Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Айман-Шолпан 1 страница




 

Бұл жыр біздің фольклортану ғылымында ғашықтық жырларға жатқызылып келгені мәлім. Дәстүр бойынша ол «лиро-эпос» деп аталды. Өткен ғасырда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» да, «Қыз Жібек» те «лиро-эпос» тобында қарастырылатын еді[1024]. Қазіргі ғылым соңғы екеуін «ғашықтық жыр» жанрына жатқызады. Ал, «Айман-Шолпанды», жоғарыда айтылғандай, таза ғашықтық жыр санатына енгізу қиын, өйткені, мұнда махаббат мәселесі мүлде сөз болмайды. Осыны ескерген Қ.Жұмалиев бұл жырды «тарихи эпикалық поэма» деп санау керек[1025] дейді. Алайда, жырдағы оқиғаның тарихи емес екендігі белгілі, ал, Көтібар, Арыстан сияқты тарихи тұлғалардың болуы – жыршылардың бұл шығарманы шындыққа жақындату ниетінен туған болу керек, әрі ХІХ ғасырда Кіші жүз елінде атақты болған Көтібар батыр жөнінде бұрынғы батырлар туралы секілді арнаулы жыр болмағандықтан жыршылар оны осы жырға қосып, бейнелеуге тырысқан тәрізді. Бұлай деуіміздің себебі – Көтібар жырда ескі батырлардың атрибуттарын, яғни өрмінезділігі мен аңғалдығын, батырдың қару-жарағын, тұлпарын, т.б. қасиеттерін бойында сақтап қалған. Оның образын талдауда біздің зерттеушілеріміз біржақтылық көрсетіп, Көтібарды жаңа өмірдің үрдісін ұқпай, ескілікті аңсаған, тіпті, «азғындаған» батыр деп түсіндіреді[1026]. Бірақ Көтібар бейнесі ондай емес. Жырда ол – өзінің батырлық, адамдық тұлғасына нұқсан келтірмеуге тырысатын және өзіне лайық құрмет жасауды талап ететін қаһарман. Дұрысын айтқанда, бүкіл жырдың мазмұны, Айманның, Әлібектің, Арыстанның образдары мен іс-әрекеттері ескі мен жаңаның күресі емес, жеке адам тағдыры мен отбасы мәселелері екенін және бұларды жырға айналдыру барысында жыршылар байырғы ертектің, эпостың дәстүрін пайдаланғанын аңғару қиын емес.

Жырдың басталуын еске алайық. Ол дәстүрлі прологпен басталады: Таманың елден асқан Маман атты байының ұлы жоқ. «Болыпты ұлдан кемтар Маман бейбақ», – дейді жыр. Перзентсіз патша, бай ендігі жерде әулие-әнбиелерді аралап кетуі керек еді. Бірақ олай емес, Маман бай Шөмекейде беріліп жатқан үлкен асқа келеді. Бұрынғы ертек-жырларда мұндай жиындарда баласы жоқ патшаға, немесе байға тіл тиеді де, ол жиынды тастап, Жаратқаннан перзент сұрап, тентіреп кетеді, немесе басқа бір әрекетке барады. Мысалы, «Дудар қыз», «Әлібек батыр» ертегілерінде, «Қорқыт ата», «Ер Сайын» эпостарында бұл дәстүр қалыпты фольклорлық мотив екенін көреміз:

«Хан той қыламын деп жұртқа хабар айтты: «Ұлы жоққа отыратұғын орын жоқ, қызы жоққа қымыз жоқ, бұ тойға келмесін!». Ел-жұрт жиылды, бәрі барды, сонан соң ұлы жоқ қатын байына айтты: «Тойға барайық!» – деді. Бай айтты: «Бізді келме деп хан айтқан, сен болмадың, барайық», – деп. Бай айтты: «Барсақ, барайық», – деді. Бір саба қымыз түйеге артты, қатын жетектеді, түйені бай көтінен айдады, келді тойға. Бай келді деп адам шықпады алдынан, қатынымен екеуі келіп тұрды үйдің сыртына. Бай ашуланыларға орын бар, қыздыларға қымыз бар, ұлы, қызы жоқтардың бұл жиында несі бар?» – дейді. Бай кетіп қалады[1].

