Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 1 страница. 1. Сайт ГИС-Ассоциации, http://gisa.ru/




Интернет-источники

1. Сайт ГИС-Ассоциации, http://gisa.ru/

2. Электронная библиотека ГАГУ, http://e-lib.gasu.ru/

3. Геоинформационные системы, http://www.dataplus.ru/

4. Академия САПР и ГИС, http://www.cadacademy.ru/

5. Нижегородские Географические Информационные Системы и технологии,

http://www.gis.nnov.ru/

6. Информационный сервер объединённого научного совета по проблемам геоинформатики,

http://www.scgis.ru/

7. Геоинформационные системы, http://www.gisok.spb.ru/

8. Санкт-Петербургский Университет, факультет географии и геоэкологии, http://www.geospb.

ru/index.html

9. Сайт компании “Навгеоком”, http://www.agp.ru/__

 

1. Негізгі және қосымша әдебиеттер

Әдебиет атауы Кітап авторы Баспа, шығарылған жылы
       
4.1.1 Негізгі әдебиет
  Сәулеттік жобалауға кіріспе Кринский В.Ф. және т.б. М.: Құрылысбаспа 1974
  Сәулеттік жобалаудың негізгі ұғымдары Соколов А.М. Ленинград,1976
  Көлемдік-кеңістік композиция А.В. Степанов редакц. М.: Құрылысбаспа 1975
  Антиканың сәулет түрлері Михайловский И.Б. М.: СССР Сәулет Академиясы баспасы, 1949
  Сәулет композициясының негіздері Иконников А.В., Степанов Г.П. М.: Өнер,1971
  Көлемдік-кеңістік композиция А.В. Степанов редакц. М.: Құрылысбаспа 1993
  Сәулетшінің бейнелеу тілінің мәселелері Кудряшев К.В. Байзетцер Л. М.: Құрылысбаспа 1985
  Сәулет композициясы мен жобалау негіздері   Киев: Жоғары мектеп, 1987
4.1.2 Қосымша әдебиеттер
  Сәулеттік композиция Араухо И. М.: Жоғары мектеп, 1982
  Сәулеттегі функция, түр, образ Иконников А.В. М.: Құрылысбаспа 1986
  Қоғамдық ғимараттың интерьері Новиков Е.Б. М.: Құрылысбаспа 1991
  Пропорция принциптері Шевелев И.Ш. М.: Құрылысбаспа 1986
  80-жылдары Алматы сәулетіндегі көркемдік және функционалды бастаманың өзара байланысы Балықбаев Б.Т. М.: МАрхИ, 1993
         

Лекциялық сабақтардың конспектісі

Лекция тақырыбы № 1: Архитектуралық композиция және жобалау әдістері. «Комопозиция» сөзі латын тілінен аударғанда – біріктіру, байланыс деген ұғымды білдіреді. Мұндай ұғым жеке құрылыстар мен олардың кешеніне байланысты қарастырылады.

Функциямен, конструкциямен және көркемдік оймен байланыстырылған мәселелер композицияны құру үрдісіндегі қызметтік, сонымен бірге, конструктивті-техникалық сұраныстарға жауап беретін архитектуралық композицияның, формалардың көркем, мәнерлі жүйесімен бірге қарастырылады. Архитектураның тапсырмалары күрделеніп кетуіне байланысты композицияның функциялық және конструктивті негіздері жеке пәндер бойынша өткізіледі.

Архитектуралық композиция ілімінің мазмұны архитектуралық шығармашылықтағы оның бірлігі және түрлендірудің жалпы заңдылықтарын қарастыруында. Оның мақсаты-үйлесімді, көркем шығарманың құрылуына ықпал ету. Композиция ілімі жүйелі құрылыстың құрылуына әсер етуі керек. Ол біріктіруді қолданбалы сипатқа ие болады. Архитектуралық композиция ілімі талант пен интуиция көп орын алатын көркем шығармашылық аумағында кеңінен көрінеді.

