Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Композиция болмысы. 2 страница




Біз ритмикалық қатар құрылып жатқан, әрең көрінетін заңдылықтың шегінуіне ықыласпен көңіл болеміз.

Формаға ритм беретін динамика, композициялық қатынаста өзгерісті заңдастыруды бұзуда толық қирауы мүмкін. Ритмнің таңдалған немесе шарттасқан шегінде түрлену мүмкін емес, себебі бір элементті өзгерту немесе барлық жүйенің динамикалығы мен тұтастығын жоғалтуға әкеледі.

Бір қалыптылықты сезінуді түсіру үшін, ритмді қолдану тәсілі қолданылады. Оған Үндістандағы (1961-1965) Пенджаб штатының астанасы Чандигарха үкімет ғимаратының композициясында Ле Корбюзье келді. Лоджиялардық, жұмыс бөлмелерінің метрикалық қатары төрттен бір шаршы метрге созылып жатқан фасадтың негізін құрайды.

Функционалды құрылым және конструкциямен байланысты метр композицияда бөлек құрылыс болуы мүмкін емес, бірақ оның дамуы белсенді болуы мүмкін, ал ансамбль жүйесінде кеңістікті жасалған ритмикалық тасымалдауымен топ көлемінің құрылуы мүмкін.

Оңтүстік аудандарда фасадтарды ритмикалық ұйымдастыру көлеңкелейтін құрылыстарды қолдану негізінде жасалынады, ол күн сәулесінен қорғайды. Бұндай құрылыстардың аса қажет болу себебі, қазіргі құрылыстағы жұқа қабырғалардың (кең тесікті) өте жоғары қызудан қорғай алмауында. Бай пластикалық, жарықтан колеңкелейтін әшекейлер күннен қорғайтын құрылыстардың өзінің тағайындалуымен анықталады.

Стандарттық элменттерді қайталаумен жасалған метрикалық қатар, ғимараттық көлемді формасының күрделенуімен белсендірілуі мүмкін. Мысалы, Лондонда Д. Лэсданның көмегімен салынған тұрғын үйдің әртүрлі бөліктері, олардың формасының бірдей екендігі туралы сезімнен арылтады.

Стандарттық элементтердің метрикалық қатарлары күрделі, қисық сызықты үстіңгі қабатты күрделі ритм ретінде қабылдайды. Француз сәулетшісі А. Эйо Париждің Пантэн кварталында ұзындығы 1 шаршы метрге созылатын алты қабатты үй тұрғыды; майысу бағыттын бірнеше рет өзгертетін корпустық қисық сызу жоспарды көрермен үшін бірқалыпты ритмикалық жүйеге бай тор құрайды. Эксперименттер бұған жанжақты жасалған шешім берген жоқ, бірақ олар қарапайым ритмикалық қатарлардың бірқалыптылығын жасаудың мүмкіндік жолдарының бірін көрсетеді.

Лондондаға (1961) «Алтон-Вест» тұрғын үй кешені – осындай жолдық жемісі, куәсі. Оның құрылысының судаған түрлері стандарттық элементтерден құрылған. Ғимарат нақты топтарға жиналған, құрылыс метрикалық заңдылықта жасалған. Кеңістік қатарының айналасына – жасыл желектің айналасына орталасқан топтардық геометриялық шарттылығы – еркін ритмикалық жүйені құрайды. Ансамбльдің ішкі күрделі ритмінңқ метрикалқ қайталаулары оның тұтастығын сезінуге көмектеседі. Ғимараттық ритмикалық жүйесінің тобы ландшафт сипаттамасымен берілген, күрделі заңдылықтарға бағынуы мүмкін. Кеңістік композициясындағы ритм байлығы метрикалық қатардық қаталдығын, элементтердің қайталануларын, ансамблдіқ бірлескен тәсіліне тұтасымен айналдырады.

 

1. Негізгі 6 [52-72] 2. Негізгі 5 [52-58] 3. Негізгі 10 [60-97]

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Неге метроритмикалық заңдылықтар өнерде, жеке өмірде, сәулет өнерінде көркемдік форма құруда кең таралған?

2. Қазіргі сәулет өнерінде ритмді дұрыс қолдануға мысал келтіріңіз. Осы ритмикалық формаларды кестемен немесе көлемді модель арқылы ерекшелігін көрсетіңіз.