Ал, «Қорқыт ата» кітабында былай баяндалады:

«Байындыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойғызды. Бір жерге ақ отау, бір жерыларға орын бар, қыздыларға қымыз бар, ұлы, қызы жоқтардың бұл жиында несі бар?» –䀠舚舚ȜȚȫ耐Ȉ舘Ȝ舝Țȡ舫ȟ耐ɍ舘ȝȘ舚ȥ耗興ȝ耐Uɍȟ舠艍ȥȡȘȡ舘]ȝȫȡ舘舘舥ȞȚȘ耐舘舥ȝ舘Ȝ耐Ș舘舧ȞȚ舘ȝȘ舚ȥ耝耆聕Ȉ舘舜舥Ȟ舚ȥȠ耐Ȣ舘Ȟȡ舟Ȝț舘Ƞ舘ȟȘȡȡ舘Ȟ舘舜艉ȥȠ舡艗舜Ț舚舚Ȟ耐舘ȡȠȘ耐ɍ舟ȜȚ舘Ȟ耐ɍȟ舤ɍȘȠ耐Ƞ舟舜艉舥ț舚ȥ耐ȈȫȠ舛Ț舠舙Ț舘ɍȟȡ舘ȡ耐ȘȫȠ舛Ț舠де қызыл отау, бір жерде қара отау құрғызады: «Кімнің ұлы, қызы жоқ, қара отауға қондырғын, астына қара киіз төсегін, қара қойдың етін тартыңдар, жесе – жесін, жемесе – тұрып кетсін!» – деді. Ұлы барды ақ отауға, қызы барды қызыл отауға қондырғын. Ұлы, қызы болмағанға Аллаһ Тағаланың қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі білсін», – деді»[1029]. Тойға артынып-тартынып келген Дерсе хан қайтып кетеді.

«Айман-Шолпанда» Маман бай да «тоғыз нарға тоғыз саба артып», он алтын масатыдан кілем жауып, үлкен асқа келеді. Бірақ оны ешкім ұлың жоқ деп сөкпейді, керісінше, Маманға лайық деп, алтынды үйге кіргізеді.

Бұл асқа атақты Көтібар да «тоғыз нарға тоғанақтан қант пен шайын артып», шалғай жерден келеді. Алайда, оған «жадағай киіз үй» ұсынылады. Көтібар намыстанып, кірмейді, Маман жатқан алтын үйді талап етеді. Маман да көнбейді. Екеуі егесіп, іс насырға шабады.

Бір қарағанда, Маман мен Көтібардың ерегесі – екі адамның болмашыға таласуы, я болмаса екі рудың тартысы болып көрінуі мүмкін. Зерттеушілер осылай түсініп те келген. Шындығында, олай емес. Олардың конфликтісі – халықтың ертеден келе жатқан салтын бұзудың салдары. Ежелгі салт бойынша, ұлы жоқ адам құрметті қонақ та бола алмайды, үйге де кіргізілмейді. Ал, ұлы жоқ Маман алтын үйге орналасқан. Міне, Көтібардың намысына тиген – осы. Оның малы да бар, баласы да бар. Ас беріп жатқандар «Баласы аса жұрттың мейман келді, Мамеке-ау, кірген үйің бермейсің бе?» – деп, Көтібардың атақты ұлы бар екенін айтып, алтын үйге сол кіруі керек деген ой айтады. Бірақ Маман өзінің байлығын айтып, Көтібарды кедей деп қорлайды. Маманның бұл мінезі Көтібарды одан әрі ызаландырады. Алтын үй өзіне тиесілі екенін айтып, Көтібар ата салтын бұзған әрі өзін қорлаған Маманды шауып, екі қызын тұтқынға алады.

