Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 3 страница. Қазіргі жеңілдетілген қабырға оның көтергіш қызметінің қаңқаға өтуімен




Қазіргі жеңілдетілген қабырға оның көтергіш қызметінің қаңқаға өтуімен, қабырғаның шынайы белгісі мен жұмысын айқындайды. Ірі шыныланған ойықтарды, шынылаудың үздіксіз көлбеу таспасын немесе тіпті тұтас шыныланған қабырғаларды жайластыру мүмкіндігі болды, мысалы, бұл 1959 жылы Бросселдегі Дүниежүзілік көрмедегі СССО-нің Павильон ғимартының құрылысында кездеседі. Қабырғалардың алюмин қапсырмалармен қоршаған шыны призмалары павильон залдарына мол жарық бере отырып, өздері жүйелі құрылымның негізі болып табылады, сонымен бірге бүкіл ғимараттың маңызды сәулеттік-көркемдік бөлшегі болады. Ғимарат кейін образды мәнерде құрылымдық жетілдіруге жаппай ұмтылу, сәулеттік құрылымдық түрде жетілдіру қазіргі ғимараттардың жүйелі құрылымдық қасиеттерінің ең маңызды көрінісі болып табылады.

Алай, ғимараттың құрылымдық құрылымының сәулет өнерінде дұрыс көрініс табуын құрылымды «жалаңаштаудың» барлық жағдайында қолдану міндетті деп түсінбеу керек. Мысалы, Мәскеу бекет «Кропоткинская» метрополитенінің перрон залы екі қатар бағандар тірек түратын массивтік құрылымдармен жабылған. Залға кіргенде, жердің жоғарғы қабатында жатқан ауырлықты сезбек тұрмақ, керісінше, интерьер ерекше жеңіл және кең болып көрінеді.Бағалалардың түрінің салылығы, жарық облицовка, жарықтың жасырып көздермен, залды жарықтандырудың қырықты тәсілдері және басқа да құрылыстың құралдар арқылы үлкен әсер қалдыруға болады. Сонымен бірге бекеттің құрылымдық құрылымы шынайы көрінген, жүйелі құрылымы жақсы ойлап табылған.

Сәулеттік композиция және композициялық құралдардың негізін білу, инженер-құрылыстының сәулетшімен бірігіп, тиімді құрылымдық қалыптың көркемдік мүмкіндіктерін қолдана отырып, қазіргі сәулет өнері мәселелерін өте жоғарғы көркемдік деңгейде шешуге мүмкіндік береді.

 

1. Нег.6[73-79] 2. Нег.5[84-107] 3. Қос.10[142-192]

 

 

Бақылау сұрақтар:

1. Сәулеттік жүйелі құрылым дегеніміз не?

2. Жүйелі құрылымдық мәнер материалдар мен құрылымға тәуелді ме?

3. Имараттың жүйелі құрылымының көрінісінің құралы ретінде ордер туралы не айтасыз?

4. Ғимараттың жүйелі құрылым сипаты мен оның көркемдік бейнесінің арасында тәуелділік бар ма?

5. Қазіргі қандай жүйелі құрылым жүйелерін білесіз?

 

 

№ 5 Лекция тақырыбы: Сәулеттік түр құрудың көркем бейнелі жайлары (аспектілері).

«Образ (бейне) берілмейді, ол туады, пайда болады...»

С.М. Эйзенштейн

1. Сәулеттік бейне. Сәулет өнеріндегі көркем бейне сәулеттік шығармалар ұйымдастыратын қоғамдық қызметтер және эстетикалық құндылықтарды көрнекі ашумен тығыз байланысты.

Сәулет өнеріндегі көркем бейнені ашумен жұмыс істей отырып, студент сәулет өнерінің өзіндік мүмкіндіктері мен көркемдік тілінің ерекшелігін ескеруі керек. Семиотикада сәулеттік шығарманы автордың көркем ойын білдіретін және беретін белгілі бір тыңбалы жүйе ретінде қарастыруға болады. Көркем тіл – ақпаратты жеткізу құралы.

Сәулет өнерінде көркем бейненің негізі әлеуметтік маңызды бар көркем ой болып табылады. Сәулеттік нысан қоршаған ортамен өзара байланыса отырып, өзінің кеңістікті және көлемді шешімдерімен, түрлерімен, өз пропорцияларының мәнерлілігімен қоғам өмірінің қатарын, оның көзқарасының сипатын ашуы керек және ғасыр идеаларын жүзеге асыруы керек. Сәулет өнерінің өнер ретіндегі өзіндік құндылықтарын құрайтын қоғамдық-тәрбиелік мәнін студент терең түсінуі керек.