1. Архитектуралы объектінің және көлемді үлгінің морфологиялық ерекшелегі. Морфология (термині morphe - пішін және logos – оқу, грек сөздерінің бірігуінен шығады) заттар және организмдердің пішіні мен құрылуы, олардың жеке және шығармашылық дамуында. ол графикалық сұлба түрінде көрсетуге болатын синтетикалық процесс болып табылады. Егер морфологиялық құрылымды (бейнелеуге болса) үш өзара қиылысқан шеңбер түрінде белгіленсе, онда сол шеңбер объектінің пішінінің ерекшелігін көрсетеді. Орталық шеңбер пішіні мен оның құралуы арасындағы пішін мен оның сапалы мазмұны арасындағы қиын және көп турлі байланыстырдың сипаттамасын көрсетеді.

Объектілердің морфологияның ерекшелігі ретінде сыртқы келбеті бойынша ұқсас бірақ құралуы мен құрамы бойынша әртүрлі сұлбалар қызмет етеді. Жоғарыдан төмен касатканың, атомдық су асты кеменің, қатты корпусты дирижабльдің және сонымен қатар суасты жататын келбетті сұлбасы салынған Сыртқы пішіні бойынша келбетті барі осы объектілер айқын ұқсастықта болады. Әрбір организмге спецификалық белгілерін хабарлайтын детальдардың айырмашылық бар. Бірақ айқын көрінетіні жабайы касатканың, суасты кемесінің және аквалангистердің жайының құрылымы әртүрлі болады, осы әртүрлі объектілерге сәйкес. Бірақ осы кезде осы объектілерді біріктіретін морфологиялың пішіні мен оның ішкі құрылысымен байланысты. Осы 4 жағдайларда организм құралуы оның пішінінің негізгі белгіленуші өте аз энергиялық шығынымен және корпусқа минималды құрылатын әрекеттермен суды немесе әуе ортасын өту. Объектінің морфологиясы пішіннің және оның сапасы, құрамын қиын себепті – салдарлы байланысын, көрсететіні белгілі болады.

2. Қазіргі жобалау жүмысының оптимизациясына тұрақты тенденциялар қолданылған, оған қазіргі техникалық жетістіктерді енгізу, ЭВМ қолдануға, сонымен қатар көлемді модельдеуге жобалау ойының (ісіне асуының) құралы ретінде үлкен назар аударылады.

Қазіргі жобалауда ізденіс моделін ереже ретінде пенопластан (кеседі) немесе қатты қағаздан жасайды. Қазіргі ізденіс моделінің спецификасы бар, ол өлшемі бойынша үлкен емес, жасалған жай және жалғыз ғана объектінің ортақ композициялық және пластикалық суретін анықтау мақсатында болады.

Басқа түрі жобалаудың жасалауы кезеңінде байқалады. Бұнда көлемді моделі құрылыс композицисының негізгі жұмысшы көзі болып келеді. Үлкен масштабта жасалған үлкен макетте ізденіс моделінде табылғанның пластикалық бейнесі нәтижелі жасалады, құрылыстың пластикалық бейнесі, оның өңдеуінің құрылымы мен сипаттамасы тураланады. Сонымен қатар көлемді модель авторлық шешімдердің сапасын таңдалынған архитектуралық концепцияның дұрыстығын тексеру құралы болып табылады. Осы кезеңде макет жеткілікті үлкен болуы керек, оның өлшемдері құрылымның өлшемімен есептеледі және 1:50 ден 1:500 – 1:1000 дейін масштабта жасалады. Макет неғұрлым үлкен болса, ол көрерменге құрылымның сипаттамасы туралы хабарландырады. Объектінің іште» және сырттай қабылдау нүктелерін анықтауға көмектеседі және т.б. Макет жете зерттелінеді, оны ішінен және сыртынан көлемді модельдің ішкі кеңістігін сипаттамалы нүктеден және ракурстан сүретке түсіруге рұқсат етілетін фото бейнетаспаға түсіреді. Осы материалдар көлемді модельмен қоса көрсетілетін экспозицияның негізгі бөлігін құрайды және тапсырушыға оның негізгі мәнін жете ашып береді.

Көлемді модельдеу өзінің басқаша жаңа сипаттамасын құрылыс кезеңінде шешеді. Әлемдік тәжірибеде ғимараттың негізгі қажет объектілерінің көлемді модельдеу әдістері енді ене бастады. Кейбір жағдайларда осы модельдер имитациялық рольді ойнайды, авторлық ойды тексеру үшін қызмет енді және тақтай жақтауын, металды өрнекті жай материалдан жасалады объектінің немесе оның бөліктерін табиғи көлемге модельдейді. Көптеген жағдайларда көлемді модельдер көркемдеу материалдардың өте сәтті паңдауы үшін қызмет етеді.