Сөйтіп, «Айман-Шолпан» жырында тағы бір көне сюжет жаңаланып пайдаланылады. Ол – жігіт (батыр) жоқта оның елін жау шауып, әйелін (қалыңдығын) тұтқынға алуы, оған зорлықпен үйленуге ұмтылуы, жігіттің (батырдың) қуып келіп, әйелін (қалыңдығын) құтқаруы. Бұл сюжет классикалық эпоста кең жырланады. (Ал, байырғы батырлық ертегіде қызды тұтқындайтын айдаһар болып келеді). Осы ескі сюжет «Айман-Шолпанда» кейінгі қазақ өміріне сәйкес баяндалған. Мұнда сыртқы жау жоқ. Оның орнын атағы елге жайылған Көтібар басқан. Ол сыртқы жауларша өзінің малын көбейту немесе жерін кеңейту үшін шаппайды. Маман ауылын және бүкіл елді дүрліктірмейді, жойқын жаугершілік жасамайды. Оның шауып алғаны – бір ғана байдың ауылы, тартып алғаны – сол байдың ғана малы, тұтқындағаны – бүкіл ел емес, Маманның ғана екі қызы. Бұл – кәдімгі қазақ елінде жиі болып тұрған барымта сияқты көрінеді, олай болу себебі жыршылар шындық болмысқа жақындату шартын ұстанған тәрізді. Бірақ түптеп қарағанда, Көтібардың Маман ауылын шабуы – ата салтын бұзғанды тезге салып, тәубасына келтіру және өзінің тапталған намысын қорғау, кегін алу.

Көтібардың кек қайтару формасы бүгінгі көзбен қарағанда, әрине, өте қатал әрі жабайы. Ол Маман байдың өзіне тимей, екі қызын түйеге теріс қарата мінгізеді. Оның бұл қылығы – сол дәуір ұғымында ең үлкен қорлау, қызды мазақ етудің ең ауыр жолы. Бұдан асқан масқара жоқ, бірақ қаһарына мініп алған Көтібар тек осылай кегін қайтарады және онымен шектелмей, Айманды тоқал етіп алуды да ойлайды. Классикалық эпостың заңы бойынша, осыдан әрі қарай тұтқынға түскен әйелдің жай-күйі, оған тұтқындап алған жаудың жасаған қысастығы баяндалуы керек. «Айман-Шолпанда» тұтқынға түскен қыздардың жағдайы ешбір әсірелеусіз көрсетіледі, олар пәлендей бір зорлық көрмейді. Оның себебі, біріншіден, Айман қыздың ақылдылығы мен тапқырлығы болса, екіншіден, Арыстанның ара-тұра қыздарға жәрдем етуі және, үшіншіден, Көтібардың кеңпейілдігі мен аңғалдығы. Шынтуайтын айтқанда, Көтібар қайтсем де Айманды аламын деп, бар күшін салмайды, керісінше, оған әлдеқандай бір кеңшілікпен қарайды. Мәселен, Айманның айтуымен келіп, баласы Есет тойды 60 күнге қалдыр деп тілек білдіргенде, оны інісі Арыстан қолдағанда, Көтібар: «Айман маған жоқ екен, ей, Арыстан, күдерімді Айман қыздан үздім», – дейді. Ол інісі іштартып Айманға да, Шолпанға да ат бергенде, үндемейді, Айманға сеніп, өзінің атын, қару-жарағын да береді. Міне, осының бәрі Көтібардың қатыгез жауыз еместігін, қайта хас батырға лайық ер мінезді екенін көрсетеді.