Оқу жобалаулары жағдайында бағдарлама-есептерде берілген «қағидалар(ереже)» байланысы туралы және көркем бейнені іздейтін типтік шешімдер туралы мәселе шешіледі. Мәселенің қиындығы – тиімді және жеке тұлғаны біріктіруде. «Қағида (ереже)» - мысан салудың қалынтасқан орталанғаы сұлбасы – имараттың түрін анықтайтын және көркем бейнені іздеу аясын шектейтін атақты «қалып» ретінде сипатталады. Көркем бейне бір мезгілде «қағиданы» іске асырады және берілген жағдайларда мысанның жекеше – нақты шешімін білдіреді. Көркем бейне шындық материалы қатысындан авторлық белсенділіктің субъективтік мөлшері, соңдай-ақ, автордың өмірлік тәжірібиесі мен тұлғасы ашылады.

Жобаның көркемдік тұтастығы жеке қайталанбайтын синтез түрінде және маңызды әлеуметтік түрде құрылады. Сәулетшінің шығармашылық үрдісінде пайда болған мақсат, - қоғамлерін салу, оны белгілі және қалыптасқан стереотиптерден алыс кетуге міндеттейді. Көркем мәлімдеменің эстетикалық маңызды ойы сәулеттік шығарманың ақпараттық белсенділігімен байланысты және кейде оның құрылымын бұзумен байланысты болады.

Кез келген сәулет туындысын қабылдауды ақпарат алу деп қарастыруға болады. Эмоцияның ақпараттық теориясына сәйкес, бұл мәлімдеме оң эмоция тудырады, егер көрермен шын мәнінде алатын мәліметтен болжаған мәлімдеменің мазмұны аз болса. Егер шешім күтпеген және ерекше болса, онда оң эмоцияның эстетикалық ләзаты пайда болады.

Көркемдік образды жекешелендіру, оның қайталамай беру жобалаумы объект мазмұнының өзара көрініс нәтижесі болып табылады; яғни шығармашылық үрдіс бойынша сәулетшінің таным объектісі өзіндік санасында бейнеледі, ал мазмұн тұлғалың жақта объектіден тұрады. Ол объект моделін өзінің өмірлік және көркемдік тәжірибесімен бірлікте қарастыруға талпынады. Шығармашылықтың шынайлығы мен ақиқаттылығы осында.

Студент сәулет туындыларын эмоциональды-эстетикалық ақпаратпен бойы отырып, көркем образдың өзіндік трактовкасын және тура аналогияның әсерінен туындаған көріністерді шығармашылық жолмен қайта жасауға талпынуы керек. «Компиляцияны емес, композицияны оқу керек» (Г.А. Симонов). Тіпті сынсыз, шеттен алып пайдалану және үкілі шешімдерді пайдалану ізденістің құндылығын төмендетеді және студентті қанағаттандырмайды.

Әдістемелік жақтан студент-сәулетшіге шығармашылық үрдіс барысында архитектор, суретші біртұтас маңызды кеңістік ретінде сәулет туындысының әлеуметтік-мәдени мазмұнынын ашатынын көркем-бейнелік концепцияға негіздеменін түсіндіріп үйрену керек.

Сәулет образында және оны қабылдаушы көрерменге жеткізу тәсілінде шынайылық механизмін көрсету қажет. Сәулет туындысындағы көркемдік образ кәсіптік мәдени тілде адекватты сөйлеу құралы үшін идеялар мен құбылыстарды сұрыптау арқылы шынайылықты бейнеледі. Қоғамдық ғимараттарда жобалау-алдымен, демократиялық пен адамгершілік көркемдік коммуникация ерекшелігі.

Хабарламаның интуиивтік деңгейде, мәдениет арналары арқылы берілуінен тұрады. Көркем образдың сонылық мәселесімен жаңашылдық мәселесі байланысты. Шынайы шығармашылыққа, жаңашылдыққа студентті тәрбиелеу – маңызды мәселе. Әдістеменің мақсаты – жеке түрді қалыптастыруға қабілетті студентті даярлау.

