Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Теміреткі темірден 3 страница




Сонымен қазақ тұрмысы мен фольклорында алғыстың орнын бата басқаны көрініп тұр. Рас, алғыс әлі де үлкендер тарапынан жастарға бағытталып айтылып жатады, бірақ ол өмірде ерте замандардағыдай үстем емес және дәстүрлі фольклорда алғыс пен бата, тіпті, жалбарыну мен қарғыс та араласып кеткен. Сондықтан кей жағдайда оларды дөп басып, дәл ажырату оңай емес. Оларды ажыратудың ең басты белгісі – сөздің қай кезде, неге байланысты айтылатындығы және кім айтатыны әрі ол сөзін кімге арнайтындығы. Міне, осы тұрғыдан келгенде, мәселен, алғыстың айтылуы мен батаның берілуі екі бөлек. Алғысты үлкен адам біткен істің соңында жасқа арнайды, ал, бата белгілі бір істің басталар алдында, я болмаса кейде аяқталған соң айтылады. Айталық, алыс сапарға шығарда, немесе үлкен бір іске кірісерде, малды құрбандыққа шалар сәтте, ас ішердің алдында, кейде тамақ ішіп болған соң, т.б. Рас, тамақ ішіп болған соң айтылатын тілекті бата деу шартты, себебі оны «ас қайыру» деп атайды. Әдетте, бұдан кейін дұға (Құраннан) оқылады. Атқарылатын іс-әрекеттің түріне және айтылу ситуациясына қарай батаның бірнеше түрі болады: жолға шығардағы бата, дастарқан батасы, шай батасы, үйленген екі жасқа бата, тұсаукесер батасы, бесікке салу батасы, келінге бата, Наурыз батасы, т.б.[346] Осыған байланысты батаның тақырыбы мен мазмұны әркелкі болып келеді.

Ерте заманда батаны көптің алдында да, жеке адамға да айтатын болған. Топ алдындағы батаны көбінесе елге сыйлы, жасы үлкен ақсақал айтқан, ол жиналған көпшіліктің атынан үй иесіне немесе той, ас иесіне бата берген, сонымен бірге батасын, бір жағынан, сондағы қауымға да арнаған. Ал, жеке жердегі бата нақты бір адамға беріліп, оған игі тілектер, жақсылық айтылған. Мұндай батаны көп жағдайды әкесі баласына берген. Оның мысалын эпостық жырлардан көруге болады.

Бата берудің өз жоралғысы бар. Бата беру өте құрметті іс деп саналады, өйткені, бата – қасиетті сөз деп есептеледі. Сондықтан бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Сол кезде ақсақал әуезді үнмен мәнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен өлеңдетіп, бата береді. Бата аяқталғанда жиналған қауым бір ауыздан қуаттап, «Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деп, бет сипап, ырыми қимыл жасайды. Яғни айтылған ақ тілекті, жүзеге асқалы отырған рәсімді заңдастырып, куәландырады деуге болады.

Батаның қасиетті саналатыны оның атауы – Құранның бірінші сүресі «Фатихадан» туындаған[347]. Мұны баталардың мәтінінен де көруге мүмкіндік бар:

Менің берген фатихам,

Жаман қатынды алмаңыз деп,

Өтінемін, асылан[348].

 

…Аллаң жар болсын,

Фатихам қабыл болсын.

 

 

Кеткенің келіп,

Кемтігің толсын[349].

 

Бата да жанр ретінде әу баста сөз магиясына сенуге байланысты пайда болғандықтан онда әдемі сөздермен құт-ырыздықты шақыру, Тәңір иелерден шарапат сұрау, тілеу, кесір-кесапаттан сақтану, қорғану сарындары айтылады. Батагөй көпшіліктің атынан Аллаға, пайғамбарға, періштеге, әулие-әнбиелерге сыйынады. Қыдыр ата, Қамбар ата, Шопан ата сияқты көптеген киелі бейнелерге сөзін арнап, бата сұраушыға тілек білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ол қауым мен тылсым иелерді жалғастырушы, дәнекерші қызметін атқарады. Мысалы:

 

…Шәрияр болсын достасың,

Мұхаммед болсын қостасың.

Қыдыр болсын жолдасың,

Лұқпан болсын құрдасың[350].

