Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Алдарында тізілген 7 страница




 

Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

 

Тәртіпке бас иген құл болмайды, –

 

деген мақалдардың авторы – Бауыржан Момышұлы. Жинақтағы: «Қорқақтың қолы қысқа»; «Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол» деген мақалдарда өзек болған қорқақтық тақырыбына фольклордан көп мысалдар кезіктіреміз. Ал төмендегі мысалдардың мазмұны соны, мақалдар соғыспен байланысты мүлде өзге ұғымдарды бедерлейтін «пулемет», «автомат», «зеңбірек», «солдат» сынды лексиканы пайдаланады:

 

Пулемет қонысын талғайды,

Автомат адамын талғайды.

 

Зеңбірек зіркілдесе,

Жаяу солдат еркіндейді.

 

Мақалдар кейінгі кезеңнің жемісі болғанымен, құрылымдық қалпы дәстүрлі. Екі тармақтан түзіліп, егіздеу тәсілімен жасалған. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген мақал әу баста еңбекке байланысты, социалистік жарыс, өзара сынмен байланысты дүниеге келгенімен кейін баспасөз бетінде, әдебиет саласында, соның ішінде сын жанрына қатысты жиі қолданылатын мақалға айналды. Нақты мамандыққа байланысты шыққан мақалдарды да жолықтырамыз. Баспасөз, газет – жаңа дәуірде қазақ қоғамында орныққан сала. Осы салаға қатысты «Газет - жаңалық жаршысы», «Газет - бір күндік», «Жақсы редактор түзейді, жаман редактор күзейді», «Жалқау тілші телефоншыл»,т.б мақалдар пайда болған. «Саясат - сайтанның сабалақ жүні»деген мақалдың бүгінгі өмір шындығынан туындағаны күмәнсіз, оның жазбай танимыз, мазмұны тың болғанымен, ежелгі мұраларға тән үлгі, көркемдік, бейнелілік қасиеті толық сақталған. Төрт сөзден тұратын сөйлемнің үш сөзі «са» буынын қайталауы дыбыстық үйлесімділік, жағымды саздылық дарытқан. «Шайтан» сөзін тармақтағы сөздермен үндестіру үшін әдейі бұрмалап, «сайтан» деп қолданып отыр, бұл фольклорда қолданыла беретін тәсіл. «Сайтанның сабалақ жүні» - образды, астарлы тіркес, байыпсыз, тұрағы жоқ, құбылмалы саясат ұғымын астарлап жеткізуге жәрдемдеседі.

Мақал-мәтелдің дүниеге келуі аяқ астынан болуы мүмкін, бірақ тапқыр адамның тауып айтқан орамының бәрі тұрақталып қалмайды, тек ұшқыр да ұтымды, сәтімен табылған, шымыр, бейнелі, өмір шындығына қабысатындары ғана екшеліп, жадыға түйіледі. Мақал мәтіні қысқа, шорт қайырылатынына қарамастан, ішкі мазмұны бай. Аталған түрдің дамуы байырғы дәстүр, ежелгі арна ауқымында жүзеге асып отыр. «Мәңгүрт бәрін мансұқтағыш» деген мақал да беріде қалыптасқан. Себебі «мәңгүрт» сөзі ана тілімізде ежелден болса да, оның ата-бабаларының, халқының өткенінен, тарихынан, әдет-ғұрпынан, тілінен бейхабар, тоғышарларға қатысты ұғым ретінде салмақ алуы - жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» атты романы жарияланған ХХ ғасырдың сексенінші жылдарынан бергі кезең.

Мақал-мәтелдік байлығымыздың үстемеленіп, көбейе түсуіне басқа елдердің ықпалы болды. Бұрыннан туыстас халықтардың, көршілес елдердің дүниеліктері жеңіл көшіп, сіңіп кетуі дағдылы құбылыс болса, енді алыс жатқан, қарым-қатынасы кем жұрттардың рухани қазыналарымен еркін танысуға жол ашылды. Бөгде жұрттардың мұраларымен кітап арқылы танысып, аудару жолымен байырғы мақалдық қорымызды толықтыра, дамыта түсуге де мүмкіндік күшейді. «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» (1968), «Ер айнасы – еңбегі» (1968), «Мақалнаме» (1970), «Денсаулығыңды ойласаң» (1974), «Орыс халқының мақал-мәтелдері» (1971) атты жинақтарда өзге елдердің мұралары ана тілімізде сөйледі. Танымал қаламгер М.Әлімбаев әлем халықтарың мақалдарын қазақшалап, жариялаумен көптен шұғылданып келеді. Оның құрастыруымен шыққан «666 мақал мен мәтел» (1960) атты жинаққа – 21, «Маржан сөз» (1978) атты кітабына 70-ке тарта басқа халықтың мұрасы тәржіма жасалып кіргізілген. Сырт елдердің мақалдарының ішінде төл туындыларымыздай болып кеткендері аз емес. Әсіресе, орыс халқының төл мұрамыздай болып кеткен мақалдары біршама. Мәселен, 1935 жылы Сәбит Мұқанов «Ақ аю» атты поэмасында орыстың мақалын «Тауық түсінде – тары, түлкі тауық көреді» деп тәржімалап пайдаланады. Осы екі жолды мақал қазақ тілінде ықшамдалып, бас-аяғы жұмыр «Тауықтың түсіне тары кіреді» деген бір жолды мақалға айналған. Мұзафар Әлімбаев «Маржан сөз» атты кітабының алғысөзінде: «...орыс халқының ұтымды «Дружно, да не грузно» деген мақалын өлең өрнегіне түсіру мүмкін емес деп тапқандықтан, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп аудардық. Мен аударған бедерлі сөздердің ішінде өте-мөте жұлдызды боп туғаны осы. Бұны республикалық баспасөз бетінде жиі кездестіруге болады. Халық құлағына сіңгені соншама, тіпті, бір оппонентім «бұл қазақтыкі ғой» деп таласқаны есімде,»1 – деп жазады. М.Әлімбаевтың осы кітабынан оның орыс тілінен тәржімалап, ұсынған қазір жиі еститін «Сиырдың сүті тілінде», «Жұмыртқадан жүн қырыққан,»2 «Қанден ит қартайғанда да күшік»3, «Бейнеті көп, зейнеті жоқ»4, «Заманына қарай адамы,» т.б. мақалдарын оқимыз.