3. Архитектуралық ансамблдерді құруда ритмнің қандай жаңа формаларын кең таратуға ие болады?

4. Архитектуралық формалардың элементтерінің қайталануынан мүмкін болатын бір жақты нақты тәсілдерді көрсетіңіз. Сіздің көзкарасыңызға сәтті деп айта алатын, қазіргі архитектураның тәжірибесінде шешілетін мысалдарды табыңыз.

 

 

№ 4 Лекция тақырыбы: Пропорциялар.

Шамаластық және оның математикалық айтылуы

Пропорциялау немесе сәйкестіру деп форманың элементтерін түтас құрылымға біріктіру үшін сәйкестікті пайдалануды атайды. Пропорция (лат. proportia), немесе сәйкестік – бұл салыстырмалы формалардағы қандай болмасын қасиеттердің сандық өлшемдерінің теңдігі болады. Мысалы, биіктігі мен кеңдігі а және а1; в және в1-ге сәйкес үйдің терезе мен есіктер өлшемдері тәуелділікпен байланысты болуы мүмкін, яғни олар бір-біріне сәйкес болуы керек. Сәулеттегі пропорция реттеу және бүкіл құрылыс бөліктердің арасында заңдылы байланыс жасау тәсілі болып қызмет етеді. Шынында да, егер құрылыс фасадындағы барлык элементтер пропрциялық тәулелділікпен байланысса, оңда олардың жүйесі реттелген, үйлескен формаболып көрінеді.

Пропорциялар негізінде композиция элементтерінің бір тұтасқа ұқсас принципі орнатылғанда, бұл заңдылық әсіресе көрнекі білінеді. Үйлестіру тәсілі ретінде көне заманнан бастап сәулетшілер пропорциялауды немесе сәйкестіруді қолданған. Солай, көне Египетте 3,4 және 5 тарапты белгілі «қасиеті үшбұрышты» қолданған. Бұрын антик кезінде және қайта өрлеу дәурінде «алтын қима» пропрциясы аса әйгілі болған. «Алтын қима» пропорциясын көбінесе қазіргі сәулетшілер де қолданады, сондықтан «алтын қима» пропрциясын құру әдістерінде және мәнісінде егжей-тегжейлі тоқтайық.

«Алтын қима» пропорциясымен байланысқан екі кесінді болуын шамалайды

А: В = А +В / А. «Алтын қиманың» ерекшелігі оның көмегімен бөліктерді бір тұтаспен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. «Алтын қима» қатынасымен байланысқан шамалардың пропорционалдық қатарын елестетуге болады. Бұл элементтердің шексіз жиын өлшемділігінің негізі болады: үлкен шама қосындыға, қатысты болатындай, әрбір кіші шама үлкен шамаға қатысты болады.

Сандық көріністігі «Алтын қима» қатары... 0,056; 0,090; 0,146; 0,236; 0,382; 0,618; 1,0; 0,08; 2,618 ж.т.с. шамаларымен бейнеледі.

Осыған ұқсас қасиет 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89, 144 және т.б. Бүтін сандар қатарында да бар. Мұны XII ғасырда Фибоначчи деп аталған Пизадағы итальян математигі Леонардо ашқан. Ол қатардағы екі көрші санның қатысы өскен сайын 0,618 / 3:5 =0,6;5:8 =0,625;8:13 =0,615 ж.т.б./ «алтын қима». «алтын қима» пропорциясындағы кесіндігі бөлу геометриялы 1 және 2 қажетті үш бұрышты көмегімен, ал «алтын қима» қатары – циркульмен күрделі операциялар көмегімен жасалады.

Көп санды зерттелеулер геометриялық құрулар және математикалық берулер бұрынғының сәулетшілері үшін тек теория болып қалмағанын көрсетеді. Көне Египетте олар іс жүзінде кең қолдану тапқан. Сондай-ақ, ұлы Гиза пирамидаларының ішіндегі Хефрен пирамидасыының қимасы екі егиеттік үшбұрышпен құрылған. Хеопс пирамидасының пропрциялары оның биіктігі мен табан диагоналінін 1:5-ке тең қатынасына негізделген, яғни квадраттан құрылған тік төртбұрыштың және диагоналдарының қатынасына тең.