Сонымен бірге шығармашылық пен педагогикалық үрдістің тірегі замандастар мен алдыңғылардың ұрпақтан ұрпаққа беретін тәжірибесі болып табылады. Сәулет образын және көркемдік мәнерлегін- құралдарды қолдануда студенттің көркемдік талғамымен дарындылығы қалыптасады және көрінеді. Студенттің шығармашылық потенциалының критерииі идеялардың, шешімдер мен үйлесімнің сонылылығына қызмет етеді.

Сонымен сәулет туындылары утилиттік, ішкі образды мәнге жіе көркемдік, образдың мәнге негізделеді. Соңғысы сәулет өнерінде көпмағыналы тіпті бірнеше белгісіз сипатқа ие. Сәулетте образ дәлдінне емес, тереңділік, күштілікке құрылады. Мысалы, образ ретінде готикалық собор деген не? Ол туралы біз не білеміз? Бұл сурақтарға жалпы сипат тән. Готикалық собор өзіндік мәні бойынша, аспанға, құдайға талпынуды білдіреді. Грек храмынан айырмашылығы, готикалық собор контрасқа құрылады. Бұл контраст храмның ішкі келбеті мен сыртқы түрін береді. Собор іші жер бетіндегі тіршілік және күнәға бату туралы ойға құрылған шырақтарға толы болады. Сыртқы көрінісі көкке самғау талпынысын білдіреді.

Біздің готикалық сәулет туралы сұраққа жауабымыз нақты емес. Құдайға талпыну бізді толғандырмайды, готикалық собор абстрактілі суық сұлулық ретінде қабылданады, бірақ жанымызды рухтандырады. Көркемдік образ өзінің алғашқы мәнінен кең әрі маңызды. Біз сәулет образын жанымызбен түсінеміз, бірақ тілмен жеткізуге қиын. Сәулет образына мүсін образы, сурет, сөз образдары жақын. Бірақ сәулет туындылары өнердің ұлы туындылары сияқты адамның жоғарыға талпыну жолы болып есептеледі.

... Біз Боголюбовға жақын Владимир жерінде ағаштармен қоршалған ескі құрылыстың алдында тұрмыз. Бұл – шіркеу. Шіркеуден көзімізді алмауымыз неліктен? Ол бізді несімен өзіне тартады, бізге не туралы айтқысы келеді? Мүмкін, ол бізге өзінің сұлулығы туралы құр тілмен айтқысы келетін шығар. Оның сұлулығына табыну жақсылыққа жетелейді. Мұнда оның заңдылығы ескеріледі.

Сәулетті музыкамен жақындастырады. Неміс романтигі Ф. Шлегель «сәулетті тұнған музыка» деп бекер атамаған. Әрине бұл нақты термин емес, бұл метафора, бірақ бұл құбылыстың ұқсастығын байқауға көмектеседі. Музыка мен сәулеттің ұқсастығы олардың математикалық дәлдік байланысына үйлесуі. Соңдай-ақ, сәулет пен музыканың ұқсастығы логикалық қөзқарас турғысынан нақты образдарға құрылмаса да, терең және әсерлі образдарды дүниеге әкеледі.

Сәулет қоршаған жансыз дүниемен байланыста. Материалдық әлем сәулет туындыларына әсер етеді. Ежелі Египеттің сәулет өнері айналасын біркелкі таяз, шексіз шөлейткі негізделге және осы олардың тудырған сәулет ескерткіштерінің түрлерінен көрініс тапқан. үндістанның сәулет өнері ағаштар мен салтанатты гүлдерді, жунглиді бейнелейді де, бұл үнді сәулетінде көрініс табады. Орыстың ағаш шіркеулері Солтүстікте кездеседі, бұл біздің солтүстік табиғатымыздың сұлулығын көрсетеді.

Мәскеу Кремліне Қарасақ, біз Ресей туралы, оның халкының ұлылығы туралы ойға қаламыз. Парфенонға қарап отырып, Грекия тарихындағы ерлік кезеңдерді еске түсіреміз.

 

1. Нег.6[81-91] 2. Нег.5[108-121] 3. Қос.10[142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сәулеттегі көркемдік бейненің ерекшелігі неде?

2. Көркемдік бейне құрылымы қандай?

3. Жүйелі құрылым – құрылымның көркемдік бейнесі.

 

 

№ 6 Лекция тақырыбы: Сәулеттің көркемдік тілі.