«Айман-Шолпан» жырында негізгі оқиғаның өрбуі Көтібар мен Айманның тартысы болып көрсетіледі. Айман бейнесінде ежелгі ертек пен эпос әйелдерінің кейбір қасиеттері мен ХІХ ғасырдағы қазақ әйелдерінде көрінген жаңа ерекшеліктер жинақталған. Айман – ақылды әрі көріпкел әйел. Ол Кенжекей мен Құртқа секілді алдағыны болжай біледі, бірақ олар тәрізді үйге ғана ие болып отырған пассив әйел емес. Оның көріпкелдігі бірнеше сәтте көрінеді. Ең әуелгісі – Көтібардың ауылды шабатынына күмән келтірмейді де алдын-ала қажетті мал-мүлікті басқа жаққа – қауіпсіз жерге тықтырады. Екіншісі – Орынборға кеткен күйеу жігіті Әлібек 60 күнде келіп жететінін болжап, Көтібардан неке қию тойын сонша уақытқа ұзартуды сұрап алады. Үшіншісі – Шойынқұлақтың әйелі құсап, кішкентай Есет арқылы Көтібардың аты жау келерін сезе білетін жануар екенін біліп алады. Төртіншісі – Әлібектің қалың қолмен келе жатқанын бұрынырақ біледі де, оның алдынан шығады. Айман бейнесіндегі көнелік сипат мұнымен бітпейді. Ол бұрынғы эпостардағы батыр қыздарша Көтібардың қару-жарағын асынып, оның тұлпарына мініп, түн ішінде Әлібектің қолының алдынан шығады, рас, Қарлыға сияқты шайқасқа түспейді.

Айман бейнесінде жаңалық та бар. Тұтқынға түскен ол «Құдай салды, мен көндім» деп, қарап отырмайды, асқан белсенділік танытып, Көтібармен тайталасқа түседі. Бұл тартыста ол өзінің ақылын негізгі қару етіп, барлық жағдайда өзінің ойын жүзеге асырып отырады. Айман мен Көтібардың арасында шиеленіскен тартыс жоқ. Мұнда екі типтегі адамның тайталасы, яғни ақыл мен аңғалдың өзара шарпысуы көрінеді. Тұтқынға түскен қыз ежелгі эпостағыдай қайғы-мұңға түспейді, керісінше, бәрін алдын-ала есептеп, бірде ақылмен, бірде айламен қарсыласын жеңіп отырады. Айман өз заманы басқа екенін жақсы түсінеді, жігіті Әлібектің Орынборға мал айдап кеткенін сөкпейді, тек Көтібар шапқанда жоқ болғанына өкінеді. Әлібек Орынборға малды сату үшін айдағаны анық, яғни бұл жыр туған шақта қазақ жұрты қаламен сауда-саттық жасап, ақшаның қадірін біле бастаған болу керек. Алтын ақша, күміс теңге ел арасында бағалы болған тәрізді. Айман сіңлісі Шолпанды еліне шығарып салып тұрғанда өзінің тығып кеткендерін санамалап келіп, «ақ сандықтың қасында ақ қобдида он бес алтын, қырық күміс табақ бар», – дейді. Бұрынғы ертек-жырларда кейіпкердің табатыны немесе сыйға алатыны – ат басындай алтын болатын, ал, мына жырда жалпы мөлшері емес, он бес алтын, қырық күміс деп нақты саны айтылады. Демек, Айман Көтібар шаппастан бұрын көп малмен бірге ақша да тығып үлгерген, яғни ол ендігі байлық – тек мал емес, сонымен қатар ақша екенін жақсы түсінген. Осы жерде бір қызық деталь бар: алтын мен күміс ақ сандықтың қасындағы ақ қобдида. Біздіңше, бұл – ежелгі мотивтің сарқыншақ түрі. Ертегілерде ондай қымбат нәрсе (алтын, адамның жаны) ақ сандық, оның ішінде көк сандық, оның ішінде қобдиша, оның ішінде тағы бірдеңе. Міне, осындай алуға қиын соғатын бірнеше кедергі – тар кеңістікте тығулыр болатын. Бұл мотив жырда жеңілдетілген.

«Тұтқынмын, мені Әлібек қашан келіп құтқарады?» – деп мұңайып отырған Айман жоқ. Ол өз басының бостандығын ғана ойлап қоймайды. Оның көксегені – Көтібардан құтылып, Әлібекпен қосылу ғана емес, сондай-ақ әкесі Маманды, сіңлісі Шолпанды, бүкіл ауылын азат етіп, тыныштандыру бейбіт өмір орнату. Осы ойын ол бір-бірлеп орындайды. Ендеше Айман бейнесі – қазақ қоғамында жаңадан көріне бастаған еркін де екпінді әйелдің образы деуге болады. Қазақ әйелі бұрын да еркін болған, бірақ Айман секілді бүкіл ауыл-аймақтың тағдырын ойлайтын, ойлап қана қоймай, шешетін қуатты емес еді. Ең мықтағанда Кенжекей мен Құртқа сияқты кү йеуінің, отбасының қамын жейтін немесе Ақжүніс пен Қарлыға тәрізді жеке басының тағдырын ойлайтын еді. Міне, Айман бейнесінің басты ерекшелігі осында.