Көне Грециядағы сәулетшілер 1:2 – ге тең қатынасты жақтарымен тік төртбұрышқа негізделген геометриялық құруларды қолданған.

Көне Орыс шіркеулердегі дін құрылыстарын жасаушылар екі эталонмен 235-ке тең қатыспен байланысты «бірқалыпты өлшемен» және «ширексіз өлшемен» пайдаланған.

Бір тұтастағы бөлек элементтердің өлшемділігі оның формасына да тәуелді. Бұрын айтылғандай, егер пропорциялар негізінде композиция элементтерінің бір-біріне және біртұтасқа деген ұқсастық принципі орнатылса, пропорциялаудың заңдылықтары көрнекілеу білінеді. Бұл математика А:В =а:в қатынастарынаның теңдігімен бейнеленеді.

Композицияларды тік төртбұрышты формалардың ұқсастығы арқылы біріктіру жолы ең көп қолданылады. Екі тік төртбұрыштың диагоналдары бір-біріне параллель немесе перпендикуляр болса, онда олар ұқсас болатыны белгілі. Бұл шарт бұрында да, қазіргі уақыттағы сәулетшілермен де үй бөліктерінің өлшемділігін орнату үшін көп қолданылған.

Модульдік қатынастарды қолдану бөліктердің бір тұтасқа және бір-біріне сәйкес болудың күшті тәсілі болады. Модульдік қатынастар сәулеттік ордерлер жүйесінде өзінің классикалық бейнелеуін тапты. Сәулеттік ордерде модуль ретінде әдетте колонна табының радиусы немесе диаметрі алынады. Басқа ордер бөліктері осы модульге еселі болады, сол арқылы өлшемділікке жетуге болатын еді.

Ордерлер теориясын рим сәулетшісі Витрувий өзінің «Десять книг об архитектуре» еңбегінде және итальян Виньолло және Палладио өте толық жазған. Сәулеттік ордерлер теориясын толық қарамастан, атап айқанда модульдік принципті антика жәнеренессанстік сәулеттің ғажап көп жылдығына және маңыздылығына, олардың әлемдік сәулт өнеріне әсер етуіне себепкер болғанын ескерейік.

«Модульерді» Ле Корбюзье атақты Марсель үйінде қолданған, бірақ бұдан кейін ол «модульер»шкала бойынша өлшеуден жалпы қабылдағаннан, аса тарау тапқан жоқ. Осымен қатар ол өзінің мүмкіндіктеріне қазіргі сәулеттік композицияда көрсетті.

Пропорциялау геометриялық ұқсастық және модульдік өлшемді сәйкестікке жету үшін қажетті, бірақ жеткілікті шарт емес.

Сонымен, әмбебап маңызы бар форма үйлесушілігінің негізгі тәсілдерімен таныстық. Әдетте, оларды шығармашылығы айқын жағдайды және әлеуметтік заказды ескере қолдану қажет.

 

1. Нег. 6[73-79] 2. Нег. 5[84-107] 3. Қос. 10[142-192]

 

Бақылау сұрақтар:

 

1. «Алтын қима» пропорциясы математикалық өрнек, геометриялықсалу.

2. Пропорциялар. Пропорциялау мысалдар.

3. Ле Корбюзье модульдары.

4. Сәулеттегі модульдің қатынастары. Сәулеттік ордерлер.

 

№ 5 Лекция тақырыбы: Масштаб.

 

Архитектуралық масштаб туралы ұғым. Масштаб дегеніміз, ол – белгісіз көлемді белгілі бір көлеммен сәйкестендіріп анықтау. Масштаб сан түрінде немесе тікелей белгілі бір өлшемнің бөліктерінде кездеседі. Масштабтың көмегі арқылы біз карта, жоспарларды оқи аламыз. Архитектуралық масштабқа физикалық көлемді сәйкестендіру, яғни адамның функциональдық қажеттілігіннің өсімін анықтайтын ұғым жатады.

Осылардың негізінде түрлі типтегі ғимараттардың белгіленген мөлшелері пайда болды. Ал антропометриялық мәліметтер тұрақты болған жағдайда қоғам кажеттілігіне байланысты функциональдық мөлшеулер айқындала түседі, құрылыстық дамуына қарай салыстырмалы түрде өзгеріп отырады.