 

Жылқышы ата – Қамбар,

Мінгенің жирен шабдар.

Мыңды айдатып, жүзді байлатсаң,

Сенен басқа нем бар?![351]

 

Батагөй кейде осы ие-киелердің де атынан тікелей үн қатып, қалың қауымды үміттендіріп, айтылған барша тілектің айдай орындалатынына кепілдік бере сөйлейді:

 

Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай,

Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай...[352]

 

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

Жарылқайын деп келеді,

Кішкене ғана сабыр ет![353]

 

…Менің берген батам емес,

Бұрынғы пайғамбардың берген батасы:

Оның болмас қатасы![354]

 

Демек уақыт тұрғысынан алып қарағанда, батагөй осындай керемет сөздері арқылы алақан жайып отырған бүгінгі қарапайым халықты ежелгі мифтік қасиетті дәуірдің өкілдерімен тоғыстырады да, оның батасы киелі саналып, өзі де дуалы ауыз, қасиетті жанға айналып кетеді.

Қазақ батасының бас кейіпкерлерінің бірі – Қыдыр ата.

 

Менің атым – Сарыбай,

Сақалыма сары май.

Таң мезгілі болғанда,

Төсегіңнің басынан,

Жастығыңның астынан,

Бөденедей пырылдап,

Бозторғайдай шырылдап,

Саралақаздай қайқақтап,

Құнан қойдай жайқақтап,

Қыдыр келіп дарығай[355]…

 

...Асың, асың, асыңа,

Берекет берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа!

Осы тұрған боз үйге

Қыдыр ата дарысын[356].

Қыдыр атахалық түсінігінде ақ киімді ақсақал немесе кезбе кедей, дәруіш кейпінде бейнеленеді. Ол адамдарға өңінде кездеспесе, түсінде аян арқылы көрінуі мүмкін деген наным бар. Кей аңызда оның көзі соқыр, ол жарыққа құштар, сондықтан ел Қыдырмен жолығу үшін шырақ жағып, ырым жасайтын болған. Ол мәңгілік жасайды, себебі өліп, қайта тірілген немесе Ескендірмен бірге өлместің суын іздеу сапарында киелі суды тауып ішкендіктен ажалсыз қаһарманға айналған деседі. Халық көбінде Қыдырды жанарсыз кейіпте елестетеді[357]. Әйткенмен, кей сюжетте, керісінше, Бақтың көзін ұзын қасы басқандықтан ол Қыдырмен жетектесіп жүретін соқыр деген ұғым бар. Мысалы мынадай аңыз бар:

«Ертеде Бақ пен Қыдырдың тау бөктерінде келе жатқанын көрген жетім-жесір, ғаріп-кәсір, бай-манаптар барлығы ол екеуінің алдын орап, шапағат сұрапты», – дейді ел аңызы. – «Көзін жабағы қасы жапқан Бақ тұқырайып тұрып, қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, тау басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына алып, жылап тұрған қызға қарата бір нұсқап қалыпты да, екеуі де көзден ғайып болыпты. Көп өтпей, әлгі қыз сауығып, күйеуге шығып, үйлі-баранды болып, басына дәулет дарып, барша мұратына жетіпті. «Бақ қараса – Қыдыр дариды» деген тәмсіл осыдан қалған екен-мыс»[358].

Әлбетте, батадағы «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген сөздің түптөркіні осындай ежелгі түсініктерге саяды. Бақтың көзі магиялық сипатқа ие болса, Зеңгі баба жанары да дәл сондай киелі екендігі батада көрініс табады:

 

Шаруаның төрт пірі – Зеңгі баба,

Мал беруге ойың болса, маған қара![359] –

 

деп дәмеленіп, өтіне сөйлейді батагөй. Өйткені, сиыр түлігінің жебеушісі Зеңгі баба да бекершілікте ешкімге назар аудара бермейтін болған. Егер оның жанары түссе, сол жанға қисапсыз сиыр бітеді деген наным болған[360].