Жырда Айманнан, Көтібардан басқа да кейіпкерлер бар. Мысалы, Арыстан, Әлібек, Шолпан, Маман, Теңге. Осылардың ішінде Арыстан – тарихи тұлға, Көтібардың туысы. Өмірде ол Көтібармен бірге елеулі тарихи оқиғаларға қатысқаны белгілі. Бірақ жырда Арыстан басқаша бейнеленген. Ол Көтібардың көлеңкесінде қалып қойған. Рас, жыршы оны ағасына қарсы қоюға тырысқан: анда-санда Көтібарды құптамай, оның Маман ауылын шабуына, Айманды тоқалдыққа алуына қарсы болады, қыздарға жәрдем береді. Дегенмен де, ол тегеуірінді түрде ашық қарсы келе алмайды Көтібарға. Онысы түсінікті де, қай қазақтың баласы ол заманда үлкенге қарсы шығушы еді? Жалпы, жырда Арыстан – батыр емес, батырға тән ешқандай мінез де көрсетпейді, әрекет те жасамайды, оның есесіне ол – сабырлы, ойлы адам, ағасына тоқтау айтып, сабырға шақырып отырады. Осы тұрғыдан келгенде, Арыстан байырғы эпос батырларының қасында жүретін серігі, жолдасы рөлінде көрінеді.

Әлібек те – бұрынғы батыр емес. Оның қандай екенін тек Айманның сипаттауынан білеміз. Шолпанға елге барарда ол Әлібекті «ер еді іші қатты», «асыл тек» деп атайды. «Айтыңыз бізден сәлем жездең сорға», – дейді Айман. Осыған қарағанда, Айманның қалыңмалы төленіп, ол Әлібектің заңды қалыңдығы екені аңғарылады. Әлібек болса, тұтқындалып кеткен қалыңдығын Орынбордан келген бойда ести салып, дереу іздеуге шықпайды бұрынғы батырларша. Ол Шолпан еліне келіп, жағдайды айтқан соң ғана аттанады. «Әлібек мұны естіп аттаныпты, Жар салып қатар өскен ерлеріне», – делінеді жырда. Осыдан кейін ғана Әлібек жеті жүз қол жинайды, бірақ бірден шапқыншылыққа аттанбайды, Шолпан айтқан Айманның ақылымен 60 күн тосып, содан соң ғана жорыққа шығады. Ол Көтібардың ауылын шапқан шайқаста айта қалғандай ерлік те көрсетпейді. Жырда ешбір ұрыс суреттелмейді. Тек қысқа қайырып, «Бес нарға 20 қыз мінгестіріп, Шектіні ер Әлібек шауып алды, Таманың сол Шектіден кегін алды», – деп баян етеді жыр. Сөйтіп, Әлібек тұтқынға түскен қалыңдығын азат етеді, соның өзінде де ол Айманның көмегіне сүйенеді. Міне, ежелгі сюжет жаңа замандағы лиро-эпикалық жырда жаңаша баяндалып, шешім табады. Шешімі – жігіт пен қалыңдық қосылады, бірақ Көтібар бітіспес жау секілді ойран салмайды. Ол өзінің кеңпейілді болмысын танытады да, Әлібек пен Айманның, Арыстан мен Шолпанның қосылуына келісіп, бәрі мұратына жетеді.