Үшінші аспект туралы. Архитектор проектімен жұмыс істей отырып, сәулет құрылысына түрлі композициялық ортаға сай үйлесім тапқан өз көзқарастарын қосады. Архитектурада осылай даралық пайда болады. Өзара байланысты екінші шетінде өзіндік қабылдауы бар адам, яғни, пайда болған архитектуралық шығарманың иесі тұрады. Мұның өзін даралық деп қабылдауға болады.

Біз адам мен архитектураның арасындағы әрекеттестікті көрсететін үш аспекті туралы айттық. Архитектордың қолына антропометриялық және мөлшерлі мәліметтер беретін алдыңғы екеуі физикалық өлшелмен тікелей байланысты. Адам мен архитектураның арасындағы әсерлі шығармашылық байланысты білдіретін үшінші аспекті көркем бейнеленген архитектуралық құрылыстың эстетикалық дәрежесіне байланысты.

Құрылыс бейнесі және оның масштабы. Архитектурада масштаб түсінігі санның сапаға өтуін көрсетеді. Архитектуралық масштаб құрылыстық көркемдік сапасына әсер етеді. Масштабтың дұрыс жасалуы мен құрылыстық сәнді шығуы бір-біріне байланысты. Көп жағдайда архитектуралық масштаб жекелеген немесе тұтас құрылыстық сапалы жүргізілуіне қажетті шарттарды айқындап отырады.

Москвадағы орасан зор Қызыл Алаңның композициялық мазмұнды орталығы болып В.И. Лениннің Мавзолейі тұр. Күрделі де жанжақты ансамбльдің арасында Мавзолейдің ерекше көрінуі оның құрылысы мен маңызында. Ғимараттық композициялық құрылысы ықшам, нақты жасалынған, абсолюттік өлшемі үлкен емес. Спасск мұнарасы Мавзолейден 6 есе, Василий Блаженный соборы бес есе. Тарихи мұражайдан төрт есе, Сенат мұнарасы мен ГУМ үш есе биікте тұр. Сонда да Мавзолей ерекше жерде, алаңның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Алаңдағы көптеген белгілі құрылыстар тігінен салынған, ал Мавзолей ғимаратынан көлденең сызықпен бейнеленген құрылыс белгісі байқалады. Көлденең қалыптағы трибуна бейнесі Кремль қабырғасымен үйлесім тауып тұр. Ғимараттың ірі масштабы Мавзолей алаңның ең көрнекті жерінде орналасып, ерекше бейнеленуіне үлкен әсер етті. Осыны негізге ала отырып, архитектуралық масштаб құрылыстық көркем бейнеленуінің басты құралы екенін білеміз.

Ғимараттың ірі масштабы оның ірі өлшемі үшін маңызды емес. Кейбір көлемді ғимараттардың көзге басқаша көрінуі, керісінше бір көлемдегі құрылыстық әр түрлі болып көрінуі жиі кездеседі. Архитектуралық құрылыстық өлшемі мен оның масштабы бір біріне байланысты бола бермейді.

Көлемді құрылыстар көп жағдайда ерекше де сәулетті көріне бермейді. Өлшемдерінің үлкендігі ғимараттың көркемдік сапасына әсер етпейді. Өзінің үлкендігімен ерекше көзге түсетін ірі ғимараттардық масштабы өзіне келмеуі де мүмкін.

Әйтсе де, архитектуралық өлшемі мен масштабы бір-бірімен байланыстылығы құрылыстық жалпы көлемінен көрініп тұрады. Адамдардың көзі шағын көлемді құрылыстарды жіті байқайды, сондықтан құрылыстық көліміне қарай оның масштабы да айқындала түседі. Биржа масштабы Исакиевский шіркеуінің масштабына қарағанда анықтығымен ерекшеленеді, ал Москваның ірі құрылыстарының масштабын анықтау қиындық келтіреді. Сонымен, құрылыстық үлкендігі мен көркем де мазмұнды масштабының арасындағы байланыс әр уақытты болатындығын есте сақтауымыз керек.

Архитектуралық масштабтағы келісім және байланыс. Архитектуралық масштабты зерттей отырып төмендегі жағдайларға тоқталамыз:

1. Масштаб құрылыстың белгіленуімен, конструкциясымен, ішкі бөлімдерінің функционалдық құрылымымен тығыз байланысты.