Бата осылайша көне танымға табан тіреп тұрғандықтан ол арбаумен, тіпті, қарғыспен жанасатын тұсы бар. Мәселен, оны өте қадірлі тұлға батагөйдің айтуы, одан кейін Тәңір, әулие-әнбие, аруақтарды жиі жәрдемге шақыруы – арбаумен тоқайласып тұр. Батаның ежелгі анық аты алғыс екендігі белгілі. Демек әу баста алғыс қарғысқа қарсы айтылған немесе екеуі қабаттасып өмір сүрген кезең болған. Бұған батадағы мына сөздер дәлел:

Е, Жылқышы ата – Қамбар,

Төртеуіңнің ынтымағың бір болса,

Қарғайтын кім бар?![361]

 

Қастық қылған адамың

Мұратына жетпесін.

Айтса – қарғыс, тисе – көз,

Дарымасын, өтпесін![362]

 

Осылайша кейде бата қарғысқа тура қарсы бағытталады. Ал кейбір мәтіндерінде қарғыстың сөздері де жүреді. Мысалы:

 

Бермейтұғын сараңның

Екі қолы байлансын.

Сөйтіп, соры қайнасын.

Бермегеннің жаманын

Көр ішінде ойласын[363]…

Бұл үйге қас сағынған адамды

 

Көтеріп тұрған жер ұрсын.

Аспандағы көк ұрсын…[364]

 

Қарауды қара тас қылсын,

Сараңның көңілін пәс қылсын.

Шапқан жауды дерт буып –

Күннен-күнге асқынсын.

Көлгірсіген көр кеуде –

Көмейіне тас тұрсын.

Бұл үйге қастық қылғанды –

Тәңірім қара таспен бастырсын[365]!

 

Алайда, батада, негізінен, көшпелі халықтың бай да бақытты шат-шадыман өмір-тірлік туралы түсінігі, керемет келешек туралы арман-аңсары, ақ тілегі айтылады. Бір сөзбен айтқанда, тамаша болашақ туралы ел қиялы, халық утопиясы көрініс табады. Мысалы:

 

Әумин десең маған,

Бата берейін саған.

Алтыннан болсын жағаң,

Күмістен болсын тағаң.

Күрпілдесін сабаң…[366]

 

Келелі түйең қаптаған,

Қаратауға сыймасын.

Ақтылы қойың адалдан

Алатауға сыймасын,

Көкалалы көп жылқың

Көкшетауға сыймасын,

Ұл мен қызың тең өсіп,

Ұлытауға сыймасын…[367]

 

Жасың жетсін жүзге,

Желің кетсін құла түзге...[368]

 

Құдайдың өзі сүйтіп оңдасын,

Бес жүз саулық қоздасын.

Сексен інген боталап,

Сегіз келін қомдасын.

Айдап келген жылқыңнан,

Алпыс айғыр азынасын,

Жиып келген түйеңнен,

Жетпіс інген боздасын

Өзіңнен байлық озбасын[369].

 

Батада әсірелеу тәсілі орасан мол қолданылатындығы ғылымда анықталған. Бақташы халық аттың тағасын еш уақытта күмістен соқпайтыны да белгілі, бірақ «күмістен болсын тағаң» деу батаның поэтикасы үшін жарасымды. Сондай-ақ мал мен басы өсіп-өніп асқаралы тауларға сыймай қалу – жеке бір адамның емес, жалпақ елдің ғана атқара алатын шаруасы екендігі хақ. Бірақ батада әрдайым осылайша халықтың асқақ арманы, шексіз қиялы, мұқалмайтын жігері бейнеленеді. Сонымен бірге «қырық, сексен, сегіз, жүз, мың» сияқты символикалық сандар да батада жиі қолданылып, әсірелеуді күшейтіп тұрады[370].

Батада халықтың адамгершілік, ізгілік, ар-ұждан туралы ғасырлар бойы жинақталған өсиеті дәріптеліп, тәлім-тәрбие беріледі. Мәселен, батаның төмендегі шумақтары нақылға айналып кеткен деуге болады:

Жүзге жетсін түйеңіз,

Үш жүз болсын биеңіз.

Әлдеріңнен келгенше

Жығылғанды көтеріп,

Сүрінгенді сүйеңіз…[371]

Ақ бөкендей қойлы бол,

Ор қояндай көзді бол,

Адам таппас сөзді бол,

Патсадай ұлды бол![372]

 

…Құлынында қақпа,

Тай күнінде тартпа,

Құнанында сақта,

Дөненінде бапта,

Бестісінде бәйгеге сал!