 

Наурызбай-Қаншайым

 

«Айман-Шолпанға» қарағанда бұл шығарманың балладалық сипаты басымырақ. Мұнда эпика мен лирика, тарих іздері мен қиял элементтері бар, ал, бұлар баллада тектес лиро-эпикалық жырға тән. Осылармен бірге балладаға хас ерекшеліктер де жоқ емес: шығарма қызық оқиғалы, сюжет эпикалық пафоспен баяндалып келіп, күрт үзіледі, негізгі оқиға төтенше жағдаймен бітіп, трагедиямен аяқталады. Сөйтіп, «Наурызбай-Қаншайым» жыры тыңдаушысын (яки оқырманын) мұңлы күйде қалдырады. Жырда бірнеше тарихи адамдар, атап айтқанда, Кенесары хан мен Наурызбай, Ағыбай сияқты атақты батырлар бейнеленеді, бірақ олар өмірдегідей, я болмаса тарихи эпостағыдай сыртқы жаулармен шайқасып жүрген жоқ, олар Наурызбайдың мүддесін қорғап, оның тағдырына араласады. Ал, жырда баяндалатын оқиға тарихта болмаған, яғни сюжет ойдан алынған, сол себепті мұндағы ағыны қатты Үшбурыл өзені, Түбек, Арал деген жерлер қиялдан туған, олар тылсымға толы, үрейлі болып көрсетіледі де, жырға біршама ғажайыптық бедер береді. Ал, мұндай жәйттер балладаға мүлде жат емес, өйткені, баллада – «өткеннің ерлік істерін, қыз бен жігіттің қайғылы махаббатын, аруақ, жын-шайтан араласқан үрейлі оқиғаларды, т.б. жырға қосатын елгезек жанр»[1030].

«Наурызбай-Қаншайым» жырының сюжеті жай ғана ойдан шығарылмаған, тақыр жерден тумаған, мұнда ертеден келе жатқан, бүкіл эпосымыз бен ертегімізде баяндалатын сюжет пайдаланылған. Ол сюжет – жігіттің ерлікпен үйленуі. Ежелгі ертегіде кейіпкер айдаһардан, немесе басқа бір дұшпаннан құтқарып, қызға үйленсе, қаһармандық эпоста батыр өз сүйгенін қалмақты, яки басқа жауды жеңіп алады. Ал, мына жырда ерлікпен үйлену сюжеті сәл өзгеріп, қаһармандықтан гөрі лирикалық бағытта баяндалған, бірақ соған қарамастан бұрынғы эпосқа тән классикалық композицияны сақтаған: батырдың бабасын, ата-анасын таныстыру, оның ерекше тууы, жастай ерлік жасауы, қалыңдық іздеп шығуы, қыздың еліне келуі, оның әкесімен (басқа біреумен) шекісуі, қызға үйленуі, сол жерде біраз уақыт мекен етуі, еліне қайтуы, келгенде (кейде) төтенше жағдайға тап болуы (елін дұшпанның шауып кетуі), т.с.с. Олай болса, ХІХ ғасырдағы тарихи есімдерді бейнелейтін шын оқиға деп қабылданған жыр ертеден келе жатқан фольклорлық дәстүрге сәйкес жасалған деп айтуға негіз бар. Ойымызды дәлелдейік.

Жырдың басталуы – дәстүрлі пролог бойынша: Абылай «мұсылманға хан болып өтеді», Түркістанға бата қылып қойылады. Оның қалмақ әйелінен Қасым хан ерекше, қан шеңгелдеп, екі көзін қызартып, ашып туады. Қасым хан өлген соң Кенесары хан болады.

Міне, бұрынғы эпостағыдай Наурызбайдың ата-тегі туралы баяндалып, олардың идеалды образы жасалады. Енді дәстүр бойынша болашақ батыр да ерекше жағдайда тууға тиіс: әулиенің қолдауымен, немесе күшті аңның (тотемнің) етінен, әйтпесе, күн сәулесінен, яки гүлден, т.б. Кейін кейіпкерлер әкесі өлген күні дүниеге келеді, бұл – ғажайып туудың өзгерген түрі.