«Тас емес, кеңістік – сәулет материалы»

Н.А. Ладовский

Көркемдік іс - әрекеттердің барлық түрлері өздерінің салаланған, синонимге бай тілдерін жасайды және тек қана солардың арқасында өнердің әралуан түрлері өмір сүре алады. Өнердің әр түрінің өз тілі бар, өз таңба жүйесі арқылы көркемдік ақпаратты тасиды.

Сәулет – ең материалды және сол кезде ең жалпы өнер. Соңғы жағдай оны әуенмен жақындатады, екі өнер математикалық мұқият салыстырылған қатынастар үйлесімінде тынышталады. Тағы да, ұқсастығы, мынада, әуен де, сәулет те, бейнелер жасайды, қисынды көзқараспен қарағанда нақты болмаса да, сонымен бірге терең, әрі әсерлі. Сондықтан сәулет әуен тәрізді ең түсінікті және танымал өнерге айналуы керек деп ойлауға болар еді. Бірақ, іс жүзінде бәрі өзгеше көрінеді. Сәулет ең қиын және асқақ өнер болып шықты, оның тілі көпшілікке түсініксіз. Егер біз сәулетті форма көру қиялымен басқа өнерлермен салыстарсак, онда сәулеттің басқа өнерлердің алдындағы үстемдігі күмән тұғызбайды: өйткені сәулет пішіндеріне жаратылыста тура ұқсастық жоқ, басқалардың тіліне еліктемейді, тек қана тілінде сөйлейді. Біз енді осы өзіндік көркемдік тілді зерттеуге бұрылаық.

Сәулет туындылары әрқашан бір қырлы – ол нақты тәжірибелік мақсаттарға қызмет етеді, және сол уақытта жалпы мағыналы ойды, идеяны көрсетеді. Жаратылыстың нақты бөлігі бола тұра, ең шыншыл және улитарлы мақсаттарға қызмет ете, сәулет сонымен бірге таңбалармен, сандармен, жалпы қатынастармен көрінеді. Геометриялық түсініктер – жазықтық пен олардың қисык қатынастары, олардың қысықтығы, симметриясы және т.б. - өз табиғатты бойынша материалдар емес. Бұл, осы формалары шынымен бар, ана немесе мына материалдың физикалық табиғатына селқос, таза қатынастар. Бірақ, сәулетте бұл геометриялық қатынастардың жүйесі материал ретінде шығады, осыдан сәулетші жоғары бірілікті құрайды. Ең жоғары жалпы деңгейде геометриялық сәйкестемелік қатынас жүйелері, көлем, ырғақ, ең нақтыда – массалар қосылатын, нақты геометриялық формалар жасайтын, анықталған, өз фактурасы бар физикалық материалдар сәулет материал болып шығады. Осылай, элементтері таңбалық мағынаға ие, сәулет кеңістігі ұйымдастырылады.

Сәулеттегі таңбаларды екі негіздеме бойынша бөлуге болады:

1. Таңбаның үш түрі – индекс-таңба, таңба-белгі, иконалық таңба;

2. Тасымалдайтын ақпарат типі бойынша: мәдениетке қатысты белгі, рецепциялы күту белгісі, қызмет белгілері, әдеп белгілері, ұлт сипаттамасының белгілері; шығарма мағынасын тасымалдайтын белгілер, ғаламдық-дуниетанымдық белгілер. Осы екі түбегейлі мағыналы қатынастар троп негізінде жатыр.

Индекс-белгілер себеп-салдар қатынасында негізделеді. Ондайға, мысалы, есіктер жатады – ғимараттың ішкі кеңістігіне кіру мүмкіндігін білдіреді; екі қабатқа топқа біріктірілген, биік терезелер, ғимарат ішінде екі шырақты зал бар екендігін білдіреді; күмбез – ғимарат ішіндегі тұтас кеңістік көлемнің белгісі; қақпа – саябақ, зал немесе бақ, әлде үйдегі аула белгісі; саты – жоғарыға қабат бар екендігінің белгісі және т.б.