 

…Қиындық көрсең мұқалма,

Ауырлық көрсең жұқарма.

 

Қамқоршы бол кішіге,

Үлкенді үлгі тұт алға![373].

 

Түйіндеп айтқанда, түпкі төркіні сөз магиясына барып тірелетін алғыс көне жанры кейін келе ислам дінінің әсеріне ұшырап, «бата» атанып, өзгеше өрнек тауып, өріс алған. Шамандықты ығыстырған әлемдік дін бата жанрын өз мүддесіне ілкімді пайдаланған. Сірә, осы жанрдың жаңа қарқынмен дамып бүгінге жетуіне батагөй тұлғасының қосқан үлесі аз болмаса керек. Дарынды батагөй, шын мәнісінде, ежелгі үлгіні тотыдай қайталаушы емес, ол ескі дәстүрге шабытты шағында ыстық қан құйып, жан бітіруші. Бұған ежелгі жыраулардың, би-шешендердің айтып кеткен баталары куә. Мәселен, Жамбыл ақынның С.Мұқановқа берген:

 

Құдайым осынау үйге дуа берсін,

Тілдерін дұшпандардың буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап,

Салпы ерінді сары ұлды туа берсін[374], –

 

деген батасы осы жанрдың нағыз поэтикасын әбден меңгерген майталмандықтың бір үлгісі. Демек бата жанры жаңаша түлеп отыр. Шын батагөй алқалы топтың атынан ежелгі сарындарды сарнап айтқанымен, ол көкейіне келген сәулелі ойды қиюластырып, көне үлгіге қосып жіберетіндігін де ескерген жөн. Сонымен бата фольклор мен ауыз әдебиетін тоғыстырып тұрған ерекше өміршең жанр деуге болады. Ол, әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері қайта жаңғыруды басынан кешіруде.

Қарғыс

Қазақ фольклорында бүгінге дейін толық жиналмай да зерттелмей келген жанрдың бірі – қарғыс. Мәселенің бұлай болуының бірнеше өзіндік себептері бар. Жалпы, халық жайшылықта қарғыс айтуға қатаң тыйым салады. Ертеде қарғысты екі адамның бірі айта бермеген, оны арнайы айтатын адамдар болған, ал, ондай қарғысшылар сөзін өтімді болдыру үшін беталбаты жұмсай бермей, қажетті сәтке дейін құпия сақтайтын. Қарғыс қастандық жасауға бағытталып, адамгершілікке жат саналғандықтан да ұлттық фольклортану ғылымының негізін салушылар оған мән бере қоймаса керек. Ал, бертін келе бұл жанрдың қызметі қоғамдық өмірден ығысқандықтан оның мәтіндері біртіндеп ұмытыла бастаған.

Қарғыс туралы алғаш рет жазған Х.Досмұхамедұлы. Ол «Бата мен алғысқа қарама-қарсы түр – қарғыс. Қарғысты дұшпанына, әкесі ­ ­­­–䀠舝艴ɑ舫ȝȫ耐艬Ș舚舚Ȟ耐ɍ舘舝ɉ舘Ȟ耐艘舝ȥ舞舚Ȟ耐艍舥舛舥ȞȘȞ舟舝ȝȘ耐ဉȚ舫舞舞舚Ȟ耐Șғамдық өмірден ығысқандықтан оның мәтіндері біртіндеп ұмытыла бастаған.

Қарғыс туралы алғаш рет жазған Х.Досмұхамедұлы. Ол «Бата мен алғысқа қарама-қарсы түр – қарғыс. Қарғысты дұшпанына, әкесі ­ ­­­– көңілі әбден қалған ұлы мен қызына, молла – діннен б айтатындығын ұғамыз. Кейбір зерттеушілер қазақтың ашуланғанда күнделікті айтып әдеттенген «албасты басқыр», «тұқымың құрғыр», «желкең қиылғыр», «шешек келгір» сияқты т.б. балағат сөздерін қарғысқа жатқызады[376]. Біздің ойымызша, бұл сөздердің арғы тегі ежелгі замандарда қарғысқа қатысты болғанымен уақыт өте келе көбінің мәні өзгеріске ұшырап, бүгіндері, әсіресе, әйелдердің жақтырмаған жандарды сыбайтын сөзіне айналып кеткен тәрізді.