Енді осы мотив айтылмыш жырда басқа формада көрінеді: Наурызбай басқа әйелден туады. «Наурызбай бір анадан қалған екен, қолына Кенесары алған екен, Науанның өзгесінен жасы кіші, жанына жолдас-жора алған екен», – деп айтады жыр. Бұдан байқайтынымыз – Наурызбай жастай анасынан айрылған, яғни жартылай жетім, жас жағынан бәрінен кіші, яғни кенже бала, өзге әйелден туған, яғни шешесі жағынан алғанда – бөтен. Міне, осылардың бәрі Наурызбайдың дүниеге келуінің өзі – айрықша еді, ендеше оның ғұмыры да айрықша болады дегізеді. Оның дәріптелуі, бір жағынан, қазақ салтынан туындайды. Кенже бала қазақ ұғымында – қара шаңырақ иесі, сол себепті ертегіде, эпоста ол мейлінше идеалды бейне. Екінші жағынан, қазақ болмысында жетімді, жесірді қаңғыртпаған, әке-шешесіз қалған баланы туыстары қамқорлыққа алған, сондықтан да қазақ фольклорында жетім мен өгей шеше образы бірен-саран ғана. Үшіншіден, қазақтың полигамиялық отбасында бір әкеден туған балалар – аға, іні есептеліп, олар бір-бірін бөтенсінбейді. Сол себепті де Кенесары жастай қалған інісі Наурызбайды өз қолына алады, жанында ұстайды. Мінеки, Наурызбайдың идеалды, мінсіз адам болуының алғышарты – осылар. Бұларды бұрынғы ғажайып туу мотивінің жаңа дәуірдегі өзгерген түрлері деп айта аламыз.

Дәстүрлі эпостың сюжетінде болашақ батыр ерте жастан ерлік көрсетеді: аң аулайды, жабайы бір күшті аңды өлтіреді немесе біреумен күш сынасады, кездескен дұшпанмен соғысады, т.с.с. Наурызбай да сондай. Ол қырық жігітті қасына ертіп, сауық-сайран құрады, «келуші-кетушінің жолын тосады». Он жеті жасында сауыт-сайманын, қару-жарағын асынып, «алабұртып жүреді». Бір күні «шарап ішіп, көңілі тасып» отырып, қасындағы қырық жігітке: «Қайраты менен асқан адам бар ма, Бар болса, іркілместен айтып бергін!» – дейді. Жігіттердің біреуі ондай адам бар. Олар – Алшын, Жаппастағы Тілеуқабақ байдың Әли, Мұса атты екі баласы, олар әрі мерген, әрі баһадүр, әрі бай деп»; «Тақсыр-ау, сол жылқыны бір алмасаң, бұл сөзің құр мақтанның қай жағында?» – деп, Наурызбайдың намысына тиеді.

Жырдың осы эпизоды екі міндет атқарып тұр. Бірі – жас батырдың үйден шығуы, яғни өз мықтылығын көрсету үшін жортуылға шығуы. Екіншісі – осы жорықта батыр өзінің қаһармандығын көрсетуі. Осының екеуі де ескі эпоста бар. Бұрынғы батыр да өзінің күшін сынау үшін немесе өзіне әйел іздеу мақсатында жолға шығады. Мұны ғылымда «үйден аттану» («отлучка из дома») дейді. Осыған сәйкес Наурызбай да үйден аттанады. Оның аттану себебі – намыстануы. Алайда, ол бірден аттанбайды, алдымен ағасынан бата алуға тиіс, әйтпесе жолы болмайды. Кенесары ағасы ә-дегеннен келіспейді, әлі жассың дейді. Сөйтіп, фольклор заңына сәйкес «тыйым» салынады, ал, тыйымды бұзған кісі пәлеге ұшырайды. Осыны ескерген жыршы бұл жағдайды басқаша шешеді. Наурызбай ағасына ауыр сөз айтады. («Қатыныңша қаңтарып тізгіндейсіз, Абұйырды қимайсыз, сірә, маған»). Осыдан кейін Кенесары рұқсат береді де, Ағыбайды басшы етіп, қырық жігітті қосып, Наурызбайды жылап тұрып аттандырады. (Кенесары жырда екі-үш жерде осылай жұмсарып, көзіне жас алады, тіпті, мінәжат қылып, зарланып, еңірейді. Бұл жырдың лирикалық қырын күшейту үшін қолданылған тәрізді). Сонымен, Наурызбай үйден аттанып кетті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2962; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.