Индекс-белгілер бізге ғимарат қызмет ететін, іс-әрекеттің сипатын көрсететін, практикалық қажет ақпаратты жеткізеді. Іс жүзінде, сол белгі қызметін қызмет белгісіде, рецепциялы күту белгісі де, ұлт сипаттамасының белгілері де орындайды. Неке қию сарайының сәнді күн қорғанысы (М. Мендіқұлов, А. Леппик, 1971) – ұлт сипаттамасының белгісі. Жастардың шығармашылық Сарайының кұмбезі – ғимарат ішіндегі тұтас кеңістік көлемнің белгісі және аспан әлемінің белгі-таңбасы. Республика Сарайының алтын сияқты, фойеге өтіп, оның төбесіне айналатын әдемі иілген жабын беті (Н. Рипинский, Л. Ухоботов, Ю. Ратушный, В. Ким, В. Алле, 1970) – сыртқы көлем мен ішкі кеңістік бірлігінің белгісі – шатырдың дәстүрлі тақырыбымен ассоциациялы байланысты.

Таңба-белгілер объектімен келісімге негізделген ассоциациялы байланыста (келісім белгілер); Таңба-белгілер – шартты, белгінетінмен себеп-салдар қатынаспен байланыспаған, тұтас түсінік жүйесін беретін бейнелеуші дабыл. Символдық белгіге қазір мэриялар мен ратушалар ғимараттарына орнатылған мұнара айналды. Оның шығу посыл донжон болып табылады. Ол билік символы болған, ал қызметі бойынша – бекіністі қоршаған кезде қорғаныстың соңғы тірек орны болған. Қазір бұл мұнараның тек қана бірінші символикалық мағынасы қалған. Алматы қаласының символына «Медеу» мұз айдыны айналды – қазіргі кезде жастардың халықаралық орталығы.

Иконалық таңбалар – белгіленген объектілермен сәйкестігі бар, ол туралы нақтысезімтал көрініс беретін, оның жалпы көрініс көрсететін таңбалар. Иконалық таңбалар бейнелегіш және ол ауыстыратын затпен ұқсас, мысалы, лотосқа ұқсаған, папиросқа ұқсаған, пальмаға ұқсаған бағаналар, пирамида жерлеу орны ретінде көрерменді жерлеу төбешігіне, қорғанға, зират үймесі бейнесіне әкететін бейнелегіш таңба болып табылады. Сәулет таңба жуйесінің төрт деңгейі бар: морфология – ғимараттың негізгі құрылымдық элементтерін анықтайтын, сәулет формаларының біріліктері; синтаксис – ғимараттың негізгі құрылымдық жүйелерін анықтайтын, элемент – таңбалардың ережелері мен заңдылықтары,, семантика – көркемдік концепция жасайтын, белгілердің мағыналармен байланысы; логика – бейнелі ойлаудың сипатын анықтайтын, прагматикалық жәнеэстетикалық нормативтілік.

Таныс дөрекіленуі бар риторикалық пңшңндердің алуан түрлілігі екі принципке тіреледі: метонимияға (бүтін орнына бөлік немесе белгі) және метафоралар (әртүрлі объектілердің ассоциациялық түйіндесуі). Мағыналық деңгейде осы екі принципке көркемдік қарым-қатынастың екі түрі сәйкес келеді: метафораға – символ, метонимияға – тип.

Алматыда жаңа сәулет құрылу үрдісі «бақытты онбесжылдық» кезеңіне келді, дәл соның арқасында қала сәулеті тез арада астаналық сипатқа ие болды, қазақ мәдениетінің әртүрлі және терең ынтасын көрсететін, ұлттық қозғалысқа айналды. 1970-1985 ж.ж. ансамбльдер (Абай алаңы, Жаңа алаң, «Медеу» мұз айдыны) жеке ғимараттар (цирк, Офицерлер үйі, «Қазақстан» қонақүйі, «Арасан» моншасы, Пионерлер сарайы) және монументтер қатары құрылады (28 гвардеецтер-панфиловшылар атындағы саяжайдағы Даңқ мемориаля), қала бетін белсенді қалыптастыра отырып, жиілілік жоспарың геометриялық сұлбасына қазақтың шексіз кеңшілігінің таза сезімін енгізді, мүмкін құрылыстың негізгі сызықтарының геометриялық нақтылығымен дала кеңшілілігінің үйлесімдігі, нұсқасы аппақ таулар мен ашық аспан тұсында суреттелетін астананың ең сипатты ерекшелігін дәл осы құрайтын шығар.