Көлемді модель осы жағдайда тікелей ой көрінісіне, табиғатқа сәйкес барлық сапасы мен сипаттамасы бар табиғи өлшемде көрініскеұштасады.

 

1. Нег.6 [229-234] 2. Нег.5 [7-9] 3. Қос.9 [197-199]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай материалдан сіз макетіңізді жасауды қалайсыз?

2. Макеттеу сипатына материал қалай әсер етеді?

3. Материал қай шамада макет масштабының қабылдауына макетте суреттелген бөліктенудің дәрежесіне әсер етеді?

4. Архитектуралы немесе инженерлі шығармашылықтың, тірі табиғат объектісінің объект морфологиясына қандай белгі әсер етеді?

Морфологиясы ашық көрінетін ұқсастығы бар бірнеше объектілерді салыңыз.

5. Архитектуралық объектінің ішкі және сыртқы құрылымының морфологиялық ерекшелігінің суреттелуіде қандай байланыстары байқалады?

Қиын емес архитектуралық объектінің сыртқы, түрлі жоспарын немесе кескінін салыңыз. Осы бейнелеулердегі морфологиялық ерекшелігін бейнелеуде байланысын табуға талпыныңыз.

 

 

№2 Лекция тақырыбы: Архитектуралық объектілердің композициялық модельдеуі туралы түсінік.

1. Көлемді модельдеу жобалау ізденісінің әдісі ретінде. Соңғы жылдарда антикалық ғимараттар сызбалар бойынша салынған деген дәлелдер табылған. Сызба қағаз парағында сызылмаған, ал әдейі тегістелген қабырғада сграффито техникасында салынған. Ғимараттың сызбалы нүсқасы жердің тегіс қабатына салынған, ал жобалау және ізденіс сызбалары батпақты беттерде, папируста, теріде графика түріне, жасау түріне әсер ету үшін жасалған. ХІІІ – ХІ\/ ғ.ғ. ғимарат жобалауында және құрылысы кезінде атқаруші рольді көлемді модель ойнады. Ғимаратты көлемді модельдеудің суреттеуін ежелгі Египет, Ассирия, Антикалық Греция кезеңінде орын алған. Әртүрлі деректерді қолдана отырып, тарихи мәліметтерді толықтыра отырып өткен замандастарымыздың мамандық пен ролін және бізді қызықтыратын көлемді модельді қолданғандарын елестетуге болады. Біздің уақытта ондық жобалауының жүйеленуін ескере отырып, процесс 5 негізгі кезеңге бөлінеді: бағдарлануға, ізденіске, құрастыруға, материалды іске асыру (құрылыс), тексеру. Осы кезеңдік бөлінулер жобамен шығармашылық жұмысының негізгі кезеңдерін шартты түрде көрсетеді. Оларды ортақ түрде келесідей сипаттауға болады:

1 кезең – бағдарлау. Жобалауда болатын дайындық шаралары іске асырылады. Болашақ объектіге оның қоршаған табиғи немесе қалалық ортаға қойылатын талаптар анықталады.

2 кезең – ізденіс. Автордың болашақ объекті туралы түсінігі жол – жөнекей толықтыруы, кеңейтуге кеңінен жүмыс жүргізіледі. Объектінің бірінші эскиздері пайда болады.

3 кезең – жобаның өнделуі. Жобалау кезінде объект бойынша барлық жұмыстар жүргізілетінін түсіну керек. Жобаны өңдеу – нәтижесінде жобаланатын объекттің тереңдетілген өңдеуі іске асатын, әсерлер комплексінің шартты белгіленуі. Сызбаларда және көлемді модельдерде объектінің аяқталған бейнесі қалыптасады, оның композициялық, функционалдық, конструктивтік құрылымының детальдары өңделеді.

4 кезең – объектінің материалмен жасалуы (құрылыс). Сызбаларда және көлемді модельдерде жасалған ақпаратты қолдана отырып объектіні материалдан жасайды. Архитектуралық дамуының әртурлі кезеңінде осы уақыт алдына құрылыс көлік, құру жұмыстарының қалыптасуына, құрылыстың қалыптасуына және қаржыландыруына шаралар дайындалған.