2. Масштаб көлемнің тұтас және жекелей бөлігіне қарай анықталады.

3. Құрылыс масштабы оны қоршаған кеңістікпен байланысына қарай анықталады.

4. Архитектурада масштабтық көлемді адам белгілейді.

Аталған сипаттамаларды біріктіру, оларды бір жүйеге келтіру құрылыстық масштабтық құрылысы арқылы жүзеге асады.

Масштаб құрылыстық ірі де ұсақ бөлімдерімен тығыз байланысты. Масштаб құрылыс функциясымен тығыз байланыста болып, ғимараттық проектісіне де әсер етеді. Архитектор белгіленген функцияларды екшелей отырып, жоспардың алғашқы бөлімінде құрылыстық көлемі, масштабы туралы өз көзқарасын білдіреді.

Жоспар ішкі кеңістіктің мазмұны мен формасын, ал соңында құрылыстың масштабын айқындайды.

Қоғамдық үйлердегі орындар тұрғын үйлерге қарағанда әлдеқайда үлкен екендігі белгілі. Қоғамдық ғимарат көзге үлкен көрінетін кең бөлмелерден тұрса, тұрғын жеке пәтерлерден тұрады. Сонымен қатар күрделі құрылыстың ішкі кеңістігі құрылыстың жалпы көлемінен де үлкен. Бұл ғимараттың құрылысына өз әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдық орындарға ірі масштаб, тұрғын үйлерге кіші масштаб сәйкес келеді.

Камералық масштаб шағын архитектуралық құрылыстарда, тұрғын үйлерде, кітапханаларда, яғни адамның көңіл-күйіне қолайлы жағдай жасайтын жерлерде қолданылады.

Ленинград қаласының сыртындағы Петродворец, Павловск, Пушкин парктерінің камералық архитектурасы бұған дәлел.

Ғимараттық ішкі кеңістігінің де өз масштабы бар. Оның экстерьер масштабынан айырмашылығы бар. Интерьер масштабы экстерьер масштабына қарағанда адамға жақын. Құрылыстын сыртқы бөлімі белгілі бір дәрежеде адамды өзінен қашықтатады. Ғимараттың сыртында тұрған адам өзін архитектуралық құрылыстың әсерінен тәуелсіз сезінеді. Ал интерьер архитектурамен тығыз байланыста жүреді.

Мөлшердің кішіреюі масштабтың кішіреюі деген сөз емес. Масштабтың кішіреюі жалпы өлшемнің қысқаруына байланысты емес. Ертедегі грек храмы Аполлонның доридалық келбеті интерьерде ионикалық сүйкімді күйге өзгерген. Храмның экстерьер мен интерьеріндегі мөлшерлік және пропорционалдық қатынас градациясы біртұтас масштабтық көріністік пайда болуына әсер етті.

Масштаб және бөлшектің сипаттамасы. Толық және жеке бөлімдердің масштабтық байланысын анықтаған кезде архитектуралық бөлшектің сипаттамасын, композициясы мен өзара байланысын есте ұстау қажет.

Масштаб – архитектуралық композицияның күрделі түрі. Ол түрлі композициялық өзгеріс, қарама-қарсылықтар арқылы жүзеге асады. Композициялық элементтердің масштабқа бағынуы құрылыстың айқын де әсем көрінісі арқылы жүзеге асады. Бұл үшін негізгі масштабтың ішінде жалпы тұтастыққа жеке-жеке жауап беретін масштаб жүйесі қызмет атқарады. Бұған мысал ретінде 1555-1561 жылдары салынған Москвадағы Василий Блаженный тіркеуінің күрделі масштабтық құрылысын айтуға болады. Өзара байланыс тапқан күрделі масштабтық құрылыс храмның айқын да көркем тұлғасына әсер еткен. Ертедегі орыс сәулетшілер үлкен құрылыс пен кішкентай бөлшектерді біріктіре отырып шеберлік танытқан.