Ендеше басқа адамға қастандық жасау мақсатында сөз киесіне сеніп, арнайы шартпен айтатын магиялық өлеңнің шағын түрін қарғыс деп атаймыз.

Қарғыс екі түрлі болады: ашық қарғыс, астарлы қарғыс. Ашық қарғыста сөздің ызыты, айбаты бірден айқын сезіледі. Ал, астарлы қарғыстың сыртқы тұрпаты батаға ұқсап келеді де, оны айтушы кекету әдісін (әдемі сөздер арқылы) шебер пайдаланып, арғы ойын жымысқылықпен тұспалдап жеткізеді[377].

Ашық қарғыс үлгісін келтірейік:

Қысы-жазы үйіңді сүзек жайлап,

Шөліңді күндіз-түні қандырмасын.

Бойыңа құлғананың құрты кіріп,

Денеңнен тамтық қоймай тандырласын.

Сүйегіңді артуға көлік шықпай,

Апарып көк есекке шандырасын.

Жаназаңды оқуға молда шықпай,

Тұсыңнан орыс келіп балдырласын[378].

 

Келесі бір қарғыс былай:

 

Шиден шымылдығың болсын,

Тастан молаң болсын.

Шөлдеуік деген дерт келсін,

Бір көлдің суы ішкеніңе жетпесін[379].

 

Бұл екі қарғыста айтушының мақсаты ап-анық. Сүзек, құлғана, шөлдеуік деген дерттерді шақыру арқылы кесапат келуін тілейді. Қарғыстың көбінде осылайша жұқпалы аурулар термеленіп, соның күшімен апат төндіру көзделеді. Өйткені, ежелгі қазақ «адам баласына достық қылатын «иелер мен жарыса қастық қылатын «иелер» бар деп білетін... Жұт «жеті ағайынды» деп аңыз қылатын және малдың түрлі індет «иелері» мәлік, ақшелек, топалаң, бәдік бар деп білетін»[380].

Бір сөзбен айтқанда, қарғысты айтушы табиғаттағы тылсым күштерге иек артып, неше түрлі мифологиялық зияндас кейіпкерлерді қару етіп, дөңайбат жасап, сес қылады. Көшпелі халықтың ар-ұждан құндылықтарына ашық тіл тигізіліп, шабуыл жасалады. Біз келтірген мәтіндерде аурудан азап тартып, өлу, о дүниеге жаназасыз кету, сүйегі шандырланып, көк есекке тиелу, мүрдесі тас молада қалу сияқты жамандықтар шақырылған. Бұлар қазақтың жанын жаралап, сай сүйегін сырқырататын келеңсіздіктер екендігі белгілі.

Енді астарлы қарғыстан мысал келтірейік:

 

Шалғының басылмасын,

Күлің шашылмасын,

Түңлігің ашылмасын[381].

 

Немесе:

Ұлың – Ұрымға,

Қызың Қырымға кетсін[382].

Бұлар бір қарағанда, бата секілді, ал, астарына үңілсеңіз, қарғыстың ең жаман түрі екендігін білесіз. «Шалғының басылмасын» дегені – жайылатын малың тұтас қырылып қап, содан үйіңнің маңына көк шөп жайқалып өсіп кетсін дегені. «Күлің шашылмасын!» дегені – «үйіңде от жағатын адам қалмай, бәрі өлсін, содан отың өшсін, сөнсін» дегені. «Түңлігің ашылмасын» дегені – баспанаңнан сыртқа шығар тірі жан қалмасын, иен үйің қаңырап, бос қалсын деген ишара. «Ұлың – Ұрымға, қызың Қырымға кетсін!» деген сөздің мәнісіне келсек, ұрпағың жат елге шашырап, бірін-бірі көрмей, тозып кетсін, қаңғырып қалсын дегенге саяды. Туысқан алтай халқында «Келетін жолыңа кесіртке ойнасын, баратын жолыңа бақа ойнасын»[383] деген қарғыс бар. Бұл астарлы қарғыста жауласқан адамның соқпағы құрып, жоғалып, оның үсті бақа мен кесіртке ойнақ салатын батпақ пен шөлге айналсын деген теріс ниет тұспалданған. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «ойнасын» деген етістікті жамылғы ету арқылы жасырын ажал шақырылған.