5 кезең – тексеру. Архитектуралық салынулардың эксплуатациялық сапаларының комплексін тексеруі іске асады. Бұл процесс аяқталған құрылыстың функциональдық және эстетикалық сапасын бағалауымен басталады. Осындай бағалау объекті «өмірінің» барлық кезеңінде жалғасады. Оның сапасы уақытпен тексеруге ұшырасады, оның нәтижесі болып мәдени және материалды-кеңістік ортаның айырылмас бөлігі - ғимаратты өзгеріссіз түрінде сақтау.

Жобалау процессінің тереңдете бөлу жобалау процесінің айқын практикада немесе оқудағы анализі үшін шартты. Архитектор оның құраушыларының біріне үлкен көңіл бөле отырып және басқалармен шекарасын бұза отырып белгілі шарттарға тәуелді кездейсоқ жобалау процесін мүшелейеді. Оқу жобалауы үшін әрбір жобалау ізденістің мақсатына және қабылдауына, осы жағдайда әрбір кезеңнің мәні мен ролі ескерілетіндіндей жете назар аудару маңызды.

Ресейдегі ортағасырлық кезеңнің шығармашылығындағы көлемді модельдеудің роль бізге жақындатылғаны белгілі. Осыған байланысты мәліметтерді біріктіре отырып өзімізге келесіні естете аламыз.

Арнайы жазбалардан (аңыздарда) белгілі болғандай жобалаудың алғашқы кезеңінде ғимараттың сыртқы түрі, көлемі және салыну материалы айтылған. Құрылыстың ерекшеліктерінің суреттелуі бүрыннан бар құрылыстарға ұқсас етіліп жасалынған. Осы кезеңде іскердің негізгі мақсаты болып тапсырыстың шартын түсіну болып табылды.

Содан соң салынудың бейнесін іздестіру кезеңі жалғасты. Ортағасырлық іскердің эскиздеу түрі тері бетіндегі немесе қағазда салынған графикалық суреттермен шектелді. Эскиздер көмірмен немесе үшкірленген таяқшамен, күйе салынған қаламмен жасалды.

Көлемді модель құрылыс бейнесінің ізденісінің бірде-бір пішіні болып табылды. Алғашқы контурды анықтаған ізденіс көлемді моделі қарапайым пештің балшықтан жасалғаны және көп өмір сүргені ықтымал. Ізденіс модельін Ресейге сәйкес ағаш түрінен – осина мен липадан кескені мүмкін. Ізденіс моделінің көлемі өте кішкене болған – 1,5-2 алақан биіктігі немесе ені бойынша болған.

2.Оқулы жобалау курсы мен көлемді-кеңістіктін композициясының әдістемелік байланысы. Қазіргі жоғарыархитекторлық мектептің орталық мәселесі болып оқытылатын пәндер арасындағы байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Әрбір оқу пәнінің мәні мен мағынасын оңай түсіну – оның архитектуралық жобалаудағы ролін, архитектордың дайындық процессіндегі орнын түсінумен алынған білімнің тереңдігі мен керектігі тәуелді болады. Жобалаудың және ККК-нің байланысының негізі олардың әдістемелік құрылуының ортақтығын қүрайды, оны екі бағытта көрсетуге болады.

1-ші бағыт – оқу жобалауы курстары және көлемді-жобалау композициясы бойынша оқу тапсырмасымен процестің әдістемелік құрылуынаң ортақтығы.

ККК жобасы және оқу тапсырмасы бойынша ұқсас әдістер өңдеу кезеңдері үшін сипаттамалы, әсіресе көлемді модельді қағаздан немесе қатты қағаздан жасаған кезде. Осы жағдайда жоба бойынша және ККК моделі жұмысы кезінде өңдеу кезеңі объектінің барлық керек ортогональды жобаларды сызумен көрсетіледі. Жобалауда - құрылыс сызбасы бойынша графикалық жұмыс. ККК тапсырмасында – қағаз немесе қатты қағаз макетінің сызбасын салу жүмысы.

Көлемді модель материалының сипаттамасы оның сапалы өңдеуіне ерекше әдістерді қолдануды нұсқайды, ККК моделінің сапасына әсіренді. Егер осы кезеңнің оқу жобасы жұмысына жобалау сызбаларының аяқталған графикалық өңдіруі сипатты болса, онда ЖКН курсы бойынша тапсырманың аяқталу процессі кезінде барлық көңіл көлемді модельдің сапалы жиналуына бөлінеді.