Масштабты түзету. Құрылыс масштабының айқындылығы архитектордың көзбен қабылдау қабылетіне байланысты болады. Құрылыстың ашық түсті жоғарғы бөлігі қоныр түсті бөлігіне қарағанда үлкен көрінеді. Қараңғы немесе жарық түске бірдей жағылған жарық та басқаша көрсетуі мүмкін. Кішкентай жерде немесе кішкентай заттардың арасында жатқан нәрсенің көлемі үлкен еденде немесе үлкен заттардың арасында басқаша болып көрінуі мүмкін. Тік салынған құрылыс көлденең салынған құрылысқа қарағанда түзу әрі биік болып көрінетіні рас. Мұның бәрі масштаб пен құрылыс көлемінің байланыстылығында жатыр. Архитектурада құрылыстың сыртқы көрінсі масштабты дұрыс айқындауға әсер етеді.

Масштабтылық. Біз масштабтық байланыстың үш түрін айтып өттік. Масштабтың құрылыс функциясы арқылы анықталатынын, архитектуралық формасы мен қоршаған ортасына қарай айқындалатынын білдік. Масштаб құнды болу үшін сәулет құрылысы мен ансамблі адамның казқарасымен сәйкес келу керек.

Масштабтылық - адамдардың физикалық өлшемі мен ғимараттың шамалыстығы. Ол әсіресе адамдардың дене бітімдерінің мөлшеріне байланысты архитектуралық бөлшектерден көрінеді. Басқыш, балюстрада, жақтау, т.б. қоршаулар, есік біздің түсінігімізде белгілі бір мөлшердегі масштаб көрсеткіші ретінде қызмет атқарады. Сол сияқты тұрғын үйлердегі қабырғалық панель, бөрене мен кірпіштің мөлшері сияқты түрлі конструктивтік элементтер масштаб көрсеткіші бола алады. Масштаб көрсеткіштері арқылы адамның өмір сүруіне қалыпты жағдай жасайтын құрылыстың мөлшерін айқындауға болады. Масштабтылық адамдарың дене бітімі мөлшерінің шамаластығы ғана емес, олардың сезімдік бағалуы арқылы да анықталады.

Пайда болған барлық сәулет стилі архитектураның даму кезеңдеріне сай масштабтық ұғымды көрсетеді. Олар масштаб көрсеткіші ретінде қызмет атқаратын бөлшектің тұрақты жиынтығы ретінде белгіленеді. Бұл ертедегі, орта ғасырдағы және классикалық орыс архитектурасы стильіне тән нәрсе болып есептеледі.

Ертедегі грек шіркеулерінің айшықты көркем тұлғалары олардың үлкендігіне байланысты емес. Ол шіркеулердің масштабтық құрылысы өзіне тән нәрсе ортаға ордерді механикалық жолмен орналастырған мықты масштабтық байланыстармен үйлесім тауып тұр.

Ертедегі Рим архитектурасы құрылыстық көлемінің үлкендігімен ерекшеленді. Колизей, Бальбектегі шіркеулер тобы, форум, салтанат қақпасы, колонналар – бәрі де ұлы империяның күшінің арқасында салынды.

Құрылыстың көлемін айқындау үшін барлық архитектуралық композиция, сәндік элементтердің жиынтығы, ордердің күрделі түрлері пайдаланылған. Ішкі сарайлардың қақпасының ордерлік жұмыстары ғимараттың алдыңғы бетіне қарағанда сәнді жасалған әрі оның интерьерге жақын екендігі көрініп тұр.

 

 

1. Негізгі 6 [81-91] 2. Негізгі 5 [108-121] 3. Негізгі 10 [142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Архитектурадағы «масштаб» және «масштабтылық» ұғымдарының айырмашылығын түсіндір.

2. Сәулетші жобалау объектісінің масштабын жасаған кезде композициялық құралдардың көмегін пайдалана ма?

3. Күрделі құрылыс масштабты ма, әлде кеңістік пе, әлде масштабсыз ба, қалай аңықтауға болады?

 

 

№ 6 Лекция тақырыбы: Тепе-теңдік, әр түрлі өзгеріс, қарама-қарсылық

 

Тепе-теңдік, әр түрлі өзгеріс, қарама-қарсылық. Қарама-қарсылық және әр түрлі өзгеріс ұғымдары архитектуралық терминдер қатарына жатпайды, олар түрлі көріністер мен заттардың айырмашылығын анықтаған кезде қолданылады. Тепе-теңдіктің яғни жағдайдың толық сәйкес келуі, біркелкілік өзгерістің есептелген жағдайдағы қорытындысына сәйкес келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 1944; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.