Белгілі авторлардың, қаламгерлердің мақалдары халықтық мұраға қосылып, байыта түсті. М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі жиі қолданылатын мақалға айналған. Сондай-ақ халықтық мақал-мәтелдердің үлгісінде қаламгерлер мақал-мәтелдер туындатты. Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» атты жинағына оның 39 нақылы енсе, М.Әлімбаевтың «Көңіл күнделігінен» атты кітабынан Ә.Тәжібаевтың «Қоштасу оңай, достасу қиын, Ажырасу оңай, бас қосу қиын», автордың өзінің «Өтірік өң болмас», «Қисынды сөз қитығыңа тимес», «Сұлулыққа сұқтанбаған - сұмпайы», «Ұлылардың бәрі ұстаз», т.б мақалдарын оқи аламыз5. М.Әлімбаев «Халық - ғажап тәлімгер» (1994) атты халықтық мақал-мәтелдердің тәлімдік қасиеті жайындағы кітабының соңында өзінің қаламынан шыққан 267 мақалды қосымша жариялаған.

Мақал көп сөзділікті сүймейді, келте қайырады, сондықтан нақты адамдардың аузынан шыққандарының сын сүзгіден өтіп, бас-аяғы жұмырланып барып қана айналымға берік орнығады. Өз пайым-түсініктеріне, көзқарасына үйлесетін, тіліне оралымды болмаса, көпшілік тарапынан қабылданбайды. Осы тұста мақал-мәтелдердің шындыққа қатысына тоқтала кетейік. Ол өмір шындығына неғұрлым жанасымды болып, айналадағы құбылыстарды, көрген-түйгенін жинақтап, типтендіріп бейнелегенде ғана көпшілік көкейінен орын алады. Оралымсыз, арқауы бос тіркестер, көпшілік пікірін білдірмейтін мақалдар жылдам ұмытылады. Қазақтың мақал-мәтелдері қанатты сөздер есебінен де толысуда. Қанатты сөздерге тән сипат, ең алдымен, олардың тегінің әдеби туындылармен төркіндестігінде әрі тарихи оқиғаларда айтылуында, танымал адамдардың аузынан шығуында. Мәселен, Жамбылдың 1936 жылы халық ақындары, өнерпаздардың екінші слетіне қатысқандарға арнап айтқан «Туған елім» деген өлеңінде айтылған «Қиналған Жамбыл жер осы» деген сөзі бір ойға алған шаруасы іске аспай, амал таба алмай қалғанда, сөз таппай қиналғанда қолданылатын мәтелге айналған. Көнеден келе жатқан мақалдарды негізге ала өңдеу, өзгертіп қолдану, түрлендіру, жаңа нұсқасын жасауымен өміршеңдік танытуда. Мақал-мәтелдердің басқа нұсқасының туындауы да - жанрдың өмір сүруінің формасы. «Қазақ әдебиетінің тарихындағы» төмендегі пікірлер ойымызды қуаттай түседі: «Халық ауыз әдебиетінде бұрыннан бар мақалдың тек бірер сөзін жаңадан қосу арқылы жаңа мақал жасау белең алды. Мысалы, «Істің ағы білмейді, жігіттің бағы біледі» деген мақал кейіннен «Жігіттің бағы білмейді, жұмыстың бабы біледі» немесе «Ат шаппайды, бап шабады» деген «Ат шаппайды, бақ шабады» деп, өзгеріске түсті. Жаңа мақал жасаудың тағы бір тәсілі ескі мақалдың құрылысы ғана алынып, сол жолмен жаңа мақал құру»1. М.Әлімбаевтың қаламынан шыққан «Аузы күйген ақылды» деген фольклордағы «Аузы күйген үріп ішеді» дегенін аз-маз өзгертумен жасалғанына күмән келтіру қиын. Мақал-мәтелдердің ең басты қызметі модельдендіруші, яки қоғамдағы, айналадағы құбылыс, жағдаяттардың, оқиғалардың қалпын сөзбен бейнелейді, екінші қызметі - нақыштаушылық, сөзді көріктендіруге септесуі, сондай-ақ ізгі қасиеттерге үндеу, жамандықтан жирендіріп, жақсылықты насихаттау, өсиет, өнеге сипатында келіп, тәрбиелік жүк арқалауы. Түйіндей айтқанда, мақал-мәтел дамуын тоқтатпай, заманаға үйлесіп, бейімділік танытып келе жатқан жанр. Мақал-мәтел ауызша сөйлеу тілде, әдеби, жазба әдебиетте, баспасөз бетінде де кең қолданылатын түр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 723; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.