Жобалау курсы және ККК курсы бойынша тапсырмаларды іске асу әдістерінің бағалау нәтижесінде осы процестердің ұқсастығын ескеру керек. Олардың ортақтығы әрбір оқу тақырыбының көркем іске асуының табиғатында, онда есептердің көбі «ортақтан бөлекке» шешіледі. Осы процесінде өздерінің спецификалық түстері болады, олардың мағынасы өңделетін есептердің өзіндік ерекшелігінде, автордың өзіндік ерекшелігінде шығармашылық объектілірінің ерекше табиғатында болады. ККК объектілерінің өңделуі объектінің композициялық, пластикалық мәніне жоғары көңіл аударылуына байланысты. Графикалық сызбаларда жобалау тақырыптың өңделуі архитектуралық объектіні құрастыратын әртүрлі дерек комплекстерінен, оның тектоникасынан, құрылымынан, функциясынан, қоршаған ортасынан тәуелді.

2-ші бағыт – оқу жобасы және «көлемді-кеңістікті композиция» курсы тапсырмасы бойынша жұмыстары әдістемелік орнатылулардың өзара шарттығы.

ККК бойынша әрбір жаттығу мақсаты – берілген объект бойынша пластикалық, кеңістік немесе композицияны-функционалды есеп шығарылуын қамтамасыз ету.

Үлгі ретінде оқудың екінші жылыңда орындалатын «Көрме павильоны» курстың жоба бойынша жұмысы болып табылуы мүмкін.

Көрме павильонын іздестіру кезеңінде қатар-қатар есеп арасында үлкен мәнді көрме кеңістігі мен вестибюль кеңістігі арасындағы композициялық өзара байланысын дұрыс түсіну болып табылады. Вестибюльді қалай есптегеннен, оның көрме бөлмесіне кеңістіктік және көріністік өзара байланысы табылған автормен таңдалған композициялық концепциясының сапасы тәуелді болады. Осыған ұқсас есептерге ККК курсы бойынша «Кеңістіктердің констрастық құрылуы» оқу тапсырмасы арналған. ККК -ң композициялық моделі бойынша жұмыс оқулықтарға екі немесе бірнеше көлемі және геометриялық сызбасы бойынша констрасты кеңістіктердің өзара байланыс принципін түсінуге көмектеседі. Осы жұмыстың нәтижесі вестибюлдің және көрме ғимаратының кеңістік, өзара байланыстың шешімінен тікелей әсер етеді. ККК бойынша жұмыс жобалау шешімі сапасын көтеретін нәрсе болып табылады. Оқушылар алдымен кеңістіктердің және композициялық модельдер бойынша өзара байланыс проблемасын түсінеді, содан соң осы есептерді жобалауды шешеді. Құрылымымен тағайындалуы бойынша әртүрлі кеңістіктердің өзара байланысы туралы түсінігінің сапалы,

қайта өңделуі іске асады.

Жұмыста көлемді модельдің ролі оқу жобасы бойынша ККК жаттығуының орындауымен шектелемеген. Жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде оқушылар әртүрлі есептерді шешу үшін жобалау әдістерін қолдана алады. Макет- негіз болып табылады, ал кейде көрсетілім композициясының негізгі қорғаушысы болып табылады. Оқу жобасы бойынша жұмыс әдісі ККК курсы тапсырмасы бойынша жұмыс әдістерімен қосылады, нәтижесінде жобалау процесінде толық мағынаны қалдырады. Бұнда әдістердің жай қосындылауы емес, ал олардың шығармашылық әдістерінің жоғары сапасында.

 

1. Нег.6[37-52] 2. Нег.5[65-83] 3. Қос.10[60-97]

 

Бақылау сұрақтары:

1. ККК моделі қағазбен қатты қағаздан қандай тізбектікте орындалады?

2. ККК моделің ойының ізденісін сіз қалай іске асырасыз – сызбада немесе ізденіс макетінде?

3. ККК-нің тазалық моделінің аяқталған параметрлері қалай тураланады?

4. Қағазбен немесе қатты қағаздан моделдерді сіз қандай әдіс бойынша жасайсыз – оны ұзақ элементтерден құрайсыз ба немесе бүтінін жасауға талпынасыз ба?

