, кел, Мірхайдар» деп шақырған




 

Су ішінде Сүлеймен,

Судан балық тілеймін.

Алабұға, майбас,

Қармағыма жармас,

Қабандай қап, балық,

Қармағымды тарт, балық[99],-

деген.

Дән тазартып жатқанда жел иесін дауыстап «Мірхайдар, кел, Мірхайдар» деп шақырған. Ә.Диваев «Жел шақыру» өлеңінің мәтінін орыс тілінде аударып бастырған, өкініштісі, сол мәтіннің қазақша нұсқасы сақталмаған:

О, Жалаңаш ата, жел шақыр,

Көтерілсін қара тұман боп,

Құйын болып, боран боп,

Үрлесін жалба-жұлба етіп, жалаңаштап

Жарқырау үшін оның денесі,

Мен таба алмаспын басқа жол

Сабаннан тазалау үшін тартылған дәнді

О, Жалаңаш ата, жібер оңтүстік-батыстан

Гуілдеген қызыл желді[100].

 

Бұрын шығырдың да тәңірі бар деп иланған. Т.Сейдалиннің жазуына қарағанда, Торғай өңіріндегі Сейітқұл қыпшақ бастаған егіншілер атаулы мейрамында Құдай және Әлі Шынарға бағыштап, құрбандық берген, сол кезде орындалатын өлеңі:

 

Шығырдың шын атасы - Әлі Шынар,

Шынарға сыйынбасаң, шығыр сынар.

Әліге Шынарменен шын сыйынсаң,

Қашанда Тәңірі оңғарып, ісің тынар[101].

 

Диқан бабаны ашуландырып, қаһарына тиюден, обал-сауаптан, киесінен қорыққан қазақ нанды жерге тастамайды. Нанды қасиет тұтқандықтан «Егер баланың бойы нанға қолы жетпесе, Құранды табанға қойып алуға болады, ал, Құранға қолы жетпесе, нанды табанға қойып алуға болмайды» деген түсінік орныққан. Сондай-ақ нанды екі саусақтың арасымен қысып алуға болмайды, ауыздағы жеп отырған нанды түкіріп тастауға болмайды, теріс қоюға болмайды, үстіне зат қоюға болмайды, кесілген нанды, болмаса, жеп отырған нанды шертуге, бір қолмен үзіп жеуге болмайды, нанды кеудесіне қойып турауға болмайды, т.с. тыйымдар туындаған.

Диқаншы үшін астан кейінгі қадірлісі – еңбек құралы. Ел аузында кетпеннің теміріндегі доғал тесік жөнінде мынадай аңыз айтылады: «Көне замандарда бір диқаншы жігіт аңдаусызда жыланды өлтіріп алыпты. Жылан ордалы жылан екен. Өлген жыланның кегін қайтармаққа ордаластары жігітті іздеп шығады. Бұны сезген жігіт жан сауғалап қашыпты. Ордалы жыландар жігіттің ауыл-аймақ, туған-туыстарын түгел жалмапты. Жігіт амалы таусылып, көрші ауылдағы дана қариядан амал сұрайды. Сонда қария: - Балам, сені бір құтқарса қолыңдағы кетпенің құтқарады, осыны қалқан қылып жат, - деп, жігітті тоғыз кетпенмен және күлше нанмен жауып тастапты. Бірақ жыландар жігіттің жасырынған орнын тауып, оқша атылыпты. Алайда, тоғыз кетпенді тескенімен, нанды тесіп өте алмай, өздері жан тәсілім етіпті. Осылайша, жігіт дана қарияның ақылының арқасында аман қалыпты. Кетпеннің теміріндегі тесік осылайша пайда болыпты деседі»[102].

Егін егу барысында еңбекке жаңа араласқан жасқа елге қадірлі, егіні бітік шығатын қарт диқанның құралы (күрек, кетпен, т.б.) беріледі. Бұл жаңа туған нәрестенің бесігін елге сыйлы, көп ұрпақ өсірген ананың аттағаны (мінгені), дүниеден озған қадірлі қарияның киімдерінен оның жасын, сый-құрметін берсін деп жыртыс бергені секілді көшпелі ғұрып.

Диқаншылықты атадан балаға мирас етіп келе жатқан адамдардың еңбек құралдары да – ең қастерлі заттардың бірі. Бақилық болған диқаншының тұтынған еңбек құралдары да өзінің ізін басқан ұрпақтарына немесе осы кәсіпті меңгерген талапты жасқа табысталып отырады.

Күрішті өсірушілер арасында осы дақылды тыныштықты сүйеді, адамның көңіл-күйі дақылдың өсіп-өнуіне әсер етеді деген түсінік қалыптасқан. Күріш көңілді жүріп, ән айтқанды, өзімен сөйлескенді ұнатады деген деректер де кездеседі.

Кейбір мифологиялық түсініктер әңгімеде емес, ырымда ғана бой көрсетеді[103]. Диқаншылық кәсіптегі ең маңызды нәрсе – егінді бітік шығарып, мол өнім алу. Қауын-қарбыз егушілер дақылдың құр жапырақтанып (еркектеніп) кетпей, өнімді көбірек беруі үшін көп құрсақ көтерген әйел адамның іш киімімен пәлектерді ұрып-қағып шығады. Мұндай ырым мақта өсірушілерде де бар[104]. Пияз егушілерде де осы ырым сақталған[105]. Бұл дақылды егушілердің басты мақсаты – мол өнім алумен бірге дақылдың ащы, иісті болуы. Сол себепті де кей жерлерде осы дақылды ырым бойынша адам өз бойынан жел шығарып барып, егеді. Осылай етсе иісі өткір, таза болады деп сенген.

 

 

2-ТАРАУ. ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР

§1. Маусымдық ғұрып фольклоры

Басқа халықтардағыдай қазақ халқында да тұрмыс-тіршіліктің салаларына қарай әр алуан мереке болған. Ондай мерекелер шаруашылықтың ыңғайына қарай жылдың әр мезгілінде мейрамдалған. Сол себептен олар маусымдық сипатты болған. Әлбетте, мерекелер кезінде неше түрлі ойын-сауық, ырым-кәде, ән мен жыр орындалған және бұлар белгілі бір еңбек-кәсіпке байланысты болған, сондықтан сол еңбектің үстінде, я болмаса оның алдында атқарылған. Еңбектің түрі мен жылдың мезгіліне қатысты болғандықтан ол мерекелер кезінде орындалатын өлеңдердің тақырыбы да, мазмұны да әр алуан әрі нақты. Мұндай мерекелерді, шығармалар мен ғұрыптарды орындалу мезгіліне қарай көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы, ал тақырыбына қарай бақташылық, егіншілік және діни деп, шартты түрде болса да, жіктеуге болады. Көктем мезгілі – малшыға да, егіншіге де өте маңызды, тағдырлы маусым.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1093; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.