Көрсетілген кезең сәулеттінің кеңістік-икемділік ерекшелігі риторикалық мүсіндерде түсіндірілуі мүмкін, оларды анықтап көрейік. Жастардың шығармашылық Сарайының сәулетінде (1982, сәулетші В.Ким) күмбездің аулық, ақындық мәнерлілік формасы синонимия жолымен туындайды. Синонимиялық – ол элементтердің бір-бірін ауыстыратын құрамды бөліктері (мысалы, суық – суытылған, саусақ - жүзік). Сәулет өнерінің қарастырылып отырған баламалық түрі мынадай жағдайда көрінеді (жартылай сфералық кеңістік, аспан сферасы) күмбез түрінде белгіленеді. Күмбездің бұл формасы құрылысқа жеңілдік және көркемдік қасиеттер береді. Бұл бүкіл ғимаратты алыстан қарағанда кеңістікпен бірлікте көрсетеді, ал жақыннан қарағанда мәнерлі, пластикалық пішім береді.

Күмбездің пішіні толқын тәрізді метал элементтерден құралған, ол жарық бояулармен боялады, ол қызғый соры түске жақын – көгілдір аспанның түсін қосымшалығымен және белсенділігімен толықтырады; тәуліктің әр түрлі уақытында жарық пен көлеңкетің ойыны көзге түрлі пішіндерді меңгеруге, белгілі бір көуіл күйді қалыптастыруға – күндіз қуанышты, кемке романтикалық, күн батарда бейнелеу және мүсіндеу өнерінің арқасында түрлі образдарды елестетеді. Күмбездің толқын тәрізді ойыстарында және эластикалық пішінінде, әйел мүсінінің әдемі пластикалық әсері сезіледі бұл қасиет оны балқа қазіргі заманға қатаң пішіндерден ерекшелейді.

Сарайдың басты композициялық жетістігі – оның ашықтығында – мұнымен құрылыс шарттары бұзылып қоймайды, керісінше жеңіл өрнекті қақпалар ерекше көрінеді. Құрылыстың маштабы, бізді балалармен жас өспірімдердің әлеміне әкелді. Сәулетші бізді әлемнің жаңа үлгісіне әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар «шығарлық» идеясын іске асырады. Жобада әлем динамикалық спираль түрінде негізгі кіре беріс цилиндр формасында орындалып күмбез түрінде аяқталған. Кеңістіктегі жердің символдары (күмбездің түсі мен пішіні) В. Кимнің бұл жұмыстағы ұлы табысы деуге болады. Туынды жасау идеяны, тұлғаның толық қанды жұмсалуы, күнделікті мәселелерден жоғары ұғымдарды шығаруы, жалпы композициядан жекелеген бөліктерге дейін Сарай ғимаратының негізгі ерекшелігі.

Цирк ғимараты (арх. В.Кацев, 1972) дөңгелек пішінде жасалған. Бұл кеңістікті метафоралық пішін. Оның 3 түрлі негізгі түйіні бар: 1) шеңбер ғимараттың утилитарлық негізгі функциясын атқарады; 2) шеңбер ұлттық киіз үй пішін көрсетеді; 3). Бұл көшпенді өмір сүру образын танытады ол цирк әртістеріне қатысты мәселе. Цирк үйінің ғимараты жердің негізгі рельефіне жасалған. Бұл сол алаңның ашық сипатын толықтырада, біріншіден негізгі көлік магистралі, екіншіден спорттық кешен, Неке сарайы және Әуезов атындағы драма театры. Алаң кең аллея арқылы көркем галерея ғимаратымен байланысқан, сонымен қатар бұл жерде жаңа бағыттығы («Ерке» парк аттракциондары, «Айя» қиял әлемі және «Рахат Палас» қонақ үйі) қаланың басқа өскелең аудандарымен байланыстыратын бұйым қызметін атқарады. Орталықта тұратын көрермен қала болашағының төрт сәулеттік бағыттарын таниды. Олар негізгі сәулет жобаларымен түйістірілген, олар түйінді қызмет атқарады. Олар Алматы қаласының негізгі көркемдік басым нүктелері болып есептеледі. Қаланың басқа аудандарын осы нүктелермен түйістіріледі. Цирк ғимараты тек қана кеңістіктегі пластикалық матафоралық пішін ғана емес, сонымен бірге нақты жұмыс істейтін мақсатты кешен оның барлық элементтері өзін ақтаған себебі практикалық жағынан пайдалы және жинақы орналасқан, бұл оның логикалық композициясын көркемдік шешімінің дұрыс табылғандығы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 1024; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.043 сек.