Сонымен астарлы қарғысты айтушы ойының арғы ниетін әдемі сөзбен далдалау, бүркемелеу арқылы уытты тіл жебесін нысанаға дәл көздеуді мақсат етеді. Себебі дұшпан одан сақтанып, қорғана алмай, бейғам жүріп, шын кесапатқа ұрынуын көксейді.

Қарғысты кез келген адам айта бермейді дедік. Оны орындаушылар әртүрлі ырымдар жасап, символикалық заттармен сүйемелдейтіні де белгілі болып отыр. Мысалы, моңғолдар қарғысшының тіліне май жақса, оның сөзі дөп тиеді деп иланған. Тіпті, олардың ежелгі қарғысшылары құтырған сиырдың мүйізінен арнайы магиялық сайман жасап, сонымен жауласқан жаққа кезеп-кезеп қоятын болған[384]. Қалмақтар қарғысты таңсәріде алақанын шапалақтап айтып, қарғысшының оң шынашағын күйемен бояған[385]. Ал, алтай қарғысшылары қызыл іңірде айтылған қарғыс өтімді деп сенген. Олар «Тилим соолду эди, тандайым тишту эди...Тилим жедер, тизен чогор»[386] («Тілім сүйелді еді, таңдайым тісті еді... Тілім жетер, тізең шөгер») деп айбат жасаған. Тува бақсысы «қарғыш» айтқанда қара тонын, қара бөрігін киіп, қара даңғырасын, қара шоқасымен ұрып ойнаған[387].

Ал, қазақтар қарғысты тілінде қара дағы бар қара тілді, бір көзі шегір нысаналы адам айтса, яғни Тәңірі керемет сипатта жаратқан жандар айтса, орындалады деп нанған. Қарғысты айтқанда дұшпанының артынан топырақ шашатын, алақанын теріс жаятын. Сол себептен кейде оны теріс бата деп атаған. Мәселен, Базарбай Төлегенге ерем деушілерге «тұзға қосып, теріс бата берем»[388] деп, сес көрсеткен. Егер жерден көк шөпті жұлып ап, «Көктей орыл!» деп қарғаса, ең ауыр болады деседі. Әйел адам сүтін көкке сауып, қарғаса, киесі оңдырмай атады деген де ұғым бар. Бұдан біз қарғысты тұз, топырақ, шөп, сиырдың мүйізі сияқты рәміздік заттармен ұштастырып, ғұрыптық әрекеттер жасап орындайтындығын да білдік.

Бұрынғы заманда қарғысшыларды соғысқа да пайдаланатын болған. Шыңғыс хан жорықта жүргенде алдынан жаудың әйгілі бір қарғысшыл кемпірі қарғап, содан көп бөгет жасалады. Оны бақсылар білген соң мерген Қасырға сол кемпірді атқызған деседі. Кемпірге оқ тиіп, құлап бара жатып, қасындағы қаңбақты ұстап, тұрмақ болғанда, ол жұлынып кетеді. Содан кемпір көз жұмарда «Қасырдың тұқымы құрысын, қаңбақтың тамыры үзілсін!» деген екен. Сол себептен Шыңғыстың інісі Қасырдың ұрпағы көп өспеген, қаңбақтың тамыры келте болған деседі.[389]

Қазақта «атаның қарғысы – оқ, ананың қарғысы – боқ» деген сөз бар. Бұдан біз қарғыс жанрына кейінгі дәуірде үстемдік еткен атаеркі қоғамының ықпалы тиіп, ер адамды киелі санаудың жоралғылары да өз өрнегін салғанын байқаймыз. Сондықтан да қазақтың кейбір мифтерінде астамшыл мінезінің салдарынан ата қарғысына ұшыраған қыз-келіншектер тау-тасқа айналғандығы суреттеледі[390]. Әлбетте, ақ батаны да ақсақалды қария береді. Яғни қарғыс пен бата жанрының салмағының арта түсуіне еркекті пір тұтатын ел әдеті де елеулі әсерін тигізіп тұр.

Қарғыста көшпелілердің ең бір киелі нысандары термеленіп, соған сойыл сілтеу көзделеді дедік. Сол себептен де оның сөзі қатерлі де үрейлі болып елестеп, тыңдаушыға психологиялық ауыр соққы береді. Мысалы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1040; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.