 

 

№ 3 Лекция тақырыбы: Архитектурадағы функция түсінгі.

«Көркем елестету оны кешіетінсіз қабылдайтындықтан пішін функцияны алдын ала анықтайды, бірақ одан аспайды»

Ф.Л. Райт

Кез келген архитектуралық туынды өзінің қолданысына қарай, әлеуметтік үрдісіне сай болу керек. Оны жүргізу үшін мынадай материалдан орта жасалынады: осы үрдіске қамысты және сәулетшілік құрылысты жүргізу үшін нақты жағдай жасауды, техникалық және эстетикалық принциптер арқылы шешуді қажет етеді. Архитектуралық туынды эстетикалық жағынан сапалы болу үшін ол ыңғайлы, функционалды және техникалық жағынан жоғары деңгейде болу керек. Туындыдағы қажетті нәрселер міндетті түрде көрініс беру керек, сандықтан адам тұратын үйге көптеген әдемі терезелер қажет; тек көптеген терезелердің болғандығынан адам тұратын үй тұрғын үй ретінде қабылданады. Сол себептен белгілі бір көлемдегі терезелер қабырғаның жазықтығында белгілі бір гармониялық жүйеде орналасқан, міндетті түрде ғимараттың қажетті элементі бола тұра, белгілі бір эстетикалық сапасының элементі ретінде көрініс беріп тұрады.

Архитектуралық композицияның құралдары арқылы ғимаратқа эстетикалық сапа берілгенде, эстетикалық мүмкіншіліктерімен қарама-қайшылықта болмауы керек. Басқаша айтқанда, берілген ғимараттың мінездемесіне жауап беретіндей эстетикалық міндеттерді шешу кезінде белгілі дұрыс өлшемді сақтау қажет. Ғимараттың эстетикалық сапасы немесе ғимараттардың комплексін архитектуралық көркемді образдағы деңгейге көтеру қажет, яғни өнердің деңгейінде, архитектуралық форманы өмірдің көркемдік концепциясын пластикамен адамдардың санасына белсенді әсер етуші ету қажет.

Әр бір ғимарат немесе ғимараттардың комплексі өзінің эстетикалық сапасын көркемдік образдың деңгейіне көтере бермейді. Әдетте бұндай міндеттер арнайы үлкен қоғамдық және архитектуралық маңызы бар ғимараттардың немесе комплекстердің алдына қойылады.

Архитектуралық композицияның басқа өнер түрлерінің композициясынан ерекше айырмашылығы мына жағдайға байланысты: ол көркемдік, функционалдық заңдылықтарда немесе технологиялық үрдістерге негізделеді, тым болмаса, архитектуралық композицияларда функицоналдық және техникалық сапа көркемдік заңдылықтардың көрсеткіші бола алады және көркемді көрсетілуі қажет. Мысалы, ыңғайлы, комфортқа сай бөлме, әрқашанда өзінің белгілі эстетикалық сапасы бар, бірақ бұл міндет жоба жасалғанда арнайы қойылмаса да немесе таңдау арқылы алынған конструкцияның формасы композицияда тек конструктивті ғана емес және көркемдік элементі бола алады.

Көлемді-жоспарлаудың шешімінің негізі, негізгі факторы қоғамдық ғимараттардың шешімінің негізі, негізгі факторы қоғамдық ғимараттардың және құрылыстардың функционалдық белгілеуі болып табылады, яғни ол адамның қоғамдық қызметі атап айтқанда бұл сол үшін салынатын ғимарат.

Функционалды-техникалық процестерді сипаттайтын барлық элементтердің жиынтығы кеңістікті ұйымдастыру, ғимараттар мен құрылыстардың өлшемдері мен формасын анықтайды. Адамдардың өмір сүру деңгейінің және ғылыми-техникалық үрдістің талаптарының өзгеруіне байланысты функционалды-технологиялық үрдістердің өздері ғимараттардың қоғамдық және басқа шештерінің ағымында ғимараттардың өздері секілді, өзгерістерге ұшырайды, ескіреді, өледі және қайта пайда болады. Әр қоғамдық ғимараттың пішінетән өзіндік кеңістік схемасы бар, негізгі қозғалыстың бағытты, өзара байланыстардың схемасы, бөлмелердің ядросының топталуы және матасқан элементтері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 717; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